Тұлғаның эмоционалдық аймағын зерттеу мәселелері


В.А. Петровский жеке адамның эмоционалды дамуының екі аспектісін бөліп көрсетеді [13]



жүктеу 79,41 Kb.
бет5/9
Дата16.09.2022
өлшемі79,41 Kb.
#39276
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Тұлғаның эмоционалдық аймағын зерттеу мәселелері

В.А. Петровский жеке адамның эмоционалды дамуының екі аспектісін бөліп көрсетеді [13]:

  • эмоционалды күрделілікке адамның тартылуы;

  • өзге адамдармен эмоционалды бірлікті орнатуы.

Сонымен, мазасыздану дегеніміз – қиындық жағдайындағы әлеуметтік қажеттіліктер фрустрациясын бастан кешіру. Мазасыздануды бас миының қызмет етуімен байланыстыру негізінде мазасыздануды анықтауда психофизиологиялық бағалау әдісін қолдануға болатындығы айтылады. Жекелген мазасыздануды анықтауға арналған Спилбергер тестісін де атауға да болады. Мазасыздану басынан-ақ жеке адамның жағымсыз сипаты болып саналмайды. Әрбір адамда өзіне тән мазасыздану деңгейі бола- ды. Бұл – жеке адамның белсенділігінің шарты ретіндегі пайдалы мазасыздану. Ол мазасыздану өзін-өзі қайта құруға, өзін немесе ситуацияны өзгертуге дайындық сигналы ретіндегі мазасыздану болып табылады.
Мазасыздық адамда қозуды бәсеңдетуге мүмкіндік бермейтін, аяқталмаған ситуациялардың, шектелген белсенділіктің болуы салдарынан пайда болады. Осыған байланысты, мазасыздық индивидтің санасында сәтсіздікті, қауіпті болжаумен немесе белгісіздік жағдайында адам үшін маңызды, ауқымды нәрсені күтумен байланысты өте күшті ішкі азапқа салатын мазмұнсыз мазасыздану деп түсінілетін эмоциялық ахуал.
Мазасыздық қауіптену эмоциясының жақын болғанмен, дегенмен де оның қорқыныштан айырмасы жоқ. Қауіптенудің нақты әсерден көзі бар, шындағында да қауіпті болып бағаланған нақты бір нысанмен байланысты. Ал мазасыздықтың пайда болуына, нақты және анық себеп жоқ.
«Мазасыздану» термині нақты жағдайға тәуелсіз пайда болған әсерленулердің кең шеңберін анықтау үшін де жиі қолданылады. Мазасыздық пен мазасыздану түсініктерінің көп қырлылығы мен семантикалық анықсыздығы олардың психологиялық зеттеулерде түрлі мағынада қолданылуларының салдары болып табылады.
Әйтсе де мазасыздық та, мазсыздану да қорқыныштың алдында жүреді деп саналады, ол қауіп сезіліп және анықталғанда пайда болады.
Психологияда эмоциялық ахуал ретіндегі мазсыздануды (ситуациялық мазасыздану) және тұрақты сипат (тұлғалық мазасыздану) ретінде бөліп қарастырады.
Психологияда ситуациялық мазасыздану «эмоциялық реакция» ретінде анықталады, ол жайсыздықты алдын ала сезумен, қысымды, невроздылықты, мазасыздануды субъективтік түсінулермен сипатталады және вегативтік жүйке жүйесінің белсенділігімен қатар жүреді.
Субъектінің мазасыздыққа бейімділігін және оның ситуациялардың кең ауқымын қауіпті деп қабылдап, олардың әрқайсысына белгілі бір реакциямен жауап берумен байқалатын тұрақты индивидуалдық сипаттаманы тұлғалық мазасыздану деп түсінеміз.
Мазасызданудың белгілі бір деңгейі – белсенді әрекетшіл тұлғаның табиғи және міндетті ерекшелігі. Әрбір адамның өзіндік тиімді немесе қалаған мазасыздану деңгейі болады. Ол пайдалы мазасыздану деп аталады. Бұл қатынастағы адамның өз ахуалын бағалауы ол үшін өзін-өзі тәрбиелеудің маңызды компоненті болып табылады. Алайда егер аяқ астынан адамның өзі немесе айналасындағылар бәрі жалпы қалпында болғанымен, ал оның мазасызданудан арыла алмауы немесе әдетте оқиғаларға әсерленуі шектен тыс немесе бұрын мән бермейтінге назар аударып, мазасыздануы байқалса, онда бұл жағдайда ситуациялық мазасызданудың дезадаптивті сипат алғаны жөнінде айтуға болады.
Мазасыздануды зерттеуге арналған көптеген жұмыстарда қалыпты және паталогиялық мазасыздану деп екіге бөлінеді. Қалыпты және паталогиялық деп бөлу оның көптеген аспектілері мен түрлерін бөліп көрсетуге алып келеді: қалыпты, ситуативті, невротикалық, психологиялық және т.б. Дегенмен көптеген авторлар мазасыздануды, оның көріністері, адекваттық емес қарқындылықпен үлкейсе, паталогиялық сипат алуы мүмкін, маңызы бойынша біртұтас құбылыс деп бағалайды.
Алайда мазасызданудың кейбір физиологиялық көрсеткіштермен өзара байланысын қарастырғанда, мазасыздану – ол субъективтік құбылыс екендігін, оның көріну деңгейі мен сипаты индивидтің тұлғалық еркешеліктеріне тәуелділігін ескеру қажет. Мазасыздануы жоғары категорияға жататын тұлғалар, өзіндік бағалауына және өмірлік іс-әрекетіне төнген қауіпті ситуациялардың кең диапазонында қабылдауға және мазасызданудың қысымы анық байқалған ахуалмен жауап беруге бейім.
Тұлғалық қобалжу қорқыныш, үреймен де байланысты. Осының негізінде туатын ұялшақтықтың нақты анықтамасы жоқ. Себебі оны адамдар өз тілінде әртүрлі түсінеді. Ұялшақтық – бұл тұтас күрделі жағдай, ол әр түрлі формаларда көрінеді. Бұл жеңіл дискомфорт, түсіндіруге келмейтін қорқыныш, тіпті, терең невроз. Ұялшақтық көбінесе мектеп оқушыларының арасында кеңінен таралған. Бірақ оған тек балалар ғана бейім деп түсіну қате. Ересектердің белгілі бір бөлігінде ұялшақтықтан зардап шегетін, өзінің өмір бойында одан құтыла алмайды.
Адамдағы ішкі және сыртқы ұялшақтық түрлерін ажыратуға болады. Сыртқы ұялшақ адамдар аз қарым-қатынасқа түседі, оларға әлеуметтік дағды жетіспейді. Бұл олардың басқа адамдармен қарым-қатынасына ықпал етеді, адамның іштей тұйықталуына әкеліп соқтырады. Сырттай ұялшақ адамдар көбінесе қоғамда төменгі сатыда орын алады. Ұялшақтық эмоционалдық қарымқатынаста туындайды.Эмоционалдық жағдайда жеке тұлғаның эмоцияға, басқалардың пікір, ісәрекетіне сезімтал болуы. Ұялшақтықтың пайда болуының ең көп тараған объектісі – ол өзіндік жекелік, дене, махаббат, жұмыс, тұлғааралық тығыз қарым-қатынас немесе адамның өмірінде ең маңызды қысқа қатынас. Ұялшақтықтың күш түсуімен және аңғалдықпен көрінуінде ортақ ұқсастықтар бар. Сондықтан олар бір топқа бірігіп, әрекеттің эмоционалдық бұзылуы деп аталады. Әрекеттің эмоционалдық бұзылуы психомоторлық, интеллектуалдық, вегетативтік аймақта айқын байқалады. Бұл аймақтардың бұзылуы ұялшақтық көрінуінің негізгі үш типін анықтайды:

  • Адамның сыртқы тәртібі;

  • Физиологиялық қалыптасуы;

  • Ішкі түйсінуі және интеллектуалдық функциялардың жарақаттануы.

Эмоциялық ахуалдың біріне агрессия жатады. Агрессивтіліктің психологиялық тетіктерін зерттеудің негізін қалаған З. Фрейд болып табылады. Ол агрессивтілікті адамзат табиғатының бөлінбес бөлшегі деп атап көрсетті. Жинақталған агрессивті энергия агрессиялық жану арқылы бәсеңдеп отыруы керек деген психоаналитикалық талдау жасайды.
Қазіргітаңдағылымизерттеулердеагрессивті мінез-құлыққа бейімділікті көрсететін, тұлғаның тұрақты сипаты ретіндегі агрессия түсінігін мінез-құлық формасы ретіндегі агрессиядан ажыратады.
Қ. Жарықпаев, О. Сангилбаев «Жантану атауларының түсіндірме сөздігінде» агрессияға мынадай анықтама береді [14]:

жүктеу 79,41 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау