Мәліметтерді жинау проспективті және ретроспективті түрде орындалады және оларды жинайтын дереккөзін анықтау қажет. Бұлар амбулаториялық карталар, сұрақнамалар, тіркеу журналдары т.б. болуы мүмкін.
Мәліметтерді бағалау:
жеке бақылаулар бойынша;
басқалардың тәжірибесімен салыстыру;
әдебиеттердегі мәліметтерді үйрену, оқып білу арқылы.
СҰРАҚ: МЕДИЦИНАЛЫҚ МАҚАЛАНЫ ҚАЛАЙ ОҚУ КЕРЕК?
ең алдымен түйіндемесін оқы (резюме);
мақаланың мәтініне, бөлімдерінің атауларына, цифрлары мен кестелеріне (таблицаларына) көңіл бөлу керек;
мақалада сіздің анықтауыңызды қажет ететін
термин немесе түсініктемелер бар ма?
мақаланы түсіну үшін оны оқып, мазмұнын саралаңыз, талдаңыз;
мақалада берілген зерттеудің кемшіліктеріне көңіл аудару керек;
мақаладағы тақырып сіздің тәжірибеңізге өзгеріс енгізуі мүмкін бе?
мақала авторының қорытындысымен келіспей тұрып, қандай қосымша мәлімет алғыңыз келеді?
Достарыңызбен бөлісу: |