Тілдер туралы заңнамаға сәйкес халыққа қызмет көрсету саласында көрнекі ақпараттарды ресімдеу бойынша рейдтерді жүргізу кезінде ономастика саласында нормативтік-құқықтық қамтамасыз етудің жеткіліксіз деңгейі.
Ұлтаралық келісім
Ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға этномәдени және діни бірлестіктердің өкілдері елеулі үлес қосады. Жиыны қалада 3 этномәдени бірлестік «Атамұра» қазақ, «Русана» орыс және «Свиточ» украин орталықтары жұмыс істейді, мүшелерінің саны бойынша орыс- 15, украин -8, қазақ – 7, олардың басты мақсаты түрлі ұлттардың тілін, мәдениетін, дәстүрлерін сақтау және дамыту болып табылады.(14 кесте).
14 кесте.
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015жыл
|
Этномәдени бірлесіктер
|
2
|
3
|
3
|
Достық үйлері
|
1
|
1
|
1
|
ҮЕҰ бірлесе жұмыс істеу
Әділет басқармасында тіркелген қоғамдық бірлестіктер саны – 12: «Фемида» тұтынушылар құқықтарын қорғау бойынша қоғамдық бірлестігі, «Фортуна» кәсіпкерлер қоғамдық бірлестігі, «Надежда» Балалар қоры» қоғамдық қоры, «Қазақстан Республикасының ардагерлер бірлестігі» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан мәслихат депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Курчатов қалалық өкілдігі, «Курчатов жастар одағы» Шығыс Қазақстан облыстық жастар қоғамдық бірлестігі, «Ядролық технологиялар паркі» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ялдролық орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қоғамдық бірлестігі, «Нұр қала» қоғамдық бірлестігі, «Нұлы көш - Аматекен» қоғамдық бірлестігі,
«Тепловодоканал» мемлекеттік коммуналды кәсіпорыны қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігі, «Курчатов қаласының «Искатель» дене шынықтыру , спорт және туризмді дамыту қоғамдық қоры» Қоғамдық қоры. Кәсіпкерлік, жастар саясаты, әлеуметтік осал санаттағы тұрғындармен жұмыс салалары бейім белгіленген.
2013-2015 жылдары ҮЕҰ-мен бірлесе отырып 115 астам іс-шара өткізілді: концерттер, қайырымдылық акциялары, тренингтер, семинарлар, спорттық жарыстар. Барлық іс-шаралар атқарушы билік органдарының тікелей қатысуымен өткізілді. Өткізілген қайырымдылық акцияларының арқасында ондаған мүгедек балалар материалдық көмек алды.
Қала аумағында қала әкімі жанында кеңесуші- кеңес беруші орган мәртебесіне ие комиссиялар мен кеңестер жұмыс істейді, олар: ҮЕҰ бірлесе жұмыс істеу бойынша кеңес, діни бірлестіктермен байланыс бойынша кеңес, жастар істері бойынша үйлестіру кеңесі, қоғамдық кеңес, әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат бойынша комиссия, сондай- ақ ҰОС ардагерлері кеңесі және ақсақалдар кеңесі, олардың отырыстары тоқсанына бір рет өткізіледі.
SWOT- саланың даму жағдайының сараптамасы:
Күшті жақтары (S):
Қоғамдық- саяси жағдайға, саяси партиялардың және азаматтық қоғамның өзге де институттарының қызметіне мониторинг жүзеге асырылады;
ҮЕҰ қатысуымен келіссөдер алаңдарының белсенді жұмысы қамтамасыз етілген;
|
Әлсіз жақтары (W):
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың болмауы;
Бұқаралық ақпарат құралдарының дамуының жеткіліксіз деңгейі.
|
Мүмкіндіктері (O):
1. Қоғамдық- саяси, оның ішінде діни жағдайдың қиындауына жол бермеу мақсатында тұрғындармен кең көлемде түсінік беру жұмыстарын жүргізу (жиындар, кездесулер, акциялар және т.б.);
2. Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты жүзеге асыруға қаражат бөлу. ҮЕҰ оларды жүзеге асыруға тарту;
3. Азаматтардың рухани дамуы мен мәдени ағарту.
|
Қауіп - қатер (T):
1. Бұқаралық ақпарат құралдарының саяси ықпалына түсу қатері.
2. Қоғамдық бірлестіктердің белсенділік деңгейінің төмендеуі.
|
Проблемалар:
1. Мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің бірлесе жұмыс істеу тәртібін реттейтін айқын заңнамалық және нормативтік құқықтық актлердің болмауы;
2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың дәстүрлі жүйесі ҮЕҰ институттық дамуын қарастырмайды, олардың табыс көздері мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру болып табылады, оны алу бәсекелестіктің жоғары деңгейде болуы арқылы қиындай түседі.
3. Қоғамдық бірлестіктердің белсенділік деңгейінің елеулі көлемде төмендеуі. ҮЕҰ мемлекеттік қолдау көрсетудің балама тетіктерінің болмауына байланысты (гранттар) олардың тұрақты қызметкерлер штаты, кеңсесі, материалдық- техникалық базасы жоқ.
Жастар саясаты
2015 жылы 14 - 29 жас аралығындағы жастардың жалпы саны 83 адамға немесе 2,8% азайып, 2863 адамды құрады.
2012 жылдан бері ШҚО Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімінің «ШҚО Курчатов қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ жұмыс істейді, қызметкерлерінің жалпы саны 8 адам. Жастар орталығы жұмысқа орналасу, кәсіпкерлікті дамыту, тұрғын үй алу, «Жастар тәжірибесі», «Жасыл ел», «Қол жетімді тұрғын үй - 2020» мемлекеттік бағдарламаларына қатысу мәселелері бойынша кеңес беру көмегін көрсетеді, неке және отбасы институтын нығайту мен сақтау бойынша іс- шаралар өткізіледі. Іс-шараларда 2013 жылы 2490 адам, 2014 жылы 2905 адам, 2015 жылы 2700 адам қатысты.
ҚР Ұлттық ядролық орталығының жас ғалымдар Кеңесі өз жұмысын жалғастыруда. Жастар үшін шығармашылық қабілетті дамыту, жастардың денсаулығы бойынша үйірмелер мен секциялар ашылған. Жастар кәсіпкерлігі дамуда.
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 14-29 жас аралығындағы тұрғындардың жастарға қатысты мемлекеттік саясатқа қанағаттанушылық деңгейі 2013 жылғы 22 %-дан 2015 жылы 31 % артты.
Соңғы үш жыл ішінде курчатовтық жас ұрпақ арасында патриоттықтың жоғары деңгейі байқалады – 100 %.
SWOT- саланың даму жағдайының сараптамасы:
Күшті жақтары (S):
1. ШҚО Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімінің «ШҚО Курчатов қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ жұмыс істейді
2. Шығармашылықты, мәдениетті, спортты дамытуға жағдай жасалынған.
|
Әлсіз жақтары (W):
1. Тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері;
2. Сапалы білім алу, жұмысқа орналасу мәселелері.
|
Мүмкіндіктері (O):
1. Жастар арасында ақпараттық- түсінік беру жұмысын күшейту;
2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемін арттыру
|
Қауіп - қатер (T):
Қалада қоғамдық- саяси жағдайдың
күрделенуі;
Жастардың деструктивті ағымдарға
тартылуы;
Шет елдер тарапынан ақпараттық
ықпал ету.
|
Негізгі мәселелер:
1. Тұрғын үймен қамтамасыз ету;
2. Жастар арасында құқық бұзушылықтар байқалады;
3. Жастар саясатының жүзеге асырылуының жеткіліксіз ақпараттық, кадрлық, ғылыми қамтамасыз етілуі;
4. Халқаралық жастармен алмасу дамымаған.
5. Сапалы білім алу, жұмысқа орналасу, тұрғын үймен қамтамасыз ету.
Дін
2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша 2 діни бірлестік тіркелген: Курчатов қаласының мешіті және Свято – Казан приходы.
Конфессияға жатуы: қала тұрғындарының 58,5%– мұсылмандар, 34,5% - христиандар, 0,04%-өзге. Тұрғындардың 25,5 % тұрақты түрде мешітке немесе шіркеуге барып тұрады, діни әдет-ғұрыптарды қатаң сақтайды.
Уағыздарға мониторинг жүргізіледі, кемшіліктер анықталған жоқ. Бұл діни бірлестіктер діни мерекелер (Рождестволық шырша, Мәуліт, Ауыз ашар), қайырымдылық акциялары, Рамазан айында ауыз ашар кештерін өткізді.
Конфессияаралық байланыстарды жүйелі негізде нығайту үшін, облыстың діни бірлестіктер байланыстары бойынша Кеңес жұмыс істейді.
Кеңес жұмысының басты бағыты 2013-2017 жылдарғы Қазақстан Республикасындағы терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу бойынша Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру. Дін істері бойынша ақпараттық -түсіндіру тобы 10 адамнан тұрады.
Қалалық ақпараттық топ мүшелерімен есептік кезеңде 28 іс-шаралар өткізілді. АТТ атқаратын жұмыстар мен іс-шаралардың барлығы электронды сайттарда және баспасөз құралдарында жарияланады.
Әкімшілік құқықбұзушылықтардың жасалуын болдырмау мақсатында, заңсыз дініи бірлестіктердің қатысуы және басқарғаны, діни сипаттағы әдебиеттерді жүзеге асыруға, заңсыз миссионерлік қызметтер үшін азаматтармен алдын алу –түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
2013-2015 жылдар арасында БАҚ және электронды сайттарда дін істері бойынша 39 материал жарық көрген.
Діни қатынастар саласындағы саясаттың негізгі басымдықтары діни тұрақтылықты, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету, тұрғындар арасында кең көлемде ақпараттық-түсінік беру жұмыстарын жүргізу, толерантты қоғам құру болып табылады.
Қалада діни тұрақтылықты, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайтуға, діни экстремизм мен лаңкестік көріністерінің бой көрсетуін қабылдамауға, тұрғындардың мемлекеттік органдарға сенімін арттыруға бағытталған іс- шаралар тұрақты негізде өткізіледі.
Екі рухани кофессия жетекшілерінің, этномәдени бірлестіктердің, Достық үйінің арқасында және атқарылып жатқан ұлтаралық қақтығыс пен экстремизмнің алын алу жұмыстарының арқасында қаладағы жағдай тұрақталып, бүгінгі таңда ұлтаралық немесе діни қақтығытар тіркелмеген.
SWOT- саланың даму жағдайының сараптамасы:
Күшті жақтары (S):
Қоғамдық – саяси жағдайға, саяси партиялар және өзге де азаматтық қоғам институттарының қызметіне мониторинг жүргізіледі;
Азаматтық қоғам институттарының қатысуымен диалогтық алаңдардың белсенді жұмысы қамтамасыз етілген (жұмысты қоғамдық кеңес, ақсақалдар кеңесі, ардагерлер кеңесі және т.б. жүргізеді);
3. Баспа басылымдар, телеканалдар, электронды БАҚ жұмыс істейді.
|
Әлсіз жақтары (W):
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың болмауы;
біліктілігі жоғары имамның, теологтар мен дінтанушылардың жетіспеушілігі
|
Мүмкіндіктері (O):
Қоғамдық саяси жағдайдың, оның
ішінде діни жағдайдың күрделенуіне жол бермеу мақсатында тұрғындар арасында кең көлемде түсінік беру жұмыстарын жүргізу (жиындар, кездесулер, акциялар және т.б.);
2. Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты жүзеге асыруға қаражат бөлу. Оны жүзеге асыруға ҮЕҰ тарту;
3. Тұрғындар арасында ақпараттық- түсінік беру жұмыстарын күшейту
4. Қоғамдық- саяси жағдайдың, оның ішінде діни жағдайдың күрделенуіне жол бермеу бойынша нақтылы шаралар қолдану;
5. Тұрғындардың рухани дамуы және мәдени ағарту жұмыстары.
|
Қауіп - қатер (T):
Деструктивті діни ағымдардың таралуы.
Тұрғындардың, әсіресе жастардың осы діни бірлестіктер қатарына тартылуы;
Бұқаралық ақпарат құралдарының саяси ықпалына ұшырау мүмкіншілігі.
|
Негізгі мәселелер:
1. Біліктілігі жоғары имамның, теологтар мен дінтанушылардың жетіспеушілігі.
Саяси партиялар
«Нұр Отан» партиясының қалалық бөлімшесі тіркеліп, өз қызметін жүзеге асыруда. Партия мүшелерінің саны 1012 адам.
Бастауыш ұйымдардың жалпы саны – 11. Партия мүшелерінің (Нұр Отаннан басқа) өсуі байқалмайды.
Гендерлік саясат
2016 жылы қалада тұрғындар саны 12,365 мың адамды құрады, оның ішінде әйелдер саны 6,3 мың адамды немесе, 51% құрады. Әйелдер ерлермен бірдей деңгейде қаланың экономикалық қызметінің барлық салаларының жұмысына белсене қатысады.
Экономикалық қызметтің кейбір түрлері бойынша әйелдердің үлесі басым болып келеді. Әйелдердің қала өмірінің барлық салаларына қатысуына жүргізілген мониторинг нәтижесінде денсаулық сақтау саласында 167 әйел, білім беру саласында 219 әйел жұмыс істейтіні анықталды. Курчатов қаласында 688 кәсіпкерлердің 367 немесе 53 % әйел адамдар. Қызмет бағыты – азық- түлік және өнеркәсіп тауарларын сату және қызмет көрсету саласы.
Қалада әйелдерді саяси жұмысқа тарту бойынша жұмыс жүргізіледі. Қалалық мәслихаттың 11 депутатының 3- і немесе 27,3 % әйелдер. Дербес бөлімдердің 11 басшыларының – 4 немесе 36,4 % әйелдер.
SWOT- саланың даму жағдайының сараптамасы:
Күшті жақтары (S):
Әйелдер саны тұрғындардың жалпы
санының 51% құрайды;
Экономикалық қызметтің кейбір
түрлері бойынша әйелдердің үлесі басым болып келеді;
Әйелдердің өмір жасы ерлерге
қарағанда жоғары.
|
Әлсіз жақтары (W):
1. Әйелдердің шешім қабылдау деңгейінде билікке қатысуының жеткіліксіздігі;
2. Ерлер мен әйелдерге жалақы төлеуде айырмашылықтың сақталуы.
|
Мүмкіндіктері (O):
1. Әйелдерді саяси өмірге қатысуға тарту арқылы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін арттыру.
|
Қауіп - қатер (T):
Әйелдер құқықтарының
сақталмауы;
2. Әйелдерді жыныстық белгісі бойынша кемсіту.
|
Негізгі мәселелер:
1. Әйелдердің шешім қабылдау деңгейінде билікке қатысуының жеткіліксіздігі, мысалы қалалық деңгейдегі өкілетті билік органында әйелдердің үлес салмағы небары 27,3 %, атқарушы билік органдарында – 36,4 % құрайды.
2.2.3. Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Қылмыстар туралы хабарламалар мен өтініштерді тіркеу және есептеуді толыққанды қамтамасыз ету үшін жүргізіліп отырған мақсатты бағытталан жұмыс қаладағы қылмыстылық туралы объективті статистикалық деректер алуға және оларды нақты бейнелеуге жағдай жасады.
2015 жылғы криминалды жағдай қылмысытылықтың түсу үрдісін көрсетеді, яғни 2013 жылғы 130 қылмысқа қарағанда 2015 жылы 120, немесе 7,7% (сурет 10).
Сурет 10 – 2013-2015 жылдар аралығындағы Курчатов қ. бойынша тіркелген қылмыстардың саны
Көрсетілген уақыт аралығында ауыр және аса ауыр қылмыстардың санының, 2013 жылы 8 жағдайдан 2015 жылы 7 жағдайға, төмендеуі байқалады, олардың ашылуы 86,8% құрады, (2013 жылы – 68,6%).
2015 жылы 10 мың халыққа қылмыстылықтың деңгейі 98,4% құрады, (ШҚО – 187,9), бұл орта көрсеткіштен 89,5 %-ға төмен. Соңғы 3 жылда қылмыстылықтың деңгейі 2013 жылғы 112,1 қарағанда 2015 жылы 98,4-ке дейін түсті.
Сурет 11 – 2013-2015 жылдар аралығында 10 мың тұрғыны бар қылмыстың деңгейі
2013 жылғы қарағанда қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстың саны азайған, мысалға алатын болсақ 2013 жылы 63 қылмыс болтын болса 2015 жылы 41 жағдайға, немесе 34,9%-ға азайған. Қоғамдық тәртіпті қорғауды әрі қарай жетілдіру бойынша шаралар қолданады, көшелерде және қоғамдық орындарда бейне бақылау жүйесі ұлғайтылады, 5 бейне бақылау камералары жұмыс істейді. Бірнеше мәрте сауда үйлерін және дүкендерді міндетті түрде бейне бақылау камераларымен жабдықтау туралы мәселе қозғалды.
Рецидивті қылмыстың деңгейі жоғары деңгейде қалып тұр. 2013 және 2015 жылдар аралығында бұрын сотталған тұлғалармен жасалатын қылмыс саны 11-ден 51 фактіге артып кетті, немесе 4,6 көбейді. Үлес салмағы 2013 жылы - 14,3%, 2015 жылы - 51,5% құрады.
Ең көп таралған қылмыстың түрлері тұрмыстық қатынас саласында, сондай-ақ масаң және есірткі заттарын қолданған кезде жасалатын қылмыстар. 2015 жылы заңсыз есірткі айналымына қатысты 2 қылмыс тіркелді, 2013 жылы 1 жағдай тіркелген. Масаң күйде және есірткі қолдану кезінде 2013 жылы -21, 2015 жылы -34 қылмыс жасалды. Ерте нашақорлықтың алдын алу, мамандандырылған медициналық мекемелерді дамыту, сондай-ақ нашақорлыққа қарсы нәсихат жүйесін жалпы мемлекеттік қалыптастыруға арналған әдістерді ұйымдастыруды талап етілуде.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау бағытындығы саны 52 адамнан тұратын қоғамдық қалыптасулар және күштері тартылады, олардың жұмысына жергілікті атқарушы органдармен жағдай жасалады.
2013 жылы кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс саны 4 жағдайды құрады, 2015 жылы қылмыстар тіркелмеді. Жасөспірімдік қылмымыстың алдын алу аясында соңғы жылдары өзін ақтап шыққан «мектеп» инспекторларын дамыту жалғасуда. Қаланың 3 мектебінде 2 «мектеп» инспекторы қызмет атқарады. Қала мектептерінде құқық қорғау органдарын, медициналық мекеме өкілдерін шақырумен дәрістер, дөңгелек үстелдер жүргізіледі.
Заңсыз еңбек миграциясының ауқымы маңызды. Көші-қон заңнамасының ережелерін бұзғаны үшін жыл сайын шамамен 137 шет ел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылады, оның ішінде шамамен 17 адам мемлекеттен шығарылады.
Антитеррорлық комиссия құру арқылы қалада жергілікті атқарушы органдарды діни экстремизм және терроризмнің алдын алуға тарту жағдайы қамтамасыз етілген. Қала аумағында экстремистік және террорлық әрекеттерге қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша жедел жұмыстар жүргізілуде. Тоқсан сайын адамдар көп жиналатын жерлерде діни экстермизмге және терроризмге қарсы әрекет жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша тексеру жүргізіледі, қала дүкендерінде камералар орнатылған.
Жол үстіндегі апаттардың жағдайы қиынға соғып тұр. Жол-көлік оқиғасында 2013-2014 жылдары жарақаттанған және қайтыс болған азаматтардың өсу беталысы болды. 2015 жылы 1 жол-көлік оқиғасы болды, онда 1 зардап шекті, 1 адам қайтыс болды (сурет 12).
Сурет 12 – 2013-2015 жылдар аралығында болған ЖКО саны
SWOT – саласының даму жағдайының талдауы:
Күшті жақтары (S):
Азаматтардың заңды мүдделерін, бостандығын және құқығын қорғау бойынша жағдайлар жасалды;
Құқық бұзушылықтың нақты субъектілері және олардың қамтамасыз ету ынтымақтастығы айқындалды;
Құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын ұйымдар мен азаматтардың бірлескен әрекетінің формалары келісілген;
Заң тыңдайтын азаматтардың жүріс-тұрысын қалыптастыру шаралары анықталды;
Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша шаралар кешені қалыптастырылды;
Компаниямен әлеуметтік жарнама жүргізу.
|
Әлсіз жақтары (W):
Қаланың ішкі істер органдарының ереже нормасына дейін жинақталмағаны және қалалық полиция бөлімінің мекемелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізудің қажеттілігі.
|
Мүмкіндіктер (O):
Құқық бұзушылықтың және қылмыстылықтың санының өсуін болдырмау шараларын уақытылы қабылдау;
Құқық бұзушылықтың бастапқы алдын алу;
Құқықбұзушылықтың алдын алу жүйесін жетілдіру;
Алдын алу субъектілерін қызметтерін үйлестіруді арттыру;
Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша шараларды жүзеге асыруды бақылау.
|
Қауіп-қатерлер (T):
Республика аумағындағы радикалды экстремистер және террорлық бірлестіктер мен ұйымдардың әрекеттерінің күшеюі.
|
Негізгі мәселелер:
1. Көңіл көтеру орындарында, дүкендерде, алаңдарда бейне бақылау жүйесі жеткілікті деңгейде дамымаған;
2. Жол-көлік оқиғаларының ауыр салдарына көптеген кешенді себептер әсер етеді;
3. Жолдардың техникалық жағдайы қанағаттандырмайды;
4. Жол қозғалысына қатысушылардың, ең алдымен көлік иелерінің тәртібінің төмендігі.
2.2.4. Инфрақұрылымдық кешен
Жол және көлік
Жергілікті маңызы бар жолдардың ұзындығы 11,9 км құрайды,оның ішінде 0,6 км асфальт бетонмен, 11,3 км – қиыршықты-шағылтаспен жабылған.
10 сурет - Қаланың автомобиль жолдарының жағдайы, км
Нормативтік қажеттіліктен қысқы мезгілде жолдарды ұстау, қар тазалау техникасымен қамтылған ұйымдардың қамтамасыз етілуі 45 % ғана құрайды, аталған техниканың 50 % техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз жағдайда, 80 жылдардан пайдалануда болғандықтан ұдайы істен шығады.
Саланың даму жағдайын SWOT талдау.
Күшті жақтары:(S)
1.Өткізу қабілеті қорының болуы;
2.Инфрақұрылымдық көлік түрлерінің дамуы (автомобиль жолдары, темір жолдар, тікұшақ алаңыны бар )
|
Әлсіз жақтары: (W)
1.Негізгі құралдардың моральдық және табиғи тозуы;
2. Инновацияны және автоматтандыруды енгізу үрдісінің деңгейі төмен жағдайда.
|
Мүмкіндіктері: (O)
1.Жеке мемлекеттік – жеке серіктестік механизмінің дамуы;
2. Автомобиль жолдарының көлік эксплуатациялық көрсеткішінің жақсаруы және олардың тұтынушылық қасиетінің жоғарылауы;
3.Автомобиль жолы саласына сапаны басқарудың халықаралық стандарттарын енгізу.
|
Қауіптері: (T)
1.Бюджеттік қаржыландырудың қысқартылуы;
2.Баға тәуекелдері;
3.Заңдылық тәуекелдер;
4.Экологиялық және техногендік тәуекелдер;
5.Кадрлық тәуекелдер;
6. Жол-эксплуатациялық техникасының қатты тозуы.
|
Негізгі мәселелер:
Инновацияны және автоматтандыруды енгізу деңгейі төмен жағдайда.
Жол-эксплуатациялық техникасының қатты тозуы.
Теміржол көлігі
Теміржол көлігі «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компания» АҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылатын Семей тасымалдау бөлімшесімен көрсетіледі. Теміржол тасымалы келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді:
Дегелен-Екібастұз, Астана - Риддер, Павлодар – Алматы.
Теміржол көлігімен жолаушылар тасымалы екі қаларалық Семей және Павлодар қалалары арасында байланысты қамтамасыз ететін және бір қалалық маршрутта жүзеге асырылады.
Қалада әуе және өзен көліктері жоқ.
Қазіргі уақытта қалада беймделген ғимаратта автобекет жұмыс жасайды 3 жанар май құю станциясы, 3 техникалық қызмет көрсету станциясы бар.
Саланың даму жағдайын SWOT талдау.
Күшті жақтары: (S)
1. Маршруттар саның арттыру жолымен тұрғындар үшін автомобиль көлігі қызметінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.
|
Әлсіз жақтары: (W)
1. Тұрақты автобекеттің жоқтығы.
2.Жолаушылар тасымалын рұқсат құжаттарынсыз жүзеге асыратын заңсыз тасымалдаушылардың болуы..
|
Мүмкіндіктері: (O)
1.Мақсаттарға қол жеткізу қызығушылық танытқан басқа тараптармен үйлесімділік пен әрекеттестік дәрежесіне байланысты, соның ішінде жолаушылар тасымалын рұқсат құжаттарынсыз жүзеге асыратын заңсыз тасымалдаушылар мәселесін шешу үшін.
2. Өзен кеме қатынасын, соның ішінде жолаушылар көліктерін дамыту мүмкіндігі.
|
Қауіптері: (T)
1. Экономиканың қарқынды өсуінің және инвестициялық белсенділіктің төмендеуі, банк жүйесінің дағдарысы, өндірістің құлдырауы және т.б.
2. Баға тәуекелі. Көлік саласын дамыту үшін энергия тасымалдаушылар мен құрылыс материалдарына баға сыни фактор болып қалады, бұл жұмыстың өзіндік құнына әсерін тигізеді.
|
Негізгі мәселелер:
1. Рұқсатсыз құжаттарымен кісі тасуды жүзеге асыратын, заңсыз көлік тасымалының бар болуы.
Байланыс
Қалада телекоммуникация және байланыс саласында 1 кәсіпорын қызмет көрсетумен айналысады. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы телекомуникацияның негізгі жеткізушісі болып табылады. Қала аумағында «Қазақтелеком» АҚ бөлімшесі бар, негізгі телефондық нөмірлер 4050 құрайды. Бүгінгі күнде аталған компания «Megaline» интернет желісін, 4 мбит/сек дейінгі жылдамдықта жеткізуді ұсынады.
Сонымен бірге интернет провайдер «IT LINK» ЖШС болып табылады, «Транстелеком» АҚ оптикалық-талшықты желісін қолдана отырып тұрғындарға балмалы интернетті ұсынады, сонымен бірге WiFi байланысы бойынша желісіз интернет ұсынылады.
Қала аумағында Beeline, Aktiv, Tele2, NEO,. мобильдік байланыс операторлары бар. 2013 жылы Aktiv компаниясымен елді мекенді 3G интернетін енгізу және толық қамту бойынша жұмыстар жүргізілді. Жеке және ұялы байланыс Жаңа жеке технологияның және ұялы компаниялардың енгізілуі арқасында «Қазақтелеком» АҚ байланыс интернетін ұсыну бойынша нақты бәсеке орнады.
Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:
Күшті жақтары: (S)
1.Телекоммуникациялық қызмет жүйесінің дамуы;
2.Тұрғындарды компьютерлік сауаттылыққа дағдыландырып оқыту үшін компьютер сыныбының бар болуы.
|
Әлсіз жақтары: (W)
1.Жаңа телекоммуникация жүйесінің енгізілуі бойынша қаржыландырудың болмауы.
|
Мүмкіндіктері: (O)
1.Инфрақұрылым кешенінің дамуын мемлекеттік қолдау;
2.Азаматтар мен ұйымдардың күнделікті өмірде ақпараттық-коммуникациялық технологияны кеңінен қолдануға өту.
3. Жаңа телекоммуникациялық жүйені енгізу бойынша басқа елдердің халықаралық тәжірибесін қолдану.
|
Қауіптері: (T)
1.Жаңа инфрақұрылымдық жүйені енгізуге ұйымдардың дайын болмауы
|
Негізгі мәселелер:
1.Тозған байланыс арнасының қолданылуы;
2.Оптикалық-талшықты байланыс арнасына ауысудың аяқталу қажеттілігі,;
3.Тұрғындардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін байланыс жылдамдығын жоғарылатуға қажеттілік;
4.Интернет байланысын негізгі жеткізушілердің ескі,тозған байланыс арнасын қолдануы.
Тұрғын үй құрылысы
Курчатов қаласында 74 көп пәтерлі тұрғын үйлер бар, қала аумағындағы үйлердің 81,0 % пайдалану мерзімі 20 жылдан артық.
15. Кесте
Пайдалану мерзімі бойынша үйлердің саны
Үйлердің саны
|
Пайдалану мерзімі
|
16
|
50 жылдан астам
|
23
|
50-40 ыжл
|
9
|
40-30 жыл
|
12
|
30-20 жыл
|
14
|
20 жылға дейін
|
Тұрғын үйді пайдалану және ұстауды жеке кәсіпкерлермен құрылған үш қызмет көрсетуші ұйымдар жүзеге асырады.
Коммуналдық қызметтерді есепке алу аспаптарын енгізу мәселесі қанағаттанарлықсыз жағдайда. Тұрғын үй бойынша жылу есптегіштердің жалпы саны -74, 10 үйде есептеуіштер орнатылған (7,4 %), ұйымдардың жалпы саны – 180, 11 орнатылған (6,1%).
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламалары аясында терможаңғыртуды жүргізу бойынша жұмыстар басталды. 2013-2015 жылдары 60 тан астам тұрғындар жиыны өткізілді, онда басқа сұрақтармен қатар терможаңғырту бағдарламасы туралы ақпарат жеткізілді.
Кондоминиум нысандарының жалпы мүлкінің жөндеуі терможаңғырту элементтерінен тұрады, ол ғимараттардың жылутехникалық сипаттамаларын үйдің қабырғаларын, шатыры мен қасбеттерін жылылау есебінен жақсартуға мүмкіндік береді және жөндеу жұмыстарының нәтижесінде ағымыдық жөндеу кезінде жылуды тұтынуды үнемдеу 10 пайызға дейін, күрделі жөндеуде 30 пайызға дейін қол жеткізілетін болады.
Жалпы 2014-2015 жылдардағы кондоминиум нысандарын жөндеу бойынша жобаны жүзеге асыру жөндеуді қажет ететін кондоминиум нысандарының үлесін төмендетеді. 2020 жылға дейін 20 үйді жөндеу және жөндеуді қажет ететін кондоминиум нысандарының үлесін 34,0 % жеткізу жоспарлануда.
Саланың даму жағдайын SWOT талдау.
Күшті жақтары: (S)
1.2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жаңғырту жобасы аясында көппәтерлі тұрғын үйлерге жөндеу жүргізіледі.
2. Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй көмегінің болуы
|
Әлсіз жақтары: (W)
1.Кондоминиум нысандарының жалпы мүлікті ұстаудағы тұрғындардың белсенділігінің әлсіздігі;
2.ТҮКШ саласының бәсекеге қабілеттілік деңгейінің төмендігі
|
Мүмкіндіктері: (O)
1.Көп пәтерлі тұрғын үйлерді терможаңғырту және жөндеу бойынша жобаны жүзеге асыру кондоминиум нысандарының техникалық жағдайы мен азаматтардың өмір сүрі сапасын жақсартуға мүмкіндік береді
2.Тұрғын үй көмегін кондоминиум нысандарының жалпы мүлкін жөндеуге тарату.
3. Тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту және мемлекеттік жеке серіктестікті ынталандыру.
|
Қауіптері: (T)
1.Жөндеу және терможаңғырту жобаларын мемлекеттік бюджеттен жеткіліксіз қаржыландыруға байланысты апатты көп пәтерлі тұрғын үйлер үлесінің өсу қатері
2.Тұрғын үй қорының тозу деңгейінің өсуі.
|
Негізгі мәселелер:
Қалада пәтер иелері кооперативінің жоқтығы;
Үй ішілік инженерлік желілерінің тозуы жоғары.
Кондоминиум нысандарының жалпы мүлікті ұстаудағы тұрғындардың белсенділігінің әлсіздігі;
Жылумен жабдықтау
Қаланың жылуэнергетикалық кешені қаланың негізгі, аса күрделі және инженерлі инфрақұрылымының әлеуметтік-маңызды нысаны.
Жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 14,285 км құрайды, ауыстыруды 13,856 км (немесе 97 %) қажет етеді.
Статистикалық мәлімет бойынша 2015 жылға 55,4 мың Гкал жылу энергиясы өндірілді, былтырғы жылғы деңгейден 0,8 мың Гкал көп.
2014 жылға жылу энергиясын тұтыну құрылымында тұрғындардың үлесіне 59%, ұйымдардың коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктеріне 21%, кәспорындардың өндірістік қажеттіліктері - 20%.
Бүгінгі таңда тұрғын үй қорына, әлеуметтік сала нысандарына және бірқатар кәсіпорындар мен ұйымдарға қатты отындағы «Курчатов көпсалалы эксплуатациялық кәсіпорыны» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының бес қазандығы қызмет көрсетеді, сонымен бірге қаланың жарты кәсіпорындары мен ұйымдарының қатты және сұйық отындағы жеке қазандықтары бар.
Жабдықтар мен жылу желілерінің 97% ауыстыруды қажет етеді. Жылу көздер мен желілерді бірнеше жыл қатарынан пайдалану технологиялық жабдықтар мен желілердің толығымен тозуына алып келді, есепке алу аспаптарымен қамтылу деңгейі төмен жағдайда қалып отыр.
Бүгінгі таңда көп пәтерлі тұрғын үйлерді және басқа нысандарды қалпына келтіру үрдісінің белсенділігі есебінен жылуды тұтынушылардың өсу қарқыны байқалады. 2013 жылы 1 көп пәтерлі үй қалпына келтірілді. 2014 жылдан бастап 4 көп пәтерлі тұрғын үйлерді қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қалада жылу сорап қондырғысы есебінен жылумен қамтамасыз етілетін нысандар бар: ол « Ядролық технологиялар паркі» АҚ және 1 тұрғын үй.
Саланың даму жағдайын SWOT талдау
Күшті жақтары: (S)
1.Жылу көздерімен жылу энергиясы өндірісінің өсуі
2.Жылу энергиясын пайдаланушылардың артуы.
|
Әлсіз жақтары: (W)
1.Қазандықтар қуаттылығының жеткіліксіздігі
2. Қазандықтардың қала шегінде орналасуы
3. Ыстық сумен жабдықтаудың жоқтығы
4. жылумен жабдықтау желілерінің 97% ауыстыруды қажет етеді.
5. Жылу энергиясы шығынының жоғары деңгейі
|
Мүмкіндіктері: (O)
1Жылумен жабдықтаудың дәстүрлі емес дамуының болашағы
2.Қаланың жылумен жабдықтау сызбасын оңтайландыру.
|
Қауіптері: (T)
1.Қазандықтардың қуаттылығының істен шығуы, негізгі қорлардың тозу деңгейінің жоғары болуына байланысты жылу көздері агрегаттарының тұрып қалуы.
2.Су жеткізу желісінен толықтыруды тоқтату мүмкінді және ескіруіне байланысты төтенше жағдайлар мен ұзаққа созылған апаттардың туындау мүмкіндігі.
|
Негізгі мәселелер:
Үй ішілік инженерлік желілерінің тозуының жоғарылығы.
Кондоминиум нысандарының жалпы мүлікті ұстаудағы тұрғындардың әлсіз белсенділігі.
Қазандықтардың қуаттылығы тұтынушыларға ыстық суды беруді жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.
Сумен жабдықтау
Қала тұрғындары орталықтандырылған сумен 100,0 % қамтамасыз етілген.
Қаладағы сумен қамтамасыз ету желісінің ұзындығы 99,0 км. Сумен қамтамасыз ету жүйесінің техникалық жағдайы қиын жағдайда: құрылыстың тозу деңгейі орташа (су бөгеті, су тазалау станциясы және сорғы станциясы) – 90 %, осының салдарынан көп мөлшерде суды жоғалтуға, жоғарғы апатқа және шығындарға әкеп соғады.
16 кесте- 2013-2015 жылғы қала тұрғындарының сумен қамтамасыз ету қызметтерінің деңгейі
Көрсеткіштер
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
2015/2013 жылғы өсу
|
Қала тұрғындарының орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге қол жеткізуі %
|
100,0
|
100,0
|
100,0
|
0
|
Суды коагуляциялау және жуып шаюға шығындар жоғары (20 % дейін РВЧ-тан суды тазалау фильтрді жууға кетеді). Құралдардың ылғалды және хлорлы ортада жұмыс істеуі телемеханизация және автоматтандыру жүйесінің істен шығуына әкеп соқты.
Су құбырларын эксплуатациялау және қызмет көрсетумен «Курчатов-Водоканал» МКК айналысады, кәсіпорын қажетті деңгейдегі білікті кадрмен қамтамасыз етілмеген, жабдықтардың тозу пайызы жоғары. Осыған байланысты, алдағы уақытта ауыз сумен жабдықтау нысандарын әрі қарай пайдалану мн қамтамасыз етумен байланысты мәселелер бар.
Сумен қамтамасыз ету жүйесі келесі себептер боынша шығынды:
- су іркуіш құрылыстан су тазарту станциясына дейін және қашықтағы алаңға дейін су құбырларының айтарлықтай ұзақтығы;
- тазартқыш ғимараттардың зор кешені;
- қажетті қажеттіліктер мен реагенттерге бірқатар шығындар, суды тазарту технологиясының тиімсіздігі, соның ішінде Ертіс өзенінің беткі суларының ластануының жоғарылауы.
- Трубалар мен арматуралардың техникалық жағдайының ескіруінен апаттық жағдайлардың болуы және арматуралар жұмыс істемейтіндіктен апаттарды оқшаулау мүмкін еместігі.
Салалардың жағдайын бағалау үшін SWOT талдау жүргізілді.
Күшті жақтары: (S)
1. Су қорының жеткілікті деңгейі;
2. Сумен қамтамасыз ететін жүйенің бар болуы;
3. Эксплуатация қызметінің бар болуы.
|
Әлсіз жақтары: (W)
1. Сумен жабдықтау жүйесінің және нысандардың тозуы және осының салдарынан ауыз су сапасының төмендеуі, апаттар болуы;
2. Негізгі өндіріс қорының ескіру қарқыны жоғары деңгейде.
3. Сумен қамтамасыз ету жүйесін жаңартуға мемлекеттік және жеке инвестицияның жетіспеушілігі
4. Су өңдеуде есі технологиялар қолданылады, ол қала тұрғындарының денсаулығының нашарлауына әкеліп соқтырады.
|
Мүмкіндіктері: (O)
1. Жер асты тұщы суларының жаңа кен орнын игеру;
2. Тұрғындарды сапалы сумен қамтамасыз ету;
3. Сумен қамтамасыз ету жүйелерінің техникалық жағдайын жақсарту, суды тазартуға және су даярлауға шығындарды арттыру;
4. Заманауи тиімді технологиялар енгізу мүмкіндігі;
5. Материалдық -техникалық базаны жарақтандыру арқылы пайдалану қызметін жетілдіру.
|
Қауіптері: (T)
1. Ертіс өзенінің ластануына байланысты су сапасының төмендеуі;
2. Жабдықтардың табиғи тозуына байланысты істен шығу мүмкіндігі, қоршаған ортаға кері ықпал ету мүмкіндігі;
3. Ұзақ мерзімде пайдалануда болғандықтан сумен жабдықтау нысандарының қанағаттанарлықсыз жағдайы
4.Апаттың артуы;
5. Инфекциялық аурулардың туындау қаупі.
|
Негізгі мәселелер:
1.Сумен жабдықтау жүйесінің және нысандардың 90,0 % жоғарғы тозуы.
ескірген су даярлау техникасының қолданылуы.
2.Су өңдеуде ескі технлогиялар қолданылады.
Су тарту
Қаладағы тазартқыш ғимараттар тұрғын үй құрылысынан 8 км ара қашықтықта орналасқан, пайдалануға 1968 жылы берілген.
Жобалық қуаттылығы – 17 мың м3/тәулігіне, нақты – 7,9 мың м3/ тәулігіне. Кәріз желісінің жалпы ұзындығы 42,696 км құрайды, желінің тозуы 31,459 км жетеді немесе 73,7 % құрайды, бұл жиі апаттық жағдайларға әкеледі. Тазартқыш ғимараттар табиғи және моральдық жағынан ескірген. Бетон құрылыстары бұзылған, ішкі коммуникациялардың металл бөліктері толығымен агресивтік ортамен желінген. Топыраққа тазартылмаған су барып, Ертіс өзенінің арнаасты сулары ластануда.
Тазартқыш ғимараттар күрделі жөндеуді қажет етеді. Кәріз жүйесі пайдалануға 1968 жылы берілген және агресивті ортамен желінген қызмет ету мерзімі 2008 жылы аяқталған, толығымен ауыстыруды қажет етеді.
Ағын суларды биологиялық тазарту 1997 жылдан бастап жоқ.
Ағын суларды тек мехникалық тазалау және хлорлау жүргізіледі. Тазарту тиімділігі 30 дан 55 % дейін, тазартылмаған су 45-70 % дейін жетеді.
Бүгінгі таңда канализацияның жаңа тазартқыш ғимараттары пайдалануға берілмеген. Тазартқыш ғимараттарды сапалы пайдалану мәселесін шешу мақсатында және олардың істен шығуын болдырмау үшін кәріз жүйесін қалпына келтіріп жаңарту қажет (17 кесте).
17 кесте - 2013-2015 жылғы қала тұрғындарының су тарту қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейі
Көрсеткіштер
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
2013/2015 жылғы өсу
|
Қала тұрғындарының орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілу деңгейі. %
|
100,0
|
100,0
|
100,0
|
|
Қала тұрғындарының орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге қол жеткізуі
|
100,0
|
100,0
|
100,0
|
|
Салалардың жағдайын бағалау үшін SWOT талдау жүргізу.
Күшті жақтары: (S)
1.Суды тарту қызметімен тұрғындарды қамтамасыз ету.
|
Әлсіз жақтары: (W)
1.Кәріз желілерінің 73,7 % қанағаттанарлықсыз жағдайда және ауыстыруды қажет етеді;
2. 1 км .Қысым коллекторы қиын жаңдайда тозу-90%.
3. СПК №7 және 9 қиын жағджайда, тозу-90%.
|
Мүмкіндіктері: (O)
1.Канализация жүйесін, тазартқыш ғимараттарды, кәріз желісін, су тарту нысандарын қалпына келтіру және олардың құрылысы бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру.
|
Қауіптер: (N)
1. Канализация жүйесін, тазартқыш ғимараттарды, кәріз желісін, су тарту нысандарын қалпына келтіру және олардың құрылысы бойынша жобаларды мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың жетіспеушілігі.
|
Негізгі мәселелер:
1.Сумен тарту желілері мен нысандардың 90,0 % жоғарғы тозуы.
2. Биологиялық тазарту жүргізілмейді.
Абаттандыру
Қала аумағында 18 көше мен жол бар, (1099,12 мың м2 тазаланатын аудан) 0,1 мың м2 – бақтар, саябақ, алаңдар, 52 тұрғын үйдің аула аумақтары, 25 тұрғын үйлерге кондоминиум құрылды, 3 ескерткіш орнатылды және ТҚҚ полигоны және өндірістік қалдықтарды төгетін полигон жұмыс істейді.
Қаланы абаттандыру деңгейін жоғарылату және санитарлық жағдайын тиісті деңгейде ұстау үшін , тұрғындардың санитарлық - эпидемиологиялық жағдайын қамтамасыз етуде жыл сайын көктем және күз мезгілдерінде аумақтарды абаттандыру мен көгалдандыру, көшелерді және жолдарды, бақ аумағын, алаңдарды, мәдениет орындарының және мектептің аумағын тазалау бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жаратуға арналған орындар қанағаттанарлық жағдайға келтіріледі, рұқсат етілмеген үйінділер жойылыды, сондай-ақ, көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Қалада жыл сайын орташа 1,8 мың көшет ағаштары, 4,0 мың метр бұталар отырғызылады, 0,1 мың кв. жерге шым, 0,5 мың кв. метр жерге гүлдер отырғызылады.
2014 жылы абаттандыру жұмыстары жүргізілді – Абай көшесі бойынша металл қоршаулар орнатылды, қалаға кіреберісте стелла орнатылды, «Буратино» балалар саябағының аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
5,4 мың көшет ағаштар, 4,0 мың метр бұталар, 500 кв.м гүлдер отырғызылды.
2015 жылы үш балалар ойын алаңын орнату бойынша жұмыстар жүргізілді, «Ашық аспан астындағы мұражайға» ағымдық жөндеу жүргізілді, үш көп атқарымдық корт орнатылды.
Салалардың жағдайын бағалау үшін SWOT талдау жүргізу:
Күшті жақтары: (S)
1. Аумақты абаттандыру және көгалдандыру бойынша жыл сайынғы шаралар жүргізу, оған сәйкес көшелер мен жолдарды , саябақ аумағын, алаңдарды, тұрғын үйлердің аула аумағын кондоминиум нысандарын, мектеп ауласы мен мәдени мекемелер аумағын тазарту бойынша жұмыстар жүргізіледі.
2. ТҚҚ полигонының және өндіріс қалдықтары полигонының болуы.
|
Әлсіз жақтары: (W)
1. Аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру бойынша шараларды қаржыландырудың жетіспеушілігі.
2. Қала аумағын қажетті жарықтандырудың жетіспеуі;
3. Қала алаңын көгалдандыру деңгейінің төмендігі.
|
Мүмкіндіктері: (O)
1. Аумақтарды абаттандыру,қасбеттерді, аула аумағын, бақтар мен саябақтарды жөндеу,абаттандыру бойынша мемлекеттік –жеке серіктестік.
2. Қоғамдық қалалық шаралар жүргізу, қала аумағын көгалдандыру бойынша тұрғындармен насихат жүргізу.
|
Қауіптер: (T)
1. Тұрғын үй қорының, абаттандыру элементтерінің қарқынды тозып ескіруі, шатыр, қасбет, жеке құрылыстардың эстетикаға сай келмейтін түрі.
|
Негізгі мәселелер:
1. Абаттандыру бойынша шараларды қаржыландырудың жетіспеуі.
2. Шатыр, қасбеттердің, жеке құрылыстардың эстетикаға сай келмейтін түрі.
3. Көппәтерлі тұрғын үй қорының аула аумақтарының 70% көбі аула алаңдарын орналастыруды, жолдарды жөндеуді, жас көшеттерді отырғызуды, қурап қалған ағаштарды кесуді қажет етеді.
Инфрақұрылым бойынша төтенше жағдайларға қарсы іс-шаралар.
Күрт континенталды климат құйынды дауылдардың, жазғы дала өрттері, температураның күрт төмендеуі, қарлы боран, эпидемия және эпизотиялық табиғи апаттардың елеулі бейімділік көрсеткіштерін айқындайды. Жабдықтардың жылжымалы және транспорттық құрамның ескіруі мен тозуы негізгі құралдардағы қажетті ресурстық жағдайлардың қарқынды өзгеруін жобалауда және оларды өңдеу мен тасымалдаудың ұлғаюы, техногенді қауіптің өсуіне әкелетінін көрсетеді.
Қаладағы №48, №61 өрт сөндіру бөлімінің материалдық технологиялық жабдықталуы қазірге заман талаптарына жауап бере алмайды. Дала өртін тиісті дәрежеде сөндіру үшін қосымша өрт сөндіру техникасымен қамтамасыз ету қажет.
Қазіргі кездегі тұрғындарды және орталықтандырылған құлақтандыру басқармасы жүйесінің құрылғанына 30 жыл болған және қазіргі заманға сай сандық технологиялық талап пен оптикалық байланыс жүйелеріне түпкілікті қайта жаңартуды талап етеді. Соңғы 15 жылда қажетті бағдарламалық құрал жабдықпен жаңарту және жүйелендіру жүргізілген жоқ. Электронды сирендік жүйедегі қолданып отырған П160 және П164 апаратуралары ГПС-тің сандық желідегі байланыс жұмысына және басқа да техникалық ұйымдастыру жұмыстарына қолдануда төмен кедергілерге ие болады, себебі бұл апараттар моральдік және физикалық тұрғыда ескірген. Техникалық ұйымдастыру шешімдерін тұрғындарға кабелді телевидения және радиоканалды жолдармен құлақтандыру төмен деңгейде және бұл жолдың тиімділігі аз екендігін көрсетеді.
Табиғи апаттар, авариялық жағдайлар, үлкен апаттардың техногенді түрдегі ерекшелігі және табиғи жағдайлардың алдын алуда ескертудің тиімді дайындықтары, қаланың эканомикасының материалдық және мәдении құндылықтарын, әрі тұрғындарды тиісті деңгейде қорғап қалуға әкеледі.
2013-2015 жылдар аралығында Курчатов қаласының қауіпсіздік жағдайларында, шиеленістер мен материалдық шығындар қажет етілмеді. Жедел жағдайлар тобы 100 адамнан және 30 техниканы қамтиды.
Курчатов қаласы сейсмикалық тұрақты аймақта орналасқан.
Курчатов қаласының аймағында орманды және жазық дала жоқ. Аймаққа жақын жақын жерлер ШҚО аймағының Бесқарағай ауданына және Павлодар облысының Май ауданына қарайды.
Техногенді түрдегі және табиғи апаттағы жағдайлар, транспорттық жол апаттарын қосқанда зардап шеккендер мен қайтыс болғандарға қатысты шығындар төменгі кестеде берілген (кесте):
Кесте - 2013-2013 жылдарға төтенше жағдайлар және оқиғалардың динамикалық көрсеткіші.
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
Төтенше жағдайлар және оқиғалардың саны
|
39
|
58
|
55
|
Соның ішінде төтенше жағдайларда
|
0
|
2
|
4
|
Зардап шеккендер саны
|
0
|
0
|
1
|
Соның ішінде төтенше жағдайларда
|
0
|
0
|
1
|
Қайтыс болғандар саны
|
0
|
0
|
0
|
Соның ішінде төтенше жағдайларда
|
0
|
0
|
0
|
Матералдық және маралдық шығындар
|
0,44
|
0,44
|
0
|
Соның ішінде төтенше жағдайларда
|
0
|
0
|
0
|
Қаланың жалпы білім беру ұйымдарында: «Өрт сөндіру шаралары», Су қауіпсіздігінің шаралары», «Төтенше жағдайларда әрекеттер» туралы дәрістер өткізіледі. «Су бізге дос және қас», «Өрт сөндіру мамандығы» тақырыбында және басқа да әңгімелер жүргізіледі.
Барлық ұйымдарда және кәсіпорындарында азаматтық қорғаныс бұрышы және төтенше жағдайлардағы құлақтардыру дабылдары бойынша тексеру жүргізіледі. Қала әкімінің сайтында және қала баспа орындарында берілген тақырыптар бойынша үнемі мақала жарияланады.
SWOT- саланың даму жағдайына сарптама:
Күшті жақтары (S)
|
Әлсіз жақтары (W)
|
1.Көктемдегі қауіп кезеңде қардың күрт еруі және табиғи өрт туғызу мүмкіндігі бар себептердің алдын-алу шарттарын қараудың ғарыштық мониторингінің болуы
2. Жыл сайын жоспарлы түрде аймақтық және қалалық қызмет органдары мен басқарма ұйымдарының басшыларымен бірге төтенше жағдайлар бойынша командалық-штабтық оқу дайындықтарын жүргізу.
3.Төтенше жағдайлар мен қауіп туындаған кездегі өзара әрекет пен қабылдаудың дайындалған жоспары.
4. Төтенше жағдайлар және мемлекеттік ұйымдардың басқарушы құрамымен тұрақты түрде облыстық және республикалық оқыту курстарынан өткізу
5. «Казгидрамет» АҚ мәліметтерін қолдану.
|
1. Төтенше жағдайлар табиғи және техногенді түрдегі апаттар туралы тұрғындарды жедел түрде ақпараттандыру жүйесі әлсіз.
2. Төтенше жағдайлар және табиғи апаттарда кезінде апатты аймақтарда қажетті құрал-жабдықтардың жаңартылуын үнемі қажет ету.
3. Табиғи апаттар және дүлей дауылдар мен апаттың салдарын жою жұмыстары толықтай іске асырылмайды.
|
Мүмкіншілігі (O)
|
Қауіп - қатер (T)
|
1.Тұрғындарды бұқаралық ақпарат және мен көрнекі құралдарды тарату арқылы төтенше жағдайлар кезіндегі зардаптарды төмендету жұмыстарын кең көлемде жүргізу.
2.Қала әкімінің материалдық- техникалық қорларында төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен халық өмірін қамтамасыз етуге кепіл болады;
3.Тұрғындарды хабарландыру жүйесін одан әрі жаңғыртуда.
|
1.Химиялық зақымдау кезінде қолданатын қазіргі заманғы жеке қорғану құралдарын сатып алу мүмкіндігі жоқтықтан адамдардың өмірі мен денсаулығын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігінің болмауы қаржаттың жетіспеушілігінен туындайды;
2.Заманауи қордағы қауіпсіз құрылыс үшін қаржының жоқтығы, азаматтық қорғаныс құралдары және төтенше жағдайлардың арасындағы сенімді өзара байланысты жоғалтуға әкеліп соғады.
|
Негізгі мәселелер:
Курчатов қаласының құлақтандыру жүйесінің ескіруі.
2. Тұрғындарды құлақтандыру және телерадио каналдарын жаңарту жолдарындағы қаржыландырудың болмауы. (бюджет қаражатының жетіспеушілігі)
3. Курчатов қаласының тұрғындарын жекелеме қорғау бойынша тиісті қаражаттың жетіспеушілігі.
2.2.5. Экология және жер қорлары
Жер қоры.
Курчатов қаласының жер қоры 2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 11 мың.га, сондай-ақ ол Павлодар облысына жатады.
Елді мекен жерлері – 11 мың.га, (жер қорының - 100 %), оның ішінде:
тұрғын үй салу үшін жерлер – 910 га;
қоғамдық іскерлік құрылысқа арналған жерлер – 58,79 га;
өндірістік құрылыс үшін жерлер – 152,18 га;
көлік, байланыс және инженерлік коммуникациялар үшін жерлер – 132,45 га;
жерді су айдындары мен акваториялар – 39 га;
ауыл шаруашылығына пайдалану үшін және бау-бақша үшін жерлер – 2444,39 га;
жалпы пайдаланымдағы жерлер -182,52 га;
резервтік және қала құрылысына тартылмаған жерлер – 7057,79 га;
арнайы мақсаттағы жерлер – 8,58 га;
қорғаныс мұқтаждары үшін берілген және өзге де пайдалану режиміндегі жерлер – 14,35 га.
SWOT- саланың даму жағдайының сарптамасы:
-
Күшті жақтары (S):
Елді мекеннің жерлерін пайдалану ұлғайту.
|
Әлсіз жақтары (W):
Білікті мамандардың жетіспеушілігі;
Жоқ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер
|
Мүмкіндіктері (O):
Жерді ұтымды пайдалану;
Білікті мамандар дайындау;
Жерді пайдалану тиімділігін арттыру.
|
Қауіп-қатер (T):
Топырақтың құнарлығының төмендеуі.
|
Негізгі проблемалар:
1.Жоқ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер жоқтығы.
Қоршаған ортаның жағдайы
Қаладағы атмосфералық ауаның сапасына әсер ететін негізгі факторлар қазандық жұмысының қалдықтары, оның ішінде 25 - қаланың ішінде, 11 - өнеркәсіптік аймақта орналасқан. «ККЭК» МКК-ның бес қазандығының қалдықтарын ашық алаңдарда уақытша сақтау атмосфералық ауаны ластаудың қосымша көзі болып табылады.
Сонымен қатар қала аумағы Семей ядролық сынақ полигонының ықпалына душар болған.
Сонымен қатар, аймақтағы мәселесі шешілмеген бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны (ары қарай СЯСП) болып тұр, қазіргі уақытқа дейінгі сынақтың халыққа тигізген зардаптары, әсері ұшан теңіз, оның әсер ету аймағында тұратындардың үлкен бөлігі Шығыс Қазақстан облысына келеді.
Қалада Ертіс өзенінің суын тұтынатын негізгі «Курчатов қаласының көпсалалы пайдалану мекемесі» МКК болып табылады, өнеркәсіп кәсіпорындары мен тұрғындарды сумен жабдықтау үшін ішетін және техникалық суды беру үшін дайындайды. Сонымен қатар Ертіс өзеніне ағымды судың екі шығарылатын орындары бар: канализациялық тазарқыш құрылғылар (КТҚ) және шартты- таза шығарылым. КТҚ-да механикалық тазарту және ағымды суларды хлорлау жүргізіледі, шартты-таза шығарылым арқылы тазартылмаған техникалық су шығарылады.
Соңғы жылдары Ертіс өзенінің суының өсу беталысы байқалады.
Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында өндірістік қалдықтар полигоны салынды (күл қоқыс үйінділері).
Ең өзекті мәселенің бірі, өз шешімін талап ететін, бұл бұрынғы полигон жерін шаруашылық айналымға кезең – кезеңмен тарту мәселесі.
2008 – 2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық Ядролық Орталығы экология және радиациялық қауіпсіздік иституты Семей ядролық сынақ полигонын 6,0 кв. км-ге кешенді зерттеулер жүргізді. Сөйтіп, 2013 жылдың соңында 1/3 полигон территориясы зерттеліп бітеді.
Зерттеу нәтижесі бойынша (2021 жылға дейін – Индустрия және жаңа технологиялар Министірінің стратегиялық жоспар аясында) болжамдалынады, полигон жерінің 80% шаруашылыққа пайдалануға жарамдылығы бекітілетін болады.
Ауыл шаруашылық айналымына Семей ядролық сынақ полигонындағы тексерілген және жарамды жерді пайдалану үшін беру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
SWOT- саланың даму жағдайының сараптамасы:
Күшті жақтары (S):
1.Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсу
жағдайында тұрақты экологиялық жағдай.
2.Қоршаған орта сапасын бақылауға
автоматтандырылған жүйені енгізу едәуір оңтайлы басқару шешімін қабылдау үшін оның жағдайының дұрыс суретін алуға жағдай жасайды, бұл дегеніміз соңғы қорытындысында тұрғындардың өмір сүру жағдайының жақсаруына оң нәтиже береді.
|
Әлсіз жақтары (W):
1.Альтернативті энергия көздерін
ендіру қажетті деңгейде жүргізілмейді.
|
Мүмкіндіктері (O):
1.Қалдықтарды екінші рет қайта
өңдеуді ендіру энергия сақтау ресурстары саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, ол болса табиғи ресурстарды үнемдеуге, қалдықтар көлемін азайтуға ықпалын тигізеді.
2.Азаматтардың табиғат ресурстарын
пайдаланудағы көз қарастарын қалыптастыру.
3.Шаруашылық айналымға бұрынғы ССЯП жерлерін тарту.
|
Қауіп - қатер (T):
1. Транс шекаралық Ертіс өзенінің ластануы.
2. Иесіз, өндірістік, токсинді және тұрмыс қалдықтарының жиналу тенденциясы жалғасуда, сонымен қатар екінші рет қайта өңдеу технологиясының жоқтығы.
3. Табиғи ауа-райы жағдайының күрт өзгеруі;
4. Бағаның тұрақсыздығына байланысты жанар –жағар май материалдарының бағасының едәуір көтерілуі.
|
Негізгі мәселелер:
Автокөліктерден ауа атмосферасының ластануының өсуі;
Ертіс өзенінің трансшекаралық ластануы;
Семей полигонындағы ядролық сынақ салдарынан экологиялық проблемалары;
Канализациялық жүйелер және тазартқыш құрылғылардың жоғары тозуына қатысты;
Семей ядролық сынақ полигонының бар болуы;
Ертіс өзенінің трансшекарасына тазалау ғимараттарынан жеткіліксіз мөлшерде тазаланған ағынды суларды ағызу;
Курчатов қаласында ағынды суларды биологиялық тазалаудың жоқтығы;
қазандық жұмыстарынан атмосфералық ауаның ластануының өсуі.
2.2.6. Мемлекеттік қызметтер
Мемлекеттік басқару
Курчатов қаласы әкімдігінің құрылымы әкім аппараты, 10 дербес бөлімдерден құралады.
Қала әкімдігінде орталық атқарушы органдардың ақпараттық ресурстары қолданылады – «Е-әкімдік» АЖ, «Е-лицензиялау» АЖ, «ХҚКО» АЖ және т.б., сонымен қатар ШҚО әкім аппаратымен енгізілген ақпараттық жүйелер қолданылады – «Облыс әкімінің ахуалдық орталығы» АЖ, «Электронды қызметтер орталығы» АЖ, «Жеке тұлғаларды есепке алу» АЖ, «Облыс әкімінің тапсырмаларын есепке алу» АЖ, «Хаттамаларды есепке алу» АЖ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы «2008-2010 жылдарға Қазақстан Республикасының «Электрондық үкіметінің даму бағдарламасын бекіту туралы» №1155-1 Қаулысын орындау мақсатымен 2015 жылы қаланың әкім аппаратында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Интернет-порталы енгізілді. Қазіргі уақытта ақпараттық жүйені 30 пайдаланушы пайдаланады. Ақпараттық жүйені толықтай қамту 2016-2017 жылдарға жоспарланған.
ҚР Экономикалық ынтымақтастық пен дамыту ұйымына кіруінің негізгі көрсеткіштерінің бірі өмір сүру сапасының деңгейі мен мемлекеттік қызметті көрсету сапасы болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер Реестріне сәйкес, жергілікті атқарушы органдармен, ХҚКО-мен, Электрондық үкімет порталымен көрсетілетін қызметтердің артуына жыл сайынғы үрдіс байқалады.
Мемлекеттік қызметтер Реестріне сәйкес 162 қызмет жергілікті атқарушы органдармен көрсетіледі. Қалалар мен аудандар (ауылдық округтер) деңгейінде 73 қызмет көрсетіледі, 2015 жылы – 162 қызмет - жергілікті атқарушы органдармен, соның ішінде 73 қызмет қалалар мен аудандар (ауылдық округтер) деңгейінде, 2014 жылы – 131 қызмет, соның ішінде 62 қызмет қалалар мен аудандар (ауылдық округтер) деңгейінде.
Барлығы Курчатов қаласы бойынша 2015 жылы 7 877 қызмет көрсетілген, сонымен қатар мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдар арқылы альтернативасыз қызметтер бойынша – 988 қызмет. Мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдар арқылы альтернативасы бар қызметтер бойынша – 5 888 қызмет көрсетілген, халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы – 981. «Электрондық үкімет» порталы арқылы электронды түрде – 20 қызмет.
Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің сапасын жоғарылату екі негізгі құралмен қамтамасыз етіледі: халыққа қызмет көрсету орталықтары (әрі қарай – ХҚКО) және электрондық үкіметтің веб-порталы, соның арқасында мемлкеттік қызмет көрсету сапасымен қанағаттану сапасы артады.
Мемлкеттік қызметтерді «бір терезе» қағидасы бойынша қол жетімді алу үшін қалада 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс атқарады.
Алынбалы тасымалдаушыдағы электрондық-сандық қол қою көмегімен, мемлекеттік қызметтерді Интернет желісіне қосылмай қашықтан алуға мүмкіндік беретін қалада қоғамдық қол жетімді пункт жұмыс атқарады.
SWOT - саланың даму жағдайының сараптамасы:
Күшті жақтары (S):
1. Әкім аппараты мен әкімдіктің дербес
бөлімдерінде бірыңғай көлік ортасының болуы;
2. Әкім аппараты мен әкімдіктің дербес
бөлімдерінде бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінің болуы;
Жергілікті атқарушы органдардың
жеткілікті техникалық жабдықталуы;
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын
мониторингілеуді өткізу үшін негіздің болуы;
Мемлекеттік органдар функциясы
бизнес-процесстерінің автоматтандырылуы;
Виртуалды қабылдау жүзеге асырылған;
Мүмкіндігінше қысқа мерзімде
«электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету;
Мемлекеттік қызметтерге қоғамдық қол
жеткізудің 1 пункты жұмыс істеуі;
Әкім аппараты мен әкімдіктің дербес
бөлімдерінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Интернет-порталы енгізілген.
|
Әлсіз жақтары (W):
1. Талшықты-оптикалық каналдар
байланысының болмауы;
2. Қызмет көрсету мерзімдерін бұзу
(мемлекеттік органдардағы тікелей орындаушылардың қанағаттанарлықсыз жұмысы, кадрлар жетіспеушілігі, жұмыс көлемінің үлкендігі);
3. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің
қаржылық жетіспеушілігі;
4. Электрондық мемлекеттік қызметтерді
пайдалана отырып жауапты мемлекеттік органның өзара әрекет ету тәртібін реттеу үшін арналған нормативтік-құқықтық базаның жетілмегендігі;
5. Халықаралық тәжірибенің жаңа заманғы
үздік практикасын ескере отырып, мемлекеттік қызметтердің мониторинг әдістемесі және сапа мен тиімділігін бағалаудың жетілмегендігі;
6. Әлсіз бағдарламалық және материалдық
техникалық қамтамасыз ету;
7. Тұрғындардың аз хабарландырылуы
(қызмет көрсетілушілер қайда қызмет көрсетілетінінен хабарсыз – ХҚКО немесе мемлекеттік органда);
8. «Электрондық үкімет» порталығында
жұмыс істеу қиындығы.
|
Мүмкіндіктері (O):
1. Қала тұрғындарының мемлекеттік
қызметті элетронды түрде алуға қызығушылығы;
2. Орталық мемлекеттік органдардың
ақпараттық жүйелерін мемлекеттік қызмет көрсетуді электронды түрде ұсыну процесін жеңілдету және оңтайландыру үшін пайдалану;
3.Ұялы телефондардың кең тарауы «е
әкімдікке» қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін басқа мемлекеттердің халықаралық тәжірибесіндегі «е-үкіметті» құру;
4.Орталық мемлекеттік органдардың
ақпараттық жүйелерін мемлекеттік қызмет көрсетуді электронды түрде ұсыну процесін жеңілдету және оңтайландыру үшін пайдалану;
5. Мемлекеттік қызметтер көрсету
сапасымен қанағаттандырылу дәрежесін арттыруды қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымның даму дәрежесі жеткілікті түрде, бірақ әлсіз жақтары да бар.
|
Қауіп - қатер (T):
1.Жергілікті атқарушы органдар
ақпараттық жүйелер мен е-үкіметтің негізгі компоненттері арасында дұрыс құрылған интеграциялық шинаның болмауы себебінен электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге дайын емес;
2.Интернет желісіне қол жетімділіктің
шектеулі болуына байланысты электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің қажеттілігі аз;
3.Тұрғындардың сандық сауаттылығының
төмендігі.
|
Негізгі мәселелер:
Бюрократия және мемлекеттік қызмет көрсетудің анық болмауы;
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органдарда өтетін, бірін бірі қайталайтын қажетсіз бизнес-процесстердің көбі оларды ұсыну мерзімдерінің негізсіз көтерілуінің басты себебі болып табылады;
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша кешенді және нақты статистикалық ақпараттың болмауы;
4. Шоғырландырылған болмауы, дәл ақпарат қиындатады талдау барлық саласын, өткізудің тұжырымдамалық және болжамдық зерттемелерді, қабылдау құрылымдық және жүйелік шешімдер;
5. Тиімсіз жұмыс істеуі ішкі бақылау қызметтерінің мемлекеттік қызметтердің сапасын;
6. Ішкі бақылау жүйесін болмауы тарапынан қаланың мемлекеттік мекемелерінің көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын көрсетілетін қызметті елеулі бұзушылыққа берушілермен мерзімдерін сақтауын көрсету стандарттары мен регламенттерін, мемлекеттік қызмет көрсету деңгейінің төмендеуіне алып келеді.
Қала бюджеті
Қала бюджеті бюджеттік әкімгерлердің барлық функциялары бойынша мемлекеттік қаржыландыру көлемінің ұлғаюымен ерекшеленеді.
Қала бюджетінің көлемі 2015 жылы 1 404,2 млн. теңгені құрады.
Республикалық және облыстық бюджеттерден түскен трансферттер 2013 жылға қарсы 27,4% кеміді. Республикалық және облыстық бюджеттерден түскен трансферттердің үлесі 41,3 % құрайды, меншік кірістер үлесі – 58,7% құрайды.
2015 жылы экономика саласының өсу қарқынының оң жетістігінің және меншік кірістер түсімдерінің кіріс көздерінің қосымша резервтерін іздестіру бойынша облыста жүргізілген жұмыстар арқасында меншіктік кірістің түсуі 2013 жылға қарағанда 20,6 % өсті.
11 сурет.
2013-2015 жылдарға қала бюджетінің құрылымы
млн.теңге
Көрсеткіштер
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
2015 ж.
|
Бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер
|
672812,0
|
757731,5
|
808621,2
|
19 кесте – Салықтық және салықтық емес түсімдер көлемі. мың теңге
Қала бюджетінің шығындары ақырғы үш жылда 4,9 % азайып және 1 404,2 млн. теңгені құрады.
Қала бюджетінде барлық әлеуметтік міндеттер сақталған, 2015 жылы әлеуметтік саланың қаржыландыру көлемі артып, 2013 жылға 16,7%.
Бюджеттің қалыптасуы шығын қажеттілігі бағасында жүзеге асырылды, бюджеттік қызмет пен объективті факторларды есепке алу тұтынушылары санына негізделгенде, әр түрлі аймақтардағы шығын қажеттіліктеріндегі әртүрлілікке себепші болады. «Сметалық» тәсілден - ағымдағы шығындарды бағалауға өту жүзеге асырылды, объективті факторларды есепке алумен формульдық кесте бойынша бюджеттік қызметтерді тұтынушылар саны нәтижесінде, шығындар деңгейінде әртүрлілікке себепші болатын (демографиялық құрам, халықтың тығыздығы, климаттық жағдай, көліктік қолжетімділік және т.б.).
Сайып келгенде, бюджеттің әлеуметтік бағыты сақталған, қала экономикасы және шығындарды жоспарлауда негізгі басымдылық білім және әлеуметтік қолдауға қатысты, сонымен қатар дағдарысқа қарсы сапалы өсуі үшін жағдай жасау болып келеді.
|