Байқау – аудиторияның елесін оқиға орнына жетелеуге көмектесетін ұсақ-түйектерді байқай алауы қажет болатын журналист немесе пиар-маманның жұмысындағы шығармашылықта маңыздығы кем болмайтын әдіс. Кәсіби байқау дағдысы адам тұлғасының зейін салу сияқты сипатымен байланысты. Байқай білуге – айналада не болып жатқанның бәріне ұдайы назар аудару, сонымен қатар, назар салу объектілерін сауатты таңдау кіреді. Ақпарат жинау кезінде журналист жұмысында қажетті зейін салудың мынадай түрлері бар:
– ұйымдасқандық факті бойынша: алдын-ала ескерілген немесе тосын;
– ақпаратпен жұмыс істеу факті бойынша: ізденіс барысында немесе бақылаушы;
– іс-әрекетінің түрі бойынша: ашық немесе жасырын;
– берілгендік деңгейі бойынша: қарапайым және қосылған.
Зейін салу – тұлғаның (журналист пен пиар-маман үшін кәсіби құрамдас бөлігі болып табылады) өте маңызды қасиеті, оны дамыту мүмкін, бірақ өте қиынға түседі. Зейін салу әдейі немесе еркін болады. Тек еркін зейін салу ғана журналистке өмірге бақылаудан бай материал береді, оларды журналист шығарылымдарда пайдаланады және оған айрықша әрі қайталанбас реңк береді. Еркін зейін салуды жаттықтыру және белсенділендіруге арналған психологиялық ұсынымдар мен жаттығулардың көп саны бар.
Әдістемелік ұсынымдар
Берілген оқиға бойынша фактінің базалық критерийлерінен ақпараттық мәтін құрастыру.
Берілген оқиға бойынша фактінің базалық критерийлерінен ақпараттық мәтін құрастыру.
Берілген тақырып бойынша ақпараттың жазба дереккөздерінің мекен-жайларын жинау.
Берілген тақырып бойынша сұхбатқа арналған сұрақтар тізімін құрастыру.
Топты жұптарға бөліп, жұп-жұбымен әртүрлі рөлдер мен «бетперделерді» таңдай отырып және нәтижелерін талқылап, сұхбат өткізу.
Сұхбат алушы рөлі немесе «бетпердесі», сұхбат берушінің типі және сұхбат тақырыбына сәйкес үйлестірімдерді таңдау.
Берілген тақырып бойынша бақылау жүргізіп, сабақта оның нәтижелерін талқылау.
Даулы журналистік мәтінге лингвистикалық сараптама жүргізу.
Өздік жұмысқа арналған сұрақтар
Қазіргі журналистика және «PR-гі» ақпаратты берудегі мәселелері қандай?
Жазба дереккөздер және құжаттармен жұмыс істеу стандарттары қандай?
Сұхбаттағы рөл немесе «бетпердені» дұрыс таңдау неге байланысты?
Бақылау және зейін салу арасындағы арақатынас қандай?
Ұсынылатын әдебиет тізімі:
Горохов В.М. Основы журналистского мастерства. М., 1989.
Кашинская Л.В. Метод наблюдения в журналистике. М., 1987.
Лазутина Г.В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2000.
Справочник для журналистов стран Центральной и Восточной Европы / ред.-сост. Малькольм Ф.Мэллет. М., 1998.
Шумилина Т.В. Методы сбора информации в журналистике. М., 1983.
Володина, М. Н. Язык средств массовой информации [Текст] : учеб.пособие / МГУ им.М.В.Ломоносова;Под ред.М.Н.Володиной. – М. : Академ.Проект:Альма Матер, 2008. – 759 с.
Средства массовой информации России [Текст] : учеб.пособие / Под ред.Я.Н.Засурского;Науч.ред.:Е.Л.Вартанова,М.В.Шкондин. – М. : Аспект-Пресс, 2008. – 380 с.
Корконосенко, С. Г. Основы журналистики [Текст] : учеб. / С. Г. Корконосенко. – 2-е изд.,перераб.и доп. – М. : Аспект-Пресс, 2009. – 318 с.
Солганик, Г. Я. Толковый словарь. Язык газеты, радио, телевидения [Текст] : ок. 6000 слов и выражений / Г. Я. Солганик. – М. : АСТ:АСТРЕЛЬ, 2002. – 752 с.
Стернин, И. А. Практическая риторика [Текст] : учеб.пособие / И. А. Стернин. – 5-е изд.,стер. – М. : Academia, 2008. – 269 с.
Шляхова, С. С. Русский PR-текст: 100%-ное достижение результата [Текст] / С. С. Шляхова. – Ростов н/Д : Феникс, 2009. – 414 с.
Доброва, В. В. Психологические особенности субъектов диалогического дискурса [Текст] : моногр. / В. В. Доброва ; Самар.гос.техн.ун-т. – Самара : [б. и.], 2010. – 93 с.
№ 7 тақырып.
Журналистика және «PR» мәтіндерінің жанрлар матрицасы
Талқылауға арналған сұрақтар
1. Ұғыну деңгейлері: құлақтандыру (номинация), бағдарлау (баға беру), коррекция (түзету), символдау (типтеу).
2. Ұғыну деңгейлері бойынша жанрларды типтеу. Құлақтандыру: анықтама, мәлімет, тұсаукесер, ақпараттық хабарлау, алғырлық. Бағдарлау: қысқажазба, репортаж, сұхбат, есеп, суреттеме, реплика, сатиралық қысқажазба. Коррекция: хат-хабар, комментарий, сұхбат, шолу, фельетон. Символдау: мақала, очерк, шолу, памфлет.
3. Әлеуметтік практикада көрініс табатындар: шынайы ақиқат, мұраттар, көзқарас, абсурдтар.
4. Оларды мәтінде ұсыну құралдары: факт, бейне, қағидат.
5. Орыс тілінің газеттік-публицистикалық қызметтік стилі. Журналистік жанрлардың классикалық жүйесі. Ақпараттық жанрлар: қысқажазба, репортаж, сұхбат, есеп. Талдау жанрлары: хат-хабар, шолу, комментарий, рецензия, мақала. Көркем-публицистикалық жанрлар: очерк, суреттеме, фельетон, памфлет. Әрбір жанрдың қызметтік сипаттамалары. Қазіргі журналистикадағы жанрлардың араласу салдары, жанрлық шектердің өткізгіштігі. Баспасөз журналистикасын, радиожурналистика, тележурналистика, интернет-журналистикадағы жанрлық ерекшеліктер.
Ұсынылатын әдебиет тізімі:
Васильева А.Н. Газетно-публицистический стиль. М., 1982.
Костомаров В.Г. Языковой вкус эпохи. С.-Пб. 1999.
Костомаров В.Г. Наш язык в действии. Очерки современной русской стилистики. М., 2005.
Сметанина С.И. Медиа-текст в системе культуры. М., 2002.
Трофимова Г.Н. Языковой вкус Интернет-эпохи в России. М., 2004.
Володина, М. Н. Язык средств массовой информации [Текст] : учеб.пособие / МГУ им.М.В.Ломоносова;Под ред.М.Н.Володиной. – М. : Академ.Проект:Альма Матер, 2008. – 759 с.
Корконосенко, С. Г. Основы журналистики [Текст] : учеб. / С. Г. Корконосенко. – 2-е изд.,перераб.и доп. – М. : Аспект-Пресс, 2009. – 318 с.
Солганик, Г. Я. Толковый словарь. Язык газеты, радио, телевидения [Текст] : ок. 6000 слов и выражений / Г. Я. Солганик. – М. : АСТ:АСТРЕЛЬ, 2002. – 752 с.
Стернин, И. А. Практическая риторика [Текст] : учеб.пособие / И. А. Стернин. – 5-е изд.,стер. – М. : Academia, 2008. – 269 с.
Шляхова, С. С. Русский PR-текст: 100%-ное достижение результата [Текст] / С. С. Шляхова. – Ростов н/Д : Феникс, 2009. – 414 с.
Доброва, В. В. Психологические особенности субъектов диалогического дискурса [Текст] : моногр. / В. В. Доброва ; Самар.гос.техн.ун-т. – Самара : [б. и.], 2010. – 93 с.
Негізгі мазмұны
Әдеби пішін ретінде жанрдың тұрақты белгілері бар. Әдебиеттің дәстүрлі жанрлары бар және журналистикадағы жанрлық жүйе, сөзсіз, классикалық әдебиет нормаларына сүйенеді.
Дегенмен, журналистикадағы фольклор, әдебиет, шешендік өнері, іс жүргізу, дипломатиялық хат алмасудың дәстүрлі жанрлары және мәтіннің басқа да түрлері бұқаралық ақпарат құралдарындағы материалды берудің тұрықты түрлеріне түрленеді. Профессор Пронин Е.И. жазғандай, журналистика мен «паблик рилейшнз» көкейтесті байланыс жағдайына оңтайлы сәйкес болатын туындының тұтастығын қажетті және жеткілікті мәнерлік құралдар және құрылымдаудың алгоритмін іріктеу ретінде қарастырылады.
Журналистік жанрлар жүйесі тарихи қалыптасқан, бірақ, соңғы онжылдықтарда әжептәуір өзгерістерге ұшырады, өйткені, стилистикалық шектер өте өткізгіш болып, жанрлық реңктер мәтіндерде араласын кетті. Бұған әсіресе, жарнама, «паблик рилейшнз» практикасы және Интернет пайдаланушылар санының өсімі жағдай жасап отыр.
Көрсетілген материалды ұғыну тереңдігі бойынша жанрлар төрт деңгей тобына бөлінеді:
– құлақтандыру деңгейі – ақпараттың алғаш тұсаукесері, ұғынудың бірінші деңгейі, оған анықтама, мәлімет, тұсаукесер, ақпараттық хабарлау, секілді ақпараттық жанрлар сәйкес келеді;
– бағдарлау деңгейі – қысқажазба, репортаж, сұхбат, есеп, суреттеме, реплика жанрлары сәйкес келетін проблемалық емес сипаттағы ақпаратты барынша тереңірек пысықтау;
– коррекция деңгейі – хат-хабар, комментарий, сұхбат, шолу, фельетон жанрларында ақпаратқа дербес өзгертулер талданатын ұғынудың үшінші деңгейі;
– символдау деңгейі – мақала, очерк, шолу, памфлет жанрлары сәйкес келетін ұғынудың ең терең, төртінші деңгейінде ақпаратты ұсыну түрі.
Жанрлық құрылымдардың ықпалдасуы жағдайында жанрды оңтайлы таңдау әдістерін белгілеу аса маңызды.
Мәтіндегі әлеуметтік практиканың шынайылығын бейнелеу фактілер арқылы жүзеге асады. Олар жаңалықтардың негізгі мазмұны және журналистік жанрлар жүйесіндегі қысқажазбалар, хат-хабарлар және мақалалардың базалық негізі болады.
Қоғамның мұраттары адамның құндылық қарым-қатынастарын журналистің практикалық ұғыну нәтижесі ретінде – мәтіндердегі символдар – суреттеме, репортаж, очерк жанрларында жазылған журналистік мәтіндерде қоғам мұраттарын ұсыну құралы арқылы көрінісін табады. Символдар жүйесінің кеңеюі мен тереңдеуі олардың суреттемедегі қарапайым тұсаукесерден бастап – репортаж бен очерктегі типтеуге дейін.
Қоғамдық проблематика материалдарындағы қағидат баға беру түрінде журналистің идеялық тұғырын көрсету тәсілімен номинация, талдау мақсаты, дәлелдеме ретінде немесе қорытушы тұжырым секілді мәтінде көрсету тәсілі болып табылады. Автордың көзқарасы өркениеттің іргелі құндылықтарына және идеологияның көкейтесті қағидаттарына арқа сүйеуі қажет. Қағидаттар ұран (слоган), реплика, комментарий немесе шолу секілді жанрларда көзге әсіре ұрады.
Орыс тілінің қызметтік стильдер жүйесінде газеттік-публисцистикалық стиль жазбаша-кітаптыққа жатады, ал шын мәнінде оның шегінен асып, әлдеқайда алыстап кетті. Десе де, ақпаратты түсіну деңгейіне негізделіп, барлық журналистік жанрларды 3 топқа бөлу сақталып отыр.
1. Ақпараттарды мазмұндауда басты орын алатын жанрлар – бұл ақпараттық жанрлар тобы: қысқажазба, репортаж, сұхбат, есеп, баспасөз хабарламасы, анықтама, мәлімет.
Қысқажазбаға сұхбат, есеп, репортаж және комментарийдің элементтері кіреді. Егер қысқажазба оқиға туралы ақпаратты баяндаса, онда осы оқиғаны репортаж көрінісін береді. Бұл аудиторияның қиялын оқиға орнына ертіп апаратын ең динамикалық, ең нақты жанр.
Диалогтық адам және қоғамның бүкіл өмірінің өзегінен өтеді. Сұрақтар мен жауаптарда адамның танымы шоғырланады және ақиқат туындайды. Журналистикадағы репортажбен бірге ең драматургиялы жанр сұхбат болып табылады. Кез келген журналистік мәтіндегі сұхбат элементтері оған барынша жандандырады, тартымды, сенімді және әжептәуір драматизм қосады. Сұхбат жанрының түрлері өте көп: сауалнама, пікіртерім, сұхбат, полилог/ток-шоу және т.б. Чат және форум Интернеттегі журналистиканың диалогтық жанрларының арнайы түрлері болып табылады. Есеп ақпаратты құрғақ баяндау үшін қолданылады. Баспасөз хабарламасы, анықтама және мәлімет шараны немесе қандай да бір ұйымның іс-әрекетін хабарлайтын БАҚ өкілдерімен жұмыс істеу үшін «паблик рилейшнз» практикасында қолданылады.
2. Проблемалық жағдайлар талданатын жанрлар – бұл талдаушы жанрлар: хат-хабар, шолу, комментарий, пікірсарап, мақала. Хат-хабар нақты даулы жағдайларды шешеді. Шолу белгілі уақыт мерзімі немесе белгілі бір тақырып бойынша ең маңызды оқиғаларды қорытады. Комментарий түсінік беру және түсіндіруді талап ететін бір немесе бірнеше оқиғаларға арналады. Пікірсарап баға беретін сыни материал ретінде жазылады. Мақала ғылыми стильге жақын болады, бір немесе бірнеше фактіні іргелі және терең зерттейді.
3. Типтік және «мәңгі» адами проблемалары (сыни немесе сықақ аспектінде) түсіндірілетін жанрлар – бұл көркем-публицистикалық жанрлар: суреттеме, очерк, фельетон, памфлет. Суреттеме және очерк өмірдегі оңды жағдайларға арналған. Журналистік мәтіндегі «күлкі элементі» қалай болуы керек пен не бар екендігінің сәйкессіздігіне негізделген «күлдіргіліктің» әдеби табиғатынан «өсіп шықты». Мағынасыздық шегіне дейін жеткізілген мұндай қарама-қайшылықтар сықақ мәтіндердің журналистік бейнелеудің мақсаты болады: өткірлік, сықақ қысқажазба, фельетон, памфлет. Фельетон және памфлет кемшіліктер мен кері қылықтар және жағдайларды келеке қылуға арналған.
Журналистік жанрлардың классикалық жүйесі баспасөз журналистикасының гүлдену кезеңінде қалыптасты. Радиожурналистика мен тележурналистикадағы барлық жанрлар бірдей танымал емес, дегенмен олардың ауқымы әжептәуір сан алуан. Интернет мәтіндерді қабылдаудың ерекшелігі талдаулық, онан өтсе, көркем-публицистикалық жанрға нұқсан келтіре отырып ақпараттық жанрларды желілік журналистика және пиар-қызметте кеңінен қолданылуы белгіленген.
Әдістемелік ұсынымдар
Ұсынылған мәтіндерді талдау және ақпаратты ұғыну мен шығарылым жанры деңгейінің сәйкестігін анықтау.
Ұсынылған тақырыпқа ұғыну деңгейі мен жанрды таңдау.
Әр жанрдан бір-бір шығарылымды талдау және олардың түбегейлі жанрлық ерекшеліктерін анықтау.
Өздік жұмысқа арналған сұрақтар
Ақпаратты ұғыну деңгейлері қалай өзгешеленеді?
Ақпаратты ұғыну деңгейлері бойынша жанрлар қалай бөлінеді және, неге осылайша, басқаша емес?
Ақпараттық, талдау және көркем-публицистикалық жанрлар арасындағы негізгі айырмашылықтар қандай?
қысқажазба, репортаж, есеп және сұхбатты жанрлардың бір тобына не біріктіреді?
Комментарий мен рецензия неге жанрлардың бір тобына жатқызылады?
Соңғы уақытта біз газеттік-публицистикалық туралы емес, БАҚ тілі және стилі туралы неге айтамыз?
Әрқилы жанрлардың қандай қасиеттері жиі араласып кетеді?
Ұсынылатын әдебиет тізімі:
Васильева А.Н. Газетно-публицистический стиль. М., 1982.
Костомаров В.Г. Языковой вкус эпохи. С.-Пб. 1999.
Костомаров В.Г. Наш язык в действии. Очерки современной русской стилистики. М., 2005.
Сметанина С.И. Медиа-текст в системе культуры. М., 2002.
Трофимова Г.Н. Языковой вкус Интернет-эпохи в России. М., 2004.
Володина, М. Н. Язык средств массовой информации [Текст] : учеб.пособие / МГУ им.М.В.Ломоносова;Под ред.М.Н.Володиной. – М. : Академ.Проект:Альма Матер, 2008. – 759 с.
Корконосенко, С. Г. Основы журналистики [Текст] : учеб. / С. Г. Корконосенко. – 2-е изд.,перераб.и доп. – М. : Аспект-Пресс, 2009. – 318 с.
Солганик, Г. Я. Толковый словарь. Язык газеты, радио, телевидения [Текст] : ок. 6000 слов и выражений / Г. Я. Солганик. – М. : АСТ:АСТРЕЛЬ, 2002. – 752 с.
Стернин, И. А. Практическая риторика [Текст] : учеб.пособие / И. А. Стернин. – 5-е изд.,стер. – М. : Academia, 2008. – 269 с.
Шляхова, С. С. Русский PR-текст: 100%-ное достижение результата [Текст] / С. С. Шляхова. – Ростов н/Д : Феникс, 2009. – 414 с.
Доброва, В. В. Психологические особенности субъектов диалогического дискурса [Текст] : моногр. / В. В. Доброва ; Самар.гос.техн.ун-т. – Самара : [б. и.], 2010. – 93 с.
№ 8 тақырып.
Шығарылымды жасау кезеңдері.
Талқылауға арналған сұрақтар
1. Бастапқы кезең: тақырып таңдау – тапсырыс беру – түпкі ой – болжам. Жұмыс жоспары және мәселені теориялық зерделеу. Объектіні таңдау. Шығарылым жоспарын қалыптастыру. Жұмыс идеясы және оны іске асырудың құралдары. Объектімен араласуға дайындық. Аудитория реакциясын жоспарлау. Түпкі ойды түпкілікті қалыптастыру, жұмыс атауын тұжырымдау.
2. Негізгі кезең. Ақпаратпен жұмыс. Материал жинау. Объектіні зерттеу. Бағытталған зерделеу. Жағдайдың даму болжамы. Байқау – қорыту – талдау. Журналистік мәтіннің тірек болатын сипаттамалары: проблемалы факт, басты бейнелер, дәлелдемелер, орталық қағидат, басты баға беруші идея, шығарылым мақсатына жету құралдары, адресат, әлеуметтік кепілдер. Мәтінмен жұмыс істеу. Пішін және мазмұн.
Жанрлық стилистикалық өңдеу. Әдеби және техникалық редакциялау. Автордың көзқарасын көрсету тәсілдері. Іс жүзіндегі материалды ұсыну тәсілдері: констатация, суреттеу, мінездеме, түсінік беру, пайымдау, типтеу. Бейнелер мен қағидаттарды ұсыну: дәйексөз келтіру, аппеляция, аллюзия, мазмұндау, сөзбен әшекейлеу. Безендіру материалдарын таңдау (фотосуреттер, суреттер, ақпараттық графика). Мәтін атауымен жұмыс істеу.
3. Қорытынды кезең. Аудиториямен кері байланыс. Шығарылымға реакцияны зерттеу. Тиімділікке бақылау. Тақырыптың жалғасы.
Негізгі мазмұны:
Шығарылыммен жұмыс істеу – өзінің заңдары мен ерекшеліктері бар белгілі тізбекті процесс. Ішіне материал идеясын ресімдеу, фактілерді жинау, фактілерді талдау және материал жоспарын құрастыру, алғашқы жазбаларды жасау, мәтінді қайта өңдеу және жетілдіру кіретін бүкіл процесс үш кезеңге бөлінеді.
Бастапқы кезеңге тақырыпты таңдау, берілетін тапсырысты ресімдеу, алғашқы ойды қалыптастыру және болжамды тұжырымдау құрамына кіреді. Шығарылымның (шығарылымға не кіруі керек) жоспарын қалыптастыру бірінші орында тұратын жұмыс жоспарын қалыптастыру үшін проблеманың теориялық зерделенуі қажет. Осы кезеңде жұмыс идеясы қалыптасады және оны іске асырудың құралдары белгіленеді. Жұмыс идеясы деп осы тақырыпты баяндаудағы журналистке қойылатын міндеттер деп түсінген жөн. Міндетті түсінуге аудитория реакциясының алдын-ала болжамы міндетті түрде кіреді.
Тақырыпқа берілетін тапсырысты қалыптастыру кезінде болашақ автор үш міндетті шешеді:
– ізделетін іс жүзіндегі жағдайға жауап беретін шынайы объектіні табу;
– осы жағдай мәнді болатын маңызды проблемаларды белгілеу;
– мәтінді жасау жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру.
Объектімен контактқа дайындық осы объект туралы ақпарат жинау және объект туралы мүмкін дереккөздермен сұхбатқа дайындық болып табылады. Осы кезеңде түпкі ойдың түпкілікті қалыптасуы жүзеге асады, ал ол автордың жұмыс идеясынан алыстауына жол бермейді, сайып келгенде, жұмыс атауын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Шығарылымның түйінін бір қысқа сөйлеммен белгілеу өте пайдалы.
Негізгі кезең уақытында автор журналистік шығармашылықтың барлық әдістерін пайдалана отырып, ақпарат жинайды және іріктейді, объектісін тәжірибе жүзінде зерттейді, сонан соң ғана мәтін жасайды. Негізінде, журналистік материал немесе пиар-мәтін – бұл шебер мазмұндалған және құрастырылған фактілер жиынтығы. Оларды жинау кезеңінде фактілер көп болмайды. Аудиторияның оқиға орнында болғандай сезім тудыратын егжей-тегжейліктер аса құнды. Жиналған мәліметтерді талдау барысында көзге ұратын ашықтарына назар аударған жөн. Жалпы, ақпарат таңдау кезінде аудиторияның қызығушылықтарына бағытталған пайдалы:
– оқиғаларды біліп жүру тілегі (хабардар болушылық);
– талқылау және байланыс мүмкіндігі;
– оқу барысында рахаттануы;
– проблеманы шешуде көмек табу.
Журналистік мәтіннің тіректі сипаттамалары – оның міндетті құрамдастары. Мәтінде міндетті түрде проблемалы факт (оқиғаны мазмұндау, шиеленіс жоқ болған жағдайда, түсінікті қажет ететін жаңа мәліметтер проблема деп есептеледі), осы фактқа қарсы немесе оны жақтайтын дәлелдемені ресімдейтін басты бейнелер мен символдар, орталық қағидат немесе басты баға беретін идея ұсынылуы қажет, сонымен қатар осы проблеманы шешудің адресаты және әлеуметтік кепілдері белгіленуі қажет.
Мәтінді қалыптастыру жұмысы оны жоспарлаудан басталады. Журналистік мәтін немесе пиар-мәтінде жанрлық стилистикалық өңдеу деңгейіне жететін пішін мен мазмұнның сәйкестігі әсіресе маңызды. Әдеби редакциялау грамматикалық, пунктуациялық, стилистикалық және логикалық қателерді, қайталаулар мен ұзын-шұбақтықты қысқарту үшін, ал техникалық – компьютерлік терімге қойылатын талаптарға сай сауатты ресімдеу үшін қажет. Шығарылымды шығармашылық дайындау процесінде редакциялаудың екі түрін де автор жүзеге асырады.
Мазмұнына сәйкестігі қажет болатын шығарылымның жалпы сарынын белгілеген қажет. Мәтінді жазғанда әңгіме түрінде жазылғандай әсер қалдыруы керек.
Жұмыстағы кішкене үзілістен кейін және істен сырт қалу жағдайында Черновикті қайта жазған жөн. Жақсы стильдің басты белгісі нақтылық, қысқалық және түсініктілік болып табылады.
Мәтінде төмендегілердің жақсы болғаны дұрыс:
- зат есімдер және етістіктерді негізгі етісте қолдану,
- қарапайым қысқа сөздер және сөйлемдермен жазу,
- штамптар мен кеңселік сөздерден аулақ болу,
- қиысуларды бақылау,
- оқиға туралы әңгімелемей, оны көрсету,
- ең маңызды сөздерді сөйлемнің басы мен аяғына орналастыру,
- барлық маңызсыз ұсақ-түйектерді алып тастау,
- материалды созбау,
- эпитеттер, кірме сөздер және кіріспе үстеулермен көп қолданбау,
- мына заңдарды орындау: «бір ой – бір сөйлем», «материал драмалық болған сайын, сарын ұстамдырақ болуы керек»,
- цитаталау кезінде дереккөзге сілтеме жасауды ұмытпау.
Шығарылымның Лид деп аталатын бірінші азат жолы өте маңызды. Лидтің міндеті – аудиторияны мәтінмен танысуға шақыру. Лидтер типтері көп:
- резюме немесе оқиғаны қысқаша баяндау,
- жеке, ерекшеленетін бір маңызды аспект,
- драмалық,
- цитаттық,
- сахналық немесе суреттелетін,
- өмірден алынған жағдайға негізделген, созылмалы,
- салдарына реакция,
- талдау,
- жағдайлық есеп,
- сұраулы,
- жеке немесе қысқа да нұсқа.
Авторлық көзқарас мәтінде міндетті түрде өз көрінісін табады, бірақ ашық (кеңейтілген баға беруші қағидат пішінінде) немесе жасырын (бейнелер мен символдар, тіл және мазмұндау стилі, акценттерді қою және ұсақ-түйектерді іріктеуді пайдалану арқылы көрінісін табу) көрінуі мүмкін. Автордың аудитория назарын біріне аударып, басқасы туралы үндемеу білігі қабілетінен көп нәрсе тәуелді болады.
Мәтіндегі іс жүзіндегі материалды ұсыну тәсілдері авторлық мақам және іс жүзіндегі материалдың сипатына тәуелді.
– констатация – оқиғаны баяндау үшін қолданылады;
– суреттеу – оқиға орнындағы жағдайды ұсыну кезінде пайдаланылады;
– сипаттама – оқиғаға қатысушы әрекеттегі тұлғаларды ұсын кезінде қолданылады;
– түсіндіру – дәлелдемелерді мазмұндау кезінде қажет;
– пайымдау – дәлелдемелерді салыстыру үшін қолданылады;
– типтеу – қағидатты мазмұндау кезінде қолданылады.
Бейнелерді ұсыну:
- цитаттау – төл сөзде бөтен адамның тұжырымын мазмұндау;
- апелляция – бейне немесе символдың дереккөзіне сілтеме жасау;
- аллюзия – осыған ұқсас өткендегі туралы «естеліктер»;
- мазмұндау – басқаны білдірген пікірін өз сөзімен мазмұндау;
- сөзбен әшекейлеу – цитаттан сөз тіркестерін немесе тұжырымдарды мәтінге өріп қосу.
Қағидаттарды ұсыну:
- ұран – іс-әрекетке шақыру;
- ұсыным – белгілі жағдайда не істеу туралы кеңес;
- талап – табанды тілек;
- баға беру – факт туралы белгілі бір тұжырым.
Безендіру материалдарын (фотосуреттер, суреттер, ақпараттық графика) іріктеу үшін, ең алдымен, безендірілетін мәтіннің авторы жауап береді. Ненің қажет екенін тек ол ғана түсінеді: қолда бар мәтінді безендіру немесе мазмұнды толықтыру, көрнекі диаграмма немесе шығарылымның эмоциялық көңіл-күйінің реңктерін толықтыратын әзілді сурет.
Мәтін атауы – материалдың өте маңызды бөлігі, мәтін атауынсыз жарық көре алмайды. Мәтін атауы – шығарылымның мәні, негізі. Мәтін атауының бірнеше түрлері бар: шиеленіс-атау, хабарлама-атау, ұран-атау және т.б. Лазутина Г.В. пікіріне сүйенсек, көрсету тәсілі бойынша мәтін атауларының үш типі бар: тақырыптың «тамғасы» – оның тура көрінісі, идея «тамғасы» – оның тура көрінісі, мағынадан тыс «тамғасы» – журналистік бейне арқылы идеялық-тақырыптық жанама түрдегі шағылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |