Тасқала ауданы әкімдігінің
2009 жылғы «___» желтоқсандағы
№ ___ қаулысымен бекітілген
Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің 2010 – 2014 жылдарға арналған
Стратегиялық жоспары
Тасқала 2009
Мазмұны
МИССИЯСЫ: Аудан халқының өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға жәрдемдесу.
КӨРІНІСІ : Әлеуметтік қорғау және еңбек саласында халыққа сапалы қызмет көрсету.
2. Ағымдағы ахуалды талдау
Мемлекет басшысының «...халықтың барлық буындарының өмір сүрудің жоғары сапасы мен озық әлеуметтік стандарттарына» қол жеткізу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру жөніндегі жұмыс адам капиталын дамытумен байланысты мәселерді алдыңғы қатарға шығарды.
Адам капиталын дамыту үшін лайықты еңбекке қолжетімділікті ұлғайтудың ерекше маңызы бар.
Мемлекет басшысы бірнеше мәрте атап көрсеткеніндей, жұмыспен қамту саясаты кедейлікті еңсеру мен адамдардың әл –ауқатын арттыруда ең пәрменді құрал болып отыр.
Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру шеңберінде өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін бос жұмыс орындарын іздестіру және іріктеу, есебін жүргізу; жұмыссыздар мен халықтың нысаналы топтарының басқа да өкілдерін оқыту, қайта оқыту және біліктілігін арттыру; қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру; әлеуметтік жұмыс орындарын құру, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізу және т.б. пайдаланылды.
Өткен есепті жылдың басты көрсеткіштері
Жұмыспен қамту саласының басты бағыттары.
Жұмыссыздық және жұмыспен қамту деңгейі
Тасқала ауданының еңбек рыногі жұмыссыздықтың тұрақты төмендеуі және жұмыспен қамтылған халықтың деңгейімен сипатталады. Аудан бойынша 2009 жылдың 1 қаңтарына тіркелген жұмыссыздық деңгейі өткен жылға қарағанда 1,1 % - 0,9 % - ға немесе 0,2 % төмендеді. Аудандық жұмыспен қамту бөлімінде 2009 жылдың 1 желтоқсанына 116 жұмыссыз тіркелген, 2008 жылдың 1 желтоқсанында тіркелген 139 адамға қарағанда 23 адамға азайып отыр.
Жұмыспен қамтуда көмек көрсету
Жұмыспен қамту мекемелерінің көмегімен 2009 жылдың 1 желтоқсанына 630 жұмыссыз жұмысқа орналастырылып, бағдарлама 170 % орындалды.
Жұмыс орындарын ашу
Жыл басынан бері экономиканың әртүрлі саласында 511 жаңа жұмыс орындары ашылды, осы ашылған жаңа жұмыс орындарының ішінде 185 тұрақты болып табылады. Кіші бизнес саласында 57 жұмыс орны ашылды. Аймақтық бағдарлама бойынша 68 әлеуметтік жұмыс орындары ашылып, бұларға нысаналы топқа жататын жұмыссыздар жіберілді. Сөйтіп бағдарламаның орындалуы 113 % құрап отыр. әлеуметтік жұмыс орындарының еңбек ақысын төлеуге жергілікті бюджеттен 2080,0 мың теңге бөлінді. Қоғамдық жұмысқа 390 жұмыссыз жіберіліп, бағдарлама тапсырмасының 100 % құрап отыр. Атқарылған қоғамдық жұмысқа 2009 жылдың 11 айына 12375,0 мың теңге есептеліп, толықтай қаржыландырылды.
Жол картасы бойынша
Тасқала ауданында 5 жоба бойынша 269 жаңа жұмыс орындары ашылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 234 жұмыссыз жіберілді, әлеуметтік жұмыс орындарының еңбек ақысын төлеуге Республикалық бюджеттен 11662,0 мың теңге бөлінді. Жастар практикасына 65 адам жіберілді, оған бөлінген сома 4569,0 мың теңге.
Мамандарды даярлау және қайта даярлау
2009 жылдың 11 айында оқуға 70 жұмыссыз жіберіліп, бағдарламаның көзделген көрсеткішінің 132 % құрап отыр. Мамандарды даярлау және қайта даярлау есепті уақытта 2300,0 мың теңгеге қаржыландырылды. Қазіргі уақытта оқуды 64 адам аяқтап 64 – і жұмысқа орналастырылып 100 % құрап отыр. «Жол Картасы» бағдарламасын орындау мақсатында жергілікті № 20 кәсіптік лицейге 40 адам оқуға жолданды.
Материалдық – техникалық базаны жақсарту
«Занятость» автоматтандырылған жүйесі, уәкілетті органға жұмысқа орналасу үшін жолыққан азаматтардың жеке есебін жүргізуге қолданылады, және бақылауын, талдауын, статистикалық есебін қалыптастырады. Ол арқылы жергілікті мәлімет банкі құрылады да апта сайын Министрліктің WEB – сайтына жіберіліп тұрады. Бұл жүйе бөлімде енгізілген және қолданылып келеді. Қазіргі уақытта «Занятость» автоматтандырылған жүйесінің жаңа 2,01 түрі орнатылған, әкімгер –мамандар бұл жүйенің базасын құрайды.
2) Халықтың әлеуметтік нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жүйесі
Атаулы әлеуметтік көмек көрсету
Өткен жылға қарағанда Тасқала ауданы бойынша кедейшілік шегі 0,1 % төмендеп 2009 жылдың 1 желтоқсанына 3,9 % құрайды. 2009 жылдың 11 айында Атаулы әлеуметтік көмек 18,7 мың теңге көлемінде төленді.
18 жасқа дейінгі балаларға төленетін жәрдем ақы
2008 жылға қарағанда 2009 жылы балаларға төленетін жәрдем ақы алатын жанұя саны ата – аналарының қоғамдық және маусымдық жұмысқа орналасуына байланысты 1,6 % азайды, ал балаларға төленетін жәрдем ақы айлық есеп көрсеткішінің көбейуіне байланысты 0,9 % көбейді. 2009 жылдың 11 айында 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін жәрдем ақы 17,9 мың теңге көлемінде төленді.
Тұрғын үй көмегін көрсету
2009 жылы Тұрғын үй көмегін көрсету 71,8 % көбейіп 134 жанұя болды. Төленген қаржы 51,4 % көбейіп 1,4 млн. тенгені құрады, бұған себеп болған Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын үй көмегін көрсету табысын есептемей көрсетіледі. І, ІІ топ мүгедектеріне, ауған соғысына қатысушыларға, көп балалы аналар тұрғын үй көмегін жеңілдікпен алатын топқа жатқызылып шығыс үлестерінің шекті көрсеткіші 30 % дан 15 % төмендеді. Алдағы уақытта шығыс үлестерінің шекті көрсеткіші көмек алушылардың бөлек категорияларына 10 %, ал басқаларына 20 % төмендеуі көзделген.
Аз қамтылған азаматтарды баға өсуіне байланысты қосымша материалдық сүйемелдеу
Тамақ бағасының өсуіне байланысты кедейшілік шегінен төмен тұратын аз қамтылған азаматтарға 2008 жылдың тамыз айынан жергілікті бюджет қаражатынан төленетін материалдық көмек 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал 2009 жылдан бастап 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтем ақысын құрайды. 2009 жылдың 11 айында 745 азаматтарға 14389,3 мың теңге мөлшерінде өтем ақы төленді. Сонымен қоса ауданда әлеуметтік қорғалатын халық санаттарының азық - түлікпен қамтамасыз ету мақсатында ауданда әлеуметтік дүкендер ашу жұмыстары жүргізіліп келеді, сөйтіп ауданда 9 сату көзі мен 1 әлеуметтік дүкен жасап бұнда 745 адам төмен бағамен басты тамақ түрлерін алады.
Материалдық – техникалық базаны жақсарту
Бөлімде «Атаулы әлеуметтік көмек» автоматтандырылған жүйесі орнатылған және жұмыс істеп атаулы әлеуметтік көмектің тағайындау есебін арыз берушінің отбасы мүшелеріне есептеп шығарады «18 жасқа дейінгі мемлекеттік жәрдем ақы» автоматтандырылған жүйесі 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға жәрдем ақы тағайындауын есептейді. Аудандық бөлімде енгізілген және қолданылып келеді. «Халықтың әлеуметтік картасы» ауылдық округтердің шаруашылық кітабының электрондық жүйесі болып табылады, бұл жүйе ауданның барлық ауылдық округтерінде енгізілген. Бұл жүйе бойынша ауылдық округ мамандарын оқыту және туындаған сұрақтарға жауап беру жүргізіледі.
3) Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және реабилитациялау
Мүгедектіктің құрылымы мен саны
Тасқала ауданында мүгедектердің барлық категориялары 2009 жылдың 1 желтоқсанында 545 адамды құрайды немесе барлық аудан тұрғындарының 2,6 % құрайды, оның ішінде 56 бала 16 жасқа дейінгі мүгедектер, 228 адам І, ІІ топтағы соның ішінде 21 адам Ұлы отан Соғысының мүгедектері. ІІІ топ мүгедектері 217 адам.
Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және жеке көмекшілермен қамтамасыз ету
Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және жеке көмекшілермен қамтамасыз етуге көп көңіл бөлінеді. Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі бойынша мүгедектерді жоғарыда аталған құралдармен қамтамасыз ету 2007 жылдан бастап жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Қаржы бөлу, міндетті гигиеналық құралдар қажеттілігі, ымдау мамандары қызметі және жеке көмекшілерді мүгедектің жеке реабилитациялық бағдарламасы негізінде бөлінеді.
Тұрақты күтім қажет ететін азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі
Ауданда тұрақты күтім қажет ететін азаматтарға үйден әлеуметтік қызмет көрсету 1 бөлімшесі жұмыс істейді. Тұрақты күтім қажет ететін азаматтарға үйден әлеуметтік қызмет көрсетудің басты мақсаты қызмет көрсететін адамдарға қолайлы жағдай туғызып мемлекеттік стандарттарға сай қызмет көрсетіп реабилитациялық шаралар өткізу. әлеуметтік қызметкерлер, әлеуметтік қызмет алатын азаматтардың тұратын ауылдық округ штаттарына енгізілген. Әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің 16 әлеуметтік қызметкерлерімен 90 жалғызбасты қариялар мен мүгедектерді, 11 әлеуметтік қызметкерлерімен 28 мүмкіншілігі шектеулі балаға қызмет етеді.
Материалдық – техникалық базаны жақсарту
Қазіргі уақытта аудандық бөлімде орталықтандырылған мүгедектердің мәлімет базасына қосылған, бұнда өткізілген реабилитациялық шаралар картотекасы қалыптасады.
Басты проблемаларды талдау
Жұмыспен қамту саласында
Ауданда еңбек рыногі ахуалының басты проблемалары әлі шешілген жоқ, оның ішінде жұмыссыздық сонымен қоса әйелдердің. Жұмыссыздықты азайтып жұмысқа орналасуға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басты бағыттарының бірі болып табылады.
Халықтың әлжуаз топтарын әлеуметтік қорғау саласында
Адамзат дамуы жағдайының жақсаруы, басқа маңызды сала қызметтерімен бірдей әлеуметтік қамтамасыз етуді ұйымдастыруды қосады. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен осы бағытта жоспарлық жұмыс атқарылып келеді, бірақ әлеуметтік төлемдерден басқа әр аз қамтылған отбасымен жұмыс жүргізу қажет. әлеуметтік көмек көрсету жүйесінің өзгергеніне қарамастан шешілмеген проблемалар сақталып келеді, ол кедейшіліктен шығудың белсенді шараларына қарамастан нәтижесінің төмен болуы. Сөйтіп халықтың әлжуаз топтарын қолдау және әлеуметтік көмек көрсету стратегиялық бағыттың екіншісі болып табылады.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және реабилитациялау
Қазақстан республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы Мемлекеттің саясаты мүгедектіктен сақтандыруға, әлеуметтік қорғауға және мүгедектерді реабилитациялап оларға өмір сүрулеріне тең мүмкіндіктер жасау болып табылады. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау» заңы мүгедектерді әлеуметтік қорғау және мүгедектерді реабилитациялаудың комплексті жүйесінің өңдеуін талап етеді. Мүгедектердің жай-күйінің жақсаруы ауданның әлеуметтік саясатының бірі болып табылады.
Ішкі және сыртқы факторлерді бағалау
Жұмыспен қамту саласында
Әлемдік тәжірибе анализі көрсеткендей, еңбек кадрларының тапшылығы, адам капиталының дамуымен және жұмыс жасауға қажетті жағдай туындауына байланысты. Ең әерлі саясаттың бірі болып жұмыспен қамту болып табылады. Осыған байланысты әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыстарының басты бағыты жұмыссыздық деңгейін азайту, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау және жұмыс орындарының қысқартылмауына жол бермеуге бағытталады.
Халықтың әлжуаз топтарын әлеуметтік қорғау саласында
Азаматтарды әлеуметтік қорғау күрделі жуйе болып саналады және оған әртүрлі факторлар әсер етеді. Біріншіден олар әлемдік дағдарыс уақытында еліміздің әр түрлі топтарының экономикалық жағдайымен байланысты. Халық табысының азаюы, жанұялардың материалдық жағдайының төмендеуі әлеуметтік қорғауды талап ететін адамдардың көбейуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Сонымен қатар халыққа әлеуметтік көмек көрсетудін азайуы жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік шығыстарға қаржыны аз бөлуі әлеуметтік топтарға жататын тұлғаларға кері әсерін тигізуі мүмкін.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және реабилитациялау саласында
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және мүгедектерді реабилитациялау Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау» заңына сәйкес жүргізілді.
3.Бөлім қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері
Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мақсаттарына сәйкес Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің негізгі стратегиялық бағыттары мыналар болып табылады:
Халықтың жұмысқа орналасуына тиімді жағдайларды қамтамасыз ету.
Аудан тұрғындарының әлеуметтік әлжуаз топтарына тиімді де мақсатты әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру.
Мүгедектердің әлеуметтік қорғалуын және сауықтырылуын қамтамасыз ету.
Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметінің стратегиялық бағыттары,мақсаттары және шешуші көрсеткіштері
|
|
1 –ші Стратегиялық бағыт. Тұрғындардың жұмыспен қамту және жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету.
|
|
Мақсат 1. 1
|
Мақсаттық көрсеткіш (индикатор)
|
2008 (есеп)
|
2009 (жоспар) / (нақты 01.12.09)
|
2010
|
2011
|
2012
|
|
Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейінің өсуі. Арнайы топтардың жұмысқа орналасуына ықпал ету
|
Тіркелген жұмыссыздар деңгейінің төмендеуі (%)
|
0
|
0,1 / 0,2
|
0,1
|
0,1
|
0,1
|
|
Міндеттер
|
Көрсеткіштер
|
|
1. 1. 1. Арнайы топтардың жұмысқа орналасуына ықпал ету.
|
Жұмысқа орналастырылған азаматтар
Соның ішінде
(адам саны) :
с.і. әйелдер
с.і жастар
«Жастар практикасы» аясында жұмысқа орналастырылғандардың саны ( адам) :
|
633
283
147
-
|
370 / 636
102 / 283
62 / 148
6
|
376
105
63
6
|
381
107
64
6
|
387
108
64
7
|
|
1.1.2 Жұмыс орындарын құру және әлеуметтік жұмыс орындарын құру
|
Қоғамдық жұмыстарға қатынасқан адамдар саны
( адам саны) :
Соның ішінде :
әйелдер
жастар
Қаралған қаржы
( мың теңге )
Әлеуметтік жұмыс орындары
бойынша (адам саны):
Соның ішінде :
әйелдер
жастар
Қаралған қаржы
( мың теңге)
Жол картасы
Әлеуметтік жұмыс орындары ( адам саны) :
Қаралған қаржы (мың теңге)
Жастар практикасы (адам саны):
Қаралған қаржы (мың теңге)
Жаңа жұмыс орындарын ашу
|
400
235
29
11664,0
70
26
6
2080
-
-
-
-
519
|
390 / 390
158 / 245
29 / 30
14500,0 / 12375
60 / 68
26 / 27
6 / 6
2080 / 2062
130 / 234
11662 / 11519
52 / 65
4569 / 4066
315 / 511
|
380
240
33
14500,0
62
28
8
2080
120
14400
45
5400
330
|
385
242
34
16406,0
60
30
10
3500
129
43
333
|
390
244
35
16985
60
30
10
3500
137
45
335
|
|
1.1.3 Жұмыс орындарының қысқаруының алдын алу және соған байланысты жұмыста босатуға қарсы шаралар (бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында)
|
Жергілікті атқарушы органдармен бизнес құрылымдары арасында бизнестің копоративтік әлеуметтік жауапкершілігі аясында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жөніндегі меморандумдар саны
|
-
|
37 / 37
|
38
|
39
|
39
|
|
Мақсат 1.2.
|
Мақсатты индикатор
|
2008 (есеп)
|
2009 (жоспар) / (нақты 01.12.09)
|
2010
|
2011
|
2012
|
|
Жұмыссыз кадрларды даярлау және қайта даярлау
|
Кәсіби даярлыққа және қайта біліктілігін жетілдіруге оқуға жіберілген азаматтар
(адам саны)
Қаралған қаржы
(мың теңге)
|
57
1002.0
|
53 / 70
2300.0 / 2008
|
53
2300.0
|
55
3500
|
56
3500
|
|
Міндеттер
|
Көрсеткіштер
|
|
1.2.1 Еңбек ресурстарының сапалығын қамтамасыз ету және кәсіби даярлыққа және қайта даярлықтан өтуге жағдай туғызу
|
Кәсіби даярлауға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздар саны (тұрғындардың қолдауға мұқтаж санаттарынан) (адам саны)
|
11
|
25 / 33
|
15
|
16
|
16
|
|
1.2.2 «Жұмыспен қамту» «Шет елдерден жұмыс күшін тарту мониторингі» бойынша автомоматты жүйені жасақтау және жүргізу
|
Жұмыс нарығы бойынша мәліметтерді қамту ( %)
|
100
|
100 / 100
|
100
|
100
|
100
|
|
|
2 – Стратегиялық бағыт. Тұрғындардың әлеуметтік әлжуаз топтарына көрсетілетін әлеуметтік көмектің мақсаттылығы және
тиімділігін қамтамасыз ету.
|
|
|
Мақсат 2.1
|
Мақсатты индикатор
|
2008 (есеп)
|
2009 (жоспар)
|
2010
|
2011
|
2012
|
|
|
Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің тиімділігін қамтамасыз ету
|
Кедейлік шегінен төмен тұратындардың үлесін төмендету ( %)
АӘК алушылардың жалпы санындағы 2 жылдан жоғары АӘК алатын отбасыларының үлесі %
АӘК алушылардың жалпы санындағы АӘК алатын жұмыссыздардың үлесі %
|
4.1
40.3
21.4
|
4.0
37.8
40
|
3.9
35.7
2
38
|
3.8
33.2
36
|
3.7
30.7
35
|
Міндеттер
|
Көрсеткіштер
|
|
2.1.1 Тұрғындардың мұқтаж санаттағыларына атаулы әлеуметтік көмектің уақытында төленуін қамтамасыз ету
|
Алушылардың саны
(адам) орташа айлық
Қаралған ақшалай қаражат ( мың теңге)
|
717
20006.0
|
717
20860.0
|
715
18023
|
713
19146
|
711
19202
|
|
2.1.2 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақының уақытында төленуін қамтамасыз ету
|
Алушылардың саны ( бала)
Қаралған ақшалай қаражат ( мың теңге)
|
1391
19308.1
|
2263
27362.0
|
2110
19006
|
2130
17131
|
2150
17261
|
|
2.1.3 Мүгедек – балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына қосымша әлеуметтік көмек көрсету
|
Алушылардың саны (бала)
Қаралған ақша қаражаты
(мың теңге)
|
27
1058.2
|
30
1375.0
|
30
1424
|
31
1596
|
31
1707
|
|
2.1.4 жеке санаттағы азаматтарға жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша материалдық қолдау көрсету
|
материалдық көмек алушылардың саны(адам) (Жыл ішіндегі өсімін ескере отырып)
Қаралған ақша қаражаты ( мың теңге)
|
817
8944.0
|
745
18370
|
867
15083
|
867
24736
|
867
25397
|
|
2.1.5 Тұрғын үй көмегін көрсету
|
Алушылардың саны
( отбасы)
Қаралған ақша қаражаты
( мың теңге)
|
78
910.0
|
346
2333.0
|
446
1500
|
546
1612
|
540
1725
|
|
2.1.6 «Атаулы әлеуметтік көмек» «Мемлекеттік балалар жәрдемақысы» бойынша автаматтындарылған жүйені қалыптастыру және жүргізіп отыру
|
«Атаулы әлеуметтік көмек» және « Мемлекеттік балалар жәрдемақысын» алушыларды қамту %
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
|
3 – Стратегиялық бағыт. Мүгедектерді әлеуметтік қорғауды және оңалтуды қамтамасыз ету
|
|
3.1. Мақсат
|
Мақсатты көрсеткіш (индикатор)
|
2008 (есеп)
|
2009 (жоспар) / (нақты 01.12.09)
|
2010
|
2011
|
2012
|
|
Мүгедектерді оңалту және олардың қоғамға жан – жақты кірігуіне бірдей мүмкіндік туғызу
|
Мүгедектерді техникалық және басқа компенсаторлық жабдықтармен қамтамасыз ету жөнінде жеке оңалту бағдарламасының ( ЖОБ) орындалуы %
|
100
|
100 / 100
|
100
|
100
|
100
|
|
3.1.1 Мүгедектерді міндетті гигиеналық жабдықтармен қамтамасыз ету
|
Міндетті гигиеналық жабдықтармен қамтамасыз етілген мүгедектер ( адам):
Қаралған ақша қаражаты
(мың теңге)
|
40
1998,0
|
40 / 35
1726,0 / 1726
|
43
1726
|
44
1726
|
44
1726
|
|
3.1.2 Мүгедектерді жеке көмекшілердің қызметімен қамтамасыз ету
|
Жек көмекшілердің қызметімен қамтамасыз етілген мүгедектер ( адам)
Қаралған ақша қаражаты
( мың теңге)
|
32
2219.0
|
32 / 30
3224.0 / 2964
|
35
3765
|
36
4180
|
37
4499
|
|
Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің стратегиялық
бағыттары мен мақсаттарының Мемлекеттік стратегиялық мақсаттарының сәйкестігі
Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттары
|
Мемлекеттің стратегиялық мақсаттары, оларды іске асыруға мемлекеттік органның қызметі бағытталған
|
Стратегиялық құжаттардың нормативтік құқықтық актілердің атауы
|
1 – Стратегиялық бағыт. Тұрғындардың жұмыспен өнімді қамтылуын қамтамасыз ету және жұмысқа орналасуға ықпал ету.
|
Мақсат 1.1 Тұрғындардың жұмыспен қамтылу деңгейін өсіру. Нысаналы санаттағылардың жұмысқа орналасуна ықпал ету
|
Жұмыспен қамту саласында негізгі мақсат тұрғындардың жұмыспен өнімді қамтамасыз етілуі болып табылады. Бұл мақсат мынадай екі қосалқы мақсаттарға жетуді көздейді;
Жұмыстан босатылу деңгейін төмендету;
Жұмыссыз азаматтардың жұмысқа орналастырылу деңгейін өсіру
|
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын жүзеге асырудың әрі қарайғы шаралары туралы» 2001 жылғы 4 желтоқсандағы жарлығы.
|
Мақсаты 1.2 Еңбек ресурстарының дамуы.
|
Ұзақ мерзімді артықшылығы:Жұмыс берушінің қаржылар есебінен еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша шетелдік жұмыс күшін тарту және Қазақстандық мамандарының біліктілігін арттыру, дайындау және қайта оқыту.
|
2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының халықты «Жұмыспен қамту» және 2001 жылғы 16 маусымдағы №836 «Шетелдік жұмысшыларды жұмысқа тарту,жұмыс берушінің рұқсаты жеңілдіктерді анықтау рұқсаты мен реті» ережесі
|
2-Стратегиялық бағыт. Тұрғындардың әлжуаз санаттарына көрсетілетін әлеуметтік көмектердің және қолдаудың атаулығын қамтамасыз ету және тиімділігін арттыру
|
Мақсат 2.1.
Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің тиімділігін қамтамасыз ету
|
Тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың басты мақсаты кедейлік деңгейін төмендетуге бағытталған әлеуметтік қамтамасыз етудің тиімді жүйесін қалыптастыру
(құру) болып табылады. АӘК шын мәнінде мұқтаждарға көрсетілуге тиіс. Мемлекет қоғамның тек қана осы көмекке зәру санаттарын қолдауды өз жауап кершілігіне алады. Олар – көп балалы отбасылар,балалы жалғызбасты аналар, жұмыссыздар, зейнеткерлер, мүгедектер, ҰОС-на қатысушылар т.б.
|
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуын жүзеге асырудың алдағы шаралары туралы» 2001 жылғы 4 желтоқсандағы 735 санды жарлығы.
|
Мақсат 2.2. Тұрғын үй мәселелерін шешу үшін көмек көрсету
|
3-Стратегиялық бағыт. Мүгедектерді әлеуметтік қорғауды және оңалтуды қамтамасыз ету
|
Мақсат 3.1.
Мүгедектердің өмір сүру сапасын жетілдіру және олардың қоғамға жан-жақты кірігуіне тең мүмкіндіктер туғызу
|
Менің бұрын да айтқанымдай, жұмыс істеуге,немесе табыс табуға бірдей жағдайларда болу мүмкіндігі шектелуі жандарға қамқорлық жасау мемлекеттің қасиетті борышы болып табылады. Осындай азаматтарға көмек біздің қоғамыздың даму деңгейінің және ізгілігінің көрінісі, Сіз бен біздің парызымыз. Оны орындаудың мүмкіндігі де, уақытыда келді.
|
«Бәсекелестікке қабілетті Қазақстанға, бәсекелестікке қабілетті экономикаға, бәсекелестікке қаблетті ұлтқа!»
атты Президенттің Қазақстан халқына жолдауы.
Астана қаласы 2004 жылғы 19 наурыз.
|
Мақсат 3.2. Үйде көрсетілетін әлеуметтік комектің тиімділігін арттыру.
|
Әлеуметтік көмек көрсету мақсатында: олардың сапасын арттыру үшін,кепілді және қосымша әлеуметтік көмек көрсету тізбесін заңмен толықтыру және бекіту.
|
2005-2007 жылдарға жыл сайынғы Елбасының халыққа жолдауы бағыттары мен іске асырылуы және Қазақстан Республикасы үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы 36 тармақта көрсетілген.
| | |