Типовая форма



жүктеу 78,76 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі78,76 Kb.
#12965
түріКонкурс


Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты

2016ж. 09 желтоқсан

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына жалпы конкурс жариялайды:

1. Жалпы бөлімнің қызметтік корреспонденцияларды өңдеу жөніндегі сектордың жетекші маманы. Әкімшілік мемлекеттік қызметкер санаты - D-5. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 83 282 теңгеден 112 430 теңгеге дейін.

Негізгі функциялық міндеттері:

«Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар кіріс және шығыс құжаттарын тіркейді; «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттардың орындалуына бақылау жүргізеді; «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттардың дұрыс рәсімделуін қадағалайды; орындалған және рәсімделген құжаттарды мекенжайы бойынша немесе істер номенклатурасының сәйкес ісіне жөнелтеді; іс жүргізуі аяқталған істерді ведомстволық мұрағатқа тапсырады; «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттар мен басылымдарды Т 2 кәртішкелік нысанда мәліметтер базасы түрінде электрондық форматта есепке алуды жүргізеді; «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттарды, істерді және басылымдарды фельдъегер байланысымен, бір елді мекен шеңберінде –курьерлермен, басқа ұйымдарға одан әрі жөнелтуді іске асырады; компьютерлік базаға Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің қарарын енгізеді; құрылымдық бөлімшелердің ұсынысы негізінде облыс әкімі аппаратының істер номенклатурасы жобасын дайындайды.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

- білімі жоғары: «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, қаржы, есеп және аудит), немесе «құқық», немесе «гуманитарлық ғылымдар», немесе «білім» бейіндері бойынша.

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі «қызмет көрсету, экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), аударма ісі (түрлері бойынша)) немесе «құқық», немесе «білім» бейіндері бойынша рұқсат етіледі.

2. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің жетекші маманы (негізгі қызметшінің еңбекақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне). Әкімшілік мемлекеттік қызметкер санаты - D-5. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 83 282 теңгеден 112 430 теңгеге дейін.



Негізгі функциялық міндеттері:

Аппарат басшылығына қалыпты жұмыс режимін туғызу жөніндегі қызметтер, шұғыл тапсырмаларды орындау. Облыс басшылығының қызметін ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету. Фотоға түсіруді және видежазбаларды ұйымдастыру және өткізу. Фото - және видемұрағат құру және жүргізу. Басшылықтың тапсырысы бойынша облыс әкімі аппаратының басқа құрылымдық бөлімшелерімен, облыстық атқарушы органдармен және қала, аудан әкімдіктерімен өзара іс-қимыл жасау. Аппарат басшылығының тапсырмасы бойынша мерзімдік баспасөзден тақырыптық ақпараттық-анықтамалық материалдар таңдау. Оргтехникамен және фотоаппаратуралармен жұмыс және оған қызмет көрсету.

Облыс әкімін ақпараттық қамтамасыз ету, оның көпшілік алдындағы сөйлеулері үшін материалдар таңдау және әдеби өңдеу. Түрлі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесулерді қамтамасыз ету, оларда өңір туралы жарияланған материалдарды шолу және талдау. Жергілікті атқарушы органдардың, облыс әкімінің бағалауын ескере отырып, облыс әкімінің қатысуымен өтікізілетін облыстық іс-шараларын жарыққа шығару. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті проблемалары бойынша журналистермен брифингтер және кездесулер ұйымдастыру. Қала және аудандар әкімдерін тарта отырып, облыс өңірі бойынша шолу материалдарын, әкімдіктің отырыстары мен кеңестерінен, штабтардан, облыс әкімі жанындағы комиссиядан репортаждар дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

- білімі жоғары: «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (журналистика, өңіртану), немесе «құқық», немесе «гуманитарлық ғылымдар», немесе «техникалық ғылымдар және технология» (құрылыс) бейіндері бойынша.

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі «құқық», немесе «қызмет көрсету, экономика және басқару» (аударма iсі (түрлері бойынша), немесе «құрылыс және коммуналдық шаруашылық» (техник-құрылысшы) бейіндері бойынша рұқсат етіледі.

Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.

Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.



Қажетті құжат тізбесі:

  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

  3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  7. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  8. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді тестілеуден өткізу бағдарламалары:

B-5, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттары үшін:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге тест (20 сұрақ) ұзақтығы 20 минут;

Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы»Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарын(15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) білуге арналған тестілер.

Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (120 сұрақ) кем дегенде 72 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутті құрайды.

«Б» корпусының лауазымына үміткерлердың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеуден өткізу бағдарламалары:

екінші бағдарлама B-5, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2,
C-R-3, C-R-4, C-R-5, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-4, E-5, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-R-4, E-R-5, E-G-1, E-G-2, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер;

Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.

Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күніннен кешіктерілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан   мемлекеттік органда әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 30- тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.



Жалпы конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органының интернет-ресурстарында орналастырылған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде 150011, Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, 122-кабинет. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты мекенжайы бойынша немесе akimat@sko.kz электрондық поштасы бойынша, немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы ұсынылуы тиіс.

Анықтама телефоны: 46-50-79.
жүктеу 78,76 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау