Хабардар ету жүйесіне қойылатын талаптар
79. Объектiдегі және оның аумағындағы персонал мен келушілерді төтенше жағдайлар (авария, өрт, табиғи зiлзала, шабуыл жасау, террористiк акт) және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар кезінде жедел хабардар ету үшiн хабардар ету жүйесi құрылады.
80. Объектіде мыналарды:
1) лауазымдық міндеттерінде штаттан тыс жағдайлардың алдын алу немесе олардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларға қатысуы көзделген қызметкерлерді шақыру схемасын;
2) штаттан тыс жағдайлар кезінде қызметкерлердің іс-қимылдарын регламенттейтін нұсқаулықтарды;
3) эвакуациялау жоспарларын;
4) хабардар ету сигналдарының жүйесін қамтитын хабардар ету жоспары әзірленуі тиіс.
81. Хабардар ету жүйесі мынадай талаптардың (сипаттамалардың) орындалуын:
1) ғимараттарға, үй-жайларға, адамдар тұрақты түрде немесе уақытша болатын объекті аумағындағы учаскелерде дыбыстық және (немесе) жарықтық сигналдар беруді;
2) қауіптілік сипаты, эвакуациялау қажеттілігі мен жолдары, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да іс-қимылдар туралы сөйлеу ақпаратын трансляциялауды;
Ё3) «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес хабардар ету сигналдарын қамтамасыз етуі тиіс.
82. Хабардар ету жүйесі бойынша адамдарды эвакуациялау:
1) авариялық және күзеттік жарықтандыруды қосумен;
2) эвакуациялық процесті қиындататын (өтетін жерлерде, тамбурларда, баспалдақ алаңдарында және басқа жерлерде адамдардың топталуы) дүрбелеңнің және басқа да көріністердің алдын алуға бағытталған арнайы әзірленген мәтіндерді берумен;
3) эвакуациялау бағыттары мен жолдардың жарық нұсқағыштарын қосумен;
4) қосымша эвакуациялық шығу есіктерін (мысалы, электр магниттік құлыптармен жабдықталған)қашықтан ашумен сүйемелденуі тиіс.
83. Хабардар ету жүйелерінің коммуникацияларын объектінің радиотрансляциялау желісімен біріктіріп жобалауға жол беріледі.
р/с
Ісшаралар атауы
мерзімі
жауаптылар
Ұйымдастырушылық ісшаралар
1
«Терроризмге қарсы күрес » ҚР Заңымен таныстыру
қыркүйек
Ж.Е.Ракишев
Әкімшілік
2
Мектеп сайтында «Терроризмге және экстремизмге қарсы күрес» рубрикасын ашу
қыркүйек
Б.А.Алтынбаева
А.Д.Бертаева
3
«Сенім телефоны» жұмысын қалыптастыру, стенд безендіру
қыркүйек
ТЖО, психолог, әлеуметтік педагог
Терроризмге қарсы күрес ісшаралары
1
Мектептің қызметкерлерімен оқу-жаттықтыру сабақтарын өткізу
қыркүйек
қаңтар
мамыр
А.М.Ермекова
ТЖ маманы
М.М.Какежанов
2
Мектептің вахта және тех.қызметкерлерімен қауіпсіздік жұмыстарын өткізу және журнал жүргізу.
Жыл бойы
А.М.Ермекова
3
Оқушылар мен ата-аналар арасында түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру
тоқсан сайын
ТЖ орынбасарлары
1-11 сынып жетекшілері
4
Сәтсіз отбасылардың үйлеріне рейд жүргізу
кесте бойынша
Т.М.Есболов
А.С.Жаймина
сынып жетекшілері
5
Жазғы мектеп жұмысы кезіндегі тәрбиешілер мен қызметкерлерге және лагерь балаларына қауіпсіздік нұсқаулығын өткізу
мамыр-шілде
Г.М.Кожахметова
Лагерь басшылары Лагерь тәрбиешілері
Оқушылармен өткізілетін ісшаралар
1
Терроризмге байланысты әдебиеттердің кітапхана қорында болмауын тексеру
қыркүйек
Әкімшілік
Т.А.Сламбекова
2
Әскери-патриоттық айлық өткізу
наурыз
М.М.Какежанов
Г.Ш.Миртемиров
Е.М.Капашев
3
Діни экстремизмге қарсы күреске байланысты сауалнама жүргізу
Сәуір
Мектеп психологы
5-11с/жетекшілер
4
Сәтсіз отбасынан шыққан оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруын қадағалау
жыл бойы
0-11сынып жетекшілер
5
Ұлтаралық татулықты насихаттайтын ісшаралар өткізу
жыл бойы
К.М.Абдигалиева
1-11сынып жетекшілер
6
«Стресті жеңу жолдары» тренинг өткізу
қазан қаңтар сәуір
9-10 сынып жетекшілері
Ә.Сүлеймен
7
«Терроризм мен экстремизмнің қоғамға қатері» тақырыбында диспут өткізу
ақпан
8-10 сынып оқушылары Ж.Е.Ракишев
Ж.О.Аукенова
8
Құқықтық – акпараттық тақырыптарға сынып ата-аналар жиналыстарын ұйымдастырып өткізу
кесте бойынша
Тәрбие орынбасарлары
0-11сынып жетекшілері
9
«Жас Отан» жастар қозғалысының маманымен кездесу өткізу
кесте бойынша
Г.Д.Каршыгина
Ісшараларды ақпараттық қолдау
1
Төтенше жағдай басқармасының оқушыларға арналған бүктемелерін тарату
кесте бойынша
Төтенше жағдайлар басқарма мамандары
1-11сынып жетекшілері
2
БАҚ-та ісшаралар қорытындысын жариялау, сайтқа орналастыру
жыл бойы
Тәрбие орынбасарлары
1-11с/жетекшілері
Сонымен қатар, мектебіміздің екінші қабатының қабырғасына "Терроризмге жол жоқ!" атты ақпараттық бұрыш ұйымдастырылып, ілінді.
Достарыңызбен бөлісу: |