[Введите текст]



жүктеу 1,49 Mb.
Pdf просмотр
бет14/36
Дата03.02.2022
өлшемі1,49 Mb.
#35482
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36
Пралиева Гульзия окулык

жүсіпбектану
 
 
болды. 
Жазушының 100 жылдық мерейтойына   (1989)  арналған 
салтанатты  жиналыста  жасаған  ғылыми  баяндамасынан 
                                                                                                                       
бастау алған бұл саланың зерттеуші үшін тың ізденістерге 
себепші  болғаны  белгілі.  Қазақ  әдебиетіндегі  кәсіби 
прозаның көшбастаушысы болған Ж.Аймауытовтың өмірі 
мен шығармашылығы, оның бүкіл еңбектерінің жиналып, 
жариялануына,  сөйтіп  ел  игілігіне  айналуына    бірден-бір 
дәнекер  болған  тұңғыш  зерттеушісі  С.Қирабаевтың 
«Жүсіпбек  Аймауытов»  атты  монографиялық  еңбегінің 
ғылыми жұртшылықтан жоғары баға алып, 1995 жылы ҚР 
ҰҒА-ның  Ш.  Уәлиханов  атындағы  сыйлыққа  ие  болуы 
осы  саладағы  сүбелі  еңбектің  жемісі  екендігі  сөзсіз.               
Ж.  Аймауытовтың  қазақ  прозасында  тұңғыш  рет 
психологиялық  роман  сияқты  өркениетті  де  күрделі 
жанрлық  түрді  қалыптастырғанын  және  оның  әлемдік 
деңгейдегі  озық  үлгімен  жазылғандығын  зерттеуші  жан  - 
жақты  талдап,  дәйекті  түрде  дәлелдейді.  Қаламгердің 
өзінің  алдында  ешқандай  үлгі  аларлық      тәжірибесі 
болмаса  да  осындай  жоғары  кәсіби  шеберлікті 
меңгерудегі  жетістігі  неде  деген  сауал  төңірегінде 
ізденген  зерттеуші  қазақтың  мол  әдеби  мұраларының 
озық үлгідегі барлық жанрдағы көркемдік құбылыстардың 
нәтижесі  екендігін  нақтылап  береді.  Мұндай  ғылыми 
байлам  М.  Бахтиннің  «роман  соңғы  жанр,  сондықтан 
бүкіл рухани құндылықтардың сонда жинақталуы заңды» 
деген тұжырымын еске салады. 
С. Қирабаевтың «М. Әуезов қазақ әдебиетінің тарихы 
туралы», «Әуезов тағлымы» және соңғы кезге дейін дұрыс 
бағасын  ала  алмай  жүрген  жыр  алыбы  Жамбыл 


[Введите текст] 
 
 
142 
                                                                                                                       
Жабаевтың  шығармашылығы  жөніндегі  «Ғасыр  жасаған 
поэзия», кеңес дәуірінде  «кедей туралы жазғандығы үшін 
ғана  дәріптеліп  келген  «Бейімбет  туралы  сөз»  ,  «Сәкен 
туралы  жаңа  сөз»,  «Мағжан  –  қазақтың  ұлттық  ақыны», 
«Ахмет Байтұрсынов – тәуелсіздік жыршысы», «Ақан сері 
туралы  сөз»,  «Шортанбай  –  өз  заманының  сыншысы», 
«Жанақ  ақын»,  «Алашорда  және  ұлтшылдық  әдебиет», 
«Тарих және әдебиет», «Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті: 
дәуірлеу  мен  жаңаша  байымдау»,  «Академик  Қажым 
Жұмалиев»  т.б  сынды  зерттеулерінің  бәрі  де  кешегі 
ақтардақтардың  орнын  толтырған,  кешегі  біржақты 
зерттелген 
тұлғалардың 
шығармашылығын 
таза 
көркемдік,  эстетикалық  талғам  тұрғысынан  қайта 
талдаған,  олардың  әдебиеттегі  орны  мен    лайықты 
бағасын  берген          құнды  еңбектер  деп  атауға  әбден 
болады.  Ұлттық  әдебиеттің  өткен  тарихына  қанық,  оның 
қалыптасу  мен  өсу  жолдарына  өзі  куә  болған  зерттеуші 
тарихи  тәжірибеге  сүйене  отырып,  кешегі  кеңес  әдебиеті 
дамуының негізгі кезеңдеріне, олардың ерекшеліктері мен 
көркемдік  ізденістеріне,  әдебиеттің  тарихы  мен  бүгінгі 
мәселелеріне  егемендікке  ие  болған  ұлттық  идея,  рухани 
құндылықтар  тұрғысынан  және  әр  кезеңнің  әдеби 
процесін  сол  дәуірдің  әлеуметтік,  саяси,  қоғамдық 
жағдайларымен 
уақыт 
талабына 
сәйкестендіре 
салыстырып, үндестіре талдап, жаңа көзқарас тұрғысынан 
әділ 
бағасын 
береді. 
С. 
Қирабаевтың 
тікелей 
жетекшілігімен  кеңес  дәуіріндегі  қазақ  әдебиетіне 
                                                                                                                       
арналған  үш  томдық  зерттеу  жарық  көрді.  Зерттеушінің 
соңғы  жылдары  қазақ  әдебиетінің  бүткіл  тарихын,  оның 
әрқилы  бағаланып  келген  ірі  өкілдерінің  өмірі  мен  өнері 
жайлы  жаңа  көзқарас,  жаңа  пайымдауларын  жасаған 
бірнеше  еңбектері  жарық  көрді.  Атап  айтсақ,  «Кеңес 
дәуіріндегі қазақ әдебиеті» (1998), «Ұлт тәуелсіздігі және 
әдебиет» 
(2001), 
«Тәуелсіздік 
рухымен» 
(2002), 
«Әдебиетіміздің  ақтаңдақ  беттері»  (1995),  «Жүсіпбек 
Аймауытов»  (  1989)  ,  «Өмір  тағлымдары»  «Естеліктер». 
(2006) т.б .    
Тегінде 
әдебиеттің 
тұтастығын 
осындай 
ақтаңдақтарды    түгендеу  барысында  жүйелі  зерттеулер 
арқылы толықтырылары сөзсіз. Нені, қай кезеңді зерттесе 
де  сол  заманның  шындығымен  салыстыра  зерттейтін 
ғалым жеке жазушының шығармашылығын да сол тарихи 
кезеңнің  шындығымен  тұтастандырып,  жүйелі  қарайды. 
Ғалымның  ғылыми  тұжырымдары  мен  зерттеушілік 
ұстанымдарымен  бір  сыпыра  таныс  адам  қазақ 
әдебиетінің  жаңаша  жазылған  тарихынан    біршама 
мағлұмат,  көптеген  тың  деректер  алады  деуге  болады. 
Өйткені,  зерттеуші  қарастырған  қазақ  қаламгерлерінің 
өмірі  мен  шығармашылықтары  жөніндегі  мақалалардан, 
еңбектерден  замана  шындығын,  сол  кезеңдегі  әдеби 
үрдістерден,  көркемдік  бағыттар  мен  құбылыстардан 
кешегі 
кеңес 
кезеңінде 
бір 
жақты 
көзқарас 
қалыптастырған  тапшыл  танымның  түп  тамырын  танып, 
оларды жаңаша бағалауға бет бұрасыз .         


[Введите текст] 
 
 
143 
                                                                                                                       
     Әдебиет 
сыны 
мен 
ғылымы, 
мәтінтану, 
әдебиеттанудың тарихнамасы көрнекті ғалымның зерттеу 
нысанасындағы  көкейкесті  мәселелер.  Әдебиеттің  үлкен-
кіші деп бөлмейтін барлық маңызды мәселесіне зерттеуші 
үлкен  дайындықпен,  жоғары  жауапкершілікпен  қарап, 
турашылдық танытады. Оның еңбектерінің құндылығы да 
осында,  қай  мәселенің  де  тарихи  құжаттармен 
қордаланып, әдеби-тарихи контексте зерделенуінде.  
ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиеті  тарихында 
өзіндік орны бар тұлға-С.Сейфуллин.Ұлттық әдебиеттану 
тарихында 

жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау