Управление образования павлодарской области



жүктеу 6,91 Mb.
Pdf просмотр
бет144/262
Дата27.12.2019
өлшемі6,91 Mb.
#25101
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   262

293 

 

География сабақтарында картамен жұмыс жасау жүйесінің негіздері 



 

Омаров М.К., Аскарова А.К., Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, 

аға оқытушы, Павлодар қаласы 

 

Жаңарған  қоғамда  мұғалім  болу  үшін  теорияны  меңгеріп,  педагогиканы, 



психологияны,  оқыту  әдістемесін  білу  қажет.  Теориялық  білімсіз,  оқыту  әдістемесінің 

классикалық  негіздерінсіз  шығармашалықпен  жұмыс  істеп,  тұрақты  түрде  білімді 

тереңдету,  оқыту  әдістемесінің  дамуының  негізгі  бағыттарын,  озық  педагогикалық 

тәжірибелерді,  жаңашылдықтың  бағыттарын,  оқыту  мен  тәрбиелеу  әдістерін  меңгеру 

мүмкін  емес.  Мектеп  –  жеке  тұлғаның  қалыптасқан  жері.  Ол  жетекшінің  тек  қана  одан 

арғы оқуына негіз болатын базалық білім мен машықтарды ғана беріп қоймайды, сонымен 

бірге өмірлік тәжірибенің де алғашқы тәжірибесін береді. Дәл осы жерде жеке тұлғаның 

қоғаммен  арадағы  қатынстарының,  үлкендер  мен  құрдастырана  деген  құрметтің,  заңды 

және  құқықтық  тәртіпті  сыйлаудың  негіздері  қаланады.  Оқушы  мемлекеттің  міндетін 

түсінуге, оның әлеуметтік институттар арқылы өзінің жеке басына қатысты жоспарларын 

іске асыруға қолдау жасайтынын ұғынуға үйренеді [1]. 

Географияны  оқыту  әдістемесінде  картамен  жұмыс  оқушыларды  картаны  білу, 

түсіну, оқу дағдыларын қалыптастыру мақсатын көздейді. 

Ғылым мен техниканың күрделі шығармасы болып табылатын географиялық карта 

мен  басқа  да  картографиялық  өнімдердің  басты  қасиеттерін  меңгеруді  картаны  түсіну 

дейміз.  Әр  тақырыптарда  оқушылар  географиялық  карталардың  мәнімен,  негізгі 

қасиеттерімен жекелеген түрлерімен таныса отырып, олармен жұмыс істеу дағдыларымен 

танысады. 

Картаны  білу  –  бұл  география  курстарында  оқытылатын  нысандардың  ауданын, 

өлшемін, пішінін,өзара орналасуын біліп, оларды есте сақтап картадан таба білу. Картаны 

жақсы  білу  үшін  оны  түсіну,  содан  кейін  тұрақты  түрде  жаттығу  арқылы  оқуға  көшу 

қажет.Картаны  оқу  –  шартты  белгілеріне  негізделіп  картада  бейнеленген  географиялық 

шындықты  танып  білу.  Картаны  оқу  шартты  белгілерді  пайдалана  отырып,  белгілі  бір 

аумақтың ерекешелігін анықтау арқылы жүзеге асады. Атап айтсақ, пунсондардың пішіні 

мен  өлшемдері,  әріптерінің  жазылу  мақамы  бойынша  картадағы  елді  –  мекеннің  саяси  – 

әкімшілік маңызы мен тұрғындар санын анықтайды. [2]. 

Географиялық  картаны  түсінудің  іргесі  6  –  сыныпта  географияның  бастауыш 

курсын  өту  барысында  қаланады.  Онда  оқушылар  географиялық  карталардың жекелеген 

қасиеттерін оқып мәнін анықтайды. Картамен жұмыс жасау кезінде шартты белгілер мен 

жер бедерінің формаларын есте сақтау барысында оқушыларда қиындықтар тууы мүмкін. 

Оқушылардың  тақырыпты  оңай  меңгеруі  үшін  осындай  тапсырмаларды  қолдануға 

болады. 


1) Кестеге жер бедерінің атауларын жазыңдар: 

? 3000 м жоғары Қара қоңыр 

? 3000 м дейін Қоңыр 

? 2000 м дейін Ашық қоңыр 

? 500 м дейін Сары 

? 200 м дейін Жасыл 

2) Түстері бойынша қажетті жерге + таңбасын қойыңдар. 

Түсі Ойпат Биік таулар Үстірт Мұхит 

Жасыл 

Көгілдір 



Сары 

Қоңыр 


Географиялық карталарды түсіну деңгейіне жету үшін оқушылар оқу бағдарламасы 

айқындайтын және оқулық пен атласта қамтылған бірқатар картографиялық түсініктерді 




294 

 

меңгеруі  тиіс.  Олардың  ішіндегі  географиялық  картаға  қатысты  ең  жалпысы  картаның 



мәні, жіктемесі, картаны жасалуы, математикалық негіздері жатады [2]. 

Математикалық  элементтерінің  ішінен  оқушылар  масштабының  түрлерімен, 

оларды  пайдаланып  арақашықтықты  өлшеу,  сонымен  қатар,  географиялық  координатты 

анықтау  тәсілдерімен  танысады.  Оқушылар  картаның  шарттылығын  жергілікті  жердің 

сұлбасы  мен  ұсақ  масштабы  физикалық  картаның  шартты  белгілерін  оқу  барысында 

көрінеді.  Карталарды  жіктеу  элементтеріне  оқу  бағдарламасында  қарастырылған 

географиялық  карталарды  масштабына,  мазмұны  мен  аумақты  қамтуына  қарай 

топтастыру, жергілікті жердің планы мен ұсақ масштабты физикалық картаны салыстыру 

жатады.  Оқу  бағдарламасы  сонымен  қатар,  түсіру  жұмыстарын  жүргізу  дағдыларын 

қалыптастыру үшін жергілікті жерде шағын аумақтың сұлбасын түсіруді талап етеді [3]. 

Материктер  мен  мұхиттар  географиясы  курсын  өту  барысында  картаның  мәні, 

барлық  элеметтері  туралы  түсініктердің  ауқымы  кеңейеді.  Материктер  мен  мұхиттардың 

картасы  тақырыбында  оқушылар  географиялық  картаның  математикалық  негіздерінің 

ішінде карталарды құруға қолданылатын картографиялық проекцияның негізгі түрлерімен 

түсініктерімен танысады. 

Осы  курста  оқушылар  картаны  аумақты  қамтуына,  масштабына  қарай  жіктеу 

түсніктерін меңгереді. Сонымен қатар оқушылардың ойлау дәрежесін кеңейту мақсатында 

оқышыларға мынадай тапсырмалар беріледі: 

1) Арабия және Аппенин түбектерінің пішіні қандай заттардың түріне ұқсас? 

2) Келесі нысандардың атауын бәріне әйгілі заттардың пішіні түрінде атаңдар: 

Қазақстанның физикалық география курсында бұрмаланудың түрлері, бас масштаб, 

жеке масштаб сияқты географиялық карталардың математикалық негіздерінің түсініктері 

берілген.  Осы  курсты  оқыту  барысында  бұрын  қарастырылмаған  мазмұны  біршама 

күрделі тектоникалық, геологиялық, климат және топырақ карталары берілген. 

Физикалық  геологиялық  және  тектоникалық  карталарды  бір  –  бірімен  беттестіре 

отырып,  оқушылар  Қазақстанның  жер  бедерінің,  геологиялық  құрылысының,пайдалы 

қазбалардың  таралу  ерекшеліктерінің  арасындағы  байланыстарды  анықтай  алады.  Аудан 

және  табиғат  зоналарының  карталарына  талдау  жасата  отырып  еліміз  аумағындағы 

табиғат  зоналарының  негізгі  түрлері  мен  аумақтың  ылғалдану  дәрежесінің  арасындағы 

байланыстарды анықтау арқылы оқушылардың өз беттерімен білім алуын ұйымдастыруға, 

танымдық белсенділіктерін арттыруға болады [3]. 

Қазақстанның  физикалық  географиялық  аудандарымен  танысу  үшін  оқушалыр 

аумақты 5 бөлікке бөліп қарастырады. 

Қазақстанның негізгі аудандары бойынша елді аумақтарға бөлу: 

1 2 3 4 

9 – 10 сыныптарда экономикалық, әлеуметтік және саяси география курстарын өту 



барысында  жаңа  картографиялық  түсініктер  қалыптастырылады.  Әлеуметтік  – 

экономикалық  карталарда  қолданылатын  нүктелік,  ареал,  белгілеу,  картограмма, 

картодиагарамма  әдістерімен  танысып  оларға  талдау  жасау,  карталарды  түсіну  мен  оқу 

тереңдігін одан ары арттырады. 

10  –  11  сыныптың  географиялық  атласындағы  қара  металлургия  картасындағы 

шаршылы  торларды  пайдаланып оқушалар  Қазақстанда,  Ресейде,  Қытай  мен  Бразилияда 

бір жылда өндіретін темір кенімен балқытылатын болаттың мөлшерін, отын  – энергетика 

кешені  картасынан  сапалық  түс  әдісінің  көмегімен  Қазақстанда,  Моңғолияда,  АҚШ  –  та 

басқа  да  экономикасы жоғары  дамыған және дамушы  елдерде  жан  басына  шаққанда  бір 

жылда өндірілетін электр энергиясының мөлшерін есептеп шығартуға болады. 

Картамен жұмыс - негізгі нәрсеге назар аударудың құралы, есте сақтауды, әртүрлі 

географиялық  объектілерде  және  құбылыстарда  ұқсас  ерекшеліктерді  табады  және 

олардың типологиясын жүргізеді. 



жүктеу 6,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   262




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау