Өзіндік бақылау сұрақтары:
1. Тарихты оқытудағы ойын сабақтың жоғарғы танымдық потенциалы қандай?
2. Сайыс-сабақтар, саяхат-сабақтар, өлкетанулық ойындар дегеніміз не?
3. Оқыту процесінде ойын сабақты жүзеге асыру технологиясының авторлары кімдер?.
Дәріс сабағының тақырыбы: Тарихты оқытуда көрнекілік құралдарын пайдалану. 2 сағат
Мақсаты: Тарихты оқытуда көрнекілік құралдарын пайдалану әдістемесін меңгерту.
Жоспар:
1. Тарихты көрнекілік құралдармен оқытудың функциясы мен мәні.
2. Тарих сабақтарында оқу картинасымен жұмыс істеу тәсілдері.
3. Пәндік көрнекілік және оның танымдық, эстетикалық, шартты-графикалық, қолданбалы құндылықтары.
4.Картамен жұмыс. Тарихи карта- оқушылардың тарихи процестер байланыстарын ұғынудағы қажет әрі маңызды көрнекілік құрал.
Дидактикалық оқыту құралдары – оқушы мен оқытушының жаңа білімді меңгеруде қолданатын материальды және идеальды обьектісі. Оқыту құралдарын орындау функцияларына байланысты бірнеше бағытқа бөлуге болады, олар: қасиетіне қарай, қызметіне қарай, білім сапасына ықпалына қарай, түрлі қабілетке әсеріне қарай. Оқыту құралдары құрылымына байланысты екіге бөлінеді. Олар :
Материалдық құралдар : оған оқулықтар, сөздіктер, анықтамалар, көмекші оқу құралдары, таблица, модельдер, макеттер, көрнекі құралдар, ТСО, оқу-лабараториялық жабдықтар, жиһаз, оқу бөлмесінің жабдықтары, микроклимат, оқу кестесі т.б. оқытудың материальдық-техникалық жағдайлары жатады.
Оқытудың идеалдық құралдары : оқытушы мен оқушының меңгерген білім, білік, дағдыларын жаңа білімді меңгеруде қолдануын айтамыз. Оған: сөз, жазу, шартты белгілер, сызбалар, диаграммалар, сызу, өнер туындылары т.б. жатады, яғни мәдени мұраны, жаңа мәдени құндылықтарды меңгеру.
Коммуникациялық құралдардың үш түрі бар:
Лингвистикалық ( ауызша және жазбаша сөз).
Семиотикалық ( белгілер, графиктер т.б.).
Паралингвистикалық ( жест, мимика).
Оқыту барысында материалдық және идеалдық оқыту құралдары қолданылады. Ойлау іс әрекеті идеалдық оқыту құралдары арқылы іске асса, ал жаңа тақырыпты түсіндіру барысында оқытушы құралдарды көрнекілікті қолданып түсіндіреді, яғни материальдық оқыту құралдарын қолданады. Мысалы, таблицалар, сызбалар, дидактикалық таратпа материалдары т.б. көбіне жеке оқушымен жұмыста қолданылады.
Заттарды көріп қабылдау арқылы оқыту үрдісінде оқушыларда бейнелік ұғым қалыптасады. Көрнекі құралдар оқушылардың сабақты қызығып тыңдауын қамтамасыз етеді және материалды түсіну жолдарын оңайлатады. Көрнекі құралдарды қолдануға байланысты былай бөлуге болады :
Табиғи көрнекі құралдар – бұл әлі өзгертілмеген табиғи түрдегі көрнекі құралдар болып табылады, оған: түрлі өсімдіктер, жануарлар мен жәндіктер, олардың коллекциялары, машина, оның детальдары жатады.
Эксперименттік көрнекі құралдар – оған эксперименттік тәжірибелер, лабараториялық жұмыстар жатады.
Көлемдік көрнекі құралдар – оған геометриялық фигуралар, макеттер, тұлыптар жатады.
Бейнелеуші көрнекі құралдар – оған түрлі фотосуреттер, таблицалар жатады.
Техникалық көрнекі құралдар – оған оқу фильмдері, диапозитивтер, диафильмдер, фильмоскоп, эпидоскоптар арқылы көрсетілетін көрнекіліктер жатады. Дыбысты көрнекі құралдардан әр тақырыпқа байланысты, радио, теледидар, үнтаспаны пайдалануға болады. Компьютер.
Символды көрнекі құралдар – географиялық, тарихи, зоологиялық карталар, жоспарлар жатады. (экономикалық, саяси, физикалық, схемалық, тақырыптық, мылқау карталар).
Графикалық көрнекі құралдар – оған, сызбалар, диаграммалар, таблицалар, үлгілер, сызықпен түсірілген бейнелер жатады.
Ішкі көрнекілік – мұғалімнің сөзі арқылы құрылтын бейнелер.
Жалпы көрнекіліктерді қазіргі таңда сыртқы белгілеріне қарай:
Мазмұнына қарай:
пәндік, бейнелеуші және шартты-графикалық деп бөледі.
Көрнекілік әдістер екі үлкен топқа бөлінеді. Олар : иллюстрация әдісі және демонстрация әдістері.
Достарыңызбен бөлісу: |