Тексерген: Мандыкаева А. Р



жүктеу 22,06 Kb.
Дата19.01.2022
өлшемі22,06 Kb.
#33404
Кәсіби денсаулықты сақтау


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

Экономика факультеті Туризм кафедрасы

БӨЖ


Тақырыбы: Кейс “Кәсіби денсаулықты сақтау”

Орындаған:Сағынбай Э.С.

Тобы:Туризм-13

Тексерген:Мандыкаева А.Р.

Нұр-Сұлтан қаласы,2020 жыл

Денсаулықты сақтау мен нығайтуға жасалатын әрбір қадам — қоғамның басты капиталы адамдардың қалыпты да, ұзақ өмір сүруінің негізі. Әсіресе науқастарға денсаулық сақтаудың емдеу, алдын-алу жүйесінде психологиялық-әлеуметтік қолдау көрсету – дамыған мемлекеттер тәжірибесінен белгілі, сауығу мерзімін арттырудың алғышарттары саналады.

Дамыған мемлекеттер тәжірибесінде бұл қызметті ұйымдастыру түрі аймақтық ерекшеліктеріне қарай өзіндік формаға ие.Айталық АҚШ, Британия және Канада мемлекеттерінің науқасты  психо- әлеуметтік  қолдау ісі — науқас стационардан шыққан кезеңнен бастап, отбасына оралудағы аралықта оның сұраныстарын толық қанағаттандыратын топпен арнайы жасақталған орында оңалту шараларын жүргізу негізінде  қалыптасса, Ресей Федерациясында бұл мәселе (Свердловск психиатриялық диспансерінде) медициналық-әлеуметтік қызметі мазмұнымен терең сабақтастырылған.

Елімізде психикалық проблемасы бар науқастардың тұлғалық және әлеуметтік құндылықтарын қалпына келтіру — медициналық жолмен оңалту ісіне екпін береді яғни, мұндай қадам, әлі де осы санат өкілдеріне психологиялық-әлеуметтік қолдау жүйесі қалыптаспағандығы, нәтижесінде емделушілердің тұлғалық қажеттіліктерінің қанағаттандырылмай жатқандығы аталмыш проблеманың кезек күттірмес міндет екендігін алға тартуда.

Сонымен, тақырыбымызға арқау болған психо-әлеуметтік қызмет дегеніміз қандай қызмет жүйесі, әлеуметтік маңызы қандай? Бұл қызмет құрамын қандай мамандар құрайды және негізгі жұмыс мазмұны немен белгіленеді?

Психо-әлеуметтік қызмет-(бұдан әрі қарай ПӘҚ) арнайы жасақталған топ мүшелерінің науқастың тұлғалық әлеуметтік құндылықтарын қайта қалпына келтіру, әлеуметтік-психологиялық сұраныстары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру және қоғамға бейімделуінде  көрсететін қолдауы. Дәлірек айтсақ, қызметте науқастың жойылған әлеуметтік дағдыларын қалпына келтіру; әлеуметтік жағдайдағы проблемаларымен жұмыс; кәсіби және еңбек дағдыларын қалыптастыру; отбасы, туған-туыстарымен байланысты қалпына келтіруге қолдау көрсету; жойылған құжаттарын тіктеу ісін жүргізу; мүгедектікке және зейнетке шығу кезеңінде әлеуметтік қолдау көрсету, сондай-ақ, еңбекке араласуға нақты бағыттар беру секілді сауалдар шеңберінде шаралар жүргізіледі. Аталмыш әлеуметтік мәселелерді шешуде науқас және оның отбасына психологиялық кәсіби қолдау көрсету-қызметтің басты міндеттері саналады.

Еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде психологиялық және әлеуметтік қызметті қалыптастырудың сабақтасқан жүйесі қалыптаспаған, әйтсе де, әрбір қызмет түрі өз шеңберінде жүзеге асырылып келеді.

Дамудың адекватты динамикасын қамтамасыз ету мен позитивті өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру арқылы патологиялық психикалық ауруларға икемділік танытуының алдын-алуға психологиялық дағды қалыптастыру – жұмыс бағдарламасының басты стратегиясы.

Психологиялық-әлеуметтік қызметтің топтық жүйесін қалыптастырудың алғышарты ретінде, 2009 жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында Астана қаласының «Психикалық денсаулық проблемаларының медициналық орталығы» мемлекеттік мекемесіндегі күндізгі стационар және №2, 3, 4, 5, 6 — шы бөлімшелерінде жалпы саны 105 емделушімен «Тиімді қарым-қатынасқа жол» психологиялық-әлеуметтік шара  жүргізілді.  Науқастарға жасалған алғашқы қадам олармен әлеуметтік оңалту картасы толтырылып, берілген жауаптарына қарай әлеуметтік-психологиялық мәселелері айқындалды.

Әлеуметтік-психологиялық шараға мына талаптар бойынша, яғни толғандыратын мәселелері ортақ, шизофрения диагнозы қойылған, адамдармен қарым-қатынаста  психологиялық проблемасы бар, 16 жастан жоғары 44 ер, 61 әйел жынысындағы науқастар қамтылды. Аталмыш көрсеткіштерден 51 — II, 6 — III — топтағы мүгедектер. Бағдарламада көзделген басты мақсат: емделушілердің отбасында жақын адамдармен қарым-қатынаста эмоциональдық өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру болатын.      Шараның гипотезасы егер де, тиімді қарым-қатынасқа жол психологиялық  шара толыққанды жүзеге асырылатын болса, онда емделушілердің өзін-өзі сезінуінің жақсаруы; отбасылық қарым-қатынасқа байланысты шағымдарының азаюы; шараға өз еркімен келіп қатысушылар санының артуы; белсенділіктерінің артуы; өзін-өзі бақылау ептіліктерінің қалыптасуы; туысқандары тарапынан жағымды пікірлердің туындауы және емделушінің тиімді қарым-қатынастың оның сауығуында басты рөл атқаратындығын аңғаруына мүмкіндік берумен белгіленді.

Респонденттер санатын жіті үйрену нәтижесі бойынша 33 емделуші әлеуметтік мәселелердің баспана, қаржылық жеткіліксіздік факторларын алға тартса, 72 емделуші ата-ана, жақын, көршілермен туған кикілжіңдер, қоршаған ортаға деген сенімсіздік, үрей секілді психологиялық проблемаларды  күн тәртібіне алып шықты.

«Тиімді қарым-қатынасқа жол» психологиялық-әлеуметтік бағдарлама мазмұны 10 дәрістен құралып, мынадай  III бөлімнен тұрады: «Өзін-өзі бақылау дегеніміз не?», «Психикалық денсаулыққа қарым-қатынастың тигізетін әсері» және «Отбасылық қарым-қатынаста эмоциональдық өзін-өзі бақылау жолдары».

Аталмыш бағдарлама негізінде психолог, әлеуметтік қызметкер және науқастың туыстарына арнайы ұсыныстар әзірленіп, ал шараға қамтылатын емделушілер үшін жұмыс дәптері әзірленді. Оның мазмұнында «Тиімді қарым-қатынасқа жол бағдарламасының мазмұны мен маңызы», «Тиімді қарым-қатынас дегеніміз не?», «Қарым-қатынасқа Сіздің мінез-құлқыңыз қалай әсер етеді?», «Сіздің және отбасыңыздың өзара қарым-қатынасы қалай?», «Қарым-қатынаста өз-өзіңізді басқара аласыз ба?», «Эмоцияны қалай басқаруға болады?», «Жағымсыз сезім билегенде, одан қалай арылуға болады?», «Жағымды эмоцияны қалай дамытуға болады?», «Отбасындағы тиімді қарым-қатынасты дамытудағы меншік стратегиям» және «Қарым-қатынаста өз-өзімді басқаруды қалыптастыру жоспарым» тақырыптарына екпін берілу оның ауру түрінің белгісімен байланысты.

Шараның арттерапияның әдіс-тәсілдерінің кешенді формасымен жүзеге асырылуының тиімділігін науқастардың оңалуына себепші болғанымен негіздеуге болады. Осы ретпен жүргізілген тренингінің сапасын бағалау байқау, сауалнама, сұрақ-жауап, жұмыс дәптерімен жұмыстың  деңгейін талдау және сезімдерін жазбаша сипаттау әдістері негізінде сарапталды.



Қорытындылай келгенде, мынадай түйінді ой алға тартылып отыр:

  1. Емделушілердің психо-әлеуметтік тақырыптық шараларға сұраныстары жоғары.

  2. Қазақ тілді емделушілер категориясымен психо-әлеуметтік шара жүргізілмеген. Орыс тілді топтарда мұндай шаралардың жүргізілгендігіне дәлелдер бар.

  3. Психолог, әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби біліктілігінің сапасын арттыру – кешіктіруге болмайтын мәселе.

  4. Орталықта емделушілерді психо-әлеуметтік тұрғыдан оңалту ісімен шұғылданатын арнайы штаб құрылуы  керек.

  5. Психо-әлеуметтік шараларды жүргізетін арнайы жабдықталған бөлмелердің ажыратылуы.

жүктеу 22,06 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау