Тыныс органдарын қорғау құралдарына противогаздар, респираторлар және қарапайым қорғау құралдары жатады. Противогаздар изоляциялық және фильтрлік болып бөлініп, азаматтық, жалпы әскерлік және балаларға арналған түрлерден тұрады. Изоляциялық противогаздар адамдарды ауа құрамындағы зиянды заттардан қорғаса, ал филтрлік противогаздар ауадағы әр түрлі зиянды қоспалардан фильтр арқылы тазалап қорғайды. Фильтрлік противогаздардың ГП-5, ГП-7(азаматтық), РШ-4, ПМГ-2 (жалпвәскерлік), ДП-6, ДП-6М, ПДФ-Ш (балаларға арналған) және т.б. маркалары пайдалануда. Изоляциялық противогаздардың ИП-4, ИП-5, КИП-5, КИП-7 және т.б. маркалары бар. Респераторлар тыныс алу логагын радиоактивті шаңдардан қорғайды. Мата және маталы-дәке таңбалар да тыныс алу жүйесін радиоактивті шаңдардан, бактериялық заттардан қорғайды (4-сурет).
Теріні қорғайтын құралдар қорғау және қорғауға икемднлген күнделікті пайдаланатын киімдерден тұрады. Қорғау киімдері изоляциялық (жалпы әскелік қорғаныс комплекті, жеңіл бөлуші костюм Л-1 және т.б.) және фильтрлік (қорғаныс фильтрлі киім ЗФО-52 және т.б.) болып бөлінеді. Егер қарапайым киімдерге сабындымайлы эмульсияны сіңірсе, оны қорғаныс құралдары ретінде пайдалануға болады. Медициналық қорғаныс құралдары
Медициналық қорғаныс құрардары радиоқорғаныс құралдарынан, антидоттардан, бактерияға қарсы құралдардан және жартылай санитарлық тазалау құралдарынан тұрады. Радиоқорғаныс құралдары бұл адам организмін радиоактивті заттарға қарсы төтеп беру мүмкіншіліктерін арттыратын препараттар. Антидоттар деп улы заттарды адам организмінен жоюға арналған препараттарлы айтады. Антибактериялдық құралдарды биологиялық қауіпте пайдаланады. Жартылай санитарлық тазалау құралдарына ИПП-8 пакеті, АИ-2 жеке аптечкалары жатады.
Жеке химиялық пакет дененің ашық бөліктеріне және киімге түскен тамшы – сұйық улы заттарды залалсыздандыру үшін қолданады.
Комплектегі бұранды қақпаға жеке дегазды ертіндісі бар флакон және 4 мақталы-дәкелі тампондар кіреді.
Тамшы сұйық улы заттар дененің ашық бөліктеріне және киімге түскенде тампондарды флакондағы сұйыққа малып, ластанған дене бөліктерін және киімді сүртеді. Егер жеке химиялық пакет болмаса, тампон ретінде кәдімгі мақта мендәкені қолдануға, ал дегазды ертіндіні қолдан дайындауға болады. Бірдей мөлшердегі 3% тотыққан сутегі ертіндісі мен 3% сілтіті натрий ертіндісінің қоспасын немесе 3% тотыққан сутегі ертіндісі мен 150 г. конторлық силикатты желімнің қоспасын қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |