БӨЛМЕНІ АҒЫМДЫ ЖИНАСТЫРУ
Іс- әрекеттер:
1.Орамалды тағып, халатты, алжапқышты, резеңке қолғапты киіңіз.
2.Зарарсыздандыру ерітінділерінің бірін әзірлеңіз.
3.Бөлмеге ылғалды жинастыру жүргізіңіз: таза шүберекті ерітінділердің біріне малып жиһаздарды, терезе алдын сүртіңіз. Еденді мынадай тәртіппен жуу қажет: қабырғалардан ортаға, сонан соң төрден сыртқа қарай.
4.Ылғалды жинастырудан соң бактериоцидтік шамды 30 минутқа қосыңыз.
5.Жинастыру құралдарын зарарсыздандыру қажет: еден жуатын шүберек пен қабырға сүртетін шүберекті зарарсыздандыру ерітіндісіне 1 сағатқа бөлек –бөлек салып, сонан соң оларды суда шайып, кептіру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |