№ басылым орнына



жүктеу 0,57 Mb.
бет1/3
Дата05.02.2018
өлшемі0,57 Mb.
#8625
түріЛекция
  1   2   3

042-14.4.04.1.20.160/ 01-2012

№ басылым орнына

Страница из







ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі ОӘБ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-14.4.04.1.20.160/ 01-2012

«Қазіргі заман деңгейінде биологияны оқыту әдістемесі » пәнінің оқу әдістемелік кешені

№ басылым

ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ (ПОӘК)



«Қазіргі заман деңгейінде биологияны оқыту әдістемесі»

6М060700 «Биология» мамандығының магистранттарына арналған


ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЖАТТАР ЖИЫНТЫҒЫ

Семей 2015


Мазмұны
1. Дәрістер

2. Тәжірибелік сабақтар

3. Студенттің өзіндік жұмыстары



1. Дәрістер
1 - тақырып. Биологияны оқыту әдістемесі ғылым және оқу пәні ретінде
Жоспары:
1. Биологияны оқыту әдістемесінің пәні және оның басқа ғылымдармен байланысы.
2.Биологияны оқыту әдістемесінің міндеттері.
Лекция мақсаты: Биологияны оқыту әдістемесінің пәні және оның басқа ғылымдармен байланысын зерттеу.
Лекцияның мәтіні :

Биологияны оқыту әдісі педагогикалық ғылымдар саласына жатады, сондықтан пәннің құрылымы оқытудың жалпы білім беру және тәрбиелеу міндеттеріне сай түзіледі.


Биологияны оқыту әдісі мектеп биология пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты білім беру және төрбиелеу процестерінің жүйесі туралы ғылым. Бұл жүйені меңгеру мұғалімнің биология пәндерін тәрбиелеп оқыту процестерін басқаруына мүмкіндік береді. Биологияны оқыту едісі, биологиялык мазмұнды, оқыту ерекшеліктерін ескре отырып, мектептегі барлық пәндерді оқыту барысындағы педагогикалық қағидаларға сай жүргізіледі.
Мұғалімнің оқу материалын оқушылардың саналы түрде меңгеруін, оны өмірде қолдана білу дағдыларына үйрету жолдарының тиімді өдістерін үйретеді. Қысқаша айтқанда методика-оқу пәнініц мазмұнын және оқыту формалары мен тәрбиелеу жолдарын қарастырады. Методиканың аталган бөлімдері бірін-бірі толықтырады және тығыз байланыста, бірлікте болады. Оқыту жүмыстарының қүралдарымен жабдықтарында анықтайтын осы методика. Қорыта айтқаида, методика дегеніміз биологияны қалай окыту керек, иені үйретіп қалай төрбиелеу керек, биологияны не үшін оқу керек? - деген сүрақтарға жауап береді.
Биология - оку пәні ретінде - оқыту әдістерінің озіндік ерекшеліктерімен сипатталады, онда нақты объектілер (есімдік, жануар, адам) және тірі табиғаттың күрделі құбылысгары мен дамуын оқытады. Бүл ерекшеліктер оқыту жүмыстарын үйымдастырудың ерекше формаларын қолдануды талап етеді (топсеруендер, оқушылардың өз бетінше, сабақтан тыс және үй жүмыстарын, сыныптан тыс орындалатын жүмыстар т.б.). Сонымен бірге оқыту әдістері-практикалык жүмыстар, лабораториялық жүмыстар, эксперименттep, тәжірибелер, арнайы көрнекіліктер қолдану аркылы жүргізіледі.

Биология пәнінің мазмұны жөне оның озіндік ерекшеліктері, окытудың әдістерін, тәсілдерін анықтаумен шектелмейді оның төрбиелік мүмкіндіктерінде аныктайды.

Тірі ағзалардың иақты фактілерін, табигат құбылыстарының бір-бірімен байланысын, тірі табиғаттың даму эволюциясының заңдылыктарын оқып-білу оқушылардьщ ғылыми, диалектикалық-материалистік козқарастарын қалыптастырады.
Биологиялык білім қоршаған табиғи ортаның маңызын, табигатты қорғау қажеттілігімен қалпына келтіру шараларын, қоғамдық және жеке еңбектің ги-гиенасының маңызын түсінуге, оқушыларды өмірге бейімдеп, политехникалық білім алуға мүмкіншілік туғызады.

Атақты педагог К.Д. Ушинский айтқандай «Оқушылардың ақыл-ойын, логикасын дамыту үшін, жаратылыстану тарихын оқыту тиімді - деп есеитеймін». Себебі тірі табиғаттың объектілерін бір-бірімен салыстыру, анықтау, эксперименттер кою, оқушылардың ойлау қабілетінің дамуын қамтамасыз етеді.


Бақылау сұрақтары:

1. К.Д. Ушинскийдің оқытуға салған еңбегі?

2. Ы. Алтынсариннің педагогикалық еңбектері?

3. Биология пәнінің мазмұны?


2 - тақырып. Отандық биологияны оқыту әдістемесінің
пайда болуы мен дамуының тарихы
Жоспары:

  1. 40-шы жылдағы биологияның дамуы.

  2. Қазақстандық ғалымдардың биология ғылымына тигізген әсері.


Лекция мақсаты: Қазақстандық ғалымдардың биология ғылымына тигізген әсерін зерттеу.

Лекцияның мәтіні :

Ғылымның дамуына байланысты 40-шы жылдардан бастап мектеп биологиясына жаңа эксперименттер мен демонстрациялау енгізу қажеттігі туды.


Сабақты өту әдісінің проблемаралын шешу аса маңызды және негізгі мақсаттардың бірі болды. Сабақтың оқу мазмұны экскурсия кезівде өсімдіктер мен жануарларға бақылау жүргізумен және материалдар жинаумен тыгыз байланыста болды. Жануарлар меп өсімдіктерге тірі табиғат мүйісінде, үйде бақылаулар жүргізу қажеттігі туды. Эксукурсиялар өтетін сабақтың тақырыбына байланысты өткізілетін болды, үйге берілетін тапсырмалардың ерекшеліктері мен әдістері оңделді. Сабақтан тыс, кластан тыс, көпшілікпен бірге орындалатын жүмыстардың формалары мен әдістері өңделіп, оқушылардың білімі мен тәрбиесін дамытудағы орны анықталды.
Бертін келе биологиядан сабақ берудің формаларының проблемалары шешілді.
Ленинградтағы А.И.Герцен атындағы педагогикалық институттың жаратылыстану кафедрасьшда, 1938 жылдары мүғалімдердің біліктілігін арттыру институттарында әдіскелер үжымының еңбектері жарияланып методикалық зерітеулердің жаңа бағыттарып дамытты «Арнайъі методика», «биологияны оқытудың жад­ны әдістері»,- проблемалары шешуін тапты. Халел Досмұхамедұлы Досмұхамедов (1939) Тұңгыш рет ана тілінде жаратылыстану ғылымы бойынша оқу қүралдарын жазды. Солардын бірі «Жануарлар» 1922 жылы Ташкентге басылып шықты. Жұмақан Маусымбайұлы КҮДЕРИН (1891 -1938)К,азақтан шыққан түңғыш биолог-ғалымдардың бірі, ботаника жөнінде «Өсімдіктану» атты оқу қүралын 1927, 1930 - жылдары басып шығарды. Ол жиырма жасында ауылшаруашылык мектебін бітіріп, егіс жөне мал шаруашылығының маманы атанды. Атақты ғалымдар И.И.Шмальгаузен, Н.П.Дуби­нин, С.С.Четвериков және көптеген шетел ғалымдары Ф.Добржанский, Г.Симпсон, Дж.Хаксли, Э.Майер еңбектерінің нәтижесінде эволюцияның синтетикалық теориясы қалыптасты. В.И.Вренадскийдің «Биосфера» ілімі Н.В.Сукачевтің «Биогеоценоз» ілімдері мектеи биология пәндерін оқытуда гана экологиялық-эволюциялық мақсаттарды шешудің бірден-бір жолы ретінде оқытылды. Н.М.Верзилиннің басқаруымен биологиялық түсініктерді дамыту теориясы сабақ беруде айтарлықтай орын алды. Осы бағытта жүргізілген ғылыми-зерттеу жүмыстары баршылық. 1966 жылдары Ю.И. Полянскийдің басқаруы мен ғалымдар тобы мектеп биологиясына эволюциялық ілім, цитология, аутоэкология, биоценология және биосфера туралы ілімдерін оқытудың мазмүнына, бағдарламага енгізді.
Соңғы жылдардағы биологиядан білім беру про­блемалары: білімнің сапасын арттыру, теориялык білімді тәжірибемен байланыстыру, оқу проблемаларын шешу үшін оқытудың активті жаңа формаларын епгізу болып табылады.
Қазақ Республикасында жаратылыстану әдістемесінің дамуына үлес қосқан ғалымдардьщ бірі Күдерин Жүмахан Маусымбайүлы. Методисттің «Өсімдіктану»- оқу құралы-Алматы «Рауан» баспасынан 1992 жылы жарық көрді. 265 бегген түрады. Бүл кітап 1927 жылы және 1930 жылдары араб және латын әріптерімен түңғыш рет қазақ тілінде басылып шыққан, өсімдіктер тіршілігін тартымды баяндайтын оқу қүралы болды. Бүл оқу қүралы биология ны зерттейтін ғалым одіскерлерге және студенттерге, сондай-ақ биология мәселелері қызықтыратын оқырман қауымына арна-лған. Күдерин Ж.М. «Қуғын-сүргінде аман қалған еңбектері»-Алматы «Демеу» баспасы 1995 жылы жарық корді. 352 беттен қүралған. Күдерин Ж.М. түңғыш қазақ тілінде жариялан-ган, жазылған және қүрастырыи, аударылып жасаган бірнеше еңбегін бір кітап етіп топтастырылған. Бүл кітантар 1937 жылдың нөубетіне тап болған абзал азаматтың Қазақстандағы ауыл шаруашылығына қосқан ііотижелі үлесі ретінде кейінге үрпаққа үсынылып отыр. Ауыл шаруашылығын зерттейтін ғалым-әдіскерлерге, студенттерге, оқырман қауымға арналған.

