Тіреу және қоршау конструкцияларын



жүктеу 48,5 Kb.
Дата25.05.2018
өлшемі48,5 Kb.
#17673

«Тіреу және қоршау конструкцияларын,

инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет төлқұжаты



Мемлекеттік орган

Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы бөлімдері

Қызметті алушылар

Жеке және заңды тұлғалар

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз түрінде

Қызметті ұсыну орны (осы қызмет көрсетілетін қызметті ұсыну орындарын таңдау)

Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы бөлімдері;

шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы.



Қызметтің құны

тегін

Қызметті көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні;

ХҚКО-ға өтініш білдірген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты– 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің ең көп рұқсат берілген уақыты– 15 (он бес) минут.



Қажетті құжаттардың тізбесі

Көрсетілетін қызметтi алушы (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметтi берушіге немесе ХҚКО-ға өтініш берген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);

объектінің меншік иесінің (тең меншік иелерінің) белгіленген өзгеріс пен оның параметрлеріне жазбаша келісімі;

егер үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үйдің бөліктерімен) көршілес басқа үй-жайлар (үйдің бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі;

егер үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру бір қабат жоғары (төмен) орналасқан өзгертілетін үй-жайлармен (үйдің бөліктерімен) көршілес басқа үй-жайлар (үйдің бөліктері) адамның өмір сүру және тіршілік ету ортасына зиянды әсер ету көзі болып табылатын халықтың тіршілік етуінің санитарлық-гигиеналық жағдайларын төмендететін болса, меншік иелерінің нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі;

өзгертілетін үй-жайға өтініш иесінің меншік иесінің техникалық паспортының көшірмесі (тұпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады);

болжанған өзгерістер жоспарына сәйкес эскиздер (эскиздік жобалар) қоса беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды сұратып алуға жол берілмейді.

Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген меншік құқығын растайтын құжатты көрсетілетін қызметті беруші және ХҚКО-ның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңдарында өзге көзделмесе, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

Өтініштің қабылдануын:

көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған кезде оның көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған уақыты мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі туралы белгі қою;

ХҚКО-ға - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхаты болып табылды;

ХҚКО-да дайын құжаттарды беру жеке куәлікті (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) ұсыну кезінде, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

ХҚКО бір ай бойы нәтиженің сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды қызмет берушіге әрі қарай сақтау үшін тапсырады. Бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде ХҚКО сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жіберу үшін ХҚКО-ға дайын құжаттарды жібереді.



Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚКО құжаттарды қабылдаудан бас тартады. ХҚКО қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес қолхат береді.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) көрсетілетін қызметті берушінің шешімі.

Нормативтік құқықтық актілер

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығымен бекітілген «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.

жүктеу 48,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау