|
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е
|
бет | 77/226 | Дата | 05.04.2023 | өлшемі | 0,69 Mb. | | #42018 | түрі | Оқулық |
| Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. ЕҚайта құрылу деңгейі. Ол бұрын теорияда болмаған білім беру және тәрбие саласында жаңа идеямен, ыңғаймен сипатталады.. Бұған дидактикада оқытуды тұтас қарастыру тәсілі жатады.
И.П. Волков, Г.И. Гончарова, И.П. Иванов, Е.А. Ямбург және тағы басқа атақты педагогтардың жаңашылдық және зерттеу тәжірибесінде Ресей мектептерінің жаңартылған үлгілерін көрсетті. Олардың педагогикалық жаңалықтарымен, нәтижелері бүкіл ел мұғалімінің игілігіне айналды.
Педагогикалық инновациялардың ілгерілеу өлшемдері әр түрлі нәтижелерде көрінуі мүмкін. Мысалы, белгілі бір мәселені толық немесе жартылай шешетін әдістемелердің жаңа баламалары жасалынады. Жаңа тұжырымдамалар, идеялар, жіктемелер, тәрбие мен оқыту саласындағы түрлі құбылыстар мен фактілерді түсіндіреді. Болашақ тәрбие жүйелерін жасауға мүмкіндік беретін болжамдар жасау және нақтылаудың әлеуеті зор. Жаңа идеялар мен технологиялар келешек ізденістердің жолдары мен бағыттарын ашады. Тиімді ұсыныстар даярлайды, өзекті зерттеу жобалары мен бағдарламаларын жасауға мүмкіндік береді. Ұсынылған жаңалықтар теориялық немесе эмпирикалық деңгейде негіделуі керек. Оларды бағалау өлшемдеріне жататындар:
-күтілген нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың күшін оңтайлы жұмсау;
-мұғалімдер әрекетіндегі нәтижелердің тұрақтылығын көрсететін табыстылық;
-жаппай тәжірибеде инновацияларды шығармашылықпен пайдалану мүмкіндігі.
Аталған өлшемдер педагогикалық шығармашылықтың негізін құрайды.
Адамзат дамуының жаңа кезеңіне инновациялық білім беру жүйесі, оқыту жүйесі, білім беру философиясы жәнебілім үлгісі сай келуі тиіс. Бұл үшін білім беру үлгісінің мүмкін болатын даму бағыттары жөніндегі білім керек.
Соңғыжылдарыдемократиялықөзгерістерпедагогикалықшығармашылыққа, шығармашылыққұндылыққаерікберіп, педагогикалықинноватикаөздәрежесіндееркіндами бастады. Инновация теориясымен, әдіснамасымен ТМД елдерінде, Қазақстан көлемінде айналысып жүрген ғалымдардың еңбектері инновациялық үдерісті зерттеу жұмыстарын тереңдетуге мүмкіндік туғызып отыр. Өткен ғасырдың 80-жылдарының екінші жартысында мұғалімнің қызметін жаңаша ұйымдастыру мәселесін дамытуға бағытталған, педагогикалық инновация мен педагогикалық қызметтің жаңа қырын зерттейтін шығармашылық үдеріс ретінде пайда болған зерттеулер Ф.Н. Гоноболин, В.И. Загвязинский, В.А. Кан-Калик, Н.В. Кузьмина, Н.Д. Никандров, Я.А. Пономарев, В.А. Сластенин, Г.С. Сухобская, Л.М. Фридман, және басқалардың еңбектерінде көрініс тапты. Бұл жаңа зерттеулерде мұғалімнің шығармашылық қызметі мен педагогикалық жаңалыққа ұмтылысы, қатынасы, жаңаны бағалау өлшемі, жаңа жүйенің өзіндік ерекшеліктері т.б. қарастырылады.
Ғалымдардың (Н.Р.Юсуфбекова және т.б.) еңбегіне сүйеніп, инновациялық-әдістемелік қызмет тәсілдерін былайша жүзеге асыруға болады: әдістемелік ізденіс→әдістемелік жаңалық→дидактикалық жаңалық.
Инновациялық білім беруге үйрету жоғары оқу орнында қалыптасатындықтан елімізде жоғары білім беру ісін жаңартудың сапасын арттырудың маңызы ерекше.Ғалым Я.С. Турбовскойдың пікірінше, жаңашылдық - озат педагогикалық тәжірибені пайдалану барысында оқу-тәрбие үлерісінің сапалы жаңа өзгерісі болып табылады.
Дәстүрлі оқу үдерісін өзгертетін, оның зерттеушілік сипатын қамтамасыз ететін, зерттеушілік оқу-танымдық әрекеттерге бағытталған инновация. Оқытуға деген ізденіс тәсілі, ең алдымен, оқушылардың жаңа білімді өзіндік меңгеру тәжірибесін қалыптастыруға, оларды шығармашылық қызмет тәжірибесіне барабар құндылықтармен ұштастырып, байытуға бағытталған тәсіл.
Елімізде соңғы жылдар ішінде инновациялық үдерістер мәселесі арнайы зерттеле бастады. Педагогикалық білімнің жаңа бір саласы педагогикалық инноватика білім берудің жаңа практикасын ұйымдастырумен байланысты білім беру ұйымдарының даму үдерісін зерттейді. Инновациялық үдерісті теория ретінде қалыптастыру - білім беру жүйесіндегі инновациялық үдеріске толық талдау жасауды талап етеді. Сонымен, педагогикалық инноватика-жаңалықтарды ашу, бағалау, педагогикалық қауымдастықтың меңгеруі және практика жүзіне пайдалана білуі жөніндегі ғылым. Инновациялық білім беруді енгізуде бірқатар маңызды мәселелерді тиянақтау керек: инновациялық бағытты дұрыс таңдай білу; инновациялық іс-әрекеттің тұжырымдамасы мен бағдарламасын жасау; инновациялық жобаны жүзеге асырудың тиімді жолдарын анықтапу; инновациялық іс-әрекетті дұрыс жүргізу үшін қажетті құжаттарды кәсіби сауатты дайындап алу.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|