«Технологиялық машиналар жетегі» пәні



жүктеу 223,5 Kb.
Дата14.11.2018
өлшемі223,5 Kb.
#19295

«Технологиялық машиналар жетегі» пәні

  • Әбдікәрімов Садратдин Әбдікәрімұлы
  • «Мұнай және газ өндірісінің технологиялық машиналары мен жабдықтар» кафедрасының доценті, техника ғылымының кандитаты
  • педогогикалық стажы-30 жыл
  • Барлығы: 3 кредит
  • Курс: 3
  • Семестр: 5
  • Емтихан: тест
  • Андатпа
  • «Технологиялық машиналар жетегі» пәнінің оқу-әдістемелік кешені, пәннің оқу-әдістемелік кешенін құрудың әдістемелік нұсқауларына сәйкес, кредиттік жүйе бойынша оқитын студенттер үшін ҚазҰТУ-нің ОӘД-ті дайындаған оқу-әдістемелік нұсқаулары бойынша құрастырылған.
  • Оқу-әдістемелік кешені жұмыстық бағадарламаға сәйкес кіріспеден, пәннің мақсаты мен мәселерінен, үлестірілетін материалдардан тұрады, сондай-ақ дәрістердің тақырыптары мен практикалық сабақтардың тақырыптары, пайдаланылатын әдебиеттердің тізімі келтірілген.
  • Оқу-әдістемелік кешен студенттерге мұнай және газ өндірісінде қолданылатын технологиялық машиналар жетектерінің (ІЖҚ, ГГҚ, Электроқозғалтқыштар) құрылысы, жұмыс принциптері, теориясы туралы толық мәлімет береді, сондай-ақ студенттерге керек кезде әр түрлі тақырыптар бойынша өзіндік үйренуінде немесе білімін тереңдетуінде қосымша материалдар мен тапсырмаларды орындауға өз бетінше орындауға көмек көрсетеді.
  • Сонымен қатар студенттің өзіндік жұмыстарының әдістемелік нұсқаларымен өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар тізімі және емтихандық сұрақтардың тақырыптары келтірілген.
  • Пәннің мақсаттары мен міндеттері
  • Пәнді оқыту мақсаты студенттерді мұнай және газ өнеркәсібінде қолданылатын технологиялық машиналармен жабдықтар жетегінің құрылысын және жұмыс принциптерін үйрету
  • Пәнді оқытудың міндеттері
  • Мұнай және газ өндірісінде қолданылатын жетек машиналарн (ІЖҚ, ГТҚ және ЭҚ) іс жүзінде дұрыс пайдалану, олардың негізгі көрсеткіштерін анықтау, жағар және жанар май үнемділігін арттыру, олардан шыққан жылуды қайта пайдалану және улы зиянды заттардан қоршаған ортаны қорғау сияқты сұрақтарды меңгеру жатады.

Материялдарды таңдау принцптері және құрастыру. Мұнай және газ кәсіпшілігіндегі технологиялық машиналардың жетегі ретінде күштік қондырғылар ( ІЖҚ,ЭҚ және ГТҚ ) қолданылады. Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылауда негізгі және көмекші жетек жұмыстары үшін электрқозғалтқыштары (ЭҚ) және іштен жану қозғалтқыштары (ІЖҚ), газ айдайтын агрегаттарының жетегі ретінде өте үлкен қуаттылықтағы газтрубиналы қондырғылар (ГТҚ) қолданылады.Осыған орай бұл пән жетек түрлерінің және олардың конструктивті ерекшеліктерін,құрылысын және жұмыс принциптерін үйретеді. ІЖҚ, ЭҚ және ГТҚ – дың сиппаттамалары, техникалық пайдаланудағы ақауларын жөндеу және олардың жұмыс қабілетін арттыру.

  • Оқу түрі және әдістері – күндізгілік және аудиториялық; өткізілетін сабақтардың түрлері – дәрістер, практикалық сабақтар, СӨЖ, СОӨЖ, семестрлік тапсырмалар; оқу процесінде интрактивтік тақталар, компьютерлер, плакаттар, схемалар, ОЭК, әдістемелік құралдар қолданылады. Оқып үйренудегі алынатын компоненттілік – мұнай және газ кәсіпшілігінде пайдаланылатын ІЖҚ,ЭҚ және ГТҚ - лар жөнінде теориялық және практикалық мәлімметтер алу; әртүрлі сұлбадағы ІЖҚ,ЭҚ және ГТҚ -ның конструкцияларымен және жұмыс істеу принциптерімен танысу; ІЖҚ,ЭҚ және ГТҚ -ны есептеу және олардың диагностикасын меңгеру; ІЖҚ,ЭҚ және ГТҚ – ның жұмыс режімдерін және негізгі параметрлерін бақылауды игеру.

Нәтижелердің келешегі Квалификация сипатына қарай бакалаврлар мыналарды білуі және ұғуы қажет: -Энергожетектердің (ІЖҚ, ГТҚ, ЭҚ) негізгі терминдерімен анықтамаларын; -Технологиялық жабдықтар жетектерінің пайдалану режимдерімен қауіпсіздік жұмыс ережелерін; -ІЖҚ, ГТҚ циклдары және конструктивті, принципиалды жұмыс схемаларын; -Технологиялық машиналар мен жабдықтар жетегінің (ІЖҚ, ГТҚ) тиімді жұмыс режимдерін есептерді; -Тұрақты және өзгермелі тоқты қозғалтқыштардың сипаттамаларын есептеу; -Қозғалтқыштарды таңдау және есептеу. Негізгі ғылыми әрекеттердің бағыттары: Іштен жану қозғалтқыштарының және газтурбиналы қондырғылардың өзгермелі режимдегі жұмыстарын зерттеу, сондай-ақ жылу агрегаттарындағы жұмыс процесстерін және жылу алмасуды анықтау. Дипломдық жобаның тақырыптары «Компрессор станциялары үшін өнімділігі 650 м3/мин, қысымы 3,2 МПа табиғи газдың газтурбиналы жетекті ортадан тепкіш компрессорының жобасын жасау», «Іштен жану қозғалтқыштарына және газтурбиналы қондырғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жобалау». Пән бойынша студенттердің үлгерімдерінің орташа баллы 4,0 – ке тең.

Студенттер білімін бағалау жүйесі Кредиттік технология арқылы оқытуда Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-тың барлық курстары мен барлық пәндері бойынша студенттердің білімін тексерудің рейтингтік жүйесі қолданылады. Мамандықтың оқу жоспарына енген әрбір пәндер рейтингі 100% балдық шкала бойынша бағаланады. Әрбір пәндер үшін бақылаудың төмендегі түрлері белгіленеді: ағымдық бақылау, аралық бақылау, қорытынды бақылау (1-кесте). Ағымдық бақылау түріне бақылау жұмыстары, семестірлік тапсырмалар, орындалған зертханалық немесе тәжірибелік жұмыстар жатады. 1-кесте Бақылау түрлері бойынша рейтинг балдарын (%) бөлу

  • Вариант №
  • Қорытынды бақылау түрі
  • Бақылау түрлері
  • %
  • 1
  • Емтихан
  • Қорытынды бақылау
  • 100
  • Аралық бақылау
  • 100
  • Ағымдық бақылау
  • 100

Оқырмандарға талаптар: - компрессорлық бекеттердегі ( КС ) магистралдық газ құбылдарының, энергожетектің (ГТҚ), әртүрлі ГАА-дің энергожетектерінің жұмыс істеу көрсеткіштері мен тәртібін, газ құбырларының өткізу қабілетінің өзгеру ерекшеліктерін, табиғи газды ортадан тепкіш газайдағыштарды, олардың құрылымдары мен сипаттамаларын; - қарапайым ГТҚ-ның принципалдық (қағидалық) жұмыс істеу сұлбасын (схемасын), шығатын газды қажеті қайта өндіруші (пайдаланушы) ГТҚ-ның, сығылғандығы ауаны аралық салқындатушы және ұлғаю кезінде отынның аралық жануындағы ГТҚ-дың негізгі жұмыс істеу принціптері туралы түсініктемелерді; - ГАА-дың құрылымдылық сұлбаларын, сипаттамаларын және олардың жұмыс істеу принціптерін, газ кәсіпшілігінде қолданылатын әр түрлі ортадан тепкіш газайдағыштардың (ОТГА) атқаратын міндеттерін,ұрылымдарын және негізгі көрсеткіштерін; - ГАА-ды пайдалану жағдайындағы техникалық диагностиканың мақсаттарын және әдістерін. Курстың политикасы және процедурасы * Міндетті түрде барлық дәрісханалық сабақтарға, соның ішінде күнтізбелік cабақ кестеге кіргізілген СӨОЖ дәрісханалық сабақтарға қатысу. * Студенттер СӨЖ орындауға берілген семестірлік жүмыстарын офистік СОӨЖ ың уақытында күнтізбелік сабақ кестесіне сәйкес қорғайды; * Аралық бақылаулар ( тестілік немесе сұраулар), күнтізбелік кестеге сәйкес СОӨЖ кезде аудиторияда орындалады. * Үй тапсырмаларын студент өзі СӨЖ шеңберінде орындайды және күнтізбелік графикке сәйкес СОӨЖ кезінде офиста тапсырады; * Студент қандай да бір бақылау түрі кезінде тапсырмаса, онда оны офисте СОӨЖ кезінде, бірақ осы бақылау түрі бойынша логикалық тізбек тәртібімен тапсыруына болады; * Күнтізбелік графикте келтірілген барлық бақылау түрлерін тапсыру реті пәнді оқу тәртібіне және оның модульдік жүйе құрылысына сәйкес болуы керек.


жүктеу 223,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау