Таќырыбы: ЌР кјсіпкерлік ќўќыєыныѕ тїсінігі,пјні


Шарттың кездейсоқ ережелері дегеніміз не?



жүктеу 1,17 Mb.
бет4/4
Дата20.11.2017
өлшемі1,17 Mb.
#1199
1   2   3   4

Шарттың кездейсоқ ережелері дегеніміз не?

Кездейсоқ ережелер шарттың бұл түріне тән емес және шартқа тараптардың өзара келісімі бойынша кіреді (мысалы, сатып алу-сату шартының нысаның сатып алушыға беру тәртібі туралы ереже, мердігерге жұмысты мерзімінен бұрын орындағаны және оның айрықша сапасы үшін қосымша сыйақы беру туралы ереже және т.б.). Бұл ережелердің бар-жоғы шартты жасалған деп тануға еш ықпал етпейді.

Аталған шарттың ережелерімен қатар үлгі ережелерді ажырату қажет. Дағдылы ережелерге шарттың үлгі ережелерін жатқызуға болады. Үлгі ережелер шарттардың тиісті түрі үшін жасалынады және баспасөзде жариялануы тиіс (АК-ның 388-бабы). Үлгі ережелерді тараптардың біреуі дайындаған шарттардың үлгілерінен бөліп қарау керек. Өнім өндіретіндер, жұмыс, қызмет орындайтындар, әдетте, өз клиенттеріне шарт жобасын ұсынады. Үлгі ережелер, әдетте Үкімет бекітетін және өзінде міндеттеу күші болатын типтік шарттардың ережелерінен де басқа.

Үлгі ережелерінің мысалы ретінде ҚР «Мұнай туралы» Заңының 26-бабында және ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңының 1-бабында көзделген Модельдік контрактыны алуға болады. Моделдік контракт ҚР Үкіметі бекітетін үлгі контракт ретінде анықталған, онда контрактылардың кейбір түрлерінің ерекшеліктері немесе жер қойнауын пайдаланудың кейбір операцияларын жүргізудің ерекшеліктері көрініс табады және ол контрактылар жасаудың үлгісі ретінде пайдаланылады. Үлгі ережелері қолданылуы үшін олар шартта көрсетілуі тиіс. Егер ондай сілтеме болмаса, үлгі ережелері іскерлік айналым дағдысы ретінде ғана қолданылады. Бұл ретте, АК-ның 3-бабына сәйкес, мұндай дағдылар заңнамаға қайшы келе алмайды, ал АК-ның 382-бабына сәйкес олар тараптар арасындағы қатынастарға да қолданатындай болуға тиіс.

Шарт күшінде болған кезде оның ережелерін түсіндіру, яғни шартқа түсініктеме беру қажеттігі жиі туындайды. 392-баптың 1-тармағына сәйкес, сот шарт ережелерін түсіндірген кезде ондағы сөздер мен сөйлемдердің сөзбе-сөз мәні қабылданады. Шарт ережесінің сөзбе-сөз мәні түсініксіз болған жағдайда, ол бүкіл шарттың басқа ережелерімен және мағынасымен салыстыру арқылы анықталады.

Егер осы көрсетілген ережелермен шарт мазмұнын анықтау мүмкін болмаса, АК-ның 392-бабының 2-тармағына сәйкес, шарт мақсаты ескеріле отырып, тараптардың шын мәніндегі ортақ еркі анықталуға тиіс. Бұл орайда шарт жасасу алдындағы келіссөздер мен хат алмасу, тараптардың өзара қатынастарында орныққан тәжірибе, іскерлік қызмет дағдысы, тіптен олардың мінез-құлықтары да назарға алынады.

Шарттың қандай да бір ережесін түсінуде тараптар арасында қайшылық туындаса, онда шартқа сай түсініктеме беріледі. Ал сотқа кең өкілеттік берілген: ол шарттың мәтіні мен оның мазмұнына ғана сүйеніп қоймайды, тараптардың пиғылын білу үшін шарт шегінен шығып та кете алады. Ондай жағдайға сот шарт мәтіні төңірегіндегі талқылау нәтиже бермегенде барады.

Шарт ережелерін әрқилы ұғынбау үшін көптеген ірі контрактыларда олардың кейбір ережелерін қалай түсіну керектігі арнайы көрсетіледі.

Шарттың нысаны мәмілелер нысаны туралы ережеге сәйкес анықталады (АК-ның 151-155-баптары). Заңнама бойынша шарттың бұл түрін нотариалдық куәландыру қажет болмаса да шарттың нотариалдық куәландырылуын тараптар өздері қарастыруы мүмкін. Бұл ретте мәміленің нотариалдық нысан туралы ереже елеуліге айналады. Егер тараптар белгілі бір нысанда шарт жасасуға келіссе, заң бойынша шарттардың осы түрі үшін бұл нысан талап етілмесе де, шарт оған келіскен нысан берілген кезден бастап жасалды деп есептеледі (394-баптың 1-тармағы). Шарттың жазбаша нысанының сақталғаны бір құжат жасау немесе хат, телеграмма, телефонограмма, факс сияқты құжаттар алмасу арқылы расталынады (АК-ның 152-бабы).

АК-ның 394-бабының 2-тармағына сәйкес, оферта алған адамның шарттың офертада көрсетілген талаптарды (тауарлар жіберу, қызмет көрсету, жұмыс орындау және т.б.) орындау жөнінде конклюденттік әрекеттерді жазбаша нысанда жасауы шарттың жазбаша нысанына теңестіріледі. Мұңдай әрекеттерді жазбаша нысанды сақтау деп тануға тыйым салу заңнамада немесе офертада белгіленуі мүмкін.

2 Шарттардың түрлері. Шаруашылық шарттардың ерекшеліктері.
Шарттарды топтастыру әртүрлі негіздерде жүргізіледі. Міндеттемелер туралы мәселені қарастырғанда жүргізілген топтастыру да, атап айтқанда, тауарды беру, жұмыс жасау, қызмет көрсету сияқтылар шарттарға да қолданылуы мүмкін. Шарттарға мәмілелер топтастырулары да қолданылады.
Нақты және консенсуальдық шарттар дегеніміз не?

Егер, заң актілеріне сәйкес шарт жасалу үшін мүліктің берілуі қажет болса, шарт тиісті мүлік берілген кезден бастап жасалынған болып саналады (АК-ның 393-бабының 2-тармағы).

393-баптың 2-тармағында нақты шарттың жасалу кезі туралы айтылған. Шарттардың көпшілігі консенсуальдық болып табылады, (лат. соnsensus - келісім), яғни оларды жасау үшін ол жайында келісім болса жеткілікті. Мысалы, сатып алушы мен сатушы арасындағы келісімге қол жеткен кезден бастап сатып алу-сату шарты жасалды деп саналады. Затты беру, ақша төлеу және басқа әрекеттер жасалынып қойған шартты орындау мақсатында атқарылады. Бірақ, кейбір шарттар (мысалы, сыйға тарту, сақтау, заем, жүк тасымалдау) шарт нысаны берілген кезден бастап ғана жасалынады деп саналады. Мұндай шарт нақты (лат. res -зат) деп аталады, ол заң актілерінде бекімін табуға тиіс.

Шарттың консенсуальдық немесе нақты сипаты, әдетте, шарттың анықтамасының өзінде көрсетіледі. Мысалы, сатып алу-сату шартында сатушының міндеті былайша қалыптасады: сатушы затты беруге міндеттенеді, ал сатып алушы ақша төлеуге міндеттенеді. Болашақта міндеттеме осындай орындалуы тиіс. Нақты шарттарда тараптардың міндеттері басқаша анықталады. Мысалы, сақтау шарты бойынша сақтаушы зат иесінің өзіне тапсырған затын сақтауға міндетті, тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы өзіне сеніп тапсырылған жүкті апаратын жерге жеткізуге міндетті. Яғни, шарт бойынша міндеттеме екінші тарап затты бергеннен кейін ғана туындайды. Бұл жерде орындау кезі мен шарт жасасу кезін шатастырмау керек. Консенсуальдық шарттарда олар, әдетте, сәйкес келмейді, бірақ тараптар сатып алу-сату шарты бойынша зат беру кезін шарт жасасу кезімен сәйкестендіруге келісе алады. Бірақ бұдан сатып алу-сату шарты нақты шарт бола алмайды.


Ақылы және ақысыз шарттар дегеніміз не?

Шарт бойынша тараптар өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алуы немесе біріне бірі нәрсе беруі керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады. Бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе еш нәрсе бермей бір нәрсені ұсынуды міндетіне алған шарт ақысыз шарт болып табылады (АК-ның 384-бабы).

Ақылы және ақысыз шарттар арасындағы айырмашылық - шарт бойынша өз міндеттерін орындағаны үшін біріне бірінің бір нәрсені ұсыну-ұсынбауында. Бір нәрсені ұсынуға (төлеуден басқа) материалдық құндылықтар беру (бартерлік операция), біріне бірі қандай да бір мiндеттерді атқаруы (өзара міндеттемелер), ақшалай баға беруге болатын кез келген әрекетті жасау жатады. Бір нәрсені ұсыну ұғымы ағылшын-американ құқығында «соnsіdагаtіоn» деген атпен кең қолданылады. Оларда «соnsіdагаtіоn» кез келген шарттың елеулі ережесі болып табылады; онсыз шарт заң күші бар шарт деп танылмайды. Шарттардың көпшілігі ақылы. АК-да бекімін тапқан ақысыз шарттардың ішінен сыйға тарту шартын, мүлікті ақысыз пайдалану және пайызсыз заем шартын атауға болады. Кейбір шарттар заң бойынша ақылы да, ақысыз да болуы мүмкін (тапсыру, сақтау, заем). Сондықтан да, АК-ның 284-бабында қандай да бір күдік туса, шарт ақылы деп танылады деген презумпция бекітілген. Шарт ақысыз деп танылады, егер ол заңнамадан, шарттың мазмұнынан немесе мәнінен туындайтын болса.
Бір жақты және өзара шарттар дегеніміз не?

Тараптардың құқықтары мен міндеттерінiң бөліну сипатына қарай ажыратылады. Бір жақты шартта бір тарапта тек құқық, екіншісінде тек міндет туындайды (мысалы, заем шарты). Өзара шартта тараптардың әрқайсысында құқық болады, олар мiндеттемелер де көтереді (сатып алу-сату шарты бойынша сатушы берген заты үшін сатып алушының ақша төлеуін талап етуге құқылы және өзі сол затты сатып алушыға беруге міндетті, ал сатып алушы заттың өзіне берілуін талап етуге құқылы және сол зат үшін ақша төлеуге міндетті).


Бір типті және аралас шарттар дегеніміз не?

Бір типті шарттар сан алуан қыры бар (жеткізу, тұрмыстық мердігерлік, жалдау, рента және т.б.) белгілі бір түрдегі (тауарды беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету) міндеттемелерді тудырады. Аралас шарттарда заңнамада көзделген әртүрлі шарттардың элементтері болады (АК-ның 381-бабы). Нарықтық экономикаға көшу жағдайында әртүрлі жаңа қатынастар туындауда, оларды шарттың бір түрімен қамту мүмкін емес, шарттардың екі немесе бірнеше түрлерінің нормаларымен ғана оларды реттеуге болады. Тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарына, егер тараптардың келісімінен немесе аралас шарттың мәнінен өзгеше туындамаса, аралас шартта элементтері бар шарттар туралы заңдардың тиісті бөліктері қолданылады. Тиісінше оған сатып алу-сату шартының элементтері бар бөлігінде сатып алу сату шартының нормалары, ал, егер мердігер шет елде болса - сыртқы экономикалық сатып алу-сату шартының элементтері қолданылады Мердігерлік шарттың элементтері бар бөлігінде мердігерлік шарттың нормалары қолданылады. Тараптар аралас шарттан туындайтын қатынастарды реттеудің басқа тәртібін келісуі мүмкін, мысалы, шарттың айрықша ережелерін алып оның басқа ережелері қолданылмайды деп көрсетуі мүмкін.


Негізгі және алдын ала шарттар дегеніміз не?

Мүлікті беруге, жұмыс орындауға және қызмет көрсетуге байланысты құқықтар мен міндеттер тікелей негізгі шарттан туындайды. Алдын ала шарт дегеніміз - сол шартта көзделген ережелерді сақтап тараптардың келешекте негізгі шарт жасасуға міндет алған шарты (АК-ның 390-бабының 1-тармағы). Алдын ала шарттардың мысалы ретінде жүк тасымалын ұйымдастыру туралы шартты, банктың тараптар келіскен мөлшерде және жағдайларда ақша қаражатын беруге міндеті көзделген шартты келешекте пәтер алу шартын (тұрғын үй контрактын) алуға болады. Егер заңнамада негізгі шарт формасы анықталмаған болса (мысалы, әдеттегі сатып алу-сату шарты), алдын ала шарт, заңсыз болып қалады деген қауіппен, жазбаша формада жасалады (390-баптың 2-тармағы). Алдын ала шартта, тым болмаса, негізгі шарттың нысанын, сондай-ақ басқа елеулі ережелерін анықтауға мүмкіндік беретіндей ережелер болуға тиіс (390-баптың 3-тармағы). Негізгі шарттың жасалу мерзімі алдын ала шарт үшін міндетті жағдай болып табылады, сондықтан АК-ның 390-бабының 4-тармағында, егер алдын ала шартта мерзім белгіленбеген болса, негізгі шартты жасасудың бір жылдық мерзімі анықталған. Мұндай мерзімнің маңыздылығы сонда, егер негізгі шарт мерзім өткенше жасалмаған болса, онда бұл мерзім өткеннен кейін алдын ала шарт күшін жояды.


Еркін және міндетті шарттар дегеніміз не?

Жасалуы түгелдей тараптардың қалауына байланысты шарт еркін шарт деп аталады. Міндетті шартты жасау тараптардың біреуі үшін міндетті болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында шарттардың басым көпшілігі еркін жасалады. Дегенмен, шарттардың кейбір түрлері міндетті шарттар (мысалы, мемлекеттік кәсіпорынмен мемлекеттік тапсырыс негізінде жасалатын шарт). Міндетті шарттар арасында жария шарттардың орны бөлекше.

Коммерциялық ұйыммен жасалған және қызметінің сипатына қарай оған өтінішпен келетін әркімге тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөнінде оның міндеттемелерiн белгiлейтін шарт жария шарт деп аталады (бөлшек сауда, көпшілік пайдаланатын көлікпен тасымалдау, байланыс қызметін көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана қызметін көрсету және т.б.) (АК-ның 387-бабы).

387-баптың мазмұнынан жария шарттың белгілері туындайды: 1) оны коммерциялық ұйым жасайды (АК-ның 34-бабы); 2) коммерциялық ұйымның тауарлар сату, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету жөніндегі міндеттері белгіленеді; 3) ұйым, өз қызметінің сипатына қарай, бұл міндеттерді өзіне жүгінген әр адамға қатысты жүзеге асыруға тиіс; 4) коммерциялық ұйым, заңнамада көзделген жағдайлардан басқа реттерде, шарт жасасуда бір адамның алдында екінші адамға артықшылық беруге құқылы емес.



Коммерциялық ұйым тұтынушыға тиісті тауар (жұмыс, қызмет) ұсынудан өзінде ондай мүмкіндік болмаған (дүкенде тауар жоқ, көлікте бензин жоқ және т.б.) жағдайларда ғана бас тартуға құқылы. Мысалы, бөлшек сауда дүкенінде сатып алушы, егер сауда залында тауар бітіпі қалса, сатушының витринадағы тауарды алуын немесе қоймадан алып келуін талап ете алады. Егер дәлелсіз бас тартса, шарт жасасу міндетті болған жағдайда, шарт жасасудан бас тартқандағыдай салдар болады (АК-ның 399-бабы)». Тұтынушы тауар, жұмыс, қызмет көрсетуді ұсынуға мәжбүрлеу туралы және содан келген зиянды өтеу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы (мысалы, сатып алатын тауарын алып кетуге дайындаған көлікке кеткен шығынды өтеу; немесе сондай тауарды басқа дүкеннен табу үшін шығарған шығынды өтеу, т.б.).
Өзара келісілген шарттар және қосылу шарттары дегеніміз не?

Өзара келісілген шарт жасасқанда оның ережелерін тараптардың екеуі анықтайды. Қосылу шартын жасасқанда оның ережелерін тараптардың біреуі дайындайды, екінші тарап ол ережелерді құптайды.

Қосылу шарты өзінің жасалу процедурасы жағынан басқа шарттардан өзгеше. Егер әдеттегі шарт хат алмасу, шарт ережелерін келісу жолымен жасалса, қосылу шартының ережелерін бір тарап дайындайды, ол стандартты формаларда (бланк, формуляр, т.б.) анықталады. Екінші тарап шартқа ешқандай өзгерту енгізе алмайды. Егер енгізетін болса шарт қосылу шартынан жай шартқа айналады. Қосылу шарты экономиканың әртүрлі салаларына таралды. Оның мысалы ретінде электр және жылу қуатын, газды және коммуналдық кәсіпорындардың басқадай қызметін пайдалану туралы шарттарды, көлік ұйымдарымен шарттарды атауға болады. Көптеген жария шарттар, бір жағынан қосылу шарттары да болып табылады. Мысалы, затты пайдалануға беру ательесі ол жайында шарт жасасқанда жария шарттың бір тарабы болып саналады. Сонымен қатар, шарт жасасқанда ол ателье клиентке шарт ережелері келтірілген бланк ұсынады. Клиент оған ешнәрсе қоспастан шартқа қол қоя салады. Егер қосатын болса онда ол жай шартқа айналады. АК-ның 389-бабының 2-тармағы шартқа қосылушы тарапты қорғауға бағытталған. Бұл тармаққа сәйкес тарап, егер шарт ережесі өзі үшін ауырлау келсе, шартты бұзуға құқылы. Шарттың ауырлығы сол тараптың ақылға қонымды мүдделерін ескеру арқылы анықталады. Мысалы, қосылу шартында қосылған тарап шартты бұзуға немесе сотқа жүгінуге құқылы емес, немесе шартты дайындаған тарап шарт бойынша міндеттемелердің қандай да бір бұзылғаны үшін жауаптылықтан босатылады деп белгіленген. Бірақ, бұл ереже қолданылмайтын жағдайлар да бар, ол - қосылған жақтың кәсіпкерлік қызметпен айналысып, соны жүзеге асыру үшін шартқа қосылуы (АК-ның 389-бабы). Егер кәсіпкер шарт тараптарының қандай екендігiн білмеген болса және білуге тиіс болмаса ғана ол өзінің шартты бұзу туралы талабын қанағаттандыра алады. Бірақ оны дәлелдеу өте қиын, тіптен мүмкін емес.
Өзінің қатысушыларының пайдасына жасалған шарттар мен үшінші жақтың пайдасына жасалған шарттар дегеніміз не?

Әдетте шарттар шарттан туындайтын міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы адамдардың - өзінің қатысушыларының пайдасына жасалады. Сонымен қатар, шарттың жасалуына қатыспаған, бірақ орындалуын талап етуге құқығы бар адамдардың - үшінші жақтың пайдасын көздейтін шарттар да бар.

Тараптар несие берушіге емес, шартта көрсетілген немесе көрсетілмеген және борышкерден міндеттемені өзінің пайдасына орындауды талап етуге құқылы үшінші жаққа борышкер орындап беруге міндетті деп көрсеткен шарт үшінші жақтың пайдасына жасалған шарт деп танылады (АК-ның 391-бабы).

Үшінші адамның пайдасына жасалған шарт, бұл - азаматтық құқықтың дәстүрлі институты, үшінші жақ қатынасқан талаптар көрініс табатын жағдайлардың бірі (270-бап). Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарттардың ең көп таралған түрлері мыналар: жүкті (багажды) тасымалдау шарты, оған сәйкес тасымалдаушы өзіне жүк жөнелтушінің сеніп тапсырған жүгін белгіленген мекенге жеткізуге және жүкті алуға уәкілетті адамға (алушыға) оны беруге міндеттенеді (АК-ның 689-бабы); үшінші жақтың пайдасына сақтандыру шарты (815-бап); үшінші жақтың пайдасына банктік салым шарты (764-бап).

Үшінші жақ өз құқығын пайдаланғысы келетін ниетін білдіргенге дейін тараптар өздері жасасқан шартты бұза да, өзгерте де алады. Ал үшінші жақ ондай ниетін қандай да бір тәсілмен жеткізгеннен кейін борышкер мен несие беруші оның ырқына тәуелді болып қалады, бұдан былай оның келісімінсіз шартты бұза немесе өзгерте алмайды. Бірақ олар үшінші жақтың ырқына байланысты болмайтындығын шартта алдын ала қарастыра алады. Ондай жағдай заңнамада да бекімін табуы мүмкін (АК-ның 391-бабының 2-тармағы). Үшінші жақтың пайдасына жасалған шарттың заңдылығы ол үшінші жақтың шартта арнайы көрсетілген - көрсетілмегендігiне байланысты емес. Дегенмен, үшінші жақтың міндеттеменің өз пайдасына орындалуын талап ету құқығы мұндай шарттың міндетті белгісі болып табылады. Мысалы, тасымалдау шарты бойынша жүк алушы тасымалдаушыдан тасымалдау шартының орындалуын талап етуге құқылы. Үшінші жақтың пайдасына жасалған шартты үшінші жақ үшін орындау туралы шарттан ажырату керек, соңғы жағдайда үшінші жақ үшін орындалу болғанмен, оны борышкердің орындауын ол талап ете алмайды (бұл жағдайлар сатып алу-сатуда жиі кездеседі, мысалы тауар жеткізуде сатып алушы тауарды өз мекен-жайына емес, үшінші ұйымның мекен-жайына жеткізуді жеткізушіге тапсырады). Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарттың ерекшелігі сонда - үшінші жақ шарт бойынша өз құқығын пайдалану ниетін білдірген кезден бастап ол несие берушіні алмастырады. Сондықтан да АК-ның 391-бабының 3-тармағында борышкер шартта өзінің несие берушіге қарсы қоя алатындай қарсылықтарын үшінші жақтың талаптарына қарсы қоюға құқылы деген ереже көзделген. Мысалы, жүк алушы өзіне жеткізілген жүктің сапасына қатысты тасымалдаушыға талап қойса, онда ол жүк сапасының жүкті тиеп жіберген адамдардың кінәсінен нашарланғанына сілтеме жасай алады. Бірақ, үшінші жақ, өзіне шарт бойынша берілген құқықтан бас тартса, несие беруші өз орнын қайта алады және, егер бұл заңнамаға және шартқа қайшы келмесе, сол құқықтарды пайдаланады. Мысалы, АК-ның 815-бабының 7-тармағына сәйкес, сақтандырылған адам шарт бойынша өзіне тиесілі сақтандыру өтемін алудан бас тартса, сақтандыру өтемін алу құқығы сақтандырушыға көшеді. Сонымен қатар шартта, үшінші жақтың өзіне тиесілі талап ету құқығынан бас тартуының өзге де салдарлары көзделуі мүмкін. Мысалы, сақтандыру шартында пайданы иемденуші сақтандыру өтемін алудан бас тартқан жағдайда ол өтемнің сақтандырушыға төленбейтiндiгi көзделуі мүмкін.

Шаруашылық шарттардың барлық өзге азаматтық-құқықтық шарттармен салыстырғанда ерекшеліктері бар: оларды ешкім бекітпейді, нотариалдық нысанды талап етпейді, мемлекеттік тіркеуден өтпейді. Мысалы, тауарлар партиясын сатып алу, ақылы қызмет көрсету, автомобильмен жүк тасымалдау және т.б. Мұндай шарттар үшін тараптардың келісімі негізінде жазбаша нысанда жасасып, қол қойылғаны жеткілікті. Бірақ кейбір ерекше жағдайларды ескеру қажет: бұл жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелерге жатпайды.


3 Шарт жасасу, оны өзгерту және бұзу.
Шарт жасасу неше кезеңнен тұрады?

Шарт жасасу екі кезеңнен тұрады: шарт жасасуға ұсыныс (оферта) және ол үсынысты басқа тараптың қабыл алуы (акцепт). Ұсыныс жасаған тұлға оферент деп, ал ұсынысты қабыл алған тарап акцептант деп аталады.

АК-ның 395-бабына сәйкес офертада біршама нышандар болуға тиіс. Біріншіден, ол анық және тұлғаның шарт жасасуға аса ниеттілігін білдіруге, екіншіден, мүмкіндігінше толық, яғни шарттың елеулі ережелерінің барлығын қамтуға, үшіншіден, белгілі бір тұлғаның атына бағытталған болуы тиіс. Егер ұсыныс жалпыламай жасалса (мысалы, азамат «Караванда» пианиносын сатамын деп хабарландыру береді), ол оферта емес, тек оферта жасауға шақыру. Сондықтан, мұндай хабарландыру, оны жасаған адамға шарт жасасу міндетін жүктемейді. Бұл ретте сол хабарландыруға үн қатқан адамдардың ұсынысы оферта болады. Ал, түскен ұсынысты қабылдау-қабылдамау сатушының өзіне байланысты.

Шарт жасасу қандай да бір тараптың міндеті емес, офертаны олардың кез келгені жібере алады. АК-ның 395-бабы «оференттің байланыстылығы» ұғымын енгізді. Бұл шарт әлі болмаса да, белгілі бір міндеттемелердің туындағанын білдіреді. Ол адресат офертаны алған кезден акцеп немесе акцеп үшін белгіленген мерзім өткен кезге дейін туындайды. «Оферент байланыстылығы» ұғымынан «офертаның кайтарып алынбайтындығы» ұғымы туындайды. Оферент офертамен байланыста болатын мерзім өткенше ол офертаны қайтарып ала алмайды және оның ережелерін өзгерте алмайды. Бұл ережені бұзу екінші тараптың офертаны қайтарып алудан көрген шығынын өтеу міндетінің туындауына әкеп соғады.

Сонымен қатар, офертаның қайтарып алынбайтындығы туралы ереже диспозитивтік болып табылады. Егер ондай мүмкіндік офертаның өзінде айтылса не ұсыныстың мәнінен немесе ол жасалған жағдайдан ондай мүмкіндік туындаса офертаны қайтарып алуға болады (395--батың 3-тармағы). АК-ның 395-бабының 4-тармағында оферта емес, тек офертаға шақыру болып табылатын жарнама мен жария оферта арасындағы айырмашылық көрсетілген. Жалпыламай жасалған ұсыныс пен барлығына және әркімге арнап жасалған ұсынысты айыра білу керек.



Жария офертаны өзінің қызметінің сипаты жағынан мүмкіндігінше көп адамға ұсыныс жасауға міндетті адамдар мен ұйымдар жасайды. Мысалы, витринаға немесе сатып алушылар өзіне өзі қызмет көрсететін залға бағасы көрсетілген тауарлар қойып қойған дүкен оферент болып саналады. Сол тауарды сатып алуға ұсыныс жасаған кез келген адам акцептант болып табылады. Сондықтан, тауар тұрған кезде дүкен өз офертасымен байланысты болады және тауарды сатудан бас тарта алмайды. Тауар жаймада жоқ болса, сатушы оны витринадан алып сатуға міндетті. Ұсынысты жария оферта деп тану үшін мынадай белгілер болуға тиіс: 1) одан тұлғаның шарттық қатынастарға баруға ерікті екендігі сезілуі тиіс; 2) ол шарттың барлық елеулі ережелерін қамтуы тиіс: 3) тұлғаның шарттық қатынастарға еркімен баруы бұл ұсынысқа үн қатқандардың барлығына қатысты болады. Сонымен, егер дүкен қандай да бір тауардың бар екендігі жайында жарнама берсе - ол офертаға шақыру; егер дүкен тауарын витринаға қойса - ол жария оферта.

Оферта жолданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы акцепт деп танылады (АК-ның 396-бабының 1-тармағы). Акцептанттың өзінің офертамен толық және сөзсіз келісетіндігін білдірген жауабы ғана акцепт деп саналады. Мысалы, акцептант өзіне жолданған жобаға сөзсіз және өзгертусіз қол қояды. Шарт ережелерінен бас тарту немесе өз ережелерін ұсыну, ережелерді өзгерту немесе оларға толықтыру енгізу, келісімнің анықталмағандығы акцепт болып табылмайды, одан шарт тумайды және ол не шарт жасасудан бас тарту немесе жаңа оферта ұсынғаңдық болады.

Бұрынғы заңнамада үндемейтін акцепт арқылы шарт жасасуға жол берілген еді, яғни, егер белгілі бір мерзім өткенше басқа тарап шарт жасасудан бас тартатынын хабарламаса, шарт жасалды деп саналатын. 396-баптың 2-тармағы кері жүреді: үндемей қою акцепт емес. Бірақ бұл норма диспозитивтік болып табылады. Мысалы, банктердің корреспонденттік есепшоттары бойынша есеп-қисап операцияларын электрондық хабарламалар түрінде жүргізуді белгілейтін банкаралық келісімдерде егер ондай хабарлама келіп түскеннен кейін белгілі бір мерзім өткенше корреспондент ол хабарламаға келіспейтінін білдірмесе, ұсыныс қабылданған болып саналады делінген.

АК-ның 396-бабының 3-тармағына сәйкес акцепт ауызша немесе жазбаша формадағы мәлімдеу немесе үндемедей қою түріңде ғана емес, конклюденттік әрекеттер жасау, яғни тауарлар жіберу, қызмет көрсету, тиісті сомада ақша төлеу және т.б. түрде де болады. Бірақ бұл әрекеттерден офертаны сөзсіз қолдау сезіліп тұруы тиіс және бұл әрекеттер өзінің акцепті үшін оферта белгілеген мерзімде жасалуы керек.

Оферта сияқты (395-баптың 2-тармағы) акцепт те, ол оферентке барып жеткенше қайтарып алынуы мүмкін, оның акцептантқа еш салдары болмайды. Мысалы, акцептант оференттен алған шарт жобасына қол қойып, оны почтамен жібереді, бірақ кейін өзінің акцепттен бас тартатындығын оферентке телеграммамен немесе факспен хабарлай алады. Оферент акцептті алғаннан кейін шарт жасалған болып саналады оны шартты бұзудың жалпы ереже бойынша ғана тоқтатуға болады.
Шарт жасасу тәртібі қалай жүзеге асырылады?

Шарт жасау ұсынысы сол жерде бар контрагентке тез жауап беруге болатын жағдайларда; ол жерде жоқ контрагентке жауап алу үшін қалайда уақыт қажет болатын жағдайда жасалады (АК-ның 397-бабы).. Мерзімі көрсетілген ұсыныс ауызша да, жазбаша да жасалуы мүмкін. Жауап күтетін мерзімін ұсынушының өзі анықтағандықтан (пианино сатып алыңыз, жауабын 2 апта күтемін), ол сол мерзіммен байланып қалады, және өз ұсынысынан бас тарта немесе оның мазмұнын өзгерте алмайды. Мерзім өткенге дейін ұсынысынан бас тартса оферентке екінші тарапқа келген шығынды өтеу түрінде теріс салдар келеді.

Жазбаша офертада акцепт үшін мерзім көрсетілмесе шарт жасалған болып саналады, егер акцепті оферта жолдаған адам заңнамада белгіленген мерзім аяқталғанша, егер ондай мерзім белгіленбеген болса - ол үшін жеткілікті уақыт ішінде алған болса. Ал оферта акцепт үшін мерзім көрсетілмей ауызша жасалса, басқа тарап өзінің акцепті жайында тез мәлімдеген жағдайда шарт жасалған болып саналады (397-баптың 2-тармағы). Оферта үшін тағайындалған мерзім (немесе ұсынысқа жауап алу үшін қажетті уақыт) өткен жағдайда офертаның күші жойылады оферент өз ұсынысы бойынша міндеттемеден босанады. Сондықтан ұсыныс алған адам тағайындалған мерзім өткеннен кейін ұсынысты қабылдауға шешім етсе, ол енді акцептант емес, жаңа оферент болады. Жаңа құқықтық қатынастар туындайды, оған шарт жасасудың жоғарыда қарастырылған барлық ережелері таралады. АК-ның 397-бабының 3-тармағында жауаптың кешігуі акцептанттың кінәсінен емес, уақтылы жіберілген жауапты дер кезінде жеткізбеген байланыс бөлімінің кінәсінен болған жағдай баяндалады. Бұл ретте оференттің де, акцептанттың да кінәсі жоқ, сондықтан заң екі тараптың да мүдделерін қорғайтын шаралар қарастырған.

Оферент, жауап ала алмағандықтан, басқа адаммен шарт жасасуы мүмкін. Ол оның құқығы, себебі оферент өз ұсынысымен байланып тұрған жоқ. Ал, жауапты дер кезінде жіберген акцептант та, мерзімнің өтіп кеткенін білмей, шартты орындау үшін өз тарапынан әрекет жасауы мүмкін (көлік дайындауы, басқа зат іздеуді тоқтатуы және т.б.) Сондықтан оферент жауаптың кешігіп келгендігі туралы оған тез хабар беруге тиіс. Егер оферент мұны істемесе жауап кешіккен деп саналмайды, яғни шарт жасалған болып табылады, және шартты орындаудан бас тартса оферент акцептантқа келген шығынды өтеуге міндетті. Мысалы, И. 1 сәуірде М-ге пианино сатамын деп ұсыныс жібереді, жауап беруіне 30 күн мерзім тағайындайды. 10 сәуірде М. өзінің келісетіндігін жазып хат жібереді, бірақ ол хат байланыс бөлімінің кінәсінен едәуір кешігіп келеді (10 мамырда). Жауап келмеген соң И. 5 мамырда пианиноны Н.-ге сатады, ал М.-нің хатын алғаннан кейін оған пианиноны сатып жібергендігін хабарламайды. 15 мамырда М. көлік жалдап пианиноны алуға келеді. Ол көтерген шығынның бәрін М. өтеуге міндетті.

Шарт жасасу процедурасы екінші тараптың (акцептанттың) ұсынысты оферент белгілеген ережелер бойынша ғана қабылдауын көздейді. Егер ол ережелерді акцептант қабылдамайтын болса шарт жасалмаған болып табылады, барлық процедура қайта басталады. Сондықтанда ережеге қандай да бір өзгеріс енгізу жаңа ұсыныс жасау болып табылады. Алғашқы оферент акцептантқа айналады, жаңа ұсынысты қабылдауға да, шарт жасасудан бас тартуға да оның құқығы бар, немесе ол жаңа ұсыныс жасап қайтадан жаңа оферентке айнала алады. Ол шарт жасалғанша немесе тараптар өздерінің бос әурешілігiн түсінгенше жалғаса береді.
Шарт жасасатын жер дегеніміз не?

Егер шартта оны жасасатын жер көрсетілмесе, шарт азаматтың тұрғылықты жерінде немесе оферта жіберген заңды тұлғаның орналасқан жерінде жасалған болып танылы (АК-ның 398-бабы). Шарт жасасқан жерді анықтаудың сыртқы экономикалық шарттр жасасқанда маңызы зор. Мұндай жағдайларда заң, әдетте, егер келісімде басқадай көрсетілмесе, мәміле формасының ол жасалған жердің құқығына бағынатындығын, ал тараптардың құқықтары мен мiндеттерінің мәміле жасалған жердің құқығы бойынша анықталатындығын белгілейді.



Азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның түрғылықты жері деп танылады (АК-ның 16-бабы). Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып табылады (АК-ның 39-бабы).
Шарт жасасу міндетті түрде болуы мүмкінбе?

Азаматтық заңнаманың негізгі принципі шарт бостандығы болғанмен, АК-да және басқа заң актілерінде тікелей көзделсе ғана шартты міндетті түрде жасасу мүмкіндігі АК-да қарастырылған. АК-ның 399-бабына сәйкес, міндетті түрде шарт жасасудың екі нұсқасы бар: шарт жасасу акцептант үшін міндетті болғанда (1-және 2-тармақтар); шарт жасасу оферент үшін міндетті болғанда (3-тармақ).



Бірінші нүсқада шарт жасасу міндетті болып табылатын тарап екінші тараптан оферта алғаннан кейін, сол алған күннен бастап отыз күн ішінде екінші тарапқа акцеп туралы, не одан бас тарту туралы, немесе офертаның өзге жағдайлардағы (шарт жобасына пікір қайшылығы хаттамасы) акцепті жайында (шарт жобасы) хабар жіберуге тиіс. Оферта жіберген тарап, бұл жағдайда, шарт жасасқанда туындаған пікір қайшылығын ондай хабар алғаннан кейін отыз күн ішінде немесе акцент мерзімі өткеннен кейін сот қарауына беруге құқылы.

Екінші нүсқада, егер шарт жасасу міндетті болып табылатын тарап жолдаған шарт жобасына отыз күндік мерзім ішінде оған деген қайшы пікірлер хаттамасы алынса, онда бұл тарап пікір қайшылығы хаттамасын алғаннан бастап отыз күн ішінде басқа тарапқа шартты оның редакциясында қабылдағаны туралы не пікір қайшылығы хаттамасын қабылдамағаны жайында хабар береді. Пікір қайшылығы хаттамасы қабылданбаса не оны қараудың нәтижесі жайында хабар алынбаса, пікір қайшылығы хаттамасын жолдаған тарап шарт жасасу кезінде туындаған пікір қайшылығын соттың қарауына жіберуге құқылы. Акцепттің пікір қайшылығы хаттамасын жасауы немесе пікір қайшылығын сот қарауына беруі үшін АК-ның 399-бабында белгіленген мерзімдер бірдей (отыз күн). Бұл мерзімнен шатасуға жол бермейді. Сонымен қатар бұл жоғарыда аталған барлық әрекеттерді жасау үшін ақылға қонымды мерзім.

Бұл мерзімдер императивтік емес. Шарттардың кейбір түрлері үшін заңнамада, ал кейбір жағдайларда - тараптардың келісімімен өзге мерзімдер белгіленуі мүмкін. Шарт жасасуға міндетті тарап оны жасасудан жалтарса, екінші тарап оны мәжбүр ету туралы және оған шығындарды төлеттіру туралы талап қойып сотқа жүгінуге құқылы (АК-ның 399-бабының 4-тармағы). Бірақ, кейбір жағдайларда бұл ережеден ауытқу бар. Ресейдікіне қарағанда Қазақстанның Азаматтық кодексінде алдын ала шарт жасасқан тарапты негізгі шартты жасасуға мәжбүрлеу көзделмеген. Екінші тарап тек шығынның өтелуін ғана талап ете алады (390-бап). Шығындарды өтеу, АК-ның 9-бабының 4-тармағының және 350-бабының ережелері бойынша жүргізіледі.

Жалпы ереже бойынша шарт жасасу кезінде туындаған пікір қайшылықтарын тараптардың өздері шешеді, оларды соттың қарауына бермейді. Егер ол қайшылықтарды тараптардың өздері шеше алмаса шарт жасалмаған болып саналады, тараптар арасындағы қатынас тоқтайды. АК-ның 400-бабына сәйкес шартка дейінгі дауларды сотта қарауға болатын тек екі жағдай бар: шарт жасасудан бас тартушы тарап үшін шарт жасасу міндетті болғанда (АК-ның 399-бабының 2-3-тармақтары); пікір қайшылығын сот (мемлекеттік немесе төрелік) қарауына беру жөнінде тараптардың келісімі болса. Мұндай келісім пророгациялық немесе төрелік деп аталады.

Пікір қайшылығы сотта қаралғанда, шарттың тараптар келісе алмаған ережелерін сот анықтайды. Ол шешімге тараптар бағынуға тиіс. Шарт алдындағы даулар бойынша сот шешімдері мәжбүрлеп орындату жөнінде ешқандай әрекеттерді керек етпейді, онда тек құқық құрушы маңыз бар.



Шартты өзгерту дегеніміз не?

Шартты өзгерту дегеніміз - оның мазмұнын құрайтын бір немесе бірнеше ережелердің өзгеруі. Шартты бұзу дегеніміз толықтай немесе ішінара орындалмаған шартты АК-ның 367-377 баптарында көзделмеген (міндеттемелердің тоқтауы) негіздер бойынша мерзімінен бұрын тоқтату. АК-ның 401-бабында шартты өзгертудің және бұзудың үш нұсқасы көзделген: тараптардың келісуі бойынша; соттың шешімі бойынша; шартты толықтай немесе ішінара орындаудан біржақты бас тартудың нәтижесінде.

Тараптардың келісуі шартты өзгертудің және бұзудың шарт бостандығы принципінен туындайтын қалыпты және ең қолайлы тәсілі болып табылады. Шартты өзгертудің және бұзудың барлық қалған тәсілдері (сот тәртібінде, орындаудан біржақты бас тарту) АК-да, басқа заң актілерінде және шартта көзделген жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін.
Шартты бұзу қалай жүзеге асырылады?

Сот шешімі бойынша шартты бұзу тараптардың біреуінің талабы бойынша жүргізіледі. АК-ның 401-бабының 2-тармағында шартты бұзудың екі негізі келтірілген. Оның біреуі - шарттың едәуір дәрежеде бұзылуы, яғни шарттың бұзылуынан екінші тараптың шарт жасасу кезінде үміт артуға құқылы болғанынан едәуір дәрежеде айырылып қалатындай шығынға ұшырауы. Мысалы тапсырыс беруші шарт жасасқан кезде құрылыс объектісінің уақтылы және сапалы тұрғызылатындығына үміт артқан, бірақ мердігер құрылыс жұмыстарын жүргізгенде жобаның өрескел бұзылуына жол берген.

Шарттардың кейбір түрлері үшін заңнамада елеулі деп танылатын нақты бұзушылықтар белгіленген. Мысалы, АК-ның 476-бабына сәйкес тауар жеткізіп беру шарты үшін кемшілігі бар сапасыз тауарлар жеткзіліп, ол кемшiліктерді сатып алушы үшін қолайлы мерзімде жою мүмкін болмаса; тауар жеткізу мерзімдері неше қайтара бұзылса; тауарларды төлеу мерзімдері неше қайтара бұзылса шарт елеулі бұзылған боп саналады. Екінші жағдай - АК-да, басқа заң актілерінде немесе шартта мұндай жағдайларды белгілеуге мүмкіндік беру. Мысал ретінде АК-ның 389-бабының 2-тармағын келтіруге болады, онда шарт ережесінде өзіне залал келетін баптар болса қосылған тараптың шартты бұзуды талап ету құқығы көзделген.

Басқа заң актілерінің ішінен, мысалы, ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңын атауға болады, оның 103-бабында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй жалдау шарты жалға берушінің талабы бойынша, Тұрғын үй қатынастары туралы Заң негізінде ғана бұзылады делінген (егер үй бұзылуға жатса, егер жалдаушы оны ұдайы бүлдіріп немесе қирата берсе және т.б.)


Шартты орындаудан бір жақты бас тартуға боладыма?

Шартты орындаудан бір жақты бас тартуға, егер ол АК-да, заң актілерінде немесе шартта тікелей көзделгенде ғана, жол беріледі (АК-ның 404-бабының 1-тармағы). Бұл ереже 273-баптың заңнамада немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға жол бермейтіндігі туралы нормаларына негізделген. 273- және 404-баптардың редакцияларындағы алшақтықтарды атай кеткен жөн: 273-бапта заңнама жайында, ал 404-бапта заң актілері жайында айтылған. Бұл ретте «заңнама» терминін қолданған дұрыс болар, себебі мұндай жағдайлар тек заңдармен ғана емес, ҚР Президентінің жарлықтарымен де, Үкіметтің қаулыларымен де белгіленуі мүмкін. 404-баптың 2-тармағында шартты орындаудан біржақты бас тартуға жол берілетін мынадай жағдайлар белгіленген: шартқа негізделген міндеттемені орындау мүмкін болмаса (374-бап); белгіленген тәртіпте екінші тарап банкрот деп танылса; шарт жасалғанда негізге алынған мемлекеттік орган актісі өзгерсе немесе күшін жойса.

Шарттан тараптың бір жақты бас тартуға құқығы АК-ның шарттардың кейбір түрлеріне арналған бірқатар баптарында көзделген. Бұл, көбіне, орындалуы борышкердің немесе несие берушінің жеке басымен тығыз байланысты шарттар (тапсырма шарты, ақылы қызмет көрсету, банк есепшоты және банк салымы, жолаушылар тасымалдау шарттары).

Шарттан біржақты бас тартуға жол берілетін жағдайлар басқа заң актілерінде де көзделген. Мысалы, Тұрғын үй қатынастары туралы Заңның 102-бабына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй жалдаушы жалдау шартын кез келген уақытта бұзуға құқылы (отбасының кәмелетке жеткен мүшелерінің келісімімен). Тұрғын үй жалдау шартын тұрғын үйді жалдаушы, тіптен жалға берушіні хабардар етпей-ақ, өзінің шартты бұзғандығын растайтын конклюденттік әрекеттер жасау жолымен бұза алады. Тұрғын үй қатынастары туралы Заңның 102-бабының 2-тармағына сәйкес жалдаушы және оның отбасы мүшелері басқа жаққа тұрғылықты тұруға кетсе тұрғын үйді жалдау шарты олар кеткен күннен бастап бұзылған болып саналады. Мүмкін тұрғын үй жалдау шартын жалдаушының бір жақты бас тарту жолымен бұзуына АК-ның 404-бабы 4-тармағының «шартты орындаудан бір жақты бас тартылған жағдайда бір тарап бұл туралы екінші тарапты бір айдан кешіктірмей ескертуге тиіс» деген ережесі қолданылмайды.

Шарт мерзімі көрсетілмей жасалса да шартты орындаудан біржақты бас тартуға жол беріледі. (404-баптың 3-тармағы). Бұл ретте біржақты бас тартудың барлық жағдайларына қатысты жалпы ереже: ол жайында екінші тарапты бір айдан кешіктірмей ескерту туралы талап сақталуы тиіс (404-баптың 4-тармағы).

Шартты орындаудан біржақты бас тарту шарттың бұзылуына немесе өзгеруіне әкеп соғатын заңдық факты болып табылады. Бұл ретте шартты бұзу немесе өзгерту үшін сотқа жүгінудің қажеті жоқ. Бірақ екінші тарап, егер мұндай біржақты бас тарту негізсіз деп тапса, сот арқылы дауласуға құқылы.

Шартты өзгерту және бұзу тәртібі туралы келісім, егер заңдардан, шарттан немесе іскерлік айналым дағдыларынан өзгеше туындамаса, шарт жасалған формада жасалады (АК-ның 402-бабының 1-тармағы). Шартты өзгерту немесе бұзу жөніндегі ұсыныстан екінші тараптың бас тартуы алынғаннан кейін, не ұсыныста көрсетілген немесе заңдарда не шартта белгіленген мерзімде, ал ондай мерзім болмаған кезде отыз күн мерзімде жауап алынбағаннан кейін ғана тарап шартты өзгерту немесе бұзу туралы талапты сотқа мәлімдей алады (АК-ның 402-бабының 2-тармағы).

Шартты бұзудың және өзгертудің салдарлары әртүрлі: егер шарт бұзылғанда тараптардың міндеттемелері тоқтаса, ал шарт өзгергенде олар өзгерген түрде сақталады (403-баптың 1- және 2-тармақтары).

АК-ның 403-бабында шарттың бұзылуын шартты заңсыз деп танудан айыруға мүмкіндік беретін ережелер келтірілген: 1) шарт өзгерген немесе бұзылған жағдайда міндеттемелер алдағы уақытта, тараптар келісім жасаған немесе сот шешімі заңды күшіне кірген кезден бастап тоқтайды; шарт заңсыз деп танылғанда заңдық салдар туындамайды, шарт ол жасалған кезден бастап заңсыз деп танылады (154-баптың 8-тармағы); 2) шарт өзгергенде немесе бұзылғанда тараптар шарт өзгерген немесе бұзылған кезге дейін өздерінің орындағандарын қайтару жөнінде талап қоя алмайды, шарт заңсыз деп танылса әр тараптың шарт бойынша алғанды басқа тарапқа қайтарып беруі жалпы ереже ретінде белгiленген (АК-ның 157-бабының 3-тармағы).

Шарт өзгергенде немесе бұзылғанда пайда болған шығындар барлық жағдайларда бірдей өтелмейді, ол үшін шарттың бұзылуына немесе өзгеруіне тараптардың біреуінің шартты едәуір бұзуы себеп болуы тиіс (АК-ның 403-бабының 5-тармағы).
Тараптар шарттың күшін жаңа мерзімге ұзартуға құқылыма?

Шарттың күшінде болу мерзімін ұзарту іс жүзінде жаңа шарт жасалғанын білдіреді. Сондықтан ол АК-ның 397-бабының шарт жасасу тәртібіне арналған ережелері бойынша жүргізіледі. Шарт мерзімін ұзарту үшін бір тарап екінші тарапқа оферта жіберуге, ал ол тарап сол офертаны акцептеуге тиіс. Шарттың күшінде болу мерзімін ұзартуды шартты жаңа мерзімге пролонгация жасаудан ажырату керек, соңғы жағдайда шарттың күшінде болу мерзімі өткеннен кейін шарттың күшінде болуы өзінде көзделген мерзімге өзінен өзі ұзарады. Егер шарттың өзінде тікелей көзделсе ғана шартты пролонгация жасауға жол беріледі.
Тақырып 7. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу

Сабақтың мақсаты: ҚР кәсіпкерлік құқығының оқу пәні ретінде туралы білімдерді қалыптастыру, оның құқықтық білімдер жүйесіндегі орнын анықтау.

Жоспар:

1 Лицензиялау және техникалық реттеу кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің тәсілдері ретінде.


1 Лицензиялау және техникалық реттеу кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің тәсілдері ретінде.
Лицензия дегеніміз не?

Лицензия (латын. licentia — рұқсат, құқық), рұқсатнама – экспортты‚ импортты және валюта қозғалысын бақылау мақсатымен экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыруға мемлекет беретін рұқсат.

Мемлекеттік органдар әлдебір саладағы қызметпен аиналысу құқығын беретін рұқсат.

Мемлекеттік органдардың сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға беретін рұқсаты. Жеке тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша белгілі бір мерзімде қолданылатын экспорттық-импорттық операцияларға бақылау орнату нысанының бірі.

Жеке адамдар немесе ұйымдарға патентпен, техникалық біліммен, тәжірибе, өндірістік құпия, сауда маркасымен қорғалған өнертапқыштықты пайдалануға рұқсат беретін құжат.
Лицензия нысаны дегеніміз не?

Лицензия нысаны - лицензиялық келісім бойынша берілетін техниканың немесе технологияның нысаны.
Лицензиялық жүйедегеніміз?

Лицензиялық жүйе - тауарлардың әкелімі мен әкетілімін ұйымдастыру нысандарының бірі. Мұнда импортшы немесе экспортшы өзінің тауарларының әкелімі немесе әкетілімі құқығын сатып алу үшін жазбаша рұқсат (лицензия) алуға тиіс, бұл орайЛицензиялық келісім лицензияларды, "ноу-хауды", тауар белгілерін, т. б. пайдалану құқығын беру туралы келісім; Бұл келісімде патенттік лицензия беру; бірнеше патентті және олармен байланысты "ноу-хауды" кешенді түрде беру көзделуі мүмкін.да, лицензиялық алым алынатын болса, осы алымды төлейді.


Лицензиялық паспорт дегеніміз?

Лицензиялық паспорт- нысанды лицензиялық келісімшарт бойынша шетелдік сатып алушыға сатудың заңдылығын негіздейтін құжат. Онда лицензия пәніне қатысты техникалық құжаттардың көлемі; ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға қажет шығындар; лицензия нысанына кіретін өнер табыстар мен өнеркәсіп нысандарын патенттеу туралы мәліметтер және т.б. болады.


Лицензиялық төлемақы дегеніміз?

Лицензиялық төлемақы- заңды немесе жеке тұлғаның меншік иесіне немесе бір нәрсені жасаушыға (авторына) осы меншікті коммерциялық мақсатта пайдалану құқығы үшін ақы төлеуі.


Лицензиялау дегеніміз?

Лицензиялау - заңды тұлғалардың шаруашылық кызметін әкімшілік реттеу әдісі, ол тізбесі заңмен айқындалатын қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу үшін арнаулы рұқсат (лицензия) алуды көздейді.


Біліктілік талаптары дегеніміз не?

- өтініш берушінің жекелеген лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрімен айналысу қабілетін сипаттайтын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштердің жиынтығы;


Бірыңғай технологиялық процесс дегеніміз не?

- лицензияланатын бір қызмет түрінің шеңберінде өндіріс процесінде орындалатын технологиялық өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;


Жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау?

- лицензия беру мониторингтеу мақсатында белгіленген шара;


Лицензиар дегеніміз не?

- лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;


Лицензиат дегеніміз кім?

- лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;


Лицензиялаудың негiзгi принциптерi қандай қызметтерді атқарады?

Лицензиялар беру белгiлi бiр қызмет түрi үшiн белгiленген талаптарға сай барлық тұлғалар үшiн тең негiздерде және тең жағдайларда жүзеге асырылады. Қызметтiң жекелеген түрлерi бойынша лицензиялық тәртiп енгiзу ұлттық қауiпсiздiк, құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету, қоршаған ортаны, азаматтардың меншiгiн, өмiрi мен денсаулығын қорғау мақсатында белгiленедi.

Бiлiктiлiк талаптарын, қызмет түрлерiн лицензиялау ережелерiн және экспорты мен импорты лицензиялануға тиiс жекелеген тауарлар тiзбесiн бекiтетiн нормативтiк құқықтық актiлер осы актiлер ресми жарияланғаннан кейiн жиырма бiр күндiк мерзiм өткенге дейiн қолданысқа енгiзiле алмайды.

Қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өнiмге қойылатын талаптар, жекелеген өнiм түрлерiнiң, процестердiң сәйкестiгiн мiндеттi түрде растау жөнiндегi талаптар мемлекеттiк әкiмшiлiк ету мақсаттарына жету үшiн жеткiлiксiз болған жағдайларда белгiленедi. Лицензия иелiктен шығарылмайды және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды. Лицензияның күшi, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

Бiрыңғай технологиялық процеске кiретiн және (немесе) қызмет түрiн жүзеге асырудың қажеттi элементi болып табылатын қызмет түрлерi лицензиялануға тиiс емес. Мемлекеттiк органдар, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асыратын қызметтi қоспағанда, лицензиялау талап етiлетiн қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға немесе белгiлi бiр iс-әрекеттер (операциялар) жасауға лицензия болған жағдайда ғана жол берiледi.

Кредиттiк серiктестiктер, өзара сақтандыру қоғамдары, сондай-ақ Ұлттық почта операторы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өкiлеттiктер шегiнде жүргiзетiн қызметтi қоспағанда, қаржы саласындағы қызметтiң жекелеген түрлерiн және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтi жүзеге асыруға лицензия болған жағдайда ғана жол берiледi.


Мемлекеттік лицензиялаудың жүйесі қандай құрылымдардан тұрады?

Мемлекеттік лицензиялау жүйесі:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметінен;

2) уәкілетті органнан;

3)лицензиялардан тұрады
Лицензиялардың түрлері мен қолданылуы?

Лицензиялар мынадай белгілері бойынша бөлінеді:



1. Субъектілер бойынша:

1) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына берілетін;

2) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға және халықаралық ұйымдарға берілетін лицензиялар.

2. Қызмет көлемі бойынша:

1) бас қызмет - қолданылу мерзіміне шек қойылмай қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға берілетін;

2) біржолғы - рұқсат етілген мерзім, көлем, салмақ немесе мөлшер шегінде белгілі бір шаруашылық операциясымен айналысуға (заттай не ақшалай түрде), сондай-ақ Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңында белгіленген мерзім шегінде ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерімен айналысуға берілетін;

3) операциялық - банк қызметінде жекелеген операциялармен, сақтандыру қызметінде сыныптарға жіктеумен (сақтандыру сыныптарымен) айналысуға берілетін лицензиялар.


Лицензиялау қандай салаларға бөлінеді?

1) өнеркәсіп;

2) атом энергиясын пайдалану;

3) улы заттар айналымы;

4) техникалық қауіпсіздік;

5) көлік;

6) есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы;

7) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

8) жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін арнайы техникалық құралдар;

9) қару-жарақ, әскери техника және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш заттар және олар қолданыла отырып жасалған бұйымдар айналымы;

10) ғарыш кеңістігін пайдалану;

11) ақпараттандыру және байланыс;

12) білім беру;

13) бұқаралық ақпарат құралдары;

14) ауыл және орман шаруашылықтары, жерге орналастыру, геодезия және картография;

15) денсаулық сақтау;

16) жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету;

17) ойын бизнесі;

18) ветеринария;

19) сот-сараптама;

20) мәдениет;

21) қаржы саласы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет;

22) сәулет, қала құрылысы және құрылыс;

23) Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын дайындау;

24) кеден ісі;

25) этил спирті мен алкоголь өнімдерін, темекі өнімдерін өндіру және олардың айналымы;

26) валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызмет;

27) тауарлар экспорты мен импорты салаларындағы қызметтің жекелеген түрлері лицензиялануға тиіс.


Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасының қолдану саласы?

Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

Өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң процестерiне қойылатын мiндеттi және ерiктi талаптарды айқындау, белгiлеу, қолдану және орындау, олардың сәйкестігін растау, аккредиттеу және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейдi.

Өнiм, көрсетiлетiн қызмет, процестер техникалық реттеу объектiлерi болып табылады. Мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес техникалық реттеу объектiлерiне қатысты пайдалану құқығын иеленетiн жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектiлерi болып табылады.


Техникалық реттеудiң негiзгi мақсаттары мен принциптерiне не кіреді?

Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары:



  • міндетті регламенттеу саласында:

  • өнімнің, процестердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу;

  • саудадағы техникалық кедергілерді жою;

  • стандарттау саласында:

  • отандық өнімнің бәсекеге-қабілеттілігін арттыру;

  • табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу болып табылады.


Техникалық реттеудiң принциптерiне не кіреді?

1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң бiрлiгi мен тұтастығы;

2) бiрыңғай терминологияны