Тәжірибелік сабақтың әдістемелік әзірлемесі


ІІІ Іс-әрекеттерді демонстрациялау



жүктеу 337,38 Kb.
бет4/7
Дата01.02.2022
өлшемі337,38 Kb.
#37302
1   2   3   4   5   6   7
ІІІ Іс-әрекеттерді демонстрациялау РАФТ әдісі бойынша:

Р – роль атқарушы, яғни оқытушы демонстрациялайды

А – аудитория, яғни оқушылар тыңдайды

Ф – формалау, оқушылар дәрілік формаларға рецепт жазады

Т – талдау, яғни оқушылар дәрілерді талдап, анализ жасайды

Шеткері жатқан жүйесі жүйке жүйкелерден және ганглийлерден тұрады. Ол афферентті және эфферентті болып бөлінеді. Мүшелер мен ұлпалардан ОЖЖ-не қозуды өткізетін жүйке талшықтарын афферентті, ал ОЖЖ-нен мүшелер мен ұлпаларға қозуды өткізетін жүйке талшықтарын эфферентті деп атайды.

Афферентті инервацияға әсер ететін дәрілер:

Ежелгі дәүірдің өзінде-ақ медицинаға анестезиялық препаратар қажет болып, ізденістер басталған болатын. Біраз уақыт өткенен соң, ХХ ғасырдың басында химия мен эксперименттік медицинаның дамуының арқасында әртүрлі хирургиялық және басқа да ем-шараларды ауырпай жасау мумкіндігі пайда болды. Анестезияның барлық түрлерінің ішінде 60% жергілікті анестезиялық заттарға жатады. Берілген препараттар тобы әртүрлі медициналық тәжірибеде, соның ішінде гастроэнтерологияда, пульмонологияда және т. б. медицина салаларында кеңінен қолданылады.

Афферентті иннервацияға әсер ететін дәрілерге :

1. Жергілікті анестетиктер

2. Тұтастырғыш дәрілер

3. Сіңіргіш дәрілер

4. Іркілдек дәрілер

5. Тітіркендіргіш дәрілер

Жергілікті анестетиктер афферентті жүйке ұштарының қозғыштығы мен жүйке талшықтарына импульстердің өтуін таңдамалы және қайтымды түрде тежеп, сезімталдықтың барлық түрінің жойылуына (ауырсыну сезімінің) байланысты жергілікті жансыздандырады.

Анестезияның әсер ету механизмі: жасуша мембраналарының ішкі жағынан натрий өзекшелерінің тежелуімен байланысты. Ол әсер ету потенциалының пайда болуын азайтып, импульстің өтуін нашарлатады.

Барлық жергілікті анестетиктер (анестезиннен басқа) өндірісте тұз қышқылының судағы ерітіндісі түрінде шығарылады. Жергілікті анестетиктерді анестезияның барлық түрінде қолданады.

Анестезияның түрлері: беткейлік, өткізгіштік, жұлын, инфильтрациялық.

а) беткейлік (терминальды) анестезияда кокаин ( Оңтүстік Америка өсімдігі Erithroxylon coca алкалоидының ең алғаш анестетигі, улылығы мен дәріге –кокаинизм тудыруына байланысты қолданылуы тоқтатылды. Оның орнына дикаин (тетракаин), анестезин (бензокаин), пиромекаин (бумекаин) қолданылады. Беткейлі анестезия отоларингологияда, офтальмологияда, урологияда, стоматологияда, қышма, күйік және т. б. тері қабатының анестезиясы үшін кеңінен қолданылады.

б) өткізгіш, жұлынды және инфильтрациялық анестезияларда:

новокаин(прокаин),лидокаин(ксикаин,ксилокаин),тримекаин,бупивакаин

(маркаин,карбостезин),артикаин(ультракаин),прилокаин(цитанест),бензофуракаин қолданылады.

Бұл анестезия үшін ерітінділер міндетті түрде залалсыздандырылған (стерильденген) болуы тиіс. Бұл препараттар улы және әсері өте қысқа болып келеді. Сондықтан улылығын төмендетіп, әсерін ұзарту үшін 5-10 мл препарат ерітіндісіне 1-2 тамшы 0,1% адреналин гидрохлоридін қосу қажет.

Өткізгіштік анестезия стоматологияда, хирургияда, терапиялық тәжірибедегі невралгияда қолданады. Анестетиктерді жүйке жолына еңгізеді, көбінесе 1-2% ерітінділері қолданылады.

Жұлынды анестезияда анестетикті жұлынның аймағына субарахноидалды жолмен енгізеді. Ол кезде жұлынның бел-сегізкөз аймағының барлық сезімталдықтарын жоятындықтан, аяқ-қол, кіші жамбас мүшелеріне операция жасау үшін қолданылады.

Инфильтрациялық анестезияда анестетиктер тері қабатарының терең ұлпаларына енгізіледі . Әртүрлі хирургиялық операцияларда анестетиктің 0,25-0,5% ерітінділері (200-500 мл) қолданылады.

Синтетикалық анестетиктердің кокаинге қарағанда улылығы төмен. Нашақорлық тудырмайды, бірақ жанама әсерлері: бас айналу, жалпы әлсіздік, артериялық қан қысымының төмендеуі, коллапс және жүрек қызметінің тежелуі (жүректің тоқтап қалуы) байқалады.

Жергілікті анестетиктер әртүрлі анестезия түрлерінен басқа микроциркуляцияны жақсарту мақсатында тамырлардың түйілуінде, қарынша экстрасистолиясында, қарынша жыпылықтауын алдын алу үшін, жіті миокард инфарктінде (2-10% лидокаин ерітіндісін күре тамырға) қолданылады.

Novocainum – новокаин (Б): 0,25 % және 0,5 % 200 және 400 мл еріт. флаконда; 0,25- 0,5% 1,2,5,10,20 мл еріт ампулада; 1-2 % 1,2,5,10 мл еріт. ампулада; 0,1 г суппозиторий ; 0,25 %100-150 мл немесе 0,5 % 50-80 мл бүйрек маңы клетчаткасына Ф. В. Вишневский блокадасы; 5-10 % жағылма түрінде шығарылады. Әсері 30-60 минут созылады. Аллергиялық реакциялар байқалуы мүмкін. Егер науқастың новокаинге (анестезинге, дикаинге) аллергиясы болған жағдайда лидокаинмен, тримекаинмен немесе пиромекаинмен алмастыруға болады.

Anaesthesinum –анестезин (Б) : 5-10 % жағылма , сеппе , 0,3 г таблетка және «Павестезин» табл.; 0,0035 унции суппозиторий және «Анестезол» суппозиторий ; «Анестезин-Ментол» дражесі ; «Ампровизоль» аэрозолі 50,80,170 мл баллоншада шығарылады.

Dicainum – дикаин (А) : 0,25-3% еріт. –терминальды анестезияда; қабаққа қою үшін көз пленкасы түрінде шығарылады.

Lidocainum –лидокаин (Б) : 1% 10 ,20 мл еріт. ампулада; 2% 2 -10 мл еріт.; 10% 2 мл еріт.; инфильтрациялық анестезияда 0,125-0,25-0,5% еріт.; өткізгіш анестезияда 1-2% еріт.; терминальды анестезияда 1-5% еріт. түрінде шығарылады. Әсері 1-2 сағат созылады.

Trimecainum – тримекаин (Б) : 2% 1,2,5,10 мл еріт. ампулада шығарылады. Инфильтрациялық және өткізгіштік анестезияда қоланылуы лидокаинге ұқсас, әсері 1-2 сағ созылады.

Pyromecainum – пиромекаин (Б) : 0,5 % , 1 % , 2% 10 мл еріт. ампулада және 5 % 30 г жағылма түрінде` гингивостоматитте (ауыз қуысына жағу үшін ) шығарылады.

Articainum – Артикаин : 2% 10 мл еріт. амп. – инфильтрациялық, өткізгіштік, эпи- және перидуральды анестезияда; жұлынды анестезияда 5% 2 мл еріт белгіленеді.

Прилокаин ( 3% 1 мл еріт ампулада), бензофуракаин (1% 2 мл еріт. ампулада) –стоматологияда инфильтрациялық анестезияда белгінеді.

Тұтастырғыш дәрілер – тері және шырышты қабықшаның бетіндегі ақуыздың коагуляциясыға ұшырауына байланысты, жергілікті қабынуға қарсы әсері бар. Тығыз ақуыз пленкасы сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіргіш заттардан қорғап, ауырсыну сезімдерін төмендетеді. Тұтастырғыш дәрілер тері және шырышты қабықшаның қабынуында (дерматитте, жараларда, эрозияда, экземада) сеппе, жағылма түрінде, жағу, шаю үшін белгіленеді. Асқазан-ішек жолдарының ауруларында ( энтерит, колит және т. б.) ішке қолданылады.

а) бейорганикалық тұтастырғыш дәрілерге: висмуттың негізгі нитраты, «Викалин», «Викаир» табл.; 5-10% жағылма; сеппе; «Нео-анузол» суппозиторий түрінле шығарылады.

Қорғасын ацетаты – Plumbi acetas : 0,25-0,5% дымқылдау үшін қолданылады.

Ашутас – Alumen : 0,5-1% еріт.

б) органикалық тұтастырғыш дәрілерге: танин, дерматол, ксероформ, тұңба және қайнатпалар (1:10-1:20): емен қабығы, шайқұрай шөбі, жылантаран тамыр сабағы, шатырыш жапырағы, түймедақ гүлі, кәдімгі қаражидек жемісі, итошаған шөбі жатады.

Tanninum – Танин: сеппе түрінде; ауыз қуысын шаю үшін 1-2% еріт. түрінде; жараларға, жарылуда, күйгенде, тесілуде 3-5-10% қолдану үшін сулы және глициринді ерітінділер мен жағылма түрінде тағайындалады.

Дерматол және ксероформ – сеппе түрінде( сыртқа); 10% жағылма.

Іркілдік дәрілер – шырышты қабықшаларды бүркеп, сезімтал жүйке ұштарының тітіркенуіне кедергі жасайды. АІЖ-ның қабыну ауруларында қолданып, құрамында тітіркендіргіш заттары бар микстуралардың құрамына кіреді.

Mucilago Amyli – крахмал қоймалжыңы (2%);

Mucilago seminum Lini – зығыр тұқымының шырышы (1:30) .

«Almagel» - «Алмагель» : асқазан мен ұлтабардың жарасында, гиперацидті гастритте және асқазан ауруларында қолданылады, 170 мл флаконда суспензия түрінде шығарылады. «Алмагель А»-құрамында 0,1 г анестезині бар.

Сіңіргіш дәрілер – шырышты қабықшаларды тітіркендірмейтін және суда ерімейтін, үлкен адсорбциялық беті бар, ұнтақ тәрізді инертті заттар болып табылады. Олар өз бойына химиялық қосылыстарды сіңіріп, сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіруден қорғайды.

Белсендірілген көмір ( карболен) диспепсияда, іш кебуде ( метеоризмде), тамақпен, алкалоидтармен және ауыр метал тұздарымен және т.с.с. улануларда қолданылады.

АІЖ-ның жарасында және асқазаннан қан кетуде қолдануға болмайды.

Carbo activatus – белсендірілген көмір (активтелген көмір) : ұнтақ түрінде; 0,5 г табл. түрінде; уланғанда асқазанды шаю үшін 20-30 г суспнезиясын, ал метеоризмде 1 табл. күніне 2-3 рет белгіленеді.

Smecta – смекта : 3 г пакете; әртүрлі диареяларда (іш өтуі) қолданылады. Адсорбциялық(сіңіргіш) қасиетінен басқа ауырған жерді сездірмейтін және АІЖ-ның шырышты қабықшаларына қорғаныш қызмет көрсететін қасиетері бар.

Полифепан - гранула және паста түрінде щығарылып , жұқпалы және жұқпалы емес диареяларда, метеоризмде (іш кебуі) және жалпы улануларда қолданылады.

Тітіркендіргіш дәрілер – жергілікті қолданғанда, тері және шырышты қабықшалардың афферентті жүйке ұштарын қоздырып, ішкі мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады. Тітіркендіргіш дәрілер невралгияда, радикулитте, артралгияда, ревматизмде, миалгияда, жарақаттарда, сіңір тартылуда, спорттық жарақаттарда, қышма дерматозында, сондай-ақ жоғары тыныс алу жолдарының қабыну ауруларында қолданылады. Оларды іріңді ауруларда, нейродерматитте, сулы экземада, псориазда зақымдалған теріге жағуға болмайды.

Mentholum – ментол : 2% спиртті ерітінді және 10% майлы қоспа түрінде; 1-2% ментол майы: «Меновазин» препараты; «Бороментол», «Эфкамон», «Гевкамен» жағылма түрінде, Валидол 0,06 г таб. және 0,05 г капс. түрінде шығарылып, жүрек тұсының ауырсынуын төмендету үшін тіл астына еңгізіледі.

Solutio Ammonii caustici – аммиак ерітінді (нашатыр спирті) : 10% 1 мл еріт. амп., 10% 40 мл еріт. флаконда шығарылады, мақта немесе дәкемен иіскету үшін.

Charta sinapis - қыша қағаздары – жылы суда қыша эфир майы бөлінуі нәтижесінен тітіркену қасиеті байқалады.

Терпентин майы (скипидар) – 20 % жағылма, 40% линименті, камфора майы, жағылмасы және спирті (10%); бұрыш жапсырмасы; «Никофлекс», «Финалгон», «Эспол», «Бом-бенге» және т. б. жағылмалары бар.






жүктеу 337,38 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау