Технологиясы



жүктеу 9,83 Mb.
Pdf просмотр
бет24/256
Дата12.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#44277
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   256
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

Электр бұрғылау машиналары үш атқарымда болады
: диаметрі 10 мм 
дейінгі тесіктерді бұрғылауға арналған табанша түріндегі; диаметрі 15 мм 
дейінгі тесіктерге арналған бір жоғарғы жабық саппен; диаметрі 15 мм асатын 
тесіктерді бұрғылауға арналған екі бүйір саптармен және кеуделік немесе 


47 
бұрандалы тірекпен. 
Электрлік бұрғылау машиналарының үш негізгі бөліктері болады: 
электрлік қозғалтқыш, тісті беріліс және шпиндель. Олар 220 В кернеуге 
арналып және жалғыз және қосарлы оқшаулаумен өнеркәсіптік жиілік тоғына 
және 36 В кернеу мен 200 Гц жоғары жиілікті тоққа арнайы шығарылады. 
Электрлік бұрғылау машиналарын жоғары жиілікті тоқпен қоректендірген 
жағдайда жиілікті түрлендіргіштер қолданылады. Салмағы аз және қысқа 
тұйықталған роторлы қозғалтқышы бар болатын осындай машиналар 
(қылшақты механизмді коллекторлы емес) жұмыс барысында қауіпсіз болады.
Дегенмен, жұмыс өндірісінде арнайы тасымалды түрлендіргіштерді 
пайдалану оларды қолдануды біршама шектейді.
Электрлік бұрғылау машиналары соққылы айналмалы қондырғысын 
жалғаған жағдайда темірбетон саңылауларды (3.8 сурет) бұрғылауға 
арналады. 
3.8 сурет. Электрлік бұрғылау машинасы (а) және оның соққылы-айналымды 
қондырғысы құрылғысы (б): 
1
— корпус; 
2
— соққылы механизм (тоқпақ); 
3
— бастиек; 
4
— айналдырғы 


48 
Максималды бұрғылау диаметрі, мм .............................................. 15 
Айналдырғының айналу жиілігі, айн/мин ..................................... 650 
Бір минуттағы соққы саны(айналдырғы бір рет айналғанда үш 
соққы)............................................................................................. 1950 
Соққы энергиясы, кН ......................................................................... 2,0 
Қондырма салмағы, кг ....................................................................... 2,5 
Электрлік бұрғылау машинасымен бірге қондырма салмағы, кг . 5,3 
Тұтынылатын қуат, Вт ...................................................................... 270 
Осындай машинаның редукторының корпусына қондырманы бекітеді, ол 
жұмыс құралының айналмалы қозғалысын соққылы-айналмалы қозғалысқа 
айналдырады. Қондырма үш құрамдауыш бөліктен құралады: шпинделі бар 
білік, 4, соққылы механизм 2 (тоқпақ) және корпус 1. Электрлік бұрғылау 
машинасын айналдырғысынан айналдыру қондырма айналдырғысы және 
жұмыс құралы арқылы жүзеге асырылады. Білік екі механизмді 
жалғастырады: оның бір ұшы машинаның айналдырғысына жалғанады, ал 
екінші басы – екі кілтектері бар қондырмалармен жалғастырылады. 
Қондырманың өзі екі керілген қамыт көмегімен бекітіледі. Соқпалы механизм 
жұдырықшалы жартылай жалғастырғыш пен серіппе салындыдан тұрады: 
Соққылы механизм үш жұдырықшалы жартылай жалғастырғыштар және 
серіппеден құралады. Алдыңғы жартылай жалғастырғыш қондырма 
айналдырғының бір бөлігі болып табылады, ал артқысы – тоқпақтың бөлігі 
болады. Айналдырғыны бұраған кезде тоқпақ қондырмалары серіппе 
әсерінен айналдырғыны соғады. Соққы энергетикалық сығылған себетте 
жүзеге асырылатындықтан, жұмыс барысында оған біршама үш салу қажет 
болмайды. Жұмыс құралына басу тоқтатылған жағдайда серіппе қондырма 
айналдырғысын бастапқы қалыпқа келтіреді және ол соққысыз айналдыруды 
жалғастырады. Жұмыс құралын бекіту үшін қондырма айналдырғының ішкі 
Морзе № 2 конусы болады.
Электрлік балғалар соққылы әсерлі қол машиналары түрінде болады, 
мұнда 
жұмыс 
құралдары 
қозғалтқыштан 
қайтымды-үдемелі 
орын 
ауыстырады, ал құралдың бұрылуы тұтқаны айналдыру арқылы іске 
асырылады. 
Дюбель астында саңылаулар қалыптасуы үшін өтпелі саңылаулардың 
бетондағы және темірбетондағы тесіктерінде соққылы-айналмалы әсерлі 
электрлік перфораторлар қолданылады. 
Электрлік балғалар мен перфораторлар құралдар жинағымен бірге 
шығарылады.
Пневматикалық құралдың 
салмағы 4...10 кг, бұл қуаты осындай электрлік 
құрал салмағынан 2,5—3 кем, жұмыс барысындағы шу деңгейі төмен болады, 
дегенмен сығылған ауаның бар болуына талап етеді. 


49 
Пневматикалық қол машиналарының көмегімен және электрлік балғалар 
мен перфораторлардың көмегімен бетонды құрылыс негіздемелерінде атыздар
іріктеу (кесу) кез келген толықтырғышпен тереңдігі 60 мм және ені 7 мм 
артық жағдайда жүзеге асырылады. 
Тереңдігі 20 мм және ені 8 мм атыздарды (штроб) салу үшін жеңіл 
қабырға материалдарында (кірпіш қабырғылар және гипстен құйылған 
қалқалар), электр сымдарын жасырын түрде тарту үшін МВБ-3 (МВБ-2М 
алмастырылатын) механизмін іске қосады. Аталған механизмнің өнімділігі 
гипсолит бойынша 3,5 м/мин, кірпіш бойынша 2 м/мин, салмағы 5 кг. Тартпа 
ретінде қосарлы оқшауланған ИЭ1023 электрлік бұрғысы қолданылады, 
олардың жұмыс құралы – шеңбер бойымен дәнекерленген пластиналары бар 
қатты балқымалардан дискілі фреза. 
Пиротехникалық құралдар мен механизмдерде ұнтақты зарядтың жарылыс 
энергиясы пайдаланылады. Оларға құрылыс-монтаждау тапаншалары 
жатқызылады, олар бұйымдар мен бөлшектерді дюбельдер көмегімен бекітуге 
арналады, бағаналар темірбетон плиталарда саңылаулар тесуге арналады, 
тығыздамалар кабель ұштықтарын тығыздау үшін қолданылады. 
Бір зарядты, өздігінен қуаттанатын, жанама әсерлі құрылыс-монтаждау 
тапаншасының ПЦ52-1 негізгі бөлшектері (3.9 сурет) қысқыш 1, ұштық 2, 
жалғастырғыш 3, тұтқасы бар қорап
4
және түсіру тұтқасы 5 болып табылады. 
Дюбель піспек көмегімен қағылады, ұнтақты газдар әсерінен орын 
ауыстырады, алдын ала тыныштық қалпынан үдеу алмайды. Бұл жағдайда 
дюбель қауіпті энергия потенциялын иеленбейді, яғни, тоқпақтың патронға 
соққысы кезінде ұнтақ тұтанады, ұнтақ газдары піспекті арна ішінде 
қозғайды, ол дюбелді соғады және оны қағады.
Темірбетон тақташаларға саңылаулар қағу үшін піспекті тескішке 
алмастырады. 
Салмағының үлкен болуына байланысты қағылатын дюбельдің 
жылдамдығы - 60...80 м/с. Жанама әсерлі тапаншамен жұмыс барысында 
қауіпсіздік біршама артады және дюбельдің жанап тиюіне жол берілмейді, 
негіздемені өтпелі тесуге мүмкіндік болмайды, шу деңгейі біршама 
төмендейді. Беріктігі төмен негіздемені ату немесе қуатты патронды қате 

жүктеу 9,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   256




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау