М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті
Ақпараттық технологиялар автоматика және телекоммуникация факультеті
АВТОМАТИКА ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ КАФЕДРАСЫ
Ақпараттық хат
Құрметті әріптестер!
ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан 23 мамыр №327 бұйрығы негізінде алғаш рет Қазақстанда, яғни, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Мехатроника» мамандығы бойынша техника мен технологиялар бакалаврларын дайындау жүзеге асырылды. «Мехатроника» бойынша білім бағдарламасы Люблин политехникалық университетімен (Польша) бірге орындалады, осыған байланысты М.Х. Дулати атындағы ТарМУ 05.04.2019 жылы робототехникадан облыстық Конкурс өткізеді.
Конкурс бағдарламасы: қолданбалы және ойын-сауық сипаттағы роботтар үшін арнайы бағдарламаларды жасау, құрастыру. Сыйлық ретінде роботтар мен олардың компоненттерін құрайтын конструкторлар (құрастырушылар) таратылады.
конкурс мақсаты
1. ҚР орта және жоғары білім беру жүйесінде ғылыми-техникалық прогресті, сонымен қатар, робототехника мен мехатроника саласын жетілдіру.
2. Мехатроника болашағын айқындауды – механизм мен машиналар қозғалысын бағдарламалы және аппаратты (немесе олардың құрамдас бөліктерін) басқару сұрақтарымен айналысатын ғылым мен техника бөлімі атқарады. Әдетте бір уақытта екі түсінікті қарастырады: мехатроника мен робототехника, демек робототехникалық жүйелер үшін міндетті түрде механизмдерді нақты дәлдеп қозғалысын анықтау керек және осы қозғалыстар қажетті күш салу мен жылдамдық арқылы орындалуы тиіс.
конкурс ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
Тараз қаласының жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, мектеп оқышулары. Мұнда тек қана жеке адамдар ғана емес, сонымен қатар, мектептер мен колледждерде ұйымдастырылған робототехникалық үйірмелерде топтасқан адамдар да қатынаса алады.
ҚАТЫСУ ТӘРТІБІ
Өзіңіз қатысатын номинацияны анықтап алыңыз (номинация тізімі төменде көрсетіледі).
Өз роботыңызды ойлап, құрастырып бағдарлама жасаңыз. Роботты өз еркіңіз бойынша қалыптастыру алгоритмін жазып, текст немесе графикалық форматта көрсету керек.
Электронды тапсырысты Конкурс басталуға бір апта қалғанда aistanbek@bk.ru, ttk_tara@mail.ru жіберу керек.
Конкурстың барлық этаптарына қатысу керек.
Робот презентациясы міндетті түрде арнайы жеке түрде айтылуы керек.
Конкурс үш номинацияда өткізіледі:
1. Ұтқырлықты роботтар – «Сызық бойынша жарыстар»
2. Ұтқырлықты роботтар – «РобоСумо»
3. Арнайы роботтар.
ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ
Роботтың барлық мүккіндіктері мен ерекшеліктеріне демонстрация жасау үшін (үстел, орындықтар, 220В электр желісіне қосылу) жұмыс кеңістігі беріледі.
Қатысушылармен міндетті түрде қондырғыны дайындау ақпараттық мазмұны толтырылған плакаттың көмегімен қарастырылады:
жобаның аталуы
негізгі тезистер
базалы құрастыру көрінісі.
Конкурсқа қатысушылар өз жұмыстарын жеке түрде қорғайды. Жобаны қорғау презентация түрінде әділ қазылар алдында өтеді. Қатысушыларға ауызша презентацияға, жобаның жұмысқа қабілеттілігін көрсетуге, демонстрация жасауға 5 минут (ұйымдастыру комитеті шешімі бойынша уақыт өзгеруі мүмкін), әділ қазылар сұрақтарына жауап беру үшін 5 минут уақыт беріледі.
Команда жетекшісі жоба презентациясына қатыса алмайды.
Жоба, іс-шара өтіп жатқан уақытында ұйымдастырушылармен бөлінген жұмыс кеңістігінде көрініп тұруы керек.
ЖОБАЛАРДЫ БАҒАЛАУ
Конкурс номинациясы шеңберінде қорғауға рұқсат алу үшін берілген тапсырыс мәліметтері бойынша жобаға алдын-ала сырттай таңдау жасалады.
Алдын-ала жасалған таңдау эксперт комиссиясымен жүргізіліп, ұйымдастыру комитеті құрамымен бекітіледі.
Жобаның қорытынды бағасы әділ қазылар мен эксперт комиссиясы қойған балл қосындылары негізінде қойылады.
Конкурстың нәтижесі жабылу рәсімінде айтылады.
Экспертті кеңес мектеп бітірушілер арасынан шыққан жеңімпазға бас сыйлықты тағайындайды: М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-де «Мехатроника» мамандығы бойынша ақысыз оқу үшін білім гранты бөлінеді, сонымен қатар, I,II, және III дәрежедегі дипломдармен марапатталады, экспертті кеңес оң баға берген қатысушылар сертификатқа ие болады.
Мектеп бітірушілер арасынан Конкурс жеңімпазы М.Х. Дулати атындағы ТарМУ «Мехатроника» мамандығы бойынша 2019 жылға бөлінген білім грантын иеленуге құқығы бар.
КОНКУРСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ӨТКІЗУ
Конкурсты ұйымдастыру мен жетекшілік жасау Ұйымдастыру комитетімен жүзеге асырылады.
Ұйымдастыру комитеті келесі функцияларды орындайды:
конкурсты өткізу тәртібі мен ережесін анықтайды;
арнайы номинацияларды бекітеді;
конкурсты өткізу күнтізбелік жоспарын (бағдарламасын) бекітеді;
экспертті комиссия құрамын бекітеді.
Конкурстың экспертті комиссиясы мен әділ қазылары Ұйымдастыру комитетімен тағайындалады.
Эксперттік комиссия мен әділ қазылар құрамына кіретіндер:
ғылыми қоғамдар, білім мекемелер өкілдері;
робототехника, мехатроника және автоматтандыру саласындағы мамандар.
Конкурсқа байланысты шығындарды қатысушылар өздері атқарады.
Конкурс туралы барлық ақпарат, ереже, өткізілу тәртібі конкурстың арнайы сайтында көрсетіледі.
ТІРКЕУ ТӘРТІБІ
Ақпараттық хатқа қосымша
Конкурсқа қатысу үшін тапсырыс түрі
№
|
Білім беру мекемесі/ұйым
|
Білім алушының, студенттің А.Ж.Т. жеке куәлігі, және жасы
|
Жетекші А.Ж.Т.
|
Таңдалған номинация, жобаның (жұмыстың) аталуы
|
Контактілі ақпарат (эл.адрес, телефон
|
Инженерлік жоба/жұмыстың
сипаты
|
1
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
|
|
6
|
|
|
|
|
|
|
7
|
|
|
|
|
|
|
8
|
|
|
|
|
|
|
9
|
|
|
|
|
|
|
10
|
|
|
|
|
|
|
Тапсырысқа міндетті түрде инженерлік жоба/роботтың фотосуретін салу керек.
Қатысу үшін тапсырысты 1- сәуірге дейін жіберуге болады.
Қатысушыларды тіркеу іс-шара жұмыстары басталуына 1 сағат қалғанда аяқталады.
Конкурс командаларында қатысушылар санына шек қойылмайды.
Робототехника бойынша өткізілетін Конкурсты ұйымдастыру жұмысына жауапты оқытушылар:
1. Әбілдаева Айман Станбекқызы 87775075347, 87079670432, Эл адрес: aistanbek@bk.ru
2. Темиргалиев Тимур Куспанович 87779651400, 87079651400, Эл.адрес: ttk_tara@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |