|
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е«Функционалдық сауаттылық»
|
бет | 169/226 | Дата | 05.04.2023 | өлшемі | 0,69 Mb. | | #42018 | түрі | Оқулық |
| Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е«Функционалдық сауаттылық» ұғымы өткен ғасырдың 60-жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен қол-данысқа енді.Функционалдық сауаттылық – білім берудің жеке тұл-ғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық әрекеттерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор. Қорыта айт-қанда, функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамның өзін қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға мүмкін-дігінше жылдам бейімделе білуі мен әрекеттесе алу деңгейінің көр-сеткіші.
Білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп білім алушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсатта-рының бірі ретінде айқындалып отыр.
Білім алушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау (ОЖСБ) аясында білім алушылардың функционалдық сауаттылығы бағалана-ды. Функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған тест тапсыр-малары алғаш рет 2014 жылы ОЖСБ тапсырмаларына қосылды.
Білім алушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау аясында функционалдық сауаттылықтың мынадай түрлері бағаланады: оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі); математикалық сауаттылық; ғы-лыми-жаратылыстану сауаттылығы (физика, химия, биология, геогра-фия).
2016-2017 оқу жылында мектеп бітірушілерді қорытынды аттес-таттау және ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру форматы өзгерді. Мектеп бітірушілер жоғары оқу орнына түсу үшін міндетті үш пәннің қатарында «Математикалық сауаттылық», «Оқу сауаттылығынан» емтихан тапсырды.
Оқу сауаттылығы – білім алушылардың мәтін мазмұнын түсіне білу және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына же-ту үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері. Оқу жылдамдығы мен мәтінді дәлме-дәл түсіну бағаланбайды, мәтінге арналған рефлек-сия мен ұғым, оқылғанды өмірлік мақсаттарды жүзеге асыруы үшін пайдалануы бағаланады.
Математикалық сауаттылық – әлемдегі математиканың рө-лін айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу және қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажетті-ліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттері.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|