(С) Сабақты қорытындылау ...
(Ж) «Ия» не «жоқ» деген жауаптар арқылы оқушылар келесі тұжырымдарға жауап береді.
Су жасушаға еріткіш ретінде қажет.
Шөлде тіршілік ететін ағзалар сусыз тіршілік ете береді.
Қорек заттар жасушаға тек еріген күйінде кіреді.
Денені қызып кетуден қорғайды.
Егер сілекейде су болмаса тамақты жұта алмаймыз.
Егер су болмаса фотосинтез процесі жүреді.
Адам эмбрионы немесе ұрығы жасушасы 90 % судан тұрады.
Денедегі су арқылы заттар біркелкі таралып сыртқа шыға алады.
Қыста ұйқыға кететін жануарларда мұз кристалдары пайда болады.
Мидың қызметі үшін су қажет, сол арқылы ми белсенді қызмет атқарады.
Мұғалімнің басқаруымен оқушылар өз жұмыстарын тексеріп шығады. Әр дұрыс жауап тұсына «√» белгісін қойып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |