493
Рухани жаңғыру өскелең ұрпақтың – дара жолы
Қалыбекова Э.С., Астана Гуманитарлық колледжі
Еліміз өзінің даму кезеңін абыроймен өткізді. Біз елімізді мақтан тұтамыз.
Табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы Тәуелсіздігіміздің 26жылдық мерейтойында
атап өткен болатынбыз. Оларды бүкіл әлем біледі және жоғары бағалайды. 2017 жылдың
басынан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды.
Биыл Астанада «Экспo– 2017» халықаралық көрмесі өтті. Мұндай өте маңызды әлемдік
деңгейдегі іс - шараны біз ТМД және Орталық Азия елдерінің арасында бірінші болып
өткіздік. Алматыда Универсиада - 2017 спорт ойындары өтті. Оған 57 мемлекеттен 2
мыңнан астам спортшы мен делегация мүшелері қатысты. Осының барлығы
Қазақстанның халықаралық аренада жоғары беделге ие болғанын және саясатымыздың
дұрыстығын көрсетеді. Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 елдің
қатарына қосылуы тиіс. Біз осы мақсатқа қарай табандылықпен ілгерілей береміз.
Жаһандық бәсекелестіктің өсуі және әлемдегі тұрақсыздық жағдайында, 2012 жылы
елбасымыз ұсынған `Қазақстан - 2050` стратегиясының өзектілігі арта түсті. Біз
қиындықтарды уақытылы болжай алдық. `Нұрлы жол` экономикалық саясатының және
`100 нақты қадам` Ұлт жоспарының нәтижесінде осынау қиын, жаһандық
трансформацияның алғашқы кезеңінен лайықты өтіп келеміз. Әлем қарқынды түрде
өзгеріп келеді. Бұл - жаңа жаһандық болмыс, оны біз қабылдауға тиіспіз.Болашағын
айқындап, сын - қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын
халық қана жеңіске жетеді. Экономиканы жаппай цифрландыру тұтас саланың
жойылуына және мүлдем жаңа саланың пайда болуына алып келеді. Біздің көз алдымызда
болып жатқан ұлы өзгерістер - әрі тарихи сын - қатер, әрі Ұлтқа берілген мүмкіндік. Бізге
елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа
моделін құру қажет.
Қазіргі таңда көптеген елдер осындай міндетті орындауға ұмтылуда. Өсімніңжаңа
моделіне көшу әр жерде әр түрлі екені белгілі. Біз өзіміздің мықты тұстарымызды
пайдаланып, Тәуелсіздігіміздің 26 жылында бірге қалыптастырған әлеуетімізді жоғалтып
алмаумыз керек қой. Қазақстанның Бірінші жаңғыруы бәріміздің есімізде. 26 жыл бұрын
КСРО - ның қирандысынан шығып, өз жолымызды қалай бастағанымыз жадымызда
сайрап тұр. Сол кезде біз буын іргетасынан бастап, әлем картасында болмаған жаңа
мемлекет құрдық.Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу жүзеге
асырылды. Біз бәріміз бірлесе отырып, сол кезде елімізді күйреуге, азамат соғысына,
экономикалық күйзеліске ұшыратпағанымыз еліміз үшін өте маңызды болды. Қазақстан
бұл кезеңде аз шығын шығарып, зор жетістіктерге қол жеткізді.Екінші жаңғыру
«Қазақстан–2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда - Астананың
салынуымен басталды. Оның нәтижелі болғаны дау тудырмайды. Елімізэкономикалық
тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50
мемлекеттің қатарына кірді. Табысты өткен екі жаңғыру арқылы баға жетпес тәжірибе
жинақтадық. Біз енді алға батыл түрде қадам басып, Үшінші жаңғыруды бастауға
тиіспіз.Бұл жаңғыру - қазіргі жаһандық сын - қатерлермен күрес жоспары емес,
болашаққа, «Қазақстан –2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ.
Ол Ұлт жоспары «100 нақты қадам» базасында өткізіледі. Елбасымыз оның бес негізгі
басымдығын атап өткен болатын. Олар экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден
жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде
ілгірілеуге лайықталған.
1. «Экономика салаларын цифрландыру» - еңбек өнімділігін арттыруға және
капиталдандырудың өсуіне алып келетін озық технологиялар мен мүмкіндіктерді
пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы экономикасының дәстүрлі салаларын
түрлендіру.
494
2.
«Цифрлық мемлекетке көшу» - қажеттіліктерін күні бұрын біліп халық пен
бизнеске қызмет көрсету инфрақұрылым ретінде мемлекеттің функцияларын түрлендіру.
3. «Цифрлық Жібек жолын іске асыру» - ішкі контур үшін де, Қазақстан
Республикасының транзиттік әлеуетін іске асыру үшін деректерді берудің, сақтаудың
және өңдеудің жылдамдығы жоғары және қорғалған инфрақұрылымын дамыту.
4. «Адами капиталды дамыту» - жаңа жағдайға білім экономикасына көшуді
қамтамасыз ету үшін креативті қоғам деп аталатынды құруды қамтитын түрлендіру.
5. «Инновациялық экожүйені құру»- бизнес, ғылыми сала және мемлекет
арасындағы орнықты көлденең байланыстармен технологиялық кәсіпкерлік пен
инновацияны дамыту үшін жағдай жасау. Мемлекет инновацияларды өндіріске шығаруға,
бейімдеуге және енгізуге қабілетті экожүйе катализаторы ретінде әрекет етеді.
Көрсетілген бес бағыттың шеңберінде 17 бастама мен 100- ден астам іс -шара
қалыптастырылып, оларды іске асырудан түсетін қайтарылымды алдағы жылдардың
ішінде айқын көруге болатынын, сондай - ақ болашақ экономикасының жаңа саласы
ретінде цифрлық секторды қалыптастыруға негіз болатын іс шаралардың негізгі нәтижесін
келесі онжылдықтан байқауға болатынын айқындайды. Қазақстан экономикасын
цифрландырудың қазіргі орташа деңгейі бүгінгі күні кедергі болмайды, бірақ дамуға
сапалы серпіліс жасау мүмкіндік, бұл елімізді әлемдік аренада бірінші орынға шығаруға
мүмкіндік береді. Ол үшін осы бағдарламада сипатталған бес бағыт бойынша және оған
қосымшада аталған іс – шаралар шеңберінде шаралар кешенін және жүйелі жұмыстар
қабылдау болжанып, іс – шаралар тізбесі жаңартылып отырады.
Тағы бір жаһандық тренд– «мемлекеттің өзін – өзі цифрландыруы», яғни мемлекет
пен мемлекеттік компанияның операцияларын цифрландыру. Өзін – өзі цифрландыру –
бұл экономикадағы құндылықтарды құруды, әл – ауқаттың артуын, бизнесте және тұрмыс
деңгейінде лайықты орынға ие болуға бағытталған кез – келген мемлекеттің іске асыруы
керек міндет.
«Ақылды» қалалар. Қазіргі әлем қалалық инфрақұрылымға жоғары талаптар
қоюда. Ірі қалаларда көлік логистикасы, техникалық және әлеуметтік қалалық
инфрақұрылым, қала ортасының сапасы, қаланың дамуын басқару тиімділігі, қаладағы
халық санының көбеюін ескере отырып, қоғамдық, іскерлік және тұрғын кеңістігін
дамыту мәселелері бар.
Бүгінгі күні ақпараттық – технологиялық инфрақұрылым экономикалық дамудың
маңызды элементі болып қалыптасуда. Заманауи қолжетімді телекоммуникациялық
инфрақұрылымсыз Қазақстанның әлемдік экономикалық және ақпараттық кеңістікте
орнығуы мүмкін емес. АКТ қолжетімді цифрлық экономиканы құрудың іргетасы болып
табылады.
Халықты және бизнесті интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділікпен
қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының қалаларында және облыстарында
телекоммуникациялық инфрақұрылым құрылды; алайда, бүгінгі күнге ол ауыл
тұрғындарының қажеттіліктерін қанағаттандырмайды.
Цифрлық теңсіздікті төмендету мақсатында ауылдық елді мекендерді кеңжолақты
қолжетімділік желілерімен сапалырақ және толық қамтамасыз ету керек.
Әлемдік нарықта IT саласы ауқымды орын алып отыр. Сондықтан, жастарды осы
салаға мамандандырып бағыттайтын болсақ, әлемдік нарыққа кіретініміз анық. Себебі,
заман талабы осындай. Бұл дегеніміз – үлкен орталық, статистикалық ақпараттарды
жинау, оған дұрыс анализ жасау, қорытынды ретінде көрсету. Цифрлы технология өзін –
өзі ақтайтын және экономиканы қарқынды дамытудың сенімді құралы болып табылмақ.
Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге
қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы нақты әрі түйінді, еліміздің болашағы
үшін маңызды мәселелерді көтерген атаулы құжат болды.
Елімізде 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға дейін
арттыру, тұрғындардың 95 пайызын цифрлы хабар таратумен қамту, азаматтардың