«Ана типтегі мейірбике»- өзінің жұмысын жоғары деңгейде және сезініп орындайды, барлық жұмыстарына үлгереді. Оған «ана», «әпке» деп жүгінген дұрыс болады. Ол үнемі басқаларға қамқор болып жүреді.
«мейірбике-маман»- ерекше өзіндік тұлғалылығының арқасында мейірбике белгілі профессионалды қызмет саласында білуге құмарлығы болады және ол осы қызығушылығын дамытуда арнайы міндет алады.
Көптеген мейірбикелер өзінің өмірін таңдаған ісіне арнайды, физиотерапия кабинеттерінде, функционалды диагностикада және басқа да зертханаларда жұмыс істейді.
Кез келген медицина саласындағы қызметкерде науқасқа аяныш, қамқорлық, сезгіштік, мұқият қарым-қатынас көрсету сияқты өзіне тән қасиет болады. Бәрінен бұрын сөйлеу ғана емес науқастың көңіліне келмейтіндей дауыс ырғағы болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |