Саяси мәдениет
– ел мәдениетінің
мәйегі. Көне дәуірлерден сұрыптала
келіп, қазақ халқының тұрмыс салтында
да саяси мәдениеттің өзіндік мазмұны
қалыптасқанын аңғарамыз. Гумилевтің
сөзімен айтсақ, бізге дала кеңістігіне
көлбей шөккен үстірт жоталар мен қиғаш
қырлардың темпераменті сәйкес келеді.
Бағзыдағы қазақ даналары «ханы терең
ойлайтын, қарашасы ханын қолдайтын ел
қара жерде кеме жүргізеді» деп айтып
кеткен. Хан мен қарашасы бір тұлға,
ханды
ұната
отырып,
қарашасын
қаралауға болмас, қарашасына қарсы
болсаң, ханның жауысың. Бұл хатқа
түспеген ұлы дала саясатының заңы,
аксиомасы.
Әлемді
шарлаған
жаһандану
процестері
Қазақстанды,
Қазақстанның
саяси,
әлеуметтік,
рухани
өмірін
айналып
өтпейтіні
белгілі
болды.
Қоғам
өмірінде
түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Осы тұрғыда мемлекет,
қоғам, елдегі түрлі саяси
күштер ел бірлігі, қоғамның
тұрақты дамуы жолында бірлесе қимылдауы қажет.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев «Жаңа онжылдық - жаңа
экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы
жылғы Жолдауында: «Ішкі саяси тұрақтылық - 2020 Стратегиялық жоспарын
іске асырудың сенімді іргетасы. Жаңа онжылдықта біз өзіміздің экономикалық
жоспарымыздың
табыстарын дәйекті саяси жаңғырту арқылы бекемдеп,
саяси жүйемізді жетілдіруді жалғастырамыз» - деп, ел болашағының негізі -
қуатты мемлекет, дамыған экономика, саяси тұрақтылық пен келісім екенін
дәлелдеп, жаңа онжылдық бағдарларын бектіп берді.
Бүгінгі таңда
Қазақстан тәуелсіз ел
атанып,
дүние
жүзіне
белгілі,
аймақтағы жетекші елге айналып отыр.
Ең бастысы, 90-жылдардан
бастап
қазақ
қоғамында
ұлттың
рухани
ұстындарын сақтап қалу жолындағы іс
шаралар белең алып, ел ішінде ұлтқа,
ұлттың мүддесіне, тіліне, діліне деген оң
көзқарас,
сілкініс
пайда
болды.
Сондықтан
да,
елдегі
барлық
саяси
күштер
осы
құбылыспен
санасуы
тиіс.
Бұл тұрғыда ықпалды саяси күшке айнал
ған
«Нұр
Отан» партиясының
жауапкершілігі
үлкен. Партия дағдарысты жеңу және
елді
жаңарту
процестерінде
де
ауқымды шаралар атқаруда. Дегенмен,
партия тек саяси, экономикалық іс-
шаралармен шектеліп қалмауы тиіс
Саяси мәдениетте табысты және табыссыз мемлекеттер
деген ұғым бар.
Қазақстан табысты мемлекеттердің қатарына енді. Бірақ осы үрдісті ары қарай дамыту
үшін ұрпақтар сабақтастығымен бірге Елбасымыз ерекше мән беріп айтатын «ұлттық
бірлік, ұлттық келісім керек». Қоғамдық келісімді нығайту ел дамуына серпін беріп,
мемлекет алдындағы биік міндеттерді ойдағыдай орындаудың негізі болып табылады.
ҚР Президенті «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деген 2007
жылғы Жолдауында саяси жүйені дамытуға баса назар аудара
отырып, былай деп атап көрсетті: «Жаңа кезеңдегі негізгі
міндет - жалпыға танылған демократиялық құндылықтар мен
өзіміздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыздың
дәстүрлері үйлесімді ұштасатын ашық, демократиялық және
құқықтық мемлекеттің негіздерін одан әрі нығайта беру». Бұл
тұрғыда саяси партиялардың рөлін арттыру, азаматтық қоғам
институттарын дамыту үшін қолайлы жағдай туғызу қажет .
Жаңа мәдени саясаттың басымдылықтарының бірі – әлемдегі
қазақстандық мәдениеттің мәртебесін нығайту. Жасыратыны жоқ,
қазіргі таңда отандық мәдениет пен өнерді әлемнің мәдениет про-
цесінде біріктіру әлеуеті жеткілікті іске асырылмауда. Халықаралық
байланыстарды ұлғайтудың қажеттілігі туып отыр, оның ішінде
ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ, ИКОМОС және тағы да басқа беделді ұйым-
дармен ынтымақтастықты арттыру қажет. Келешекте елімізде гумани-
тарлық-ынтымақтастық саласында өңірлік зерттеу және ғылыми-білім
беру орталығы – ЮНЕСКО халықаралық институтын құру жос-
парлануда. Сондай-ақ, Астанада мәдениет саласындағы жаңа халық-
аралық ұйым – «Silk Road» мәдени даму жөніндегі Еуразиялық
кеңесінің штаб-пәтерін ашу жөнінде ұсыныс бар.
Қазіргі
жұрттың
санасындағы
демократия
деген
ұғым
–халықтың
әділетті
қоғам жөніндегі арманынан пайда болып, Батыс елдерінде дәстүрлі саяси мәдениетке айналған құбылыс.
Әрине, демократия – барлық мемлекеттер талпыныс жасап жетуді армандайтын үлкен жол. Осы тұрғыда саяси
мәдениетті талапқа сай дамыту демократиялық мемлекет орнату жолындағы табысты қадам болып табылады.
Қазақстанда демократия институттары толық қалыптасып жұмыс істеуі үшін дүние жүзі мемлекеттерінің
арасында, әсіресе, ықпалды мемлекеттердің арасында шынайы әділеттілік пен тең құқылы қағидалар орнауы
керек. Ал бүгін дүние жүзі тұрақсыздық пен турбуленттіліктің аясына енуде. Сондықтан бізге қазақ халқының
Тәуелсіздік тұғырын асқақтататын мұраттардан биік мұрат жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |