Зертханалық жұмыс №1 Жергілікті программалық қамтама Windows xp арқылы жежде жұмыс істеу



жүктеу 0,5 Mb.
бет2/6
Дата01.03.2022
өлшемі0,5 Mb.
#37667
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6
4 Ñ Ð°Ð±Ð°Ðº

Орындау әдісі

  1. Желілік қосу қасиеті терезесінде компьютеріңізде қандай желілік плата орналасқаның анықтаңыз. Желілік қосу қасиеті терезесін шақыру үшін Желілік қамтама белгісіне тышқанның оң батырмасын басу және ашылған тізімде Қасиет пунктін таңдаңыз. Желілік қосу терезесінде (Network Connection) Локалды желі арқылы қосу (Local Area Connection) белгісін таңдаңыз (егер желілік қосу бірнеше болса, онда белгілер де бірнеше болуы мүмкін) және оған тышқанның оң батырмасын басып тағы да Қасиет терезесіне өтіңіз (Properties). Осыдан кейін Желілік қосу терезесінің қасиеті сұхбат терезесі (Local Area Connection Properties) ашылуы керек, осы жерде қосуды ұйымдастыру үшін қандай құрылғы пайдаланылғаны (мысалы, Realtek RTL8139/810X Family PCI Fast Ethernet NIC арқылы қосылу) және таңдалған қосылуда қандай компоненттер пайдаланылатыны көрсетіледі. Сіздің компьютеріңізде орнатылған қызметтер және хаттамалар тізімін қарап шығып, олардың жұмыстарымен танысыңыз.




MS жүйесінің клиенті

Берілген компьютерге желі ресурстарына қатынас құруға мүмкіндік беретін арнайы программалық қамтама

MS жүйесінің файлдары мен принтерлеріне қосу қызметі

Басқа да компьютерлерге берілген компьютердің файлдары мен принтеріне желі көмегімен қатынас құруды қамтамасыз ететін желелік программалық қамтаманың ішкі жүйесі

TCP/IP

Локалді желі және әртүрлі арақатынастағы желілер арқылы байланысқан компьютерлер арасында қатынасты қамтамасыз ететін Желілік хаттама










Желілік қосу терезесінде желілік адаптердің драйверін қайта орнатуға немесе драйвердің жаңа версиясын орнатуға болады. Ол үшін Баптау (Configure) батырмасын басыңыз. Желілік адаптер қасиетінің жаңа сұхбат терезесінде Драйвер вкладкасына өтіңіз және Жаңарту (Update Driver) батырмасын басыңыз. Осы кезде Жаңа драйверді орнату шебері іске қосылады. Драйверлері бар директорияға көрсетілген жолды пайдалана отырып орнату шебері желілік адаптердің драйверін инсталяциялайды. Құрылғыларды жаңарту шебері терезесінде болдырмау батырмасын басыңыз.














Желілік адаптердің қасиеті сұхбат терезесі драйверді қайта орнату мен қатар адаптердің өзін де баптауға мүмкіндік береді (Қосымша вкладкасы). Бірақ желілік адаптердің сипаттарын өзгертудің қажеті жоқ. Үндемес режимінде орнатылған барлық орнатулар оптимальді болып табылады. Барлық терезелерді жабыңыз.





TCP/IP Желілік хаттамасы желідегі әрбір компьютерге бірегей ат және IP-адрес берілуін талап етеді. Сіздің компьютеріңіздің желідегі атын білу үшін Басқару панелінен (Control Panel) Жүйе (System) сұхбат терезесін ашыңыз және Компьютердің аты вкладкасында компьютердің атын (Толық аты), компьютер жататын домен атын немесе жұмыс тобының атын анықтаңыз. Барлық терезелерді жабыңыз.




  1. Компьютеріңіздің ІР-адресін анықтау үшін Желілік қосу қасиеті (Local Area Connection Properties) сұхбат терезесін ашыңыз. Жалпы (General) вкладкасында Internet Protocol (TCP/IP) хаттамасын белгілеңіз және Қасиет (Properties) батырмасын басыңыз. Сіздің алдыңызда компьютердің 192.168.x.х диапазонында орналасу керек ІР-адресін және (255.255.255.0) ішкі желі маскасын, компьютер орналасқан желі сегментін анықтауға мүмкіндік беретін сұхбат терезесі ашылады. Барлық терезелерді жабыңыз.









6.Сіздің локалды желіңізге арналған Желілік қамтама қапшығын қарап шығу және оған қандай компьютерлер кіретінің қарап шығу үшін Жұмыс столындағы Желілік қамтама белгісін екі мәрте шертіңіз. Желілік қамтама терезесін жабыңыз.




7. Жолсерік программасы көмегімен желінің ағаш тәріздес құрылымын қарап шығу үшін желілік қамтама белгісінде тышқанның оң батырмасын басып, объектінің менюінен Жолсерік командасын таңдаңыз. Терезені жабыңыз.

8. Желілік қамтама қапшығынан желідегі сіздің компьютеріңізді көрсететін белгіні табыңыз. Компьютеріңіздің Желідегі басқа да қолданушылардың қолы жетімді болатын барлық қапшықтары мен файлдарын қарап шығу үшін оған екі рет басыңыз.

9. Желідегі басқа компьютерлермен байланыс жасау үшін оның белгісіне екі мәрте басыңыз. Бұл кезде желідегі басқа компьютердің сіз қол жеткізе алатын барлық қапшықтарын қарап шыға алатын жаңа терезе ашылады.

10. Желідегі басқа компьютерлердің қапшықтарын қарап шыққанан соң, кейін пайдаланғыңыз келетін қапшыққа жұмыс столында желілік қапшыққа арналған ярлык. Бұл үшін оның белгісін жұмыс столына тышқанның оң батырмасы көмегімен тасымалдап, Ярлык құру командасын таңдаңыз.

Зертханалық жұмыс жасалғаннан кейін қорғалу қажет. Максималды бал сұрақтарға толық жауап берген және тапсырманы уақытында жасап тапсырған студентке қойылады.


жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау