1
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тобагабылова И.А.,
Сейдрахманова Р.И.
Тараз қ.
Қазіргі әлеуметтік жағдай, білім беру саласында, соның ішінде тұлғаны дамыту секілді маңызды
өзекті мәселелердің бірін, өз алдына қойып отыр. Интеллектуалды дамыған, ойы шығармашыл,
жоғары кәсіби дайындықпен, кез-келген жағдайда ұтымды шешім қабылдай алатын азаматтарды
тәрбиелеуде, жоғары оқу орындарындағы білім беру деңгейінің маңызы зор.
Көптеген педагог-методистердің ойынша мұндай талаптарды орындау үшін студенттердің
информациялық оқу әдістерінен белсенді білім алу әдістеріне көшу, түрлі өз бетінше жұмыс жасау,
іздену сияқты жолдары қажет.
Білімгерлердің ең басты шығармашыл танымдық іс-әрекет формаларының бірі ─ өзіндік жұмыс
әрекеттері, бұл жоғары білім беру жүйесінің актуалды мәселелерінің бірі. Педагогика саласы ─
дидактика өзіндік жұмысты, тұлғаның дара және ұжымдық әрекеттерінің түрлі қыр-сырларын ашуға
мүмкіндік беретін әрекет деп қарастырады.
Ауқымды әрі тереңдетілген өзіндік жұмыс бос ауқытты үнемді пайдалануға бейімдейді.
Студенттердің өзіндік жұмысы оқу іс-әрекетінің дұрыс ұйымдастырылғанын, яғни мақсаттың дұрыс
қойылғанын көрсетеді. Оқытушының ұйымдастыруымен жасалынған өзіндік жұмыс пән бойынша оқу
материалын меңгеру мен жаңа оқу тапсырмаларын шешуге деген талпынысты құрайды.
Өзіндік жұмыс ─ үй жұмысы, тапсырмасы түсінігінен гөрі кеңірек ұғым (түсінік), яғни келесі
сабаққа дайындық ретіндегі тапсырмаларының орындалуы.
Студенттердің өзіндік жұмысы ─ бұл оқу-танымдық іс-әрекетінің өздігінен білім алудың
жоғарғы, спецификалық формасы (түрі) ретінде қарастырылады.
Студенттің өзіндік жұмысы ─ бұл оның өзіне ыңғайлы және рационалды уақытта танымдық
қызығушылықтары мен мақсат бағыттарын белсенді дербес ұйымдастырған жұмысы. Студенттің
өзіндік жұмысының нәтижелері оқытушымен бақыланады.
Өзіндік жұмыстарды аудиториялық және аудиториядан тыс деп бөлуге болады.
Негізгі аудиториялық жұмыстар түрлеріне А.К.Буряк бақылау, эксперимент, кітаппен жұмыс,
тапсырмаларды орындауды жатқызады.
Студенттерді өзіндік жұмысқа қалыптастыру мен бағыттау, уақытты рационалды пайдалану, оқу
материалын дұрыс қолдану, тез оқу, түрлі іс-әрекеттер жоспарларын құру, дұрыс конспекттер жасау
тәсілдерін үйрету педагогтардың басты мақсаты әрі мәселелері болып табылады.
Студенттерді өзіндік жұмыстарға қалыптастыруда оқу жұмысының тәсілдері де өте пайдалы.
Олар:
сөйлемді қайта өңдеу, оқу материалын кеңейту және ондағы маңызды идеяларды бөліп
көрсету принциптерін,
заңдылықтарын, білімгерлердің өз бетінше тапсырма ретін құрау тәсілдері.
оқу мәдениеті (синтагмалы, динамикалы оқу) және тыңдау мәдениеті, қысқа әрі рационалды
жазу тәсілдері (жоспарлар, тезистер, конспектілер, аннотациялар т.б.), толық есте сақтау тәсілдері (оқу
материалының құрылымын меңгеру, бейнелік және есту естеріне сүйене отырып мнемотехникалық
тәсілдерді пайдалану).
білімгерлердің өзін бақылау, басқару түрлеріне сүйене отырып есті шоғырландыру тәсілі.
емтихан, семинар т.б. дайындық кезінде қосымша ақпарат алу тәсілдері.
еңбек пен демалысты кезектестіріп, уақытты рационалды пайдалану тәсілдері.
Студенттердің ақыл-ой дербестігіне де ерекше көңіл бөлуге қажет. Бұл практикалық сабақтарда
диалог құру жағдайларында қабілеттерінен байқалмақ. Көптеген авторлардың пайымдауынша монолог
сабақтың 80%-н құрайды екен. Біз студенттерді кез-келген мәселені байқап, нәтижесін өз түсінігі
бойынша, өз тілінде қарастыра алатын дәрежеде болса дейміз. Осы мақсатпен оқытушылар
студенттердің өзіндік жұмыстары оқу-танымдық жағынан ауқымды, тереңдетілген болуы үшін
тапсырмаларды дайындауы қажет. Тапсырмалар барлық талаптарға сай ─ олар студенттерге түсінікті,
қол жетерлік, орындау алгоритмін және маңызды элементтерді қамти отырып, оқытушы шешілу және
орындалу барысын бақылап отыруы керек.
Студенттердің өзіндік жұмыс жасау процесінде табиғи және заңды белестері пайда болады,
әдетте бұл әлсіз білім мен логикалық операциялардың баяу болу кесірінен пайда болатын белестер. Бұл
белестерді алдын ала байқап диагностика жасау қажет.
Мысал ретінде өздеріміздің жоғары оқу орындарындағы өзіндік жұмыстардың түрлері мен
жалпы ұйымдастырылуын келтіруге болады. Оқытушылар өзіндік жұмыстар үшін келесі
тапсырмаларды қолданып қарастырады: рефераттар, үй жұмысы түріндегі өзіндік жұмыстар, квиздер
2
(бақылау жұмысы), эсселер орындау, тапсырмалар мен ситуацияларды психологиялық және
педагогикалық жақтарын қарастыра отырып шешу,
кейс құрастыру, презентацияларды даярлау т.б.
Төменгі курс студенттеріне рефераттар, баяндамалар, сөзжұмбақтар (кросвордтар) құрастыру
жоспарланса, жоғары курс білімгерлеріне эссе, кейс, ғылыми жобалар, презентациялар жоспарланады.
Оқу, іздену іс-әрекеттерін студенттердің өздері ұйымдастыруы өте маңызды, бұл оқу-танымдық
талпыныстарын күшейте түспек (сонымен қатар студенттердің сабаққа келіп кетуін оқытушылар
байқап тұрулары керек).
Студенттердің өзіндік жұмыстарының нәтижелілігі әсіресе кредиттік жүйе бойынша оқытуда
жақсы байқалады. Студенттердің барлық тақырыптарға, өзекті мәселелерге шығармашылық ізденуі
мен белсенділігін танытқандарын көрсетеді.
Сонымен, өзіндік жұмыстар бағдарламасы өз құрамында мынадай талаптарды құрауы қажет:
студенттердің
өзіндік
оқу-танымдық
жұмыстарының
ауқымды,
тереңдетілгенін
диагностикалауы;
физиологиялық, тұлғалық, интеллектуалдық мумкіншіліктері көбіне оқу орнынан тыс жерде
байқалуы;
өзіндік
жұмыс
оқу-танымдық
қажеттіліктерді
және
ізденулерді
жалғастыруды
қанағаттандыруы;
объектіні, зерттеу тематикасын немесе тақырыбын таңдауда еркіндігі, дербестігі;
ұзақ немесе жақынаралық бағдарламаның нақты жоспарын құрып, өңдеуі;
өзін-өзі бақылаудың формасы мен уақытын белгілеуі.
Негізгі педагогикалық ұғымдар мен анықтамалардың мәнін түсіну;
Оқу танымдық іс-әрекетінде алған білімдерін пайдалана білу.
Тәжірибилік өмір тіршілігіне педагогикалық, психологиялық ұғымдарды әлеуметтік орнына
сәйкес қолдану;
Өзіндік жұмыстар орындау барысында студенттердің креативті ойлау қабілеттері дамып, өз
пікірлерін, қөз-карастарын аргументтеп дәлелдеуге, белсенділікке, және де үнемі өздігінен дамуға
мүмкіншіліктері де өте зор болады.
Оқытушы мен студенттің өздік жұмыстары барысы бүгінгі күнге дейін әрбір пәннің мазмұнына
сәйкес реферат жазу, бақылау жұмысы, сондай–ақ, белгілі ұсынылған тақырыпқа байланысты конспект
жазу бағытында болып келеді. Бұл студенттердің өздігінен әрекет етуінде соншалықты белсенділік
туғызбады және көшірме іс-әрекетке бой алдыратындығы көрініс берді. Осыған орай, кредиттік жүйеге
көшуге байланысты студенттердің оқытушымен өздік жұмысын және өздігінен дербес әрекет етуге
қызығушылығын арттыру үшін, педагог өткізілетін пәннің мазмұны негізінде модель құруы қажет.
Студенттердің дара қабілеттілігі мен мүмкіндіктерін ескере отырып, өзара келісіммен ұсынылған
моделді жүзеге асырудың жоспарын жасап және оның тиімді жолдарын айқындап алу керек.
Өзіндік жұмыстарды жүзеге асырудың кезеңдері:
1-кезең. Осы тақырыпты немесе белгіленген мазмұнды игеру мотиві. Өздігінен ойлану,
ізденіс, өздігінен саналы түрде дербес әрекет етуге бетбұрыс жасау. Негізгі тірек түсініктерді
айқындап, теориялық тұрғыдағы педагогикалық, психологиялық, әдістемелік еңбектерді жинақтау.
2-кезең. Ой қозғау, ойлану, ой операцияларын дамыту, оны іске асырудың жолдарын
қарастыру. Әдебиеттерге талдау жасай білуге жаттықтыру, қысқаша аннотациялау, ойды жүйелеп
конспектілеу, дерек көздеріндегі мәліметтерді жинақтау, қорыту. Теориялық алған білімдерін
тәжірибеде жүзеге асыру жолдарын қарастыру. Өздігіген іздену нәтижесінде шығармашылық
мүмкіндіктерін аша түсу, өз ойын жазбаша қағаз бетіне түсіре білуге дағдылану және ауызша айтып
жеткізе білуге үйрену.
3-кезең. Ой қорыту. Жұмысты жүйелі жүргізіп, белгілі нәтижеге қол жеткізуге бағыттау.
Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, материалдың мазмұнын ашып, мәнін түсінуге жетелеу.
Өздік жұмыстарға ұсынылатын тақырыптар тартымды, әрі өткен материалдарды тиянақтап
бекітуге, мазмұнды кеңейтуге бағытталғаны тиімді болмақ. Студенттердің өзіндік жумыстары
нәтижелі болуы, тапсырмаларды жүйелі жәнеде кешенді түрінде берілінуіне байланысты.
Сонымен, қорыта келе, біздің айтқымыз келгені студенттердің өзіндік ізденіс жұмыстары,
қабылдаған білімдерін тереңдете отырып бекітеді және де болашақ іс-әрекетіне шығармашылық
тұрғыдан кірісуге мүмкіншілік береді.
Студенттердің өзіндік жұмысы толық контекстіде өздігінен білім алуын, мақсат қоюының
жоғарғы формалары болып отыра, оның оқу процесінің белсенді қатысушы екенін көрсету керек.
Әдебиеттер
1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000
2. Әбиев Ж., Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика. Дарын-2004