2-нұсқа
1.Сақ мәдениетінің өркендеуіне әсерін тигізген мемлекет :
А) Иран
В) Ресей
С) Рим
Д) Египет
Е) Византия
2.Ерте темір дәуірінде Қазақстанның батысында шөлді аудандарда көп
өсірген малдың түрі:
А) Жылқы
В) Қой
С) Түйе
Д) Ешкі
Е) Сиыр
3.Савроматтар туралы дерек қалдырған:
А) Ксенофонт
В) Полибий
С) Помпей Трог
Д) Арриан
Е) Ктесий
4.Қола дәуірінің Петровка қонысы орналасқан аумақ
А) Оңтүстік Қазақстан
В) Солтүстік Қазақстан
С) Орталық Қазақстан
Д) БатысҚазақстан
Е) ШығысҚазақстан
5.Б.з.б 200 -35 мың жыл аралығында өмір сүрген адам атауы:
А) Епті адам
В) Кроманьон
С) Синантроп
Д) Неандерталь
Е) Австролопитек
6.Сақ дәуірінің ерте кезеңіне жататын қоныс
А) Кеңөткел
В) Пеньки
С) Сексеуіл
Д) Дәндібай
Е) Ботай
7.«Жерлері тегіс, жаңбырлы ,әрі суық келеді» деп үйсін мемлекетінің
табиғатына сипаттама берілді:
А) Кушан мәліметтерінде
В) Парсы жазбаларында
С) Араб хроникаларында
Д) Қытай деректерінде
Е) Грек еңбектерінде
8.Сармат қоғамында әскери-демократия қатысты болды:
А әскерге жарамды ерлерге
В) ерлер мен әйелдерге
С) қауым мүшелеріне
Д) лауазымды адамдарға
Е) тек әйелдерге
9.Қола дәуірінен жалғасып келе жатқан салт- дәстүрдің бір түрі:
А) Қойға табыну
В) Отқа табыну
С) Балбал тастарға табыну
Д) Аңыз кейіпкерлеріне сену
Е) Көк бөріге сыйыну
10.Орталық Қазақстанда б.з.б.VІІІ-V ғасырларда «аң стилімен қатар
дамыған өнер түрі:
А) «Андрондық стиль»
В) «Петроглифтік стиль»
С) «Геометриялық стиль»
Д) « Сыналық стиль»
Е) « Полихром стиль»
11.Қаңлылардың жаздық жайылымдары жетті:
А) Каспий теңізіне дейін
В) Орталық Қазақстан далаларына дейін
С) Моңғолия аумағына дейін
Д) Есіл өзеніне дейін
12.Неолиттік Сексеуіл тұрағы орналасқан аймақ:
А) Солтүстік Қазақстан облысы
В) Батыс Қазақстан облысы
С) Ертіс өңірі
Д) Қызылорда облысы
Е) Қостанай облысы
13.Алтын бесжұлдыз табылған сақ обасы:
А) Аралтөбе
В) Бесшатыр
С) Есік
Д) Шілікті
Е) Берел
14.Ежелгі адамдар болып табылатын питекантроптар мен
синантроптардың атауы:
А) «Епті адам»
В) «Саналы адам»
С) «Тік жүретін адам»
Д) « Бақташылар»
Е) «Егіншілер»
15.Неандерталь адамы өмір сүрген кезең:
А) Қола
В) Мезолит
С) Палеолит
Д) Энеолит
Е) Неолит
16.Қазақстан территориясында энеолит тұрақтары:
А) Арыстанды,Пеньки
В) Шебір,Ботай
С) Зеленая Балка,Нұра
Д) Шақпақата,Шабақты
Е) Пеньки,Секскуіл
17.«Жер дегеніміз- мемлекеттің негізі,оны қалай береміз ?»,- деген ғұн
басшысы:
А) Чжи-Чжи
В) Мөде
С) Аттила
Д) Руғила
Е) Баламер
18.Қазақстан жерінде қола дәуірін түбегейлі зерттеуді бастаған ғалым:
А) Массон
В) Ақышев
С) Алпысбаев
Д) Марғұлан
Е) Гумилев
19.Тасмола мәдениеттінің ерекшелігі:
А) Қызыл боямен мәйітті бояған
В) Өлген адамды биік тауларға жерлеген
С) Қыш ыдыстаоды обаға қоймаған
Д) Тау шатқалдарында орналасқан
Е) Адам мен жылқыны қатар жерленген
20. Мәтінде сипатталған тарихи үрдістің шамамен орын алған уақыты.
«Алғашында ұжымдағы барлық жұмыстарды аналар атқарды.Үңгірлерді
тазалап күтті,тамақ дайындады,жеуге қажетті жеміс-жидектерді терді.Бұл
ұжымдағы аналардың беделін арттырды.Әрбір қауым өз аумағында мекен
етті.Ұжымның барлық мүшелері өзара тең есептелінді.Жер,баспана,еңбек
құралдары бәріне ортақ саналды.Барлығы бірлесіп орманда аң
аулады,балық ұстады,ортақ жайылымда мал жайды.Қауымның ішкі
жұмысын теңдей бөлісті.Әйелдер мен балалар жеміс-жидек
жинады,еркектер ор қазды,егістік жерді тазалады,жыртқыш аңдарды
аулады.Қауымның жеке мүшесіне тисті мүлікті,мысалы,найзаны кез
келгені пайдалана алды»:
А) Алғашқы еңбек бөлінісінің пайда болу уақыты
В) «Мұз дәуірінің» басталу уақыты
С) Өндіргіш шаруашылыққа көшу уақыты
Д) Саналы адамның шығу уақыты
Е) Тобырдың қалыптасу уақыты
3-нұсқа
1.Қаңлы көсемдерінде биліктің берілу жүйесі:
А) Әскери демократия жүйесінде
В) Ру кеңесінде шешті
С) Тайпа жиналысында шешті
Д) Мұрагерлік жолмен
Е) Сайлану жолмен
2.Геродот жазбаларында «Олардың әрқайсысы қыста ағашты қалың ақ
киізбен жауып соның астына паналайды:
А) Массагеттер
В) Аримаспылар
С) Дайлар
Д) Аргипейлер
Е) Исседондар
3. Ғұндарда 24 руды басқарған:
А) онбасы
В) елубасы
С) түменбасы
Д) мыңбасы
Е) жүзбасы
4.Қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын кесене:
А) Ақсүмбе
В) Беғазы
С) Көккесене
Д) Түгіскен
Е) Тасақыр
5.« Құдайлардың арасынан күнге табынады,оған жылқыны құрбандыққа
шалады» деп сақтар туралы ғалымдар:
А) Геродот,Страбон
В) Марцеллин,Ксенофонт
С) Вергилий,Прииск
Д) Помпей Трог,Ктесиий
Е) Полибий,Арриан
6.Көкшетау жерінде жерінде зерттелген қола дәуірінің қонысы:
А) Алексеев
В) Шағалалы
С) Шебір
Д) Степняк
Е) Арқайым
7.Жазба деректерде Қаңлылардың астанасы:
А) Битянь
В) Чигу
С) Шаш-Илақ
Д) Көк-Мардан
Е) Алтын-асар
8.Қаңлылар жерінен Қытай теңгелері табылған Мардан қорымы
орналасты:
А) Жетісуда
В) Қаратау маңында
С) Отырар алқабында
Д) Ташкент төңірегінде
Е) Талас бойында
9.Орал өзенінен Енисей өзеніне дейін,Батыс Сібір жерінен Памир
тауларына дейінгі аумақты алып жатқан қола дәуірінің мәдениеті:
А) Атасу
В) Ұлыбай
С) Беғазы-Дәндібай
Д) Тасмола
Е) Андрон
10.Қауыншы мәдениетінде жақсы дамыған металл өңдеу ісінің түрі:
А) Зергерлік ісі
В) Қола құю
С) Ағаш ұсталығы мен қола құю
Д) Темір өңдеумен балқыту
Е) Ағаш ұсталығы
11.Ғұндардың билеушісі Еділ (Аттила) өмір сүрген ғасыр:
А) VІ ғасыр
В) V ғасыр
С) VІІ ғасыр
Д) ІV ғасыр
Е) ІІІ ғасыр
12.Неандерталь адамының сүйегі алғаш табылған табылған ел:
А) Германия
В) Индонезия
С) Франция
Д) Қытай
Е) Кения
13.Шілікті патша қорғандары зерттеле бастаған мерзім:
А) 1940 жылдары
В) 1950 жылдары
С) 1980 жылдары
Д) 1970 жылдары
Е) 1960 жылдары
14. Томирис пен Кир шайқасы туралы жазған рим тарихшысы:
А) Страбон
В) Арриан
С) Помпей Трог
Д) Полиэн
Е) Цицерон
15.Қаңлылар туралы жазба дерек:
А) «Худуд – ал –алам» қолжазбасы»
В) Ирандықтардың «Авеста» кітабы
С) Страбонның «География» кітабы
Д) Геродоттың «Тарих» кітабы
Е) Түріктердің «Сына жазулары»
16.Ежелгі сақ тайпасы аргипейлер жөнінде жазған:
А) Помпей-Трог
В) Диадор
С) Страбон
Д) Геродот
Е) Ктесий
17.Қабірхананың ішінен бұғының суреттері салынған тақтайлар табылған
сақ обасы:
А) Бесшатыр
В) Берел
С) Бесоба
Д) Шілікті
Е) Есік
18.Франциядан табылған « саналы адам» атауы:
А) Австролопитек
В) Кроманьон
С) Синантроп
Д) Епті адам
Е) Неандерталь
19.А.Македонскийдің сақтарға шабуылы туралы жазған грек тарихшысы:
А) Ктесий
В) Арриан
С) Ксеркс
Д) Геродот
Е) Ксенофонт
20 .Мәтінде сипатталған тарихи үрдісті анықтаңыз:
«Алғашында ұжымдағы барлық жұмыстарды аналар атқарды.Үңгірлерді
тазалап күтті,тамақ дайындады,жеуге қажетті жеміс-жидектерді терді.Бұл
ұжымдағы аналардың беделін арттырды.Әрбір қауым өз аумағында мекен
етті.Ұжымның барлық мүшелері өзара тең есептелінді.Жер,баспана,еңбек
құралдары бәріне ортақ саналды.Барлығы бірлесіп орманда аң
аулады,балық ұстады,ортақ жайылымда мал жайды.Қауымның ішкі
жұмысын теңдей бөлісті.Әйелдер мен балалар жеміс-жидек
жинады,еркектер ор қазды,егістік жерді тазалады,жыртқыш аңдарды
аулады.Қауымның жеке мүшесіне тисті мүлікті,мысалы,найзаны кез
келгені пайдалана алды»:
А) Көршілес қауымның шығуы
В) Алғашқы еңбек бөлінісінің пайда болуы
С) Өндіргіш шаруашылықтың қалыптасуы
Д) Ертедегі адамдардың ұжымы
Е) Рулық қауымның шығуы
4-нұсқа
1.Заттай деректер бойынша адамзат тарихының ежелгі кезеңін зерттейтін
ғылым:
А)Этнология
В) Геральдика
С) Зоология
Д) Археология
Е) Антропология
2.«Менің жайылымыма ешкім мал жаймасын» -деп жеріне басқаны
жолатпаған:
А) Ғұн тайпа көсемдері
В) Сақ тайпа көсемдері
С) Қаңлы тайпа көсемдері
Д) Үйсін тайпа көсемдері
Е) Қытайлар
3.Ежелгі Үйсін мемлекеті билеушісінің лауазымы:
А) Патша
В) Хан
С) Қаған
Д) Шаньюй
Е) Гуньмо
4.Екінші алтын адам табылған жер:
А) Бесоба
В) Шілікті
С) Берел
Д) Аралтөбе
Е) Бесшатыр
5.Ұзындығы 1-2 сантиметрдей ұсақ жаңқа тастартардан жасалған
құралдың аты:
А) чоппер
В) чоппинг
С) қол шапқы
Д) микролит
Е) бифас
6.Қаңлыларда отырықшылық дамыған өңір:
А) Талғар,Талас бойы
В) Арал,Ташкент төңірегі
С) Қаратаудан Ілеге дейі
Д) Шу,Іле бойы
Е) Есіл,Ертіс бойы
7.Ғұндардың Қазақстан аумағына жылжуын басқарған билеуші:
А) Мөде
В) Чжи-Чжи
С) Руғила
Д) Аттила
Е) Маодун
8.Энеолит кезеңі бұл:
А) Орта тас ғасыры
В) Жаңа тас ғасыры
С) Ерте тас ғасыры
Д) Мысты-тас ғасыры
Е) Ерте палеолит
9.Мысты-тас дәуірінің Солтүстік Қазақстан аумағынан табылған қонысы:
А) Ботай
В) Пеньки
С) Мұзбел
Д) Шебір
Е) Алексеев
10.Сақ қоғамында айрықша бас киімі мен тостағаны танымал белгісі
болған топ мүшелері:
А) Жауынгерлер
В) Әскербасылар
С) Егіншілер
Д) Малшылар
Е) Абыздар
11. Сармат қоғамының сипатын анықтаңыз:
А) Рулық
В) Алғашқы қауымдық
С) Әскери-демократиялық
Д) Әскери- аристократиялық
Е) Монархиялық
12.«Жу патшасының тарихы» шығармасында қаңлылар туралы жазылған
мәлімет:
А) Көптеген елдермен сауда байланысын
В) Көшпелілердің өмірі мен тұрмысын
С) Қытаймен соғысын
Д) Билеушілер тарихын
Е) Мемлекеттің құрылған тарихын
13.Қаратау үңгірінен табылған жуан емес ағашты кесетін еңбек құралы:
А) Екі жағынан қырланған құрал
В) Бір жағынан қырланған құрал
С) Жіп байланған тас құрал
Д) Ирек ара секілді,жүзі өткір құрал
Е) Сүйектен жасалған сүңгі
14.Қаңлылар Қытайға қарсы ғұндармен әскери одақ құрған уақыт:
А) Б.з.б. 36-26 ж.ж
В) Б.з.б. 56-66 ж.ж
С) Б.з.б. 46-36 ж.ж
Д) Б.з.б. 26-16 ж.ж
Е) Б.з.б. 16-6 ж.ж
15.Орталық Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің аталуы:
А) Мұртты қорғандар
В) Патша қорғандар
С) Таңдаулы қорғандар
Д) Биік қорғандар
Е) Алып қорғандар
16.Орталық Қазақстандағы Батпақ тұрағының ерекшелігі:
А) Үңгірдің қабырғасына ойма суреттер бейнеленген:
В) Ең көне неолиттік тұрақ
С) 300-ге таяу тас құралдар табылған
Д) Ең көне энеолиттік тұрақ
Е) 70 мың жылқы сүйегі табылған
17.Б.з.б І ғасырдың ортасында ғұн мемлекетінде орнаған жағдай:
А) Қытайды жаулады
В) Екіге бөлінді
С) Ұлы қоныс аудару басталды
Д) Көрші тайпаларды бағындырды
Е) Мөде қайтыс болды
18.Қытай императоры У-Дидің Батыс елдеріне елшілік жіберген жыл:
А) Б.з.з. 108 жылы
В) Б.з.з. 168 жылы
С) Б.з.з. 158 жылы
Д) Б.з.з. 138 жылы
Е) Б.з.з. 148 жылы
19.Бөріқазған және Тәңіріқазған тұрақтатарының ерекшелігі:
А) Еңбек құралдары Африкадан табылған құралдармен ұқсас
В) Үңгірдің қабырғасына ойма суреттер бейнеленген:
С) Ең көне неолиттік тұрақ
Д) 80 мың жылқы сүйегі табылған
Е) Бірнеше рет қоныстанған,бес қорымы бар
20. Мәтінде сипатталған тайпаны анықтаңыз:
«Олар ат үстінде және жаяу да соғыса береді...Найза,қылышпен
қаруланған,садақты жақсы атады,бәрі шетінен құралайды көзінен
тигізетін мерген келеді.Олардың найзасының ұшы,жебе және қылышы
мыстан жасалған;бас киімдер мен белдіктері,ертұрмандары алтынмен
әшекейленген.Сонымен қатар олар аттардың сауытын да мыстан
жасайды.Темір мен күмісті пайдаланбайды,себебі бұл металдар олардың
елінде өте аз,алтын мен мыс керісінше өте көп.Олар егін екпейді,үй
малдарын және Аракс өзенінен аулайтын балықтарды азық етеді.Сүт
ішеді.Құдайлардың арасында күнге табынады,оған жылқыны
құрбандыққа шалады.Бұл құрбандықтың мәні:«құдайлардың жүйрігі күн
болса,жануарлардың жүйрігі жылқы»дегенге саяды»:
А) Ғұндар
В) Сақтар
С) Сарматтар
Д) Үйсіндер
Е) Қаңлылар
Достарыңызбен бөлісу: |