Таным үдерісінің түрлері Танымның түрлері көп: 1.Мифологиялық түрлері 2.Күнделікті практикалық таным 3.Көркем тану 4.Діни тану 5.Ғылыми таным Таным өте күрделі процесс, ол ұдайы даму үстінде болып отырады. Ол адамға зат пен құбылыстардың сыртқы, көзге түсер қасиеттері мен қатынастарынан бастап, оның тереңде жатқан ішкі салыстырмалы тұрақты байланыстарына дейін бойлауға мүмкіндік береді, яғни заттың мәнін, ішкі құпиясын меңгеруге жағдай жасайды. Таным процесі екі сатыдан тұрады: сезімдік таным және рационалдық таным. Бұл екі саты бірінен кейін бірі болатын жекелеген деңгейлер емес, олар біртұтас таным процесінің екі қарама-қарсы жағы‚ бір-бірімен өте тығыз байланысты, бірақ әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Оны көрнекті етіп көрсету үшін мынандай жіктелуді жасауға болады:
Достарыңызбен бөлісу: |