Астана қаласы Білім басқармасы
№ 82 «Дарын» мамандандырылған лицейі
Көшкенбай Аида
3 сынып оқушысы
Музыкалық аспаптар және оларға температураның әсері
Секция: этномәдениеттану
Жетекшісі:
музыка пәнінің мұғалімі
Кенжеханов А.К.
Астана қаласы
2016 жыл.
Мазмұны
І. Кіріспе ................................................................................................ 5
ІІ. Негізгі бөлім ...................................................................................... 7
2.1. Музыкалық аспаптар ...................................................................... 7
2.2. Музыкалық аспаптардың дыбыс шығаруы .................................. 10
2.3. Музыкалық аспаптарға температураның әсері.
Зерттеу жұмысы және нәтижесі .................................................... 14
ІІІ. Қорытынды ....................................................................................... 17
ІV. Әдебиеттер ........................................................................................ 18
Астана қаласының №82 мамандандырылған лицейінің 3 сынып оқушысы Көшкенбай Аиданың «Музыкалық аспаптар және оларға температураның әсері» атты ғылыми зерттеу жұмысына
Пікір
Ғылыми зерттеу жұмысында 3 сынып оқушысы Көшкенбай Аида музыкалық аспаптардың музыкалық дыбыстарды қалай шығаратынын қарастырып, оларға температура өзгерісінің әсерін зерттеуді мақсат еткен.
Ғылыми жұмыстың бірінші бөлімінде музыкалық аспаптар туралы жазылған. Екінші бөлімде осы музыкалық аспаптардың қалай дыбыс шығаратынын және дыбыстардың жиілігінің уақытқа тәуелділік графиктерін қарастырған. Үшінші бөлімде сыртқы ортаның немесе аспаптың температурасының өзгерісі музыкалық аспаптардың үн шығаруына қалай әсер ететінін тәжірибе арқылы зерттеген. Осы бөлімде бөлме температурасындағы және салқын ортадан алынған домбыраның дыбыс шығару ерекшеліктерін салыстырған.
Көшкенбай Аиданың ғылыми жұмысын музыкалық аспаптарда ойнауды үйреніп жүрген балаларға ұсынуға болады. Олар аспаптың және қоршаған ортаның температурасының қалыпты болғаны дұрыс екеніне көз жеткізеді.
Ғылыми жұмысты оқи отырып оқушының алдына қойған мақсатына жеткенін байқауға болады.
Жетекшісі: музыка пәнінің мұғалімі
Кенжеханов Азамат Кошкинбаевич
Аңдатпа
Ғылыми жобаның негізгі мақсаты:
Музыкалық аспаптардың дыбыс шығаруына қоршаған орта температурасы әсер ететініне көз жеткізу.
Ғылыми жобаның гипотезасы: Егер жас музыкалық аспапты үйренуші қоршаған орта температурасының музыкалық аспаптарға әсер ететінін білсе, онда ол өз аспабына дұрыс күтім жасап, оны ұзақ уақыт пайдалана алады.
Ғылыми жобаның зерттеу кезеңдері:
Музыкалық аспаптар жайлы мәліметтер жинадым.
Музыкалық аспаптардың қалай дыбыс шығаратынын қарастырдым.
Қоршаған орта және аспаптың өз температурасының музыкалық дыбыстың шығарылуына қалай әсер ететін зерттедім.
Домбыра үйірмесіне баратын оқушылармен сұхбаттасу: «домбыраны қалай күту керек?» тақырыбында.
Өзіндік пікір,тұжырым жасадым.
Ғылыми жобаның зерттеу әдісі: Домбыраның және камертонның температурасын және қоршаған орта температурасын өзгерте отырып, олардың дыбыс шығару ерекшеліктерін салыстырдым.
Ғылыми жобамның жаңашылдығы: Жас домбырашыларға домбыраны ұзақ уақыт пайдалану үшін, оның температурасының қалыпты болуы керек екенін айту.
Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: Бұл жұмыстың нәтижесінде дыбыс шығару үшін денелердің тербелісте болуы керек екенін және музыкалық аспаптардың дыбыс шығаруына қоршаған орта температурасының әсері болатынына көз жеткіздім.
Ғылыми жұмыстың практикалық қолдану салалары: Осы зерттеулерді жасап, болашақ музыканттарға аспаптардың күйін қай уақытта келтіруге болатынын айтып беру.
Кіріспе
Музыка сырт көрініс, яғни бейнелеушілік аз рөл атқарады. Пластикалық өнерден, әдебиеттен, театрдан айырмашылығы – ол образдарды түгелдей дыбыстық үн құралдары арқылы суреттейді. Алайда музыкада табиғат көрінісін көркем бейнелеу кездесіп отырады. Мысалы, табиғат үні (жел гуілі, судың гүрілі, құстың әні, т.б.), адамның дауысы, күнделікті өмірде кездесетін дыбыстар музыкада азды-көпті көрініс табады. Сондай-ақ музыкада заттардың сезім арқылы қабылданатын кейбір белгілері ассоциация (құс әнімен орман суретін меңзеу), аналогия (мелодияның байсалды, кең тынысты қозғалысынан жазық дала көрінісін елестету) және есту, көру сезімдері байланысының көмегімен қиялда қайта жаңғыру арқылы бейнелейді.
Менің әкем музыка пәнінен сабақ береді және әртүрлі музыкалық аспаптарда ойнайды. Кішкентай кезімнен бастап, музыкаға жақын болдым. Әкем домбырасын қолына ала бастаса болды, менің әлемім ерекше бір әуенді әлемге айналатын. Ес білгелі мен әкемнің күй тартар алдыңда домбыраның күйін келтіретінін байқадым. Мен үшін оның себебін білу өте қызықты еді. Анам мен әкеме осы сұрақты қойғанда, анам физика пәнінен сабақ беретіндіктен, қоршаған орта температурасының әсері болады деді. Олар маған осы тақырып бойыша зерттеу жұмысын жасауға ұсыныс жасады. Яғни, маған ең бастысы музыкалық аспаптардың дыбыс шығаруы мен оған ауаның температурасының әсерін білу керек.
Жобамен жұмыс жасай отырып, мен өзімнің алдыма мынандай мақсат қойдым:
Музыкалық аспаптар қалай дыбыс шығарады?
Температураның өзгеруі музыкалық аспаптардың дыбыс шығаруына қалай әсер етеді? – деген сұрақтарға жауап алу.
Осы зерттеулерді жасап, болашақ музыканттарға аспаптардың күйін қай уақытта келтіруге болатынын айтып беру.
Ө
5
зім үшін мынадай міндеттерді анықтадым:
- музыкалық аспаптардың дыбыс шығаруы;
- дыбыс қандай ортада таралатынын анықтау;
- музыкалық аспаптардың температурасын өзгерту;
- музыкалық аспаптар орналасқан ортаның температурасын өзгерту;
- зерттеу нәтижесін талдау және қорытынды шығару.
Болжам: егер қоршаған орта температурасы мен аспаптардың өз температурасы төмен болса, онда шекті аспаптардың әуені өзгереді.
Зерттеу әдістері:
Жинақтау, топтау;
Салыстыру;
Өзіндік ой топшылау
Зерттеу объектісі: камертон, домбыра мен қобыз.
Зерттеу пәні: музыка және физика.
6
2.1. Музыкалық аспаптар
Музыкалық аспаптар – адамның қатысуымен белгілі бір ырғақтағы және тұрақты жоғарылықтағы дыбыстарды шығарып, музыкалық шығармашылыққа мүмкіндік беретін аспаптар.
Музыкалық аспаптардың әрқайсысының өзіне тән дыбыс тембрі (бояуы), динамикалық мүмкіндігі (ырғағы), белгілі бір диапазоны болады. Музыкалық аспаптардың дыбыс шығару сапасы аспаптарды жасауда қолданылатын материалдардың түрі мен қасиетіне, пошымына, дыбыс шығару тәсіліне байланысты. Музыкалық аспаптардың алғашқы қарапайым түрлері табиғаттағы түрлі дыбыстарға, адамның, хайуанаттардың дауысына еліктеуден шыққан. Ол ‘‘халықтық’’ және ‘‘кәсіби музыкалық аспаптар’’ болып бөлінеді. Әр халықтың музыкалық аспаптарының өзіндік ерекшеліктері болады. Сондай-ақ өзара этникалық, тарихи-мәдени байланысы бар бірнеше халықтарға ортақ әрі олардың “ұлттық аспабы” болып саналатын музыкалық аспаптар бар. Мысалы, бандура тек Украинада, пандури мен чонгури Грузияда ғана болса, гусли, жалейка, волынкалар орыстарда, украиндарда, белорустарда да бар; саз, тар, зурна Әзірбайжан мен Арменияда кездессе, Өзбекстан мен Тәжікстанның бірқатар аспаптары ұқсас болып келеді. 19 ғасырдың аяғында В.В. Андреевтің және оның серіктері С.И. Налимов, Ф.С. Пассербский, Н.П. Фоминдердің көмегімен кейбір музыкалық аспаптар (балалайка, гусли, домрат, т.б.) жетілдіріліп, солардың негізінде орыс халық аспаптар оркестрі құрылды.
К
7
әсіби музыкалық аспаптарға симфониялық (опералық), үрлеп ойнайтын және эстрадалық оркестрлер құрамына енетін аспаптар жатады. Кәсіби аспаптардың шығу тегі халықтық музыкалық аспаптарға саяды. Музыкалық аспаптардың даму жолы адамзат қоғамының, оның мәдениетінің, музыкасының, орындаушылық өнерінің жолымен тығыз байланысты. Музыка жанрларының дамуына орай кейбір музыкалық аспаптар халық арасына кең тараған, өзгермей қазіргі заманға жеткен, ал бірқатары біртіндеп жойылып, олардың орнына жаңа музыкалық аспаптар пайда болған. Осы кездегі симфониялық оркестрде қолданып жүрген скрипка, флейта, гобой, кларнет, литавра, арфа, фортепьяно, т.б. ертеден келе жатқан аспаптар қатарына жатады. Бұл аспаптарды жетілдіру жұмысы 15 ғасырдан басталды, ал 18 ғасырдада кеңінен қолға алынды. 16 – 18 ғасырлардағы брешан және кремон шеберлері (Гаспаро да Сало, Н.Амати, А.Страдивари, Дж.Гварнери) жасаған скрипкалар өте жоғары бағаланды.
Дыбыс шығару ерекшеліктеріне қарай музыкалық аспаптар негізінен үрлемелі (флейта, кларнет, саксофон, гобой, труба, валторна, сурнай, лимба, шоор, қурай, сыбызғы, т.б.); шекті ысқылы (виола, скрипка, альт, виолончель, контрабас, гиджак, икили, қылқобыз, т.б.) және шертпелі (арфа, лютня, гитара, балалайка, жетіген, дутар, рубаб, чанг, домбыра); соқпалы (барабан, литавра, ксилофон, челеста, нагора, дойра, дауылпаз, дабыл), т.б. болып бірнеше топқа бөлінеді. Қазіргі заманда қолданылатын ‘‘электрлі музыкалық аспаптар’’ тобы бар.
Қазақтың музыкалық аспаптар (домбыра, қобыз, сыбызғы, даңғара, үскірік, кепшік, шаңқобыз, жетіген т.б.) ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан мәдени мұра. Қазақстанда ұлттық музыкалық аспаптарды жетілдіру мақсатымен бірнеше шеберханалар ашылып (1932 ж. Алматыда, 1947 ж. Осакаровкада, 1957 ж. Алматы мемлекеттік консерваториясы жанында), осылардың негізінде А.Жұбановтың басшылығымен қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі құрылды. Қ.Қасымов, А.Ермеков, Э.И. Романенко, О.Бейсенбаев, А.Ауқадиев, Д.Шоқпаров, т.б. шеберлер әр түрлі музыкалық аспаптар үлгілерін жасады.
Қ
8
азақтың музыка аспаптарын жалпы ұлттық және фольклорлық деп екі топқа бөлуге болады. Негізгі ұлттық музыка аспаптары: домбыра, қобыз және сыбызғы. Домбыраның шанағы қырлы немесе жұмыр болып келеді. Оның мойнынан шанағының түбіне тартылған қос ішегі, бұл ішекті көтеріп тұратын екі кішкене ағаш тиегі болады. Мойнындағы тиек қозғалмайтын болып келсе, шанақтағы тиек жылжымалы болады. Мойнына перне байланады. Пернелердің саны әр түрлі: сегіз, он, он бір, он үш болады. Домбыраның ішегі қой мен ешкінің ащы ішегінен ширатылып жасалады. Домбыра – қазақ арасына кең жайылған, шертіліп ойналатын аспап. Қобыз – қазақ қауымына көп таралған ыспалы аспап. Қобыздың мойны имек, шанағы ожау тәрізді және қуыс, бет жағы ашық, ал түбі көнмен (терімен) қапталады. Екі ішегі және садақ тәріздес ысқыш жылқының қылынан жасалады. Сыбызғы – үрлеп тартатын аспап, оны қамыстан немесе жұмсақ ағаштың ішін үңгіп жасайды. Сыбызғыда саусақпен басып ойнайтын төрт тесік болады. Оның үні майда қоңыр, мұңды келеді. Сыбызғы да қазақ арасында ерте кезден таралған аспаптардың бірі. Ол үнемі алып жүруге ыңғайлы. Сыбызғыны ен далада мал жайып жүрген қазақ малшылары көп тартқан. Фольклорлық халық музыка аспаптарына уілдек, сазген, желбуаз, даңғыра, дабыл, дауылпаз, шыңдауыл, керней, дудыға, дүңгіршек, тоқылдақ, асатаяқ, адырна, шыртылдауық, сақпан жатады. Осымен бірге бұл топқа құрылысы, жасау әдісі, музыкалық үні, дыбыс шығару тәсілі көрші елдерден алынған сырнай, кепшік, жетіген, бұғышақ, шың, шаңқобыз, ауыз сырнай қосылады.
9
2.2. Музыкалық аспаптардың дыбыс шығаруы
Дыбыс шығару немесе дыбысты есту үшін дене тербелуі керек. Тербеліс дегеніміз – дәлме дәл немесе жуықтап қайталанатын қозғалыс. 1 секун ішіндегі тербеліс санын жиілік деп атаймыз.
Дене тербелгенде, айналасындағы ауаға тартылып, қайтадан кері шегінетіндіктен, ауаны сығу және босату арқылы тепе-теңдіктен шығарады.
Бұл бірнеше рет қайталанатындықтан, толқынның ауада таралуына алып келеді. Ауа қысымының өзгерісінен пайда болған бұл толқындарды, қысым өзгерісі айтарлықтай үлкен болған жағдайда адам құлағы ести алады. Біз мұны дыбыс толқындары деп атаймыз. Олар сұйықтарда, қатты денелерде және газдарда тарала алады. Басқа толқындар секілді оларды да толқын ұзындығы және жиілігі бойынша сипаттаймыз. Әрбір жоғары қысым аймақтарының арасындағы қашықтық толқын ұзындығы, ал бір секунд ішінде нүктеден өткен толқын саны жиілік деп аталады. Бұл екеуінің көбейтіндісі толқынның бір секундта таралған қашықтығы: толқын жылдамдығына тең.
Д
10
ыбыс жылдамдығы әр материалда әртүрлі болады. Дыбыс жылдамдығы ауада температура жоғарылаған сайын арта түседі, ал бөлме температурасында шамамен 340 м/с-қа тең. Оны үлкен қашықтықта байқауға болады. 100 м қашықтықта көрінген құбылыс пен содан естілген дыбыс арасында шамамен секундтың үштен бірінен аз уақыт кідіріс байқалады. Дыбыс жылдамдығы оның таралу ортасымен анықталады. Температура дыбыс жылдамдығына әсер етуі мүмкін, ортаның температурасы артса, материалдағы тербеліс жылдамдығы артады. Сонымен қатар, серпімділік пен ортаның тығыздығы да дыбыс жылдамдығына әсер етеді. Бөлшектері ауыр тығыз материалда дыбыс баяу таралады. Серпімділік ортаның қысымға байланысты қаншалықты өзгеретінін сипаттайды. Резеңке секілді, күш түскенде оңай иілетін материалда дыбыс жылдамдығы төмен болады.
Адам 16 Гц-тен 20 кГц-ке дейінгі жиіліктегі дыбысты ести алады. Дыбыс жөніндегі
Достарыңызбен бөлісу: |