Ауыз күтімі: жуу, шаю қолданған құралдарды өңдеу
Ауыз қуысын, тісін, тіс протездерін күту, тісті тазарту.
Әр адамға ауыз қуысы күтімінің карапайым ережелерін сақтаған жөн: әрбір тамақ ішкеннен кейін ауыз қуысын сумен шаю, түнде және таңертең тісті тазалау, өйткені түні бойы ауыздың шырышты қабығы мен тістер эпителий клеткаларынан, шырыштан және микроағзадардан тұратын жұмсақ жұқа қабатпен жабылады. Қатты тағамдарды шайнағанда және тамақты жұтқанда ауыз қуысы өздігінен тазартылып отырады. Науқастарда жұқа қабатпен жабылу күшеюі мүмкін, өйткені ауыздың шырышты қабығы арқылы зат алмасу бұзылуның өнімдері шығарыла бастайды: бүйрек жетіспеушілігі кезінде азотты заттар, қант диабетінде -қант, сынап - сынапты улануда және т.б. Бұл заттар шырышты қабатты ластайды және микроағзалардың қарқынды дамуына әкеледі. Сондықтан ауыр науқастардың ауыз қуысынын күтімі өте мұқият, мейірбикемен жүргізілуі қажет.
Ауызды шаю. Әрбір тамақ ішкеннен соң науқасқа аузын шаю үшін натрий гидрокарбонатының 2% ерітіндісі (сода) немесе натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісі (физиологиялық ерітінді) беріледі. Содан кейін тілді сүртеді. Бұл үшін тілдің ұшын стерильді дәке сальфеткасымен орап, сыртқа шығарып және сол қолмен ұстап тұру керек, ал оң қолдағы пинцетке қыстырылған дымқыл домалақтанған мақтамен тілдің үстіндегі жұқа қабатты алып, тілді сүртеді .
Ауыз қуысын жуу шприцтің, резеңке баллонның, резеңке тутігі және шыны ұшы бар Эсмарх кружкасының көмегімен жүргізіледі. Әлсіз ерітінділер: 2% натрий гидрокарбонаты, 0,9% натрий хлориді, калий перманганаты (1:1000) жэне т.б. Науқасты отырғызады немесе сұйыктық тыныс жолдарына ақпауы үшін басын алдыға сәл еңкейтіп жартылай отырғызады. Мойын мен кеудені клеенкамен жабады, ал иек астына шылапшын немесе шағын леген ыдыс ұстатады, Төсектік тәртіптегі науқастың басын бір жаққа бұру керек. Ауыз ұртын шпательмен тартып, аздаған қысымды су ағынымен алдымен ауыздың кіре берісін, содан кейін ауыз қуысы жуылады. Егер ауыр науқаста алынатын тістер, протез болса, онда ауыз жуар алдында оларды алып, мұқият жуып, кұрғатып сүрту қажет. Протездерді суға салып сақтауға болмайды, өйткені дымқыл ортада протездің бетіндегі микробтар жақсы сақталады. Егер науқастың протез тісі болса, оны түнде шешіп, жуып, таза стаканда сақтау қажеттігін түсіндіріңіз. Аузынан иіс шығатын болса, ауыз қуысын 2% гидрокарбанат натрий немесе әлсіз перманганат калий ерітіндісімен шаю керек.
Ауыз қуысының кілегей қабатын дәрімен емдеу дегеніміз аппликация немесе дәрімен жуу. Аппликация ауыздың кілегей қабығына қандай да бір дезинфекциялайтын ерітіндіге малынған зарарсызданған дәке салфеткаларын 3-5 минут салып ұстау. Бұл процедура күніне бірнеше рет қайталанады. Аппликацияны ауырғанын жеңілдететін дәрілермен де жасауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |