Төтенше жағдай туралы



жүктеу 201,3 Kb.
Дата14.01.2018
өлшемі201,3 Kb.
#7475

Төтенше жағдай туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы N 387 Заңы


Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 3, 18-құжат; "Егемен Қазақстан" 2003 жылғы 15 ақпан N 37

МАЗМҰНЫ


      Осы Заң төтенше жағдайды Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде енгiзудiң және оның қолданылуының негiздерiн, мерзiмдерiн, тәртiбiн белгiлейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергiлiктi жердiң коменданты - Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын, төтенше жағдай енгiзiлген жердегi комендатураның қызметiне басшылық жасайтын және төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ететiн күштер мен құралдарды бiрыңғай басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адам;

      2) жергiлiктi жердiң комендатурасы - төтенше жағдай енгiзiлген жерлерде төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Президентi құратын уақытша арнаулы орган;

      3) коменданттық сағат - арнайы берiлген рұқсаттамасыз және жеке басын куәландыратын құжаттарсыз көшелерде және өзге де қоғамдық жерлерде не үйлерiнен тысқары жерлерде жүруге тыйым салынатын тәулiк мезгiлi;

      4) төтенше жағдай - азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын қорғау мүдделерiнде ғана қолданылатын және мемлекеттiк органдар, ұйымдар қызметiне, азаматтардың, шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына жекелеген шектеулер белгiлеуге жол беретiн және оларға қосымша мiндеттер жүктейтiн ерекше құқықтық режим болып табылатын уақытша шара;

      5) төтенше жағдай енгiзiлетiн жерлердiң шекаралары - Қазақстан Республикасының бiр немесе бiрнеше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң аумағы;

      6) Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк комиссия - төтенше жағдай енгiзу кезеңiне Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiсiмен құрылатын арнаулы мемлекеттiк басқару органы.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      2-бап. Төтенше жағдайдың құқықтық негiзi

      Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi төтенше жағдайды енгiзудiң құқықтық негiзi болып табылады.

      3-бап. Төтенше жағдайды енгiзудiң мақсаты

      Төтенше жағдайды енгiзуге себеп болған мән-жайларды жою, адам мен азаматтың қауiпсiздiгiн, құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын қорғауды қамтамасыз ету төтенше жағдайды енгiзудiң мақсаты болып табылады.

2-тарау. Төтенше жағдайды енгiзу мен оның күшiн жоюдың
шарттары, негiздерi, тәртiбi

      4-бап. Төтенше жағдай енгiзудiң шарттары, негiздерi

      1. Төтенше жағдай Қазақстан Республикасының демократиялық институттарына, тәуелсiздiгi мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, оның азаматтарының қауiпсiздiгiне елеулi және тiкелей қауiп төнген және мемлекеттiң конституциялық органдарының қалыпты жұмыс iстеуi бұзылған жағдайда енгiзiледi.
      2. Төтенше жағдайды енгiзу негiздерi болатын мән-жайларға, осы баптың 1-тармағының талаптары сақталған жағдайда:
      1) шекаралас мемлекеттер аумақтарынан Мемлекеттiк шекара арқылы жаппай өту; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге ұмтылу; терроризм актiлерi; Қазақстан Республикасының Конституциясын бұза отырып, билiктi күштеп басып алуға немесе билiктi күшпен ұстап тұруға бағытталған iс-әрекеттер; қарулы қақтығыстарға тарту мақсатында басқа мемлекеттер тарапынан болатын арандатушылық iс-әрекеттер; Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзу; жаппай тәртiпсiздiктер, ұлтаралық және конфессияаралық қақтығыстар; экстремистiк топтардың жекелеген жерлердi, аса маңызды объектiлердi қоршап алуы немесе басып алуы; заңсыз әскери құралымдар құру және олардың қызметi;
      2) дүлей зiлзала (жер сiлкiнiсi, сел, қар көшкiнi, су тасқыны және басқалар), дағдарысты экологиялық жағдайлар, табиғи өрттер, эпидемиялар мен iндеттер, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi мен ормандардың аурулармен және зиянкестермен зақымдалуы, өнеркәсiптiк, көлiктiк және басқа авариялар, өрттер (жарылыстар), күштi әсер ететiн улы, радиоактивтi және биологиялық қауiптi заттар ауаға жайылатын (жайылу қаупi бар) авариялар, үйлер мен ғимараттардың кенеттен құлауы, су бөгеттерiнiң бұзылуы, тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ететiн электрэнергетикалық және коммуникациялық жүйелердегi, тазарту құрылғыларындағы авариялар себеп болған және жағдайды дереу тұрақтандыруды, құқық тәртiбiн қамтамасыз етудi, қажеттi құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жағдай жасауды талап ететiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар жатады.
      Дүлей зiлзаланың немесе кең көлемдi аварияның (апаттың) нақты қаупi де төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның ұсынуы негiзiнде төтенше жағдай енгiзуге негiз болуы мүмкiн.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.04.08 № 266-IV Заңдарымен.

      5-бап. Төтенше жағдайды енгiзу тәртiбi

      1. Қазақстан Республикасының бүкiл аумағындағы немесе оның жекелеген жерлерiндегi төтенше жағдайды Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiмен және Парламентi палаталарының төрағаларымен ресми консультациялардан кейiн Қазақстан Республикасының Президентi тиiстi жарлығымен енгiзедi, бұл туралы Қазақстан Республикасының Парламентiне дереу хабарланады.
      2. Төтенше жағдай қалыптасқан жағдайды өзге  шаралар қолданумен реттеу мүмкiн болмаған жағдайда енгiзiледi.
      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң төтенше жағдайды енгiзу туралы жарлығы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ресми баспа басылымдарында дереу жариялануға тиiс және барлық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа жеткiзiледi.
      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Төтенше жағдайды енгiзу туралы жарлығы Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген мерзiмде қолданысқа енгiзiледi.

      6-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң төтенше


             жағдайды енгiзу туралы жарлығының мазмұны

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Төтенше жағдайды енгiзу туралы жарлығында:


      1) осы Заңның талаптарына сәйкес төтенше жағдайды енгiзуге негiз болған мән-жайлар;
      2) төтенше жағдайды енгiзу қажеттiгiнiң негiздемесi;
      3) төтенше жағдай енгiзiлетiн жерлердiң шекаралары;
      4) төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ететiн күштер мен құралдар;
      5) осы Заңға сәйкес енгiзiлетiн шаралардың және жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың құқықтарын уақытша шектеулердiң, сондай-ақ оларға қосымша жүктелетiн мiндеттердiң тiзбесi;
      6) төтенше жағдайды енгiзу кезеңiнде құрылатын мемлекеттiк басқарудың арнайы органдары және олардың өкiлеттiгi;
      7) төтенше жағдай режимi кезiнде қолданылатын iс-шараларды жүзеге асыруға жауапты мемлекеттiк органдар (лауазымды адамдар);
      8) төтенше жағдайды енгiзу уақыты және оның қолданылу мерзiмi қамтылады.

      7-бап. Төтенше жағдайдың күшiнде болу мерзiмi

      1. Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында енгiзiлетiн төтенше жағдайдың күшiнде болу мерзiмi - 30 тәулiктен, ал оның жекелеген жерлерiнде 60 тәулiктен аспауға тиiс.
      2. Төтенше жағдай енгiзiлген мерзiм өткеннен кейiн төтенше жағдай тоқтатылды деп есептеледi.
      3. Төтенше жағдайды енгiзуге негiз болған мән-жайлар жойылмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Президентi тиiстi акт шығару арқылы осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiмдер шегiнде оның қолданысын ұзартуға құқылы.

      8-бап. Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөнiндегi


             iс-шараларды қаржыландыру

      1. Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде төтенше жағдай енгiзiлген кезде төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiнде жүргiзiлетiн iс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасы Үкiметi резервiнiң және жергiлiктi атқарушы органдар резервтерiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.


      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмiмен Қазақстан Республикасының төтенше бюджетi енгiзiлуi мүмкiн. Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiнде жүргiзiлетiн iс-шараларды қаржыландыру бұл жағдайда төтенше бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Төтенше бюджеттiң қабылдануы туралы Қазақстан Республикасының Парламентiне дереу хабарланады.

      9-бап. Төтенше жағдайдың күшiн жою

      1. Егер төтенше жағдайды енгiзуге негiз болған мән-жайлар жойылған болса, Қазақстан Республикасының Президентi оның күшiн ол енгiзiлген мерзiм аяқталғанға дейiн толық немесе iшiнара жоюға құқылы.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң төтенше жағдайды толық немесе iшiнара жою жөнiндегi Жарлығы Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген мерзiмде қолданысқа енгiзiледi.

      10-бап. Төтенше жағдайдың құқықтық режимiнiң


              ерекшелiктерi
 
      Парламенттi және Парламент Мәжiлiсiн төтенше жағдай кезеңiнде таратуға болмайды.
       Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР-ның 2009.04.29. N 154-IV Заңымен.

3-тарау. Төтенше жағдай кезеңiне енгiзiлетiн мемлекеттiк басқарудың арнайы органдары. Төтенше жағдай режимiн
қамтамасыз ету

      11-бап. Төтенше жағдай кезеңiндегi мемлекеттiк


              басқарудың арнайы органдары

      1. Төтенше жағдайды енгiзуге негiз болған мән-жайларды жою жөнiндегi мәселелердi шұғыл шешу және iс-шараларды жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Президентi мемлекеттiк басқарудың төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi арнайы органдарын құруы мүмкiн, оларға:


      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк комиссия;
      2) жергiлiктi жердiң комендатурасы жатады.
      2. Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк комиссия (бұдан әрi - Мемлекеттiк комиссия) төтенше жағдайды енгiзу үшiн негiз болған мән-жайлар Қазақстан Республикасының екi және одан да көп әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң аумағында туындаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiсiмен құрылады.
      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.14 N 117 , 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      12-бап. Мемлекеттiк комиссияның негiзгi мiндеттерi мен


               функциялары

      1. Мемлекеттiк комиссияның негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:


      1) төтенше жағдайды енгiзу үшiн негiз болған мән-жайларды жою жөнiнде шаралар әзiрлеу;
      2) төтенше жағдай енгiзiлген аумақтың қызметiн басқару мен қамтамасыз ету жөнiнде жедел iс-шаралар жүргiзудi ұйымдастыру;
      3) төтенше жағдайды енгiзу үшiн негiз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларды уақытша тұруға арналған тұрғын үй-жайларға орналастыруды, оларға қажеттi көмек көрсетудi ұйымдастыру; P080860
      4) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың, төтенше жағдай енгiзiлген жергiлiктi жерлердiң комендатураларының төтенше жағдайды енгiзу үшiн негiз болған мән-жайларды жою жөнiндегi қызметiн үйлестiру;
      5) төтенше жағдай кезеңiнде жүргiзiлетiн iс-шаралардың орындалуын бақылау.
      2. Негiзгi мiндеттерiн орындау үшiн Мемлекеттiк комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың, төтенше жағдай енгiзiлген жергiлiктi жерлердiң комендатураларының төтенше жағдайды енгiзуге негiз болған мән-жайларды жою жөнiндегi қызметiн үйлестiру бойынша ұсыныстар әзiрлейдi;
      2) Мемлекеттiк комиссияға жүктелген мiндеттердi орындау мәселелерi бойынша орталық, жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарын және төтенше жағдай енгiзiлген жергiлiктi жерлердiң коменданттарын тыңдайды;
      3) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан, ұйымдардан Мемлекеттiк комиссияның қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi сұратады және алады;
      4) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың, төтенше жағдай енгiзiлген жергiлiктi жерлердiң комендатураларының төтенше жағдайды енгiзуге негiз болған мән-жайларды жою жөнiндегi iс-шараларды орындауын бақылайды;
      5) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың мамандарын төтенше жағдай енгiзуге негiз болған мән-жайларды жою мәселелерiн шешу үшiн талдамалық, сараптау және басқа да қажеттi жұмыстарды орындауға тартады;
      6) осы Заңның 15, 16-баптарында көрсетiлген қосымша шаралар мен уақытша шектеулердi енгiзудiң тиiмдiлiгiн қарайды. Төтенше жағдай енгiзуге негiз болған мән-жайлар толық немесе iшiнара жойылған кезде Қазақстан Республикасының Президентiне қосымша шаралардың, уақытша шектеулердiң немесе төтенше жағдайдың толық немесе iшiнара күшiн жою туралы тиiстi ұсыныстар енгiзедi. <*>
      Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.14. N 117 Заңымен.

      12-1-бап. Мемлекеттiк комиссияның қызметiн ұйымдастыру

      1. Мемлекеттiк комиссия орталық, жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдерiнен және төтенше жағдай енгiзiлген жергiлiктi жерлердiң коменданттарынан құрылады. Мемлекеттiк комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi және ол төтенше жағдай енгiзуге негiз болған мән-жайларға байланысты болады. Мемлекеттiк комиссия төрағадан, мүшелерден және хатшыдан тұрады. Мемлекеттiк комиссияның төрағасы Қазақстан Республикасының Президентiне есеп бередi.
      Мемлекеттiк комиссия мүшелерiнiң және комиссия жұмысын қамтамасыз ету үшiн тартылатын мамандардың жұмыс орындары мен негiзгi жұмыс орнындағы жалақысы сақталады.
      2. Мемлекеттiк комиссияның отырыстарын қажеттiлiгiне қарай оның төрағасы шақырады, ал оның шешiмдерi хаттамалармен ресiмделедi. Мемлекеттiк комиссияның мүшелерi отырыстарға алмастыру құқығынсыз қатысады.
      Отырыстың күн тәртiбiндегi әрбiр мәселе бойынша шешiм ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер Мемлекеттiк комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi шешiмдi жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда төраға жақтап дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi. Мемлекеттiк комиссия өз құзыретiне сәйкес қабылдайтын шешiмдер орталық, жергiлiктi атқарушы органдардың және төтенше жағдай енгiзiлген жергiлiктi жерлердiң комендатураларының, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болады.
      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша Мемлекеттiк комиссия Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына жарлықтар мен өкiмдердiң тиiстi жобаларын енгiзедi. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша Мемлекеттiк комиссия Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қарауына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министрi өкiмдерiнiң тиiстi жобаларын енгiзедi.
      Ескерту. 12-1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.14. N 117 Заңымен.

      13-бап. Төтенше жағдай енгiзiлген жер комендантының


              өкiлеттiктерi

      1. Төтенше жағдай енгiзiлген жергiлiктi жердiң комендатурасы өзiнiң төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiн жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасай отырып, жүзеге асырады.


      Жергiлiктi жердiң комендатурасын Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын комендант және жергiлiктi жер комендатурасының аппараты құрайды, оның құрамы төтенше жағдайды енгiзуге негiз болған мән-жайлар негiзге алына отырып айқындалады.
      Комендант - Қазақстан Республикасының Президентiне, ал Мемлекеттiк комиссия құрылған кезде Қазақстан Республикасының Президентi мен Мемлекеттiк комиссия төрағасына бағынады.
      2. Төтенше жағдай енгiзiлген жердiң коменданты:
      1) өз өкiлеттiгi шегiнде төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде барлық жеке және заңды тұлғалардың, лауазымды адамдардың, сондай-ақ iшкi iстер органдары, төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның бөлiмшелерi, төтенше жағдай енгiзiлген жергiлiктi жерлерде орналасқан (дислокацияланған) және төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн қосымша тартылатын әскери құралымдар бастықтарының (командирлерiнiң) тиiстi аумақта орындауына мiндеттi бұйрықтар мен өкiмдер шығарады;
      2) жеке тұлғалардың белгiленген мерзiмде белгiлi бiр жерден кетiп қалуына шектеулер енгiзедi, сол жердiң тұрғындары болып табылмайтын, қоғамдық тәртiптi бұзған адамдарды олардың өз есебiнен тұрақты тұратын жерлерiне немесе төтенше жағдай жарияланған жерден тысқары жерлерге шығарып жiбередi, сондай-ақ төтенше жағдай енгiзiлген жерде заңдылық пен құқық тәртiбiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолданады;
      3) өз мiндеттерiн, коменданттың бұйрықтары мен өкiмдерiн тиiсiнше орындамауына байланысты ұйымдардың басшыларын төтенше жағдайдың күшiнде болу кезеңiнде қызметiнен шеттетедi;
      4) Қазақстан Республикасының Президентiне төтенше жағдай енгiзiлген жерде осы Заңда көзделген қосымша шаралар мен уақытша шектеулердi қолдану қажеттiлiгi туралы ұсыныс жасайды және бұл шаралардың орындалуын қамтамасыз етедi;
      5) тиiстi жердiң тұрғындарын төтенше жағдай кезiнде қолданылатын енгiзiлген шаралар мен уақытша шектеулердi орындау қажеттiлiгi туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етедi;
      6) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың барлық отырыстарына қатысуға және өз құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар енгiзуге құқылы;
      7) төтенше жағдай енгiзiлген жер комендатурасының жанында журналистердi аккредитациялауды жүзеге асырады.
      3. Төтенше жағдай енгiзiлген жердiң комендатурасын құру аталған аумақта жұмыс iстейтiн жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдардың қызметiн тоқтата тұрмайды.
      Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.14 N 117 , 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      14-бап. Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз етуге


              арналған күштер мен құралдар

      1. Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн iшкi iстер ,  ұлттық қауiпсiздiк органдарының, төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның және басқа да мемлекеттiк органдардың күштерi мен құралдары пайдаланылады.


      2. Қажет болған жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президентi жарлығының негiзiнде төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi мынадай мiндеттердi орындауға:
      1) төтенше жағдай енгiзiлген жерге кiрудiң және одан шығудың ерекше режимiн сақтауға;
      2) ерекше режимдi, режимдi және ерекше қорғалатын объектiлердi, халықтың тыныс-тiршiлiгiн және көлiктiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн объектiлердi, адамдардың өмiрi мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға үлкен қауiп төндiретiн объектiлердi күзетуге;
      3) арнайы құралдарды, қаруды қолдану, сондай-ақ әскери және басқа да техниканы пайдалану арқылы күш көрсету әрекеттерi орын алған жанжалдарға қатысқан тайталасушы тараптарды айыруға;
      4) заңсыз қарулы құралымдар қызметiнiң жолын кесу iсiне қатысуға;
      5) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және адамдар өмiрiн құтқару iсiне қатысуға тартылуы мүмкiн.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қорғау мақсатында ғана төтенше жағдай режимiн қамтамасыз етуге тартылады.
      4. Осы баптың 2-тармағының 1)-4) тармақшаларында көрсетiлген мiндеттердi Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi iшкi iстер және ұлттық қауiпсiздiк органдарымен бiрлесiп орындайды. Бұл орайда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiлерiне "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының дене күшiн, арнайы құралдарды, қызметтiк иттердi, қаруды қолдану, әскери техниканы пайдалану шарттарына, тәртiбiне және шектерiне қатысты бөлiгiндегi ережелерi қолданылады.
      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

4-тарау. Төтенше жағдай кезiнде қолданылатын шаралар мен
уақытша шектеулер

      15-бап. Төтенше жағдай енгiзiлген кезде қолданылатын


              негiзгi шаралар мен уақытша шектеулер

      Төтенше жағдай енгiзiлген кезде оның күшiнде болу кезеңiне мынадай негiзгi шаралар мен уақытша шектеулер:


      1) қоғамдық тәртiптiң сақталуын, аса маңызды мемлекеттiк және стратегиялық объектiлердiң, сондай-ақ халықтың тыныс-тiршiлiгiн және көлiк қызметiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн объектiлердiң күзетiлуiн күшейту;
      2) төтенше жағдай енгiзiлген жерде жүрiп-түру еркiндiгiн, оның iшiнде көлiк құралдары қозғалысының еркiндiгiн шектеу;
      3) жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды жеке тексеру, олардың жанындағы заттарын, көлiк құралдарын тексеру;
      4) төтенше жағдай енгiзiлген жерге немесе Қазақстан Республикасының аумағына кiруге, сондай-ақ олардан шығуға шектеу белгiлеу;
      5) жиналыстарға, митингiлер мен демонстрацияларға, шерулер мен тосқауылдарға тұруға, сондай-ақ ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық iс-шаралар өткiзуге тыйым салу немесе шек қою;
      6) ереуiлдерге және заңды тұлғалардың қызметiн тоқтата тұрудың немесе тоқтатудың өзге де әдiстерiне тыйым салу;
      7) жарылғыш, радиоактивтi, сондай-ақ химиялық және биологиялық қауiптi заттарды пайдаланатын заңды тұлғалардың қызметiн тоқтата тұру;
      8) егер төтенше мән-жайларға байланысты материалдық және мәдени құндылықтардың жойылуының, ұрлануының немесе бүлiнуiнiң нақты қаупi болса, оларды қауiпсiз аудандарға көшiру;
      9) төтенше жағдай енгiзiлген жерде ол күшiнде болатын бүкiл кезеңi iшiнде сайлаулар мен республикалық референдумдер өткiзуге тыйым салу көзделедi.

      16-бап. Төтенше жағдай кезiнде қолданылатын қосымша


              шаралар мен уақытша шектеулер

      1. Осы Заңның 4-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген мән-жайлар болған кезде төтенше жағдай енгiзiлген жағдайда, төтенше жағдай енгiзiлген жерде мынадай қосымша шаралар мен уақытша шектеулер:


      1) коменданттық сағат енгiзу;
      2) баспа басылымдарының мiндеттi даналары мен радио және телехабарларының материалдарын сұратып алу арқылы бұқаралық ақпарат құралдарын бақылауды жүзеге асыру;
      3) төтенше жағдайды енгiзуге негiз болған мән-жайларды жоюға кедергi келтiретiн саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тоқтата тұру немесе тоқтату;
      4) көшiру-көбейту техникасын, радио және телехабарларын беру аппаратурасын, дыбыс және бейнежазба техникасын пайдалануға шек қою немесе тыйым салу, сондай-ақ дыбыс күшейткiш техникалық құралдарды уақытша алып қою;
      5) азық-түлiк пен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатудың, сатып алудың және бөлудiң ерекше тәртiбiн орнату;
      6) тауарлардың, көрсетiлетiн қызметтердiң және қаржылай қаражаттың бiрден бiрге өтуiн қоса алғанда, жеке және заңды тұлғалардың қаржы-экономикалық қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыруына шек қою;
      7) қару, оқ-дәрi, жарылғыш заттар, арнаулы құралдар, улы заттар сатуға шек қою немесе тыйым салу, дәрi-дәрмектiң, есiрткi заттардың, психотроптық заттардың, прекурсорлардың, сондай-ақ этил спиртiнiң, алкоголь өнiмдерiнiң айналымына ерекше режим белгiлеу;
      8) жеке тұлғалардан қару мен оқ-дәрiнi, улы заттарды уақытша алып қою, ал заңды тұлғалардан қаруға, оқ-дәрiге және улы заттарға қоса әскери және жауынгерлiк оқу техникасын, жарылғыш және радиоактивтi заттарды уақытша алып қою көзделедi.
      2. Осы Заңның 4-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген мән-жайлар орын алған кезде төтенше жағдай енгiзiлген ретте, төтенше жағдай енгiзiлген жерде мынадай қосымша шаралар мен уақытша шектеулер:
      1) тұрғындарды оларға мiндеттi түрде уақытша тұрғын үй-жайлар бере отырып қауiпсiз аудандарға уақытша көшiру;
      2) карантин енгiзу, санитариялық-эпидемияға қарсы және iндетке қарсы iс-шараларды жүргiзу;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк материалдық резервтi пайдалану, заңды тұлғалардың ресурстарын тарту, олардың жұмыс режимiн өзгерту және төтенше жағдай кезiнде қажеттi өнiмдер шығаруға қайта бағдарлау;
      4) авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзу және қамтамасыз ету қажеттiлiгiне байланысты жағдайларда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарын мiндеттi түрде сақтай отырып, еңбекке жарамды тұрғындарды және жеке тұлғалардың көлiк құралдарын аталған жұмыстарды жүргiзуге тарту көзделедi.
      Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.05.15. N 253 Заңымен.

5-тарау. Төтенше жағдай кезiндегi жеке және заңды тұлғалар,
сондай-ақ лауазымды адамдар құқықтарының кепiлдiгi және
олардың жауапкершiлiгi

      17-бап. Төтенше жағдай кезiнде шаралар мен уақытша


              шектеулердi қолдану шектерi

      1. Төтенше жағдай кезiнде қолданылатын шаралар және жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарын шектеу, оларға қосымша мiндеттер жүктеу төтенше жағдайды енгiзуге негiз болған мән-жайлар туындатқан шектерде жүзеге асырылуға тиiс.


      2. Төтенше жағдай кезiнде қолданылатын шаралар мен шектеулер адам құқықтары саласында Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға қайшы келмеуге тиiс.

      18-бап. Төтенше жағдайдың күшiнде болуы кезеңiндегi


              жеке және заңды тұлғалар құқықтарының
              кепiлдiктерi

      1. Төтенше жағдайды енгiзуге негiз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға тұрғын үй-жайлар берiледi, материалдық зиянның орны толтырылады, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және шекте қажеттi көмек берiледi.


      2. Төтенше жағдай енгiзуге негiз болған мән-жайларды жою қажеттiлiктерi үшiн мүлiктерi мен ресурстары пайдаланылған жеке және заңды тұлғаларға материалдық залалды сонымен бiрдей өтеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      19-бап. Дене күшiн, арнайы құралдарды, қызметтiк


              иттердi, қаруды қолданудың, әскери техниканы
              пайдаланудың шарттары мен шектерi

      Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ететiн органдар қызметкерлерi мен әскери қызметшiлерiнiң дене күшiн, арнайы құралдарды, қызметтiк иттердi, қаруды қолдануының, әскери техниканы пайдалануының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шарттары мен шектерi төтенше жағдай кезiнде өзгертiлмеуге тиiс.

      20-бап. Коменданттық сағат ережелерiн бұзған жеке
              тұлғаларды ұстау тәртiбi

      1. Коменданттық сағат ережелерiн бұзған жеке тұлғаларды iшкi iстер органдарының қызметкерлерi (полиция) немесе әскери патрульдер - коменданттық сағат аяқталғанға дейiн, ал жеке басын куәландыратын құжаттары өзiмен бiрге болмағандарды жеке басын анықтағанға дейiн, бiрақ iшкi iстер органы бастығының немесе оның орынбасарының шешiмi бойынша 48 сағаттан аспайтын уақытқа ұстайды. Ұсталған адамдар және олардың өздерiмен бiрге болған заттары мен көлiк құралдарының тексерiлуi мүмкiн.


      2. Iшкi iстер органы бастығының немесе оның орынбасарының ұстау туралы шешiмi жөнiнде жоғары тұрған лауазымды адамға, прокурорға немесе сотқа шағым берiлуi мүмкiн.
      3. Төтенше жағдай енгiзiлген жерде адамдар мен жануарлардың қауiптi жұқпалы ауруларының таралу қаупiнiң туындауы салдарынан карантин енгiзiлген жағдайда, төтенше жағдай режимiн бұзған, көрсетiлген жерлерде тұрмайтын және басқа да жағдайларда бұл аумақтың шегiнен мiндеттi түрде шығарылуға тиiс жеке тұлғалар оларды байқауға алудың денсаулық сақтау органдары белгiлеген мерзiмi аяқталғанға дейiн жалпы негiзде ұсталып, кiдiртiледi.
      4. Ұсталып кiдiртiлген адамдарды ұстау тәртiбi Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарымен белгiленедi.

      21-бап. Төтенше жағдайдың күшiнде болуын тоқтатудың


              құқықтық салдары

      Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету мақсатында қабылданған және жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарын уақытша шектеуге байланысты нормативтiк құқықтық актiлер төтенше жағдай енгiзiлген мерзiм iшiнде ғана қолданылады және төтенше жағдайдың тоқтатылуымен бiр мезгiлде ол туралы арнайы хабарландырусыз-ақ күшiн жояды.


      Төтенше жағдайдың күшiнде болуын тоқтату төтенше жағдай режимiн бұзу туралы iстер бойынша әкiмшiлiк iс жүргiзудiң тоқтатылуына негiз болады.

      22-бап. Жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ


              лауазымды адамдардың төтенше жағдай
              режимiнiң талаптарын бұзғаны үшiн
              жауаптылығы

      1. Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ лауазымды адамдар төтенше жағдай режимiнiң талаптарын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.


      2. Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз етуге қатысушы органдардың қызметкерлерi мен әскери қызметшiлерiнiң дене күшiн, арнайы құралдарды, қызметтiк иттердi, қаруды заңсыз қолдануы және әскери техниканы заңсыз пайдалануы, сондай-ақ лауазымды адамдардың қызметтiк өкiлеттiгiн асыра пайдалануы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

      23-бап. Төтенше жағдай енгiзiлген жерде


              сот төрелiгiн жүзеге асыру

      Төтенше жағдай енгiзiлген жерде сот төрелiгiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес соттар жүзеге асырады.



6-тарау. Қорытынды ережелер

      24-бап. Халықаралық iзгiлiк көмек

      Төтенше жағдай енгiзiлген жерде халықаралық iзгiлiк көмек Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен бөлiнедi.

      25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      "Төтенше жағдайдың құқықтық режимi туралы" 1993 жылғы 15 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 17, 408-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 4, 101-құжат);
      "Төтенше жағдайдың құқықтық режимi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 15 қазандағы Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 17, 409-құжат).

      Қазақстан Республикасының


      Президентi
жүктеу 201,3 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау