Тауарларды сату; мүліктерді сату



жүктеу 39,2 Kb.
бет2/2
Дата04.01.2022
өлшемі39,2 Kb.
#36353
1   2
    Навигация по данной странице:
  • K =V:Q (10)
Q =V(2*V*с)/r,

Мұндағы V — ақша қаражаттарына деген кезең ішіндегі болжау жасалып отырған қажеттілік (жыл, тоқсан, ай);

с — ақша қаражатын бағалы қағаздарға айырбастаудағы шығындар.

г — кәсіпорынның қысқа мерзімді қаржы салымдары бойынша мүмкін және қолайлы пайдасы, мысалы, мемелкеттік бағалы қағаздар бойынша.

Есеп шоттағы қаржы қалдығы

K =V:Q                   (10)

Ақша қаражаттарын басқарудың осындай саясатын іске асырудың жалпы шығындары  (ОР) мьшаны құрайды:

ОР = ск + гQ/2    (11)

Бұл формуладағы бірінші қосынды тікелей шығындарды көрсетсе, екінші — қаржыны бағалы қағаздарға инвестицияламай есеп шотта сақтағаннан жіберіп алған пайда.

Миллер — Орр моделі.

Баумол моделі қарапайым әрі ақшалай шығындары тұрақты әрі болжанатын кәсіпорындар үшін өте қолайлы. Іс жүзінде мұндай сирек болады; есеп шоттағы ақшаның қалдығы кездейсоқ жағдайлармен өзгереді, әрі біршама ауытқулар болуы мүмкін.

Миллер мен Орр жасаған модель қарапайымдылық пен шынайылық арасында бітімге келген модель. Ол мына сұраққа жауап беруге көмектеседі: егер қаражаттың күнделікті келуі мен кетуін болжай алмаған жағдайда кәсіпорын өзінің қаржы запасын қалай басқаруы керек? Модельді құруда Миллер мен Орра Бернуллидің процесін — стохастикалық процесті пайдаланады. Онда кезеңдерден кезендерге дейінгі аралықтағы ақшаның тусуі мен жұмсалуы тәуелсіз кездейсоқ құбылыстар. Қаржы менеджерінің есеп шоттағы қалдық қаржыны басқару қызметінің логикасы төмендегі суретте көрсетілген және оның мәні мынада. Шоттағы қаражаттың қалдығы жоғарғы шекке жеткенге дейін ретсіз өзгеріп отырады. Бұл іске аса салысымен кәсіпорын бағалы қағаздардың жеткілікті мөлшерін сатып ала бастайды. Мұндағы мақсат ақша қаражатының қорын біршама қалыпты деңгейге (қайтарым нүктесіне) жеткізу. Егер ақша қаражатының қоры төменгі шекке жетсе, онда бұл жағдайда кәсіпорын өзінің бағалы қағаздарын сатады да, сол арқылы ақша қаражатының қорын қалыпты шекке де толтырады.

Вариация (жоғарғы және төменгі шектер арасындағы айырмашылық) қарқыны туралы мәселені шешкенде мына саясатты ұстану ұсынылады: егер күнделікті ақша ағымының ауытқуы үлкен болса немесе бағалы қағаздарды сату мен сатып алуға байланысты шығындар жоғары болса, онда кәсіпорын вариация қарқынын ұлғайтуы керек немесе керісінше. Егер бағалы қағаздар бойынша жоғары пайыздық ставкадан пайда табу мүмкіндігі болса, онда вариация қарқынын азайту қажет. Модельдерді іске асыру бірнеше кезендерден тұрады:



  1. Ақша қаражаттарының ең аз көлемі тағайындалады (С). Оның есеп шотта үнемі болғаны абзал (кәсіпорынның шоттарды төлеуі, банктің, кредиторлардың талап етулері мүмкін болғанда және т.б.);

  2. Есеп шоттағы ақша қаражаттарының қалдығының вариациясының қарқынын (R) мына формула бойынша есептейді:

R  = ЗхV(ЗхZtхVаг):4хZs                 (12)

Мұндағы: Zs — қаржыны есеп шотта сақтау шығындары;

Zt — ақша қаражаттары мен бағалы қағаздардың өзара өзгеруінің шығындары;

Vаг — қаржылардың есеп шотқа күңделікті түсуінің вариациясы.



  1. Есеп шоттағы ақша қаражаты қалдығының жоғары шекарадан асып кеткенде акша қаражаттарының бір бөлігін қысқа мерзімді бағалы қағаздарға айырбастау қажет болады. Оның жоғары шекарасын былай есептейді:

СҺ = Сl + R        (13)

  1. Қайтарым нүктесін (О) анықтайды. Егер ақша қаражттарының есеп шоттағы
    қалдығы интервал (Сһ , С1 ) шегінен шығатын болса, онда қайтып оралуды қажет ететін есеп шоттағы ақша қаражаттарының қалдығының көлемі:

Сг = С1+R/3                  (14)

Алайда бұл модельдерді отандық қаржы менеджменті практикасында қолданудың қиыншылығының себептері:



  1. Айналым активтерінің үнемі жетіспеушілігі кәсіпорынға ақша қаражатының қалдығының қажетті мөлшерін оның резервін ескере отырып құруға мүмкіндікбермейді.

  2. Төлем айналымының баяулауы ақша түсімдерінің мөлшерінде біршама ауытқулар тудырады. Бұл ақша қаражаттарьның сомаларынан көрініс табады.

  3. Айналымдағы қысқа мерзімді қаржы аспаптарының шектеулі тізімі мен өтімділіктің төмендігі оларды сатып алушылардың қысқа мерзімді салымдарымен байланысты есептерінде пайдалануды қиындатады.

Дебиторлық қарыздарды басқару. Айналым құралдарын тиімді пайдалануда, кәсіпорынның қаржы жағдайын сауықтыруда дебиторлық қарыздарды азайту маңызды рөл атқарады.   Дебиторлық қарыздар аванс түрінде төленетін салықтар мен басқа міндеттемелерді артығымен төлеу, есеп беретін адамдардың қаржыны (іс-сапар, көлік және басқа шығындар) уақытылы қайтармауы, төлем уақыты өтіп кеткеннен кейін күдікті қарыздардың пайда болуы, келісімшарт міндеттерін бұзудан болатын даулы қарыздар және т.б. нәтижесінде пайда болып, қаржыны айналымнан алшақтады.

Дебиторлық қарыздарды басқару дегеніміз, ең алдымен уақыты өткен қарыздардың, қаржының есептегі айналымдылық жағдайын қадағалау. Айналымдылықты динамикада жеделдету оң қарқын ретінде қарастырылады. Сонымен бірге дебиторлық қарыз деңгейіне әсер ететін бірқатар факторларды ескеру қажет: өнім түрі, нарық сыйымдылығы, нарықтың осы өнім түрімен қанықтылығы, келісімнің шарттары, кәсіпорынның есеп айырысу жүйесі.

Өткізілген тауар үшін есеп айырысудың негізгі түрлерінө қолма-қол есеп айырысу мен ақша аудару арқылы есеп айырысу жатады. Тұрақты экономикада есеп айырысудың аударымдық түрлері  көп кездеседі. Оған жататындар: чектер, векселдер, есеп шоттары мен ағымдық шоттар арқылы есеп айырысу, әртүрлі банктер арасындағы корреспонденттік шоттар, сонымен бірге есеп палаталары арқылы өзара талаптарды зачеттау клирингтері. Экономика тұрақсыз жағдайда болғанда көбінесе алдын-ала есеп айырысу түрі басым болады. Есеп айырысудың аударымдарының түрлері мен ережелері Қазақстан Республикасының зандары арқылы реттеледі. Потенциалды сатып алушыларды іріктеу мен келісім шарттар қарастырылған тауарды төлеу шарттарын анықтау өте маңызды[7].

Сатып алушыларды іріктеу формалды емес критерийлер арқылы іске асады: бұдан бұрынғы уақыттағы төлем тәртібін сақтауы, оның сұрап отырған тауардың ақшасын төлей алатындығы жөніндегі сатып алушының қаржылық жағдайынының болжамы, ағымдағы төлем қабілетінің деңгейі, қаржы тұрақтылығының деңгейі, кәсіпорынның — сатушының экономикалық және қаржылық жағдайлары (тауарландырылуы, қолма- қол ақшаға зәрулік деңгейі және т.б.). Талдауға қажетті ақпаратты жарияланған қаржы есептерінен, мамандандырылған ақпараттық агенттіктерден, ресми емес көздерден алуға болады. Мысалы АҚШ-тағы ірі «Дан энд Брэдстрит» ақпараттық агенттігінде бірнеше миллиондаған компаниялардың несие қабілеті туралы ақпараттар бар. Ал Қазақстанда болса занды тұлғалардың несие қабілеті туралы мұндай ақпарат алу әлі жолға қойылмаған. Ағымдағы активтердің құрамындағы дебиторлық қарыздардың үлкен үлес салмағы оның айналым капиталын басқарудағы орнының жоғары екенін аныктайды. Дебиторлық қарыздарды басқаруға мүмкіндік беретін бірқатар жалпылама ұсыныстар бар:



  • кейінге шегерілген (уақыты өтіп кеткен) қарыздар бойынша сатып алушылармен есеп айырысудың жағдайын бақылау;

  • бір немесе бірнеше ірі сатып алушылардың төлемеу қаупін азайту мақсатымен сатып алушылардың көп санына мүмкіндігінше бағытталу;

  • дебиторлық қарыздар мен кредиторлық қарыздардың ара қатынасын бақылап отыру:

  • дебиторлық қарыздардың көп мөлшерде асып кетуі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төндіреді де қосымша қаржыландыру көздерін тартуды (әдетте, қымбат тұратын) қажет етеді;

  • мерзімнен бұрын төлеген кезде жеңілдіктер беру әдісін қолдану.
    Сатып алушылармен қарым қатынастың тиімді жүйесіне кіретіндер:

  • несие беруге болатын клиенттерді сапалық іріктеу;

  • тиімді несие шарттарын анықтау;

  • қойылатын талаптардың айқын процедуралары;

  • клиенттердің келісім шарттарын қалай орындап жатқандығын қадағалау.
    Әкімшілік етудің тиімді жүйесіне жататындар:

  • өнім түрлері, қарыз көлемі, төлем уақыты және т.б. бойынша дебиторлардың үнемі мониторингі;

  • жұмыстың аяқгалу, өнімнің тиелу, төлем шарттарын көрсету сәттері арасындағы уақыттық интервалдарды минимизациялау;

  • төлем құжаттарын тиісті әдістері бойынша бағыттау;

  • клиенттердің төлем шарттары бойынша талаптарын мұқият қарастыру;

  • шоттарды төлеу мен төлемдерді алудың айқын процедурасы.

Экономикалық дамыған елдерде жеңілдіктер жүйесінің неғұрлым көп тараған түріне спонтанды қаржыландыруды — есеп айырысу уақытын азайтқаны үшін сатып алушыларға жеңілдіктерді анықтауды жатқызуға болады. Оның мәні бойынша сатып алушы алған тауары үшін белгілі бір уақыт өткенге дейін төлесе, бағасына қомақты жеңілдік ала алады.

Бұл мерзімнен соң сатып алушы тауардың толық құнын келісілген төлем уақыты ішінде төлейді. Жеңілдік беру сатып алушыға да, сондай-ақ сатушыға да тиімді. Сатып алушы тауар сатып алуға кететін шығынның азайғандығынан пайда тапса, екіншісі дебиторлық қарызға салынған қаржының айналымдылығын жылдамдату арқылы жанама пайда  табады. Осылайша спонтанды қаржыландыру қаржы алудың салыстырмалы арзан түрі болып табылады; мұндай несиелендіру клиенттен кепілдікті қажет етпейді және жеңілдік кезеңінің жеткілікті ұзақ уақытымен тартымды.

Дебиторлармен жұмыс істеудің тиімділігін арттыру үшін шетелдік көптеген ірі компаниялар дебиторлық қарыздармен жұмыс істеуге мамандандырылған өзіндік құрылымдар болмаса салалық компаниялар ашады. Бұл құрылымдардың тар  мамандандырылуы дебиторлармен жұмыс жасаудың дәстүрлі тәсілдерін пайдаланып  қана қоймай, сондай-ақ қазіргі заманғы әдістерді, мысалы векселдерді есептеу, секьюритизация және факторинг сияқты тәсілдерді де пайдалануға мол мүмкіндік береді. Векселді есепке алудың негізгі экономикалық мақсаты: жеткізіп берушілердің дебиторлық қарыздарының тез арада оның есеп шотындағы ақша түріне айналуы. Векселдің номиналды құны жоғары болған сайын соғұрлым жоғары соманы банк дисконт түрінде ұстап қалады. Вексел бойынша төлем уақытына дейін қаншалықты аз күн қалса, банкке соншалықты аз дисконт есептеледі.

Дисконт, тенге = Векселдің номиналды құны — Банктің клиентке (15) төлем сомасы.

Дисконттың көлемі векселді есептеу күнінен ол бойынша төлем мерзіміне дейінгі қалатын күндерге, векселдің номиналына және банктің есептік ставкасына тура пропорционалды. Дисконт, тенге = (Векселдің номиналы, тенге х есеп күнінен вексел бойынша төлем датасына дейінгі күндер саны х банктің есеп ставкасы, %):

100 % х 360 күн  (16)

Вексель бойынша ақша алуды жеделдету үшін оның иесінің вексельді банкке сатуы міндетті емес. Кепілдікке салып қоюға да болады. Бірақ әдетте мұңдай жағдайда банк аваль талап етеді, яғни вексел бойынша төлемнің уақытылы болуының кепілдігі. Авалист (гарант, кепіл беруші) болып үшінші тұлға, немесе вексельге қол қойған тұлғалардың біреуі түсе алады.

Активтердің секьюритизациясы дегеніміз кепілдікке қамтамасыз етілген бағалы қағаздардың эмиссиясы. Бұл операцияның мән-мағынасы мынада. Бір несие мекемесі салыстырмалы бірыңғай мүлікпен қамтамасыз етілген несиелерін (мысалы, дебиторлық қарыздар) пұлға жинақтайды да, жалпы қамтамасыз етілу үшін бағалы қағаздар шығарады. Жеке активтің құндылығы онша жоғары болмауы мүмкін, бірак бірге жинақталған активтер біршама қомақты соманы құрайды. Секьюритизация процесіне көп жағдайда бірнеше қаржы институттары қатысады, олардың әрқайсысы өзінің функцияларын атқарады: несиелер беру, пұл құру, эмиссиялар жүргізу, сақгандыру, бағалы қағаздарға инвестициялау.

Факторинг делдалдық операцияларға жатады. Факторингке мамандандырылған мекемелер (факторингтік компаниялар, фактор-фирмалар және банктердің факторингтік бөлімдері) өз клиентіне қарыз болғандардан ақша қайтарумен және оның қарыз талаптарын басқарумен айналысады. Факторингтік операцияларға үш тарап қатысады: факторингтік компания, клиент (тауар жеткізуші, кредитор), кәсіпорын (қарыз алушы), фирма — тауар сатып алушы. Факторингтік қызметтер «қаржыландырумен» және «қаржыландырусыз» көрсетіледі. Бірінші жағдайда фактор-фирмаға шот-фактураны сатқан клиент соңғысынан төлем  уақыты болғанда шот-фактура сомасын алады. Екінші жағдайда жеткізілген тауардың құнының көп бөлігін (70-90 пайызын) жеткізуші фактор-фирмадан тауар жөнелтіле сала алады. Қалған сома төлемеу қаупін жабу үшін және тауар үшін төлем уақыты болғанда жеткізушіге төлену үшін ұсталынып қалады (пайыздар мен комиссиондық төлемдерді алып тастағанда). Іс жүзінде фактор-фирма өзінің клиентіне несие береді. Яғни жеткізілген тауарлардың алдын-ала төлемі ретінде қаржыландыруды іске асырады. Бұл операция кәсіпорын үшін біршама қымбат. Батыс практикасында дебиторлық қарыздар сомасының 50 пайызына дейін шығын болып кететін жағдайлары жиі кездеседі. Кәсіпорын жаңадан құрылып жатқанда немесе өндірістік қызметін бастап жатқандағы факторингтің пайдалалығы өлшеусіз. Факторингтік қызметтердің кұны екі элементтен тұрады:


  • комиссиялар (шот сомасынан қызмет көрсеткені үшін пайыздық төлемдер); әлемдік практикада комиссия мөлшері 1,5-2,5 пайызды құраса, Ресейде 0,5-3 пайыз;

  • келтірілген құжаттарды алдьш-ала төлегені үшін алынатын пайыздар. Әдетте қысқа мерзімді несиелер нарығының ставкаларынан 1 -2 пайызға жоғары.
    Фактор-фирманың ең маңызды қызметі клиенттің төлемінің кепілділігі болып табылады. Бұл кепілдік ішкі және сыртқы операциялардың толық көлемін қамтиды. Фактор-фирма клиентіне оның сатып алушысының төлем қабілеті жоқ болса да барлық акцепттелген шот-фактураларды төлеуі тиіс. Ақша активтері кәсіпорынныңқаржылық міндеттемесі бойынша төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету процесінде белсенді роль атқарады:

— шұғыл жұмыс міндеті(орындалу мерзімі 1 айға дейін) және қысқа мерзімді (орындалу 3 айға дейін)

-ағымдағы міндеттемелер (орындалу мерізімі 1 жылға)

-басқадай айналым активтерінің түрлерімен қамтамасыз етіледі.

Тауарлы-материалдық қорларды басқару. Қорлар мөлшерін басқару проблемасы ақша ағымдарын басқаруға ұқсайды. Кәсіпорынның бір саласының өндірістік қорларының айналым уақыты, әдетте, оның капиталды қаншалықты табысты пайдаланғандығын сипаттайды. Запастардың жинақгалуы ақша қаражаттарының тым мол қосымша кетумен байланысты. Бұл материалды құндылықтарды сақтау мерзімін қысқартудың мүмкіндігі мен дұрысгығын бағалауға қажетті баға береді. Ақшалардың сатып алу қабілетінің төмендеуі кәсіпорындарды уақытша бос қаржыларын материалдар запастарына салуға мәжбүрлейді. Сонымен бірге кәсіпорынның өндірістік процесіне қажетті шикізаттар мен материалдардың жеткізілмеуі (толық жеткізілмеуі) қаупін төмендеіудің мәжбүрлі шарасы болып табылады. Осыған орай айта кеткен жөн, бір негізгі жеткізушіге бағытталған кәсіпорын бірнеше жеткізушімен келісімшарт негізінде жұмыс істейтін кәсіпорынға қарағанда анағүрлым осал жағдайда.

Сонымен бірге тауарлы-материалды құндылықтардың қорларын жинақтау саясаты ақша қаражаттарының қосымша кетуіне мына себептерден әкеп соғады:


  • запастарды игеруге байланысты шығындардың өсуі (қойма ғимараттарын жалға алу мен оларды күту, қорларды тасымалдау шығындары, мүлікті сақтандыру және т.б.);

  • тауарлы-материалдық құндылықтардың ескіруі мен бүлінуіне, сондай-ақ жоғалуы мен бақылаусыз пайдаланылу қаупіне байланысты шығындардың өсуі; мүліктің көлемі мен сақталу уақыты қаншалықты көп болса, оның сақталынуын бақылау әлсіздеу (күрделілеу) екендігі белгілі;

  • төленетін салықтар сомасының өсуі. Инфляция жағдайында жұмсалған өндірістік запастардың нақты өзіндік құны (өзіндік құнға шығару сомасы) оның ағымдағы нарықтық құнынан әлдеқайда төмен. Нәтижесінде пайданың көлемі жалған болып шығады. Бірақ тап сол сомадан төленетін салық есептелетін болады. Қосымша құн салығы да осыңдай кейіпте. Запас көлемі өскен сайын мүлік салығының көлемінің өсетіндігін түсіндірмей-ақ қойса да болатын шығар[8]:

—  қаржының айналымнан шеттетілуі, олардың «жансыздандырылуы». Қорлардың шектен тыс көлемі капитал қозғалысын тоқтатады, қызметтің қажылық тұрақтылығын бұзады. Ал кәсіпорын басшылары ағымдағы қызметке қажетті қаржыны (әдетте қымбат тұратын) жедел  іздестіре бастайды.  Сондықтан тауарлы-материалдық құндылықтардьщ шектен тыс қорын «бизнестың  зираты»деп текке айтпаса керек.

Қорларды жинау саясатының бұл және басқа да жағымсыз салдарлары бұдан бұрынғы сатып алуларда жасалған үнемнің жағымды тиімділігін жауып тастайды. Қорларды түзу және сақтау шығындарымен байланысты актив қаражаттарының біршама кетуі  оларды қысқарту жолдарын қарастыруды қажетті етеді. Мұнда тауарлы-материалды  құндылықтарды түзу және сақтау шығындарының көлемін минимумға жеткізу туралы


айтылып отырған жоқ. Мұндай шешім тиімсіз болар еді және басқа түрлі шығынға ұшыратар   еді   (мысалы,  тауарлы-материалдық  құндылықгардың  бүлінуі   мен бақылаусыз пайдаланылуы). Мұндағы міндет қаржылық қиыншылық тудыруы мүмкін өте көп мөлшердегі қорлар мен өндірістің тұрақтылығына қауіпті өте аз мөлшердегі қорлардың арасындағы «алтын ортасын» табу. Бұл мәселе запастардың стихиялы түзілуі жағдайында шешіле алмайды. Запастардың жағдайын бақылау мен  талдаудың жолға қойылған жүйесі қажет.

Запастарды басқарудың теориясы мен практикасында ресурстарды бақылаудың қанағаттанарлықсыз жүйесінің келесі негізгі белгілерін ерекше атауға болады:

— запастардың сақталу ұзақтығының үнемі өсу қарқыны;


  • өткізілген өнім көлемінің өсу динамикасынан біршама асып түсетін запастардың үздіксіз өсуі;

  • қондырғылардың материалдың жоқтығынан жиі тұрып қалуы;

  • қойма орындарының жетіспеушілігі;

  • тауарлы-материалдық құндылықтар запастарының жетіспеушілігінен (жоқтығынан) тығыз тапсырыстан ауық-ауық бас тарту;

  • ескірген (көп жатып қалған), баяу айналатын запастарды есептен шығарудың көп сомасы;  запастардың бүлінуі мен жоғалуы салдарынан есептен шығарудың көп көлемі.

Запастарды тиімді басқару үшін:

  • жоспарланған мерзімге шикізаттың қажетті мөлшерін бағалау;

  • ауық-ауық тапсырыстың тиімді партиясы мен шикізатқа тапсырыс беру моментін нақтылау;

—  шикізатқа тапсырыс беру мен  сақгау шығындарын ауық-ауық нақтылау және салыстыру;

  • запастарды сақтау жағдайларын үнемі қадағалау;

  • жақсы есеп жүйесінің болуы қажет.

Аяқталмаған өндірісті тиімді басқару деп келесі факторларды есептеуді айтады:

— аяқталмаған өндірістің көлемі өндірістің спецификасы мен көлеміне байланысты;

— өндіріс процесінің тұрақты қайталанбалы жағдайында аяқталмаған өндірісті бағалауға айналымдылықтың стандартты көрсеткіштерін пайдалануға болады;

— аяқталмаған өндірістің өзіндік құны үш компоненттен тұрады:

а)шикізат пен материалдың  тікелей  шығындары;

ә)  тірі  еңбек   шығындары;

б) накладты шығындардың бір бөлігі.

Дайын өнімді тиімді басқару деп келесі факторларды есептеуді айтады:



  • өндіріс циклының аяқталуына қарай дайын өнім өседі;

  • ажиотажды сұраныс мүмкіндігі;

  • маусымдық ауытқулар;

  • жатып қалған және өтпейтін тауарлар.

Запастардың жағдайын бақылау мен талдаудың негізгі мақсаттары:

  • ликвидтілік пен ағымдық төлем қабілетін қамтамасыз ету және қолдау;

  • запастарды жасау мен сақтауға кететін шығындарды төмендету жолымен өндірістің шығындарын қысқарту;

  • шикізат пен материалдардың жетіспеушілігінен болатын қондырғылардьщ тұрып қалуын және жұмыс уақытының босқа кетуін азайту;

  • материалды құндылықтардың бүлінуін, жоғалуын және бақылаусыз пайдаланылуын болдырмау.

Алға қойылған мақсаттарды орындау үшін келесі есептік-талдау жұмыстары жүргізілуі тиіс:

  1. Кейбір ресурстардың шектен тыс көптігін, ал кей ресурстарды сатып алуды жеделдетуді анықтайтын запастардың кұрылымының тиімділігін бағалау. Бұл қажеттілігі қысқаруы мүмкін немесе қажеттілігі анықталмаған материалдарға шектен тыс көп капитал салудан аулақ болуға мүмкіндік береді. Запастардың құрылымының тиімділігін бағалаған кезде бүлінген және өтпейтін тауарлардың көлемі мен құрамын анықтау да маңызды. Бұл арқылы өндірістік запастарды неғұрлым ликвидті жағдайға ауыстыруды немесе запасқа иммобилизацияланған қаржыны қысқарту қамтамасыз етіледі.

  2. Материалды құндылықтарды сатып алу мерзімдері мен көлемдерін анықтау. Бұл қазіргі заманғы кәсіпорын қызметі үшін запастар жағдайын талдау міндеттерінің ең маңызды және күрделі шарттары.

Қабылданып отырған шешімдердің әр алуандығына қарамастан нақты әр кәсіпорын үшін сатып алудың көлемін анықтау ортақ мәселе. Мұнда мына көрсеткіштер ескеріледі:

  • өндірістік-коммерциялық цикл ішінде материаддарды тұгынудың орташа көлемі (әдетте өткен кезендердегі материалдық ресурстарды тұтынуды талдау нәтижелері негізінде және алдағы өткізу-сату жағдайындағы өндіріс көлемімен анықгалады);

  • ойда болмаған материалдық шығындардың (мысалы, тығыз тапсырыс алған жағдайда) орнын жабуға қажетті ресурстардың қосымша мөлшері (сақтандыру запасы) немесе қажетті запастарды түзуге қажетті кезеңнің өсуі.

  1. Қымбат тұратын материалдар немесе өте жоғары сұраныстағы материалдарға көп назар аудару керек деп шамаланған материалдық құндылықтардың запастарын іріктеп реттеу. Шетел практикасында АВС-әдіс деген тәсіл кең тараған. Мұның тәсілдері қазақстандық кәсіпорындарда да қолданыла алады. АВС-әдістің тәсілінің идеясы әр материал түрін оның  маңыздылығы  бойынша  бағалау. Нақты   бір   кезенде материалдың пайдаланылуы; қоймада оның жоқгығынан болатын шығындарды және осы материалдардың орнын толтыруға қажетті уақыт; алмастыру, сонымен бірге алмастырудан шығынның болу мүмкіндігі. Осы материалдық ресурстардың қоймада сақталынған материалдық құндылықтардың жалпы көлеміндегі үлесі запастарды түзудегі кеткен ақша қаражттарының сомасын анықтайды. Мұндай материалдар А тобының ресурстары ретінде қарастырылады. В тобының материалдары екінші дәрежеліге жатады; олар А тобының материалдарына қарағанда анағұрлым арзан, бірақ түрлерінің санымен олардан асып түседі. С тобының материалдары онша маңызды емес деп саналады — бұл неғұрлым арзан тұратын және неғұрлым көпсанды материалды құндылықтар. Оларды сатып алу және сақтау, ұстау ақша қаражаттарының біраз ғана шығынын қажет етеді (жалпы сомамен салыстырғаңда). Әдетте мұндай запастарды сақтау шығындары тапсырыстық партияларды, сақтандыру (резервтік) запастары және қоймадағы қалдықты қатаң қадағалауды қамтамасыз етуден әлдеқайда төмен.

Бұл аталған топтарға материалдар накты өндірістік шарттарына байланысты жіктеледі. Мұндағы бастысы мұқият қадағаланатын А тобының материалдары. Ерекше мән беретін моменттер: олардың қажеттілігін есептеу; запастардың түзілуінің күнтізбелік жоспары және олардың пайдаланылуы; сақтандыру запастарының негізделген көлемі, инвентаризация.

  1. Кәсіпорынның ағымдағы қажеттілігіне қолда бар запастардың сәйкестігін аныктау үшін оларды өткен кезендердегі осындай көрсеткіштермен салыстыру және негізгі топ запастарының айналымдылығының көрсеткіштерін есептеу . Бұл үшін әртүрлі субшоттардағы материалдардың айналымдылығын есептейді.Сонан соң орташа өлшеулі көлемді анықтау жолымен материалдардың жалпы айналымдылығын есептейді.

Қорытынды

Сонымен, қорыта келгенде, айналым активтері кәсіпорынның мүлкінің бір бөлігі ретінде қаралады. Олардың жағдайымен тиімді пайдалану — кәсіпорын әрекетінің басты жағдайы болып есептеленеді. Нарықтық қатынастың дамуы кәсіпорындарға жаңа жағдайларды талап етуде. Жоғарғы инфляция, төлем қабілетінің нашарлауы және басқадай дағдарыстық құбылыстар кәсіпорындардың айналым активтерге деген саясатын өзгертуге ықпал етті, оны толықтырудың жаңа көздерін іздестіру қазіргі кезде проблемаларын қарастыруда.



Кәсіпорынның   айналым   активтерін   ұйымдастыру   кәсіпорынның   жалпы тиімділігін арттыру проблемасының негізі болып есептелінеді. Айналым активтерін ұйымдастыруға жататындар:

  • айналым қаражатының құрамын және құрылымын анықтау;

  • кәсіпорынның айналым қаражатына қажеттілігін анықтау;

  • айналым қаражаттарын қалыптастыру көздерін анықтау;

  • айналым қаражаттарын пайдалану туралы өкім және ептілік жасау,

  • айналым қаражаттарын сақтау және тиімді пайдалануға жауапкершілік ету.
    Кәсіпорынньщ айналым құралдары өнім өндіру мен сату процесіне үздіксіз айналым құрайды. Мұнда олар айналым аумағынан өндіріс аймағына және керісіше түсіп отырады. Айналым қоры мен өндірістік айналым қорлары түріне ауысып отырады. Осылайша кезек-кезек екі үш фазадан өте отырып айналым құралдары өзінің табиғи заттық формасын өзгертеді. Бірінші фазада (Д-Т) (А-Т) айналым құралдары алғашында ақша түрінде болып өндірістік запастарға ауысады,яғни айналым сферасынан өндіріс сферасына өтеді. Екінші фазада (Т-Ө-Т) айналым құралдары өндіріс процесіне тікелей қатысады және аяқталмаған өндіріс,жартылай фабрикаттар мен дайын өнім түріне келеді. Айналым құралдарының айналымның үшінші фазасы (Т-А) қайтадан айналым фазасында өтеді. Айналым қаражаттарының құрамына көптеген элементтер кіреді. Өндірістік айналым активтерінің негізгі бөлігі-шикізат, негізгі және қосымша материалдар,жартылай фабрикаттар,жанар-жағар майлар, ыдыстар құрылады. Қазіргі экономикалық жағдайда кәсіпорындарға айналым қаражаттар пайдалануға кең ерік берілген. Айналым қаражаттары кәсіпорынның меншігінде және оның ешкімнің алуға еркі жоқ. Кәсіпорын меншігіндегі айналым қаражаттарын басқа кәсіпорындарға сатуға,жалға беруге еркі бар. Айналым қаражаттарының құрамы жэне құрылымы әртүрлі салаларда бірдей емес, әртүрлі. Олар экономиканың көптеген әртүрлі факторларымен анықталады. Айналым қаражатын қаржыландыру көздері меншікті қарыз жэне тартылған түріне бөлінеді. Кәсіпорынның меншікті қаражаты басты роль атқарады, өйткені коммерциялық есептен жұмыс істейтін кәсіпорындардың белгілі мөлшерде рентабельді жұмыс істеуі үшін меншік мүлікті бөлу керек. Айналым қаражаты кәсіпорынды  ұйымдастырған кезде қалыптастырылады. Бұл жағдайда қалыптасу көзі кәсіпорынның құрылтайшылардың инвестициялық қаражаты есебіне жинақталады. Жұмыс істеу процесінде айналым қаражатының қалыптасу көзінің бір алынған пайда.

Айналым қаражатын қалыптастырудың тағы да бір көзі-қарыз қаражатын алу (қысқа мерзімді-банктен несие алу арқылы кәсіпорын уақытша қосымша айналым қаражатын қанағаттандырады). Айналым құралдарын қайта өндіру процесіне орналастыру оларды өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларына жіктейді. Өндірістік айналым қорлары өндіріс процесіңде жұмыс жасаса, ал айналым қорлары — айналым процесінде, яғни дайын өнімді өткізуде және тауарлы-материалдық құндылықгарды сатып алуда. Бұл қорлардың тиімді тепе-тендігі кұн жасауда қатысатын өндірістік айналым қорларының неғұрлым көп бөлігіне байланысты. Айналым қорларына кәсіпорынның қоймасындағы дайын өнім, кассадағы және банктегі есеп шоттағы, сондай-ақ тиелген аяқталмаған есеп айырысудағы ақша қаражаты жатады

Кәсіпорынның айналым құралдары дегеніміз өндіріс пен сатылудың үздіксіздігі мен жоспарлы процесін қамтамасыз етуге бағытталған және өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларындағы қаржы ресурстары. Айналым құралдары бар кәсіпорын жеткізушілермен олардан алған заттар және еңбек құралдары үшін, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысын, несие пайдаланғаны үшін банкпен, өндірістік қорлар төлемдері мен басқа төлемдер бойынша бюджетпен есеп айырыса алады. Айналым құралдарының болуы кәсіпорынның өндірістік және қаржы қызметінің қалыпты жағдайын жасауда маңызы зор. Сондықган айналым құралдарын тиімді ұйымдастыру кәсіпорынның барлық экономикалық жұмысында алдыңғы қатарлы мәнге ие. Осыған орай кәсіпорынның айналым капиталын түзу мен оны тиімді пайдалану қазіргі заманда өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Осылайша айналым активтеріне салынған қаржы ресурстарының қомақты көлемі, түрлерінің алуандығы айналым капиталы жеделдетуде және тұрақты төлем қабілетін қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады.

Айналым құралдары — өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларына авансталған қаржы. Айналым құралдары оның экономикалық мәнімен анықталады. Оған өндіріс процесі, сондай-ақ айналым процесі жатады.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Р.Ә.Әмірқанов ,А.Қ. Тұрғұлова.Қаржы менеджменті; Алматы, 2002; 136-168б.

  2. Бланк И.А Основы финансового менеджмента : Учебный курс .2-Х.-К: Ника-центр; 1999.-5 Пс

  3. Балабанов И.Т Риск-менеджмент М:Финансы и статистика. 1996.-192 с

  4. Под.ред .Стояновой. Финансовый менеджмент; М 2000.-123с

  5. Павлова Л.П. Финансовый менедмент. Учебник.-М. :нфра -М; 1996

  6. Стоянова Е.С. Финансовый менеджмент .-М: Перспектива, 1997.-574с

  7. Под. Ред И.Т. Гослабалов. Финансовый менеджмент;М , 1994,-57с

  8. Глухов В.В.,Бахрамов Ю.М. Финансовый менеджмент. Учебное пособие.-СПБ.:
    Специальная литература. Санкт- Петербург.1995-429с

  9. Бригхем Ю, Гапенски Л.Финансовый менеджмент, В 2-хт.:Пер.с англ./Под ред.
    В.В.Ковалева-СПб:Экономическая школа. 1997.

  10. Дж. Ван Хорн. Основы управления финансами.-М.: 1996.-799с

  11. Павлова Л.П. Финансовый менеджмент. Учебник.-М.: нфра-М,1996.

  12. Ковалев В.В. Методы оценки инвестиционных проектов.-М.: Финансы и статистик,1998.-144с

  13. Лимитовский М. А. Основы оценки инвестиционность и финансовых решений. -М.ДЕКА, 1998-232с

  14. Финансы. Учебник. Мельников В.Д., Ильясов К. К. Алматы: 2001.- 532с

  15. Бланк И.А. Управление активами . -Киев:Ника центр Эльга,2000.716 с (Б-ка финансового менеджмента) *

  16. Волоский А.А.Корпоративный финансовый контроль: Учеб.пособие- Новосибирск .2000 -184 с

  17. Жданов С.А. Основы теории экономического управления предприятием: учебник.- М:Финпресс,2000-384 с

  18. Моляков Д.С ,Шохин Е.И. Теория финансов предприятий.Учеб. пособие-М: Финансы и статистика,2000-112

  19. Сергеев И.В. Экономика предприятия-М: Финасы и статистика , 2000-304 с.

  20. Финансы. Денежное обращение. Кредит .Учебник для вузов\ под. ред.  Г.Д.Поляка –М ЮНИТИ-Дана ,2001-512 с

  21. Бияхман Л.С .Экономика фирмы: Учеб.пособие -СПБ;Издательство Михайлова, 1999-279с.

  22. Практикум по финансовому менеджменту :Учебно деловые ситуации,задачи и решения,Под.ред С.Стояновой-М :Перспектива ,2000-139 с

  23. Нурсеитов А.А. Финансовый менеджмент :Учеб.пособие -Алматы, 1996-160с.

  24. Райцкий К.А .Экономика птедприятия.Маркетинг 1999-693

жүктеу 39,2 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау