1.4.1. Қос күш. Қос күш моменті
Абсолют қатты денеге әсер етуші шамалары тең, өзара параллель және қарама-қарсы ағытталған екі күштің жүйесін қос күш деп атаймыз.
Күштердің әсер ету сызықтарының ең жақын ара қашықтығын, қос күштің иіні деп атаймыз.
Күштерінің мәндері тең (), бағыттары қарама-қарсы болғанымен, әр түрлі екі нүктеге әсер ететіндіктен қос күш нөлге эквивалент жүйе болмайды. Қос күш () бір теңәсерлі күшке келтірілмейді. Оның әсерінен еркін қатты дене тыныштық күйінен шығып, айналмалы қозғалыс жасайды.
Қос күш әсері қос күш моментімен анықталады.
Қос күш моменті деп модулі, оның күші мен иінінің көбейтіндісіне (F h) тең, ал бағыты қос күш жазықтығына перпендикуляр болып келетін векторды айтамыз.
Қос күш моменті векторының бағытын анықтауда оң бұранда ережесі қолданылады (1.21-сурет).
Қос күш моментінің векторын деп белгілесек, онда оның модулін қос күші мен иінінің көбейтіндісіне теңестіреміз:
Достарыңызбен бөлісу: |