Бақылау сұрақтары:

1. Ж.М. Күдериннің биологияға қосқан еңбегі?

2. Биологиялық түсініктердің дамуы?

3. Сабақты өту проблемалары?


3 - тақырып. Биологиядан кластан тыс жұмыстардың дамуы.


Жоспар :

  1. Биологияны оқыту әдістемесінде орындалатын жұмыстар.

  2. Кластан тыс орындалатын жұмыстар түрлеріне сипаттама


Лекция мақсаты: Биологияны оқыту әдістемесінде орындалатын жұмыстардың маңызын оқып үйрену.

Лекцияның мәтіні :

Сабақтан тыс орындалатын жұмыстар

Сабақтан тыс орындалатын жүмыстар мүғалімнің тапсырмасы бойынша жекеше түрде немесе топпен бірге бірігіп оқушылардың міндеггі түрде орындайтын практикалық жүмыстары. Сабақтан тыс орындалатын жүмыстар төмендегідей формалар түрінде үйымдастырылады:



  1. Биология кабинетінде орындалатын жүмыстар.

  2. Тірі табигат мүйісінде орындалатын жүмыстар.

  3. Табиғатта орындаатын жүмыс түрлері.

  4. Оқу—тәжірибе учаскееінде орі.індалагын жүмыстар.
    Осылайша үйымдасгырылған сабақтан тыс орындалатын жүмыстардың соңында сабақ кезінде корсетілетін төжірибелер, кешюшөптер, коллекциялар, монтаждар, бақылаулардың қортындылары дайындалады. Өсімдіктер мен жануарларға жүргізілетін кейбір бақылаулар үзақ мерзімде жүргізілетін болгандықтан, сабақ кестесінб симайды. Сабақ кезінде микроскоптардың жетіспеуіне байланысты, приборлар мен қүрал— жабдықтардың топшылығы, аякталмай қалған жүмыстарды сабақтан тыс уақытта жасауды қажет етеді.Оқушыларды 4-5 адамнан топқа бөлу арқылы ұсақ жануарларды күту—практикалық жүмыстарын іске асыруға болады.

Оқушылар мүғалімнің берген тапсрымасы бойынша жануарларға ұзақ мерзімді биоло-гиялық бақылаулар жүрізіп, бақылау қорытындысын сабақтарда қолданады. Әрбір оқушы оқу жылының барысында-1 немесе 2сабақтан тыс жүмысты міндетті түрде орындайды, ол жүмысын мүгалім міндетті түрде бағалайды. Кейде сабақтан тыс орындалатын жүмыстар үй тапсырмасы сияқты алдын—ала беріледі. Оның мерзімі оқытылатын материалдың мазмүнына байланысты бінеше күн, апта немесе ай бүрын белігленіп, беріледі. Мысалы өсімдіктану пәнінен:

  1. Суда өсірілетін өсімдіктермен тәжірибе жасау—2 ай.

  2. Жапырақтың бетінде крахмал таңбасын түсіру—2 күн.

  1. Жапырақтың бойынан 02 болінуі— 3 күн.

  2. Тамырдың қысымының көтерілуі—2 күн.

  3. Сабақтың бойымен судың көтерілуі— 3 күн.

  4. Бегонияның жапырағы арқылы көбеюі— 2 ай

  5. Қара—күйені өсіру—20 күн

  6. Мүктің өскінін өндіру—15 күн.

  7. Папоротниктің өскінін өсіру- 2 ай


Бақылау сұрақтары

  1. Сабақтан тыс орындалатын жұмыстар?

  2. Өсімдіктер мен жануарларға жүргізілетін кейбір бақылаулар?

  3. Биология кабинетінде орындалатын жүмыстар?

  4. Табиғатта орындаатын жүмыс түрлері?

  5. Оқу—тәжірибе учаскееінде орындалатын жұмыстар?



жүктеу 0,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау