Нұсқау. Есептеуді қозғаушы үзбеден бастау керек. Егер екі доңғалақ іліністе тұрса, онда доңғалақтардың жанасқан нүктелерінің жылдамдықтары бірдей болатынын естен шығармау керек, ал доңғалақтар қайысты беріліспен сырғымай байланысса, онда қайыспен оралған доңғалақтардың сыртқы шеңбер нүктелерінің жылдамдықтары берілген уақытта өзара тең болады. Бір айналу өсіндегі доңғалақтарды, сол сияқты 6-шы стрелкамен бірге орналасқан доңғалақты – бұрыштық жылдамдығы мен бұрыштық үдеулері бірдей, бір қатты дене деп қарастыру керек.
9 тапсырма. Механикалық жүйе, ауырлық центрлері айналу өсінде орналасқан 1-ші және 2-ші дөңгелектерден және 3-ші жүктен құралған (9 – сурет). Жетекші дөңгелекке қозғалту күші түсірілген. Уақыт санағы ( ) 1-ші дөңгелектің бұрыштық жылдамдығы болған мезетінен бастап есептелінеді. Жетектегі дөңгелекке түсірілген кедергі күш моменті -ке тең. Жүйенің қозғалысына кедергі жасайтын басқа күштер ескерілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |