жаңарту-драйверлердің аппаратурамен өзара әсерлесетін программалық қабатқа
негізделген.
СДЖ арналған бақылау жұмыстары:
1. Windows NT – ның басты сипаттамалары
2. Windows NT-да микроядро концепциясы не арқылы жүзеге асырылады?
3. Windows NT-да қандай 2 режим бар?
4. Windows NT-да сервистер мен серверлер қандай режимдерде орындалады және
олардың өзара әсерлесулері қалай орындалады?
5. Серверлердің, сервистердің, енгізу/ шығару менеджерлерінің , микроядро және
аппаратты абстракция деңгейлерінің негізгі қызметтері.
6. Windows NT-ның барлық программаларын біртұтас жүйеге біріктіретін басты
құрал не?
7. ОЖ-нің қандай қолданбалы орталдарын Windows NT қабылдайды?
8. Объектіленр деген не, олар не үшін қолданылады және олар қандай бөліктерден
тұрады?
9. Windows NT-да процестер мен тізбектер қалай жүзеге асырылады?
10. Windows NT-дағы тізбектердің жоспарлау алгоритмдері
11. Windows NT-нің интерактивті есептер үшін қандай жоспарлау жүзеге
асырылады?
12. Windows NT-дағы үзілулерді өңдеу
13. Windows NT-дағы желілік құралдар
14. NT НУОЖ ретінде қолдану мүмкіндігі. «Иә» және «жоқ» аргументтері
15. NT НУОЖ ретінде қолдану мүмкіндігінің 2 шешімі
Ұсынылатын әдебиеттер:
А.В.Гордеев, А.Ю.Молчанов. Системное программное обеспечение. — "Питер",
2002. — 736с
7. 7 дәріс. «Классикалық» НУОЖ. Объекті-бейімделген жүйелер.
Дәріс жоспары
7.1. «Классикалық» НУОЖ
7.1.1. QNX ОЖ
7.1.1.1. QNX ОЖ-нің басты сипаттамалары
7.1.1.2. QNX микроядросының архитектурасы
7.1.1.2.1. Шын ядро
7.1.1.2.2. Жүйелік процестер
7.1.1.2.3. Құрылғылар драйверлері
7.1.1.2.4. Процесаралық байланыс (IPC)
7.1.1.3. QNX хаттар тасымалының ОЖ ретінде
7.1.1.4. QNX желі ретінде
7.1.1.4.1. Бірлік компьютер моделі
7.1.1.4.2. Желінің тиімді ұйымдастырылуы
7.1.2. pSOS
7.1.3. VxWorks
7.2 Объекті- бейімделген жүйелер
7.2.1. OS-9
7.2.1.1. OS-9 басты сипаттамалары
7.2.2. Linux ОЖ үшін нақты уақыт кеңейтілулері
7.2.3.1. Linux-те ядролардың жүктелуші модульдері
7.2.3.2. Linux негізіндегі жүйелер
7.2.3.3. Linux жүйесінің даму бағыттары
7.2.4. Soft Kernel
7.1. «Классикалық» НУОЖ
Программалауға сүйенетін классикалық процедураларға негізделген жүйелерді
қарастырайық.
7.1.1. QNX ОЖ
7.1.1.1. QNX ОЖ-нің басты сипаттамалары
QNX жүйесін QNX SoftWare Systems (USA) фирмасы өндіреді. Басты
сипаттамалары:
3. Классикалық жүйелер түрі: self-hosted
4. Архитектура: Микроядро негізінде
5. Стандарт: POSIX 1003
6. Қасиеттері НУОЖ-нікіндей:
- көп міндеттілік: POSIX 1003
- көп процессорлық
- 32 деңгейлі приоритет
- жоспарлау: FIFO, round robin, адаптивтік
- preemptive ядросы
7. ОЖ жасау (host): UNIX/Windows.
8. Процессорлар (target):Intel 80x86
9. Байланыс сызықтары host/target: Ethernet, Arcnet, Serial, Token Ring.
10. Ең аз өлшемі: 60 Kb
11. Синхрондау және өзара әсерлесу құралдары: POSIX 1003 (семафорларб mutex . . .)
12. Жасау құралдары:
- Компилятор С/С++, түзеткіш, QNX анализдеушісі және тәуелсіз жеткізушілерден
(мысалы , Watcom/ SyBase)
- QNX үшін X Windows / Motif
QNX бұл жоғары модульділік, тиімділік, қарапайымдылық деген атқа 2 іргелі
принцип арқылы қол жеткізді:
Микроядролық архитектуралар
Хаттарға негізделген процесаралық байланыс
7.1.1.2. QNX микроядросының архитектурасы
QNX өзара әсерлесуші процестердің тобына жауапты шағын ядродан құралады.
Келесі суреттен көріп отырғанымыздай, құрылым иерарихиядан гөрі көбінесе топқа
ұқсайды-бірнеше ойыншылар бірдей рангтің бір-бірімен және өзінің ядро «төрттігімен»
өзара әсерлеседі.
5. сурет. Жүйелік менеджерлермен суреттелетін QNX микроядросы
Шын ядро
Ядро- кез келген операциялық жүйенің негізі, QNX-те оған 2 қызмет арналған:
Хаттар тасымалы- микроядро барлық жүйенің барлық процестер
арасындағы барлық хаттардың жолын басқарады.
Доспарлау- бұл микроядроның бөлігі, ол процес өз күшін хат және үзілу
нәтижесі ретінде өзгерткен сайын шақырылады.
Жүйелік процестер
QNX конфигурациясы келесі жүйелі процестерден тұрады:
Процестер менеджері (Proc)
Файлдық жүйе менеджері (Fsys)
Құрылғылар менеджері (Dev)
Желілік менеджер (Net)
Құрылғылар драйверлері
Құрылғылар драйверлері- анықталған аппаратты құралдар үшін талап етілетін ОЖ-
ні құралдармен әсерлесуден қорғайтын процестер.
Процесаралық байланыс (IPC)
QNX қарапайым, бірақ мықты IPC мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
7.1.1.3. QNX хаттар тасымалының ОЖ ретінде
QNX-те хат дегеніміз- бір процестен келесіне өтетін байттар пакеті. QNX-те хаттың
құрамына ешқандай арнайы көңіл бөлінбейді-хаттағы деректердің тек хатты жіберуші мен
қабылдаушыға маңызы зор.
7.1.1.4. QNX желі ретінде
Ең қарапайым формада локальді желі бірнеше біріккен компьютерлер ортасындағы
файлдар мен перифериялық құралдарды бірігіп қолдану механизм арқылы қамтамасыз
етіледі. Процестер желінің барлық жерінде осы әдіспен байланысады.
Бірлік компьютер моделі
QNX негізінен глобальді желілік ОЖ ретінде жасалған. QNX желісі әмбебап
микрокомандалар жиынтығынан компьютерлерді қабылдайды.
Желінің тиімді ұйымдастырылуы
QNX-тегі желіде әрбір түйінге оның номері беріледі, кейін ол оның
идентификаторы болады. Бұл номер QNX желілік немесе жеке ОЖ ретінде
орындалатынын анықтайды.
7.1.2. pSOS
pSOS жүйесі Integrated Systems (Santa Clara, USA) фирмасымен өндіріледі. 2000
жылы ақпанда фирманы Wind River Systems (Alameda, CA, USA) компаниясы алды.
Басты сипаттамалары:
1. Түрі: host/target
2. Архитектура: Микроядро негізінде
3. Стандарт: өзіндік
4. Қасиеттері НУОЖ-нікіндей:
- көп міндеттілік
- көп процессорлық
- 255 деңгейлі приоритет
- жоспарлау: приоритетті
- preemptive ядросы
5. ОЖ жасау (host): UNIX/Windows.
6. Процессорлар (target): Motorola 68xxx, Intel 80x86, ARM, MIPS, Power PC
7. Байланыс сызықтары host/target: тізбекті канал, Ethernet.
8. Ең аз өлшемі: 15 Kb
9. Синхрондау және өзара әсерлесу құралдары: семафорлар, mutex , оқиғалар
және т.б.
10. Жасау құралдары:
Достарыңызбен бөлісу: |