Умкд 042-18 36/03-2013 № басылым


Сарамандық сабақ сұрақтары



жүктеу 1,83 Mb.
бет5/6
Дата25.05.2018
өлшемі1,83 Mb.
#16952
1   2   3   4   5   6

Сарамандық сабақ сұрақтары


1. Экономикалық теорияның даму кезеңдері , қазiргi экономикалық теорияның пәнi және мiндеттерi

2.Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері ,құрылымы және логикасы

3. Экономикалық теорияның әдiстерi
Cабақ мақсаты: Экономикалық теория пәнін, құрылымын зерттеу. Экономиканы ғылыми танып –білу әдістері бойынша салыстырмалы талдау жасау. Экономикалық теорияның ғылым ретінде негізгі бағыттары бойынша сызба құру.
Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Жалпы экономикалық теория нені зерттейді?

2.Экономикалық теорияның дамуының қандай негізгі кезеңдерін білесіз?

3.Экономикалық теория қандай қызметтер атқарады?

4.Экономикалық заңдардың қандай түрлері бар?

5. Экономикаляқ теорияның қандай әдістерін білесіз?

6.Қазіргі кезде экономикалық теорияның ролі мен алатын орны қандай?

7. Ғылыми абстракция әдісінің мәні.

8. Индукции және дедукция әдістерінің мәні.

9. Экономикалық теория құрылымы.


Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.

1.Қазіргі экономикалық ойдың дамуының негізгі бағыттары.

2.Жалпы экономикалық теория және қолданбалы экономикалық ғылымдар.
Сабақтың өту барысы:

1. Ауызша сұрау

2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша диктант

3. Мәнжазба мен баяндама беру


Тақырып 2. Экономиканы ұйымдастырудың негiзгi нышандары

Сарамандық сабақ сұрақтары


1.Қоғамдық өндiрiс және оның ресурстары және факторлары .

2.Өндiрiстi ұйымдастырудың алғашқы тарихи түрлерi

3.Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының алғы шарттары. Тауар және қасиетi

4.Ақшаның пайда болуы мәнi және атқаратын қызметтерi


Cабақ мақсаты: Қоғамдық өндіріс нышандарын зерттеу. Өндірісті ұйымдастыру әдістері бойынша салыстырмалы талдау жасау. Өндіріс факторлары мен ресурстарын өзара байланысын анықтау. Өндірістік мүмкіндіктер қисығын сызу.
Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Өндіріс дегеніміз не және оның қандай ресурстары мен факторлары бар?

2.Материалдық және материалдық емес өндірістің өзара әсері қалай жүзеге асады?

3. Қоғамдық өндіріс тиімділігінің экономикалық көрсеткіштерінің қандайы сізге белгілі?

4. Өндiрiстi ұйымдастырудың алғашқы тарихи түрлерi

5. Тауар және оның қандай қасиеттерi бар?

6. Ақшаның пайда болуы мәнi және атқаратын қандай қызметтерi бар?
Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.

1. Қазақстан Республикасында нарықтық тауарлар өндірісінің қалыптасу жағдайы.



Сабақтың өту барысы:

1. Ауызша сұрау

2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша диктант

3. Мәнжазба мен баяндама беру



Тақырып 3. Меншiктiк қатынастары және олардың экономикадағы ролi.

Сарамандық сабақ сұрақтары


1.Меншiк теориясы , экономикалық –құқықтық мазмұны

2.Нарықтық экономиканың көп секторлығы

3. Қазақстан Республикасындағы жекешелендiру және мемлекет иелiгiнен алу: кезеңдерi, формалары және проблемалары
Cабақ мақсаты: Меншіктің экономикалық , құқықтық қатынастарын зерттеу. Экономикадағы меншiктiң алуан түрлерін анықтау . Қазақстан Республикасындағы жекешелендiру және мемлекет иелiгiнен алу кезеңдерiн талдау.
Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Жекешелендіру мен мемлекеттен алу процесінің мәнісі неде?

2.Дамыған елдердегі жекешелендірудің өтпелі экономикадағы ерекшелігі қандай?

3.Сізге жекешелендірудің қандай моделі мен тәсілі белгілі

4.Өтпелі экономикадағы жекешелендірудің экономикалық және әлеуметтік нәтижесі қандай?
Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.

1.Батыс елдері мен Қазақстан Республикасындағы меншікті жекешелендірудің мақсаты мен міндеттері.

2.Өтпелі экономика кезіндегі Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму мәселелері.

Сабақтың өту барысы:

1. Ауызша сұрау

2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша диктант

3. Мәнжазба мен баяндама беру



Тақырып 4. Нарықтық экономиканың қалыптасу механизмi және мәнi.

Сарамандық сабақ сұрақтары


1.Нарықтық экономиканың даму кезеңдерi ,оның принциптерi

2. Нарықтың түрлерi .Нарықтың принциптерi және нарықтың атқаратын қызметтерi.

3.Нарықтық экономиканың артықшылықтары мен кемшiлiктерi

4.Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың қалыптасуының ерекшелiктерi.

5.Нарықтық инфрақұрылымының ролi.
Cабақ мақсаты: Нарықтық экономика - шаруашылықты ұйымдастырудың тиiмдi формасы ретiнде зерттеу. Нарық мәнiн , негiзгi түрлерi ,нарықтың атқаратың қызметтерi анықтау.
Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Нарық дегенiмiз не? Қандай түрлерi бар?

2.Бәсеке сипаты мен деңгейiне қарай нарықтың қандай түрлерi болады?

3.Нарық қандай қызмет атқарады?

4.Нарықтың экономикалық субъектiсiне не жатады?

5.Нарықтың инфрақұрылымын қалай түсiнесiз?


Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.

1.Нарық-өркениеттiлiгiнiң ұлы жетiстiгi.

2.Нарықтық экономикаға көшудiң негiзгi салдары.

Сабақтың өту барысы:

1. Ауызша сұрау

2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша диктант

3. Мәнжазба мен баяндама беру


Тақырып 5 . Сұраныс және ұсыныс теориясының негiзi

Сарамандық сабақ сұрақтары


1.Сұраныстың мәнi ,сұраныс заңы ,сұранысқа әсер ететiн бағалы және бағалы емес факторлар

2.Нарықтық ұсыныс мәнi, ұсыныс заңы ,ұсынысқа әсер етушi факторлар.

3. Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы. Нарықтық тепе-теңдiк және тепе-теңдiк баға.

4.Икемдiлiк түсiнiгi ,баға және табыс бойынша икемдiлiк коэффициентi

5.Сұраныс және пайдалылық. Шектi пайдалылықтың кему заңы
Cабақ мақсаты: Сұраным мен ұсыным заңы, тепе-теңдік бағасы, нарықтық тепе-теңдікті зерттеу, пайдалылық, жалпы пайдалылық, шекті пайдалылық, бюджеттік сызық, талғамсыздық қисығы, табыс эффектісі, алмастыру эффектісі ұғымдарына түсінік беру.

Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Сұраным мен ұсыным. Қандай жағдайда олардың өзара іс-әрекеті ақша тапшылығына алып келеді?

  2. Пайдалылық өзінше нені көрсетеді?

  3. Жалпы пайдалылықтың шекті пайдалылықтан өзгешелігі неде?

  4. Бай мемлекеттердің ресурстары шектеулі ме?

  5. Неге талғамсыздық қисығы ешқашан қиылыспайды?

  6. Егер бір тауардың, бағасы өзгерсе, ал басқасына қарағанда өзгеріссіз қалса, онда бюджеттік сызықта не болмақ?


Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.

1. Жетілген бәсеке жағдайындағы сұраныс мен ұсыныс



Сабақтың өту барысы:

1. Ауызша сұрау

2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша диктант

3. Мәнжазба мен баяндама беру



Тақырып 6. Капитал теориясы . Өзiндiк капитал теориясының айналымы

Сарамандық сабақ сұрақтары

1.Кәсiпкерлiктiң әлеуметтiк-экономикалық мәнi.Кәсiпкерлiктi ұйымдастыру формалары: артықшылықтары мен кемшiлiктерi

2.Капитал айналымы ,оның құрылымы

3.Негiзгi капитал айналымы , негiзгi капиталдың тозуы және оның түрлерi

4.ҚР –да кәсiпкерлiктiң даму проблемалары
Cабақ мақсаты: Кәсiпкерлiк, бизнес, жауапкершiлiгi шектеулі және толық жауапкершiлiктегi серiктестiк, коммандиттiк серiктестiкжалпы ережелерін анықтау, Картель, синдикат, трест, концерн, холдинг, акционерлiк қоғам, концерн инжирингтiк, венчурлық, лизингтiк, консалтингтiк, аудиторлық, капитал ,моралдық және физикалық тозу ұғымдарына түсінік беру.

Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Кәсіпкер деп кімді айтамыз ?

2. Жеке кәсіпкерлік пен ұжымдық кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері.

3. Бизнес жоспар дегеніміз не?

4.Сіз қандай бизнесті таңдайсыз? Сіздің бизнес жоспарыңыз.


Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.

1. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің даму проблемалары .(Шығыс Қазақсан облысы,Семей қаласындағы орта және шағын бизнестің әлеуметтік –экономикалық аспектісі.)


Сабақтың өту барысы:

1. Ауызша сұрау

2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша диктант

3. Мәнжазба мен баяндама беру


Тақырып 7. Фирманың шығындары мен кірістері

Сарамандық сабақ сұрақтары

1.Өндiрiс шығындары және оның түрлерi

2.Пайда мәнi,жиынтық және таза пайда

3.Еңбек өндiрiс факторы ретiнде ,жалақы және оның түрлерi

4.Рента түсiнiгi,жер рентасы оның түрлерi
Cабақ мақсаты : Өндіріс факторлары және олардың өзара әрекетін зерттеу. Өндіріс шығындары, пайда,оның түрлері мен рентабельділікті есептеуді үйрену .

Жер рентасы, арендалық төлем, абсолюттік және монополиялық рента,жер бағасы ұғымдарына түсінік беру.



Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Жалақының мәнін түсіндіріңіз.

2.Еңбек ақының қандай түрін және жүйесін білесіз?

3.Жалақының реформалаудың мән – мағынасы неде?

4.Шағын кәсіпорында еңбек ақының ерекшелігі қандай?

5.Дамыған елдерде еңбек ақы эволюциясы жайлы не білесіз?

Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.

1.Жердi игеру мен пайдаланудың түрлерi және ҚР-сында оны дамытудың перспективасы.


Сабақтың өту барысы:

1. Ауызша сұрау

2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша диктант

3. Мәнжазба мен баяндама беру



Тақырып 8. Ұлттық экономика жүйе ретiнде
Сарамандық сабақ сұрақтары
1.Негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштер

2.Ұлттық есептеу жүйесi түсiнiгi

3.Макроэкономикалық саясаттың мақсаттары
Cабақ мақсаты : Макроэкономикалық талдау ерекшелiктерiн анықтау.Негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштер , ұлттық есептеу жүйесi түсiнiгi , макроэкономикалық саясаттың мақсаттары, ұлттық байлық: құрамы, құрылымы және оны өлшеудің тәсілдерін зерттеу. Дефлятор, инфлятор ұғымдарына түсінік беру.

Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді атаңыз?

  2. Жалпы ұлттық өнім ме жалпы ішкі өнімнің айырмашылығы?

  3. Жалпы ұлттық өнімді есептеудің қандай әдістері бар?



Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.

1. Қазақстан Республикасының макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша статистикалық мәліметтер жинау.


Сабақтың өту барысы:

1. Ауызша сұрау

2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша диктант

3. Мәнжазба мен баяндама беру



Тақырып 9. Нарықтық экономиканы мемлекеттiк реттеу
Сарамандық сабақ сұрақтары
1.Экономикаға мемлекеттiң араласуының қажеттiлiгi

2. Мемлекеттiң экономикалық қызметтерi .

3.Мемлекеттiк реттеудiң әкiмшiлiк және экономикалық әдiстерi

4.Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс.

5.Макроэкономикалық тепе-теңдiк және оның ауытқуы.
Cабақ мақсаты : Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс ұғымдарына түсінік беру. Макроэкономикалық тепе-теңдiк және оның ауытқуын зерттеу . Экономиканы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi себептерiн анықтау. Экономиканы мемлекеттiк реттеудiң тура және жанама әдiстерiн зерттеу.

.

Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:


1.Экономикаға мемлекеттiң араласу қажеттiлiгi неден көрiнедi?

2.Мемлекеттiң экономикалық қызметiн қысқаша сипаттап , атаңыз?

3.ЭМР қандай қағидаларсыз мүмкiн емес?

4.ЭМР-дiң тiкелей және жанама әдiстерiнiң айырмашылығы?

5.Өтпелi экономика жағдайындағы ЭМР-дiң ерекшелiктерi қандай?
Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.

1. Экономикасы дамыған елдердегі мемлекеттік сектордың орны.

2. Қазақстан Республикасындағы антимонополиялық реттеу.
Сабақтың өту барысы:

1. Ауызша сұрау

2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша диктант

3. Мәнжазба мен баяндама беру.


Тақырып 9. Экономикалық дамудың ауытқымалы болуы және экономикалық өсу

Сарамандық сабақ сұрақтары
1.Экономикалық дамудың циклдығы және экономикалық өсу.

2.Экономикалық өсу түсiнiгi, экономикалық өсудiң түрлерi , оның моделдерi

3.ҚР-дағы экономикалық өсу факторлары және жағдайы.

4.Экономикалық цикл мәнi және оның фазалары.


Cабақ мақсаты : Экономикалық өсу түсiнiгi, экономикалық өсудiң түрлерi ,оның моделдерiн сипаттау. ҚР-дағы экономикалық өсу факторларын және жағдайын анықтау. Экономикалық цикл мәнi және оның фазаларына , инвестициялар, мультипликатор, акселератор, мультипликатор эффектісі, тұтынуға бейімділік, жинақтауға бейімділік, шектік тұтынуға бейімділік, шектік жинақтауға бейімділік, шектік қорлануға бейімділік, ,кейнстiк,неокейнстiк,монетаризм ұғымдарына түсінік беру.


Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Экономикалық өсу дегеніміз не және экономикалық өсудің қандай типтері белгілі?

  2. Экономикалық өсудің қазіргі типтерінің ерекшелігі неде деп ойлайсыз?

  3. Мультипликатор және экономикалық өсудің акселераторы дененіміз не?

  4. Экономикалық дағдарыстың белгiлi уақыт аралығында қайталануы немен түсiндiрiледi?

  5. Экономикалық цикл дегенiмiз не?

  6. Қазiргi экономикалық дағдарыстың ерекшелiктерi неде?

  7. Н.Д.Кондратьевтiң ұзын толқындары.



Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.

1. ҚР нарыққа өту кезiңдегi антидағдарыстық бағдарламалары.

2. Экономикалық өсудің кейнстік моделі.
Сабақтың өту барысы:

1. Ауызша сұрау

2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша диктант

3. Мәнжазба мен баяндама беру.


Тақырып 10. Ақша –несиелiк реттеу

Сарамандық сабақ сұрақтары
1.Ақша –несие саясаты және оның құралдары.

2.Қаржы және қаржы жүйесi ,мемлекеттiк бюджет және оның құрылымы

3.Салықтың мәнi және атқаратын қызметтерi, түрлерi , салық алудың әдiстерi

4. Инфляция: мәнi, себептерi ,түрлерi ,зардаптары.

5.ҚР –дағы антиинфляциялық саясат
Cабақ мақсаты : Ақша жүйесiнiң элементтерi,несие және оның қызметтерi. Ақша –несие саясаты және оның құралдары , қаржы және қаржы жүйесi,Мемлекеттiк бюджет және оның құрылымы,бюджеттiк тапшылық проблемасы. Салықтың мәнi ,қызметтерi,стагфляция, валюта, ақшаның конверсиялануы, ішкі конверсиялану, сыртқы конверсиялану, айырбас курсы, нөлдендіру, деволвация, револвация,деноминация.
Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1.Несие ақшаны қалай түсінеміз?

2.Несие ақшаны қолдану қандай әлеуметтік-экономикалық салдарға алып келеді?

3.Инфляция дегеніміз не және оның қандай түрлері бар?

4.Инфляцияға қарсы шаралар: оның бақыттары қандай?

5.Валютаның конверсиялануы дегеніміз не және оны конверсиялануының қандай жолдары бар?

6.Қоғам қаржысы дегеніміз не Оның құрылымы қандай?

7.Бюджет тапшылығы дегеніміз не және оны жоюдың жолдары?

8.Мемлекеттік қарыз дегеніміз не және оның пайда болу себебі неде?

9.Қаржы нарығы дегенді қалай түсінесіз және оның құрылымы қандай?

10.Бағалы қағаздар дегеніміз не және оның айналымдағы қажеттілігі неде?


Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.

1. Несие ақшалар және Қазақстан Республикасында электронды ақшаны қолдану мәселелері.

2. Қор биржасы: Оның Қазақстан Республикасындағы дамуының мәселесі мен перспективасы.
Сабақтың өту барысы:

1. Ауызша сұрау

2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша диктант

3. Мәнжазба мен баяндама беру.


Тақырып 12 . Мемлекеттiң әлеуметтiк саясаты
Сарамандық сабақ сұрақтары
1.Нарықтық экономикадағы табыстар және оның түрлерi

2.Табыстарды реттеуде мемлекеттiң ролi

3. Табыстарды бөлудегi теңсiздiк проблемасы

4.Жұмыссыздық: себептерi, түрлерi ,деңгейi ,зардаптары

5.Кедейшiлiк проблемасын шешуде халықаралық және қазақстандық тәжiрибелер
Cабақ мақсаты : Жұмыссыздықтың әлеуметтiк және экономикалық мәнi және түрлерi.Жұмыссыздықты мемлекеттiк реттеу және жұмыссыздарды әлеуметтiк қорғау.Нарықтық экономикадағы табыстар ,теңсiздiк мәселесi және табыстарды бөлу. Кедейшiлiк проблемасы және әлеуметтiк теңсiздiк ,Лоренц қисығы,табыстарды қайта бөлуде мемлекеттiң ролi. ҚР-дағы әлеуметтiк саясат.
Мәнжазба мен баяндама тақырыптары

1.Нарық және тұрғандарды әлеуметтік қорғау.

2.Нарыққа өту кезінде тұрғындардың табысын индексациялау
Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.

1.Отбасы табысының көздерін атаңыз және олар қалай қолданылады?

2.Әлеуметтік әділеттілікті қалай түсінесіз?

3.Өмір сүру деңгейі деген не және ол қалай анықталады?

4.Тұрғындар табысы қалай индексацияланады?

5.Қазақстан Республикасы «Тұрғындардың ақшалай табысын тұтыну тауары мен қызмет жасауға бағаның өсуін ескере отырып индексациялау» заңының негізгі ережелері қалай?

6.Табыстағы тепе – теңсіздікті қалай өлшеуге болады?
Сабақтың өту барысы:


  1. Ауызша сұрау

2.Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

3.Тестке жауап беру.


Тақырып 13 . Әлемдiк экономика
Сарамандық сабақ сұрақтары
1.Әлемдiк экономика мәнi және халықаралық еңбек бөлiнiсi,

2.Экономикалық интеграция мәнi және формалары

3. Халықаралық экономикалық қатынастардың негiзгi формалары.

4.Экономиканың ғаламдық мәселелерi.

5. Қазақстанның халықаралық еңбек бөлiнiсiндегi орны.
Cабақ мақсаты : Халықаралық еңбек бөлiнiсi, салыстырмалы артықшылықтар теориясы , халықаралық сауда және оның қазiргi кездегi ерекшелiктерi сипаттау .Халықаралық жұмысшы күшi миграциясы және оның қазiргi кездегi орталықтары түсіндіру. Халықаралық тауар, қызмет жасау, қарыз капиталы, сауда балансы, интернационалды баға, ұлттық баға, ұлттық валюта, валюталық курс, алтын монеттік және алтын девиздік стандарт, валюталық қор, тікелей инвестициялар, портфельдік инвестициялар, квоталар, протекционизм ұғымдарына түсінік беру.
Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.

1.Халықаралық сауданың елде дамудағы ролі.

2.Халықаралық валюта нарығының мақсаты және міндеттері.
Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.


  1. Дүниежүзілік нарық, оның құрылымын қалай түсінесіз?

  2. Қазіргі дүниежүзілік сауданың ерекшеліге неде?

  3. Халықаралық қарыз капиталы және оның құрылымы қандай?

  4. Капиталды сыртқа шығару: ол қандай түрде сыртқа шығарылады және оның қазіргі ерекшелігі?

  5. Жұмыс күшінің дүниежүзілік нарығы: оның миграциялық лектерінің бағыттарын атаңыз?

  6. Сауда балансы дегеніңіз не? Активті және пассивті сауда балансын қалай түсінесіз?


Сабақтың өту барысы:

  1. Ауызша сұрау

2.Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

3.Тестке жауап беру


4. СӨЖ
ОСӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар

  • Семинар сабағына дайындалу кезінде сабақтың жоспарын, дәрістер конспектісін, ұсынылатын әдебиеттерді қарастырған жөн;

  • Студентке ұсынылатын әдебиеттерді қарастыру кезінде айтылғанның негізгі мазмұнын, бастысын бөле отырып қарастырған дұрыс;

  • ОСӨЖ тапсырмалары бекітілген графикке сәйкес орындалып, сынақ немесе сұрау түрінде қорғалуы керек, СӨЖ тапсырмалары реферат, баяндама түрінде орындалып, сұрау жүргізу түрінде қорғалады.;

  • ОСӨЖ тапсырмалары силлабус талаптарына сай жазбаша түрде оқу дәптерінде орындалады. ОСӨЖ –тың конспект немесе баяндама түріндегі тапсырмалары А4 форматты беттерде, беттердің параметрлері 2см:2см:2см:2см және 10-15 бет көлемінде өлшемінде орындалады. СӨЖ тапсырмалары жазбаша немесе ауызша түрде орындалуы қажет;

  • СӨЖ жазбаша тапсырмалары А4 форматты беттерде, беттердің параметрлері 2см:2см:2см:2см және көлемі ерікті түрде орындалады.

«Экономикалық теория



негiздерi » пәнi бойынша бақылау жұмыс тақырыптары


  1. Экономикалық теория пәні, қызметтері және әдістері.

  2. Қоғамның даму кезеңдеріне негізгі көзқарастар формациялық және өркениеті.

  3. Өндіріс ресурстарының мәні және олардың түрлері .

  4. Қазіргі экономикалық теориядағы ресурс ұғымы және проблемасы шектеулігі.

  5. Өндіріс факторлары: бірігу тәсілі және ара қатынасы.

  6. Әміршіл-әкімшілдік экономикалық жүйенің заңдылығы және проблемалары.

  7. Табиғи ресурстардың ұдайы өндіріс және оларды рационалды қолдану проблемасы.

  8. Экологиялық проблеманың экономикалық аспектісі.

  9. Экономикалық цикл: теориялар, реттеу.

  10. Қоғамдық шаруашылықтың негізгі типтері.

  11. Нарықтық экономиканың ұлттық моделі.

  12. Капиталдың алғашқы қорлану проблемасы және оны әр елде шешу жолдары.

  13. Экономикалық өсу: динамикасы, факторлары.

  14. Аралас экономика: мәні, моделдері.

  15. Қазақстан Республикасының қазіргі нарықты құру ерекшелігі және проблемасы.

  16. Өтпелі экономиканың заңдылығы және проблемасы.

  17. Тауар және қызмет нарығының ерекшелігі.

  18. Еңбек нарығы, Қазақстан Республикасында оның қалыптасу ерекшелігі және проблемалары.

  19. Бағалы қағаздар нарығының ерекшелігі.

  20. Биржа: түрлері, қызметтері.

  21. Бәсекенің функциональдық ролі.

  22. Шекті қажеттілік теориясы, оның іс-тәжірибелік маңызы.

  23. Сұраныс және ұсыныс: факторы, өзара байланысы.

  24. Бәсеке: моделі, қазіргі ерекшелігі.

  25. Қазіргі кәсіпкерлік: формасы, проблемасы.

  26. Акционерлік меншік формасы: жетістіктері мен кемшіліктері.

  27. Қазақстан Республикасы экономикасының жеке секторының дамуы және проблемасы.

  28. Меншікті жекешелендіру: формасы, әдісі, проблемасы.

  29. Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметінің дамуы.

  30. Шағын бизнес: шетел және Қазақстан Республикасында даму проблемасы тәжірибесі.

  31. Сұраныс: мәні, заңы, әсер ететін факторлары және қисығы

  32. Еңбек ақы: мәні, формасы, жүйесі.

  33. Агробизнес және шаруа қожалығы, олардың даму болашағы.

  34. Ақшаның пайда болуы, мәні және қазіргі түрлері.

  35. Сұраныс және ұсыныс икемділік теориясы, олардың практикалық маңызы.

  36. Жер - өндіріс факторы ретінде.

  37. Қазақстан Республикасындағы нарықтық инфрақұрылымының қалыптасу проблемасы.

  38. Ұсыныс: мәні, заңы, әсер ететін факторлары және қисығы

  39. Нарықтық экономикаға өтудегі мемлекеттің ролі.

  40. Дамыған елдерде экономикалық және әлеуметтік процесті тәжірибесін мемлекеттік реттеу тәжірибесі.

  41. Әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономика: мәні, моделдері.

  42. Қазақстан Республикасында ұлттық валютаны қалыптастыру және тұрақтандыру проблемалары.

  43. Қазақстан несие жүйесінің құрылымы және экономиканың тұрақтануындағы банкінің ролі.

  44. Нарықтық экономикадағы табыс және оны бөлу.

  45. Әлеуметтік-экономикалық дамуын салықтық реттеу.

  46. Қазақстанның мемлекеттік бюджеті: қалыптасу және қолданылу проблемасы.

  47. Қазақстанның салық саясаты: мақсатты бағытталуы және негізгі механизмі.

  48. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясат.

  49. Баға белгілеу: негізі, түрі, реттеу.

  50. Қазақстан Республикасының инфляциялық және антиинфляциялық саясаты.

  51. Постсоветтік кеңістіктегі экономикалық интеграцияның жетістіктері мен проблемалары.

  52. Қазақстанның егеменді ел ретінде әлеуметтік-экономикалық даму болашағы.

  53. Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу проблемасы.

  54. Дүниежүзілік экономиканың ғаламдануы:мәні, бағыттары, мәселелері.

  55. Өмір деңгейі: мәні, көрсеткіштері.

  56. Әлеуметтік қорғау жүйесінің экономикалық аспектісі.

  57. Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық проблемасы.

  58. Нарықтық экономика және жоспарлық экономика: салыстырмалы талдау.

  59. Әлемдік экономиканың қазіргі даму тенденциясы: интеграция, бәсеке, қаржылық тобы.

  60. Қазақстан экономикасындағы шетел инвестицияларының ролі.

  61. Елдердің экономикалық артта қалуы мен кедейленуінің дүниежүзілік мәселелері.

  62. Қазақстан – 2030: экономикалық мүмкіндіктері және стратегиялық дамуы.

  63. Қазіргі Қазақстан Республикасының эконмоикалық саясаты.

  64. Ақша мен капиталды легализациялау саясатының Қазақстандағы инвестициялық белсенділікке әсері.

  65. Миграциялық процестердің экономикалық аспектісі: артықшылығы, кемшілігі, Қазақстан Республикасындағы ерекшеліктері.

  66. Қазақстан Республикасының ішкі экономикалық байланысының дамуы.

  67. Қазақстан Республикасының аймағының әлеуметтік-экономикалық жетістігі және проблемалары.

  68. Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының ерекшелігі.

  69. ЕврАзЭҚ-дағыҚазақстанныңорны.

"Экономикалық теория негiздерi" курсы бойынша тесттер
1-нұсқа
$$$ 1

Төмендегілердің қайсысы әлеуметтік тиімділікті сипаттамайды:

А. өндіріс көлемінің ұлғаюы;

В. еңбек жағдайын жақсарту және мазмұнын арттыру;

С. бос уақытты көбейту;

D. дәрігерлік қызмет көрсетудің сапасын арттыру;

Е. өмір сүру сапасын жақсарту.

$$$ 2


Барлық экономикалық жүйелерде орын алатын фундаментальды мәселе, ол:

А. нвестиция;

В. тұтыну;

С. ресурстардың шектеулігі;

D. өндіріс;

Е. бөлу.


$$$ 3

Экономикалық жүйеде баға мен жұмыссыздықтың жалпы деңгейі қай

курста оқытылады:

А. макроэкономикада;

В. микроэкономикада;

С. менеджментте;

D. халықаралық қаржыда;

Е. маркетингте.

$$$ 4

Политэкономия және экономика теориясына негіз салған ғылыми мектеп:



А. Маржанализм


жүктеу 1,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау