Технологиясы


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



жүктеу 9,83 Mb.
Pdf просмотр
бет166/256
Дата12.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#44277
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   256
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

 
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
I.
1. ӘЖ трассасын ажыраты дегеніміз не?
2.
ЭҚЕ әртүрлі ғимараттарға дейінгі рұқсат етілген қашықтықтар 
қандай?
3.
Трассаны ажырату тәртібі қандай?
II.
1.Тіреу үшін шұңқырларды ажырату қалай іске асырылады?
2. Шұңқырларды қазу үшін қандай механизмдер қолданылады?
3. Монтаж орнына барлық элементтерді бөлшектеп тасымалдау кезінде 


383 
тіреулерді жинау тәртібі қандай?
III.
1. Діңгекті бөгдемен жалғаудың қандай амал-тәсілдерін білесіз?
2.
Құрсау дегеніміз не және ол қалай орындалады?
3.
А-тәрізді тіреулерді жинау тәртібі қандай?
4.
Ілгектер және істік асты бекітуді белгілеуге арналған шаблон қалай 
қолданылады?
5.
Темірбетонды тіреулерді жинау тәртібі қандай?
6.
Тіреулерді көтеру және орнатудың қандай амал-тәсілдерін білесіз?
7.
Тіреулерді орнату кезіндегі қауіпсіздік техникасы неге
дәйектелген?
11.5.
 
Сымдар және арқандардың монтажы
Сымдар және арқандардың монтажы олардың тарқатылуынан, 
жалғасуларынан, тартуларынан, бекітілу және жерге тұйықталуынан 
тұрады.
Сымдарды тарқату
. Сымдар мен арқандар монтаж орнына 
автокөлік немесе тракторлармен тасымалданады. Арқан және сымдары 
бар атанақтарды жүктеу, тасымалдау және шығару кезінде олардың 
бұзылып кетуін болдырмайтын шараларды орындау керек. Солайша, 
тасымалдау кезінде атанақтар арқан және сыналармен берік бекітілуі 
қажет. Атанақтарды лақтыруға тыйым салынған. Атанақтың бүйір 
жағында орналасқан тілге бағдарлана отырып, оларды сырғытып отыру 
керек.
Атақан ӘЖ трассасында оған оралған сымды қосымша жылжытусыз 
толық қолдана алатындай етіп, орнатылады. Атанақтың орналасуы 
тарқату механизмдерінің құрастырылымдарына және тарқалым 
шарттарына сай болуы керек. ӘЖ үшін сымдарды тартқату үерісін екі 
тәсілмен орындауға болады – сүйрету және қозғалмалы атанақтан.
Сүйрету
әдісі тарқатудың тасымалдау құралдары болмаған кезде 
(автокөліктер, сым транспортерлары) және осы құралдар жердің 
шарттарына бойынша қолданысқа жатпаған кезде қолданылады. Жер 
бойымен сүйрету кезінде сымға зақым келтіруге болады, сол себеті осы 
әдісті қысқа желілердің монтажу кезінде және жұмсақ топырағы, шөп 
немесе қар қабаты бар учаскілерде қолданған жөн. Әдеттегідей, сүйрете 
отырып тарқатуды сымды аралық тіреулерге көтеру әдісімен үйлестіріп 
отырады. Сым бар атанақты тіреуге дейін 10...15 м қашықтықта 
орнатады және одан тарқатуды бастайды. Егер сым домкраттары немесе 
арнайы тарқату аспаптары болмаған жағдайда, жерде атанақты 
жартысына дейін еркін түсіріп қоюға болатын шұңқырды қазады. 
Шұңқырдың шеттеріне салынған дуалдың көмегімен атанақ еркін 
айнала алатындай етіп оны іледі. Одан кейін сымның 25...30 м 
тарқатады, оны тіреуге көтереді және ілгекке ілінген тарқату 
аунақшасына кигізеді.
Тіреуден салбырап тұрған сымның ұшына 1 құсаудан тұратын, оның 
үстіңгі жағынан 3 сым, ал төменгі жағында 2 болат сынасы еркін 


384 
11.15 сурет. Монтаждық сыналы қысқыш: 
1
— құрсау; 
2
— сына; 3 — сым; 
4
— саңылау 
орналасатын, жазықтығында сымға қатысты шағын кертігі бар сыналы 
монтаждық қысқышын кигізеді (11.15 сурет). Құрсауда тартқыш 
арқанды жалғауға арналған 4 саңылау бар. Сымда қысқышты бекіту 
үшін оны құрсаудың үстіңгі жағына кигізіп, сынаны оның бұрышының 
кему жағына қарай қолмен жылжытып (кертіктің сыммен жанасуына 
дейін), одан кейін тура сол жаққа сымды қатты тартып қалу керек. 
Қысқышқа салынған тартқыш күші қаншалықты артық болған сайын,
сына сымды сырғып кетуді болдырмай, құрсаудың жоғары жағына 
соғұрлым қатты қысады. Тарту үжерісі аяқталғаннан кейін қысқыш 
сымнан жеңіл шешіледі (ол үшін тарту бағытына қарама-қарсы жақтан 
құрсау бойынша балғамен ақырын соғып қалу жеткілікті болады).
Қысқыш сымда бекітілген кезде, оған тартқыш арқанды бекітеді 
және жүкшығырдың көмегімен (шағын аралықтар мен сымдардың кіші 
қималары кезінде – қол әдісімен) атанақтан сымды тартату үдерісін іске 
асырады. Сымның ұшы келесі тіреуге жеткеннен кейін, оған да аунақшы 
ілінеді және тарқату жалғастырылады. Осы кезде атанақты оның сымы 
орамнан шығып кетпеуі үшін, сәл тоқтатады. Тарқату аунақшаларын 
қолдану сүйрету кезіндегі сымдардың сақтығын арттырады.
Жылжымалы атанақтан тарқату кезінде
сымның ұшын 
монтаждалатын учаскінің басына бекітеді, ал атанақты көлік құралына 
орнатады. Соңғысы трасса бойымен қозғала бастаған кезде,сым 
атанақтан топырақ бойынша сүйретілмей, байсалды шығып отырады 
және оның бұзылуы айтарлықтай мүмкін емес. Тарқатқаннан кейін 
сымды тіреуге көтереді және тарқату аунақшаларына кигізеді.
Еңбек өнімділігін арттыру үшін бірнеше сымды біруақтылы 
тарқатып отырады.

жүктеу 9,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   256




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау