1 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
Шикізаттың және қосымша материалдың сипаттамасы
Тотықсыздағыш күйежентектелуге қанықпаған шикіқұрамды дайындау үшін төмендегі өнімдер түседі:
– қызыл шлам;
– боксит;
– әктас;
– кальцинделген сода;
– ақ шлам;
– тотықсыздағыш.
Шикіқұрамды дайындаудың мақсаты мен маңызы күйежентекті гидрохимиялық әдіспен қайта өңдеген кезде жақсы көрсеткіштерді қамтамасыз ететіндей құрамдағы қойыртпақты дайындауда.
Қызыл шлам. Шикіқұрамды дайындауға түсетін қызыл шлам өзінің, яғни Байер тізбегінің қызыл шламын төл ерітіндіні буландырған кездегі бөлінген қайтарымды сода ерітінділерімен қойыртпақты сұйытылған құрамнан тұрады.
Қызыл шламның құрамындағы жалпылық сілтінің концентрациясының деңгейі шамамен 60г/л.
Қызыл шламға қойылатын технологиялық талаптар:
1) Қызыл шламның ылғалдылығы.
Қызыл шламның ылғалдылығы негізінен күйежентектелуге жіберілетін шикіқұрамның ылғалдылығын анықтайтын көрсеткіш. Соңғы уақыттарда қызыл шламның ылғалдылығы Байер тізбегіне енгізілген кейбір технологиялық шешімдерден кейін шамамен 51,6-53% айналасында орнықты болып келеді, бұл көрсеткіш шикіқұрамның ылғалдылығын 36% шамасында ұстауға мүмкіндік беріп отыр.
2) Қызыл шламның сұйық фазасының құрамындағы каустикті сілтінің мөлшері.
Қызыл шламның сұйық фазасының құрамындағы каустикті сілтінің мөлшері, ақ шламның каустикті сілтісі және қайтарымды содалардың біріккен жиынтығынан пайда болған шикіқұрамды күйежентектелуге жібергенде, күйежентектелу процесіне сонымен бірге күйежентектің сапасына аса зор әсер етеді.
Байер – күйежентектелу сұлбасы үшін қызыл шламның негізгі қасиеттерінің бірі оның сілтілік модулімен байланыстылығы.
Күйежентектелу процесін жүргізу сілтілік модуль (αщ=1,43-1,45) сандары аралықтарында болғанда қиындай түседі.
Міне сондықтанда күйежентектелуге келіп түсетін қызыл шламның сілтілік модулінің жоғары болуына байланысты бүкіл тізбектің байланысын тұрақты ұстап тұру өте қиынға соғады. Сонымен қатар күйежентектелу тізбегі
Байер – күйежентектелу сұлбасында жоғалымға кеткен сілтінің орынын толтыру үшін үнемі өз жүйесіне жаңа кальцинделген соданы қабылдап отыруы керек. Бұл қиындықтар шикіқұрам дайындау бөлікшесіне бокситті енгізу арқылы шешіліп отырады.
Ақ шлам. Пештерден шыққан күйежентекті гидрохимиялық бөлікшеде қайта өңдеуге түсіргенде ақ шлам екі жолмен пайда болады.
Біріншісі – күйежентекті гидрохимиялық жолмен өңдеу кезінде құбырлық ерітіндегіштерден алюминат ерітінділерімен бірге қатты фазалардың шығуынан. Шыққан шығымның ішінде негізінен күйежентектің ұсақ бөліктері болады және осы шығымның деңгейіне қарап күйежентектің сапасын анықтайды. Осы шыққан шығымдар бірігіп сұр шлам пайда болады.
Екіншісі – күйежентекті ерітінділеген кезде алюминат ерітіндісіне кремний оксидінің бір бөлігі өтеді. Еріген кремний оксидінің деңгейі негізінен күйежентектің сапасын анықтайды. Неғұрлым күйежентектің сапасы төмен болған сайын, соғұрлым еріген кремний оксидінің еншісі жоғары болады.
Алюминат ерітінділерін кремний қосылыстарынан автоклав қондырғыларында кремниден түйіршік түрінеде бөліп,ажырату арқылы тазалайды. Бөлінген натрий алюмосиликатының пішіні Байер тізбегінде алынған натрий алюмосиликаты сияқты: Na2O · Al2O3 · 2SiO2 · 2H2O.
Әктас. Әктастың химиялық құрамы – СаСО3. Керегетас кенорынынан аланатын сапасы жоғары, оңай ұсақталатын және шикіқұрамның негізгі компонентерін құрайтын заттардың бірі. Шикіқұрамға қосылатын әктастың құрамындағы SiO2 мөлшері 1% аспауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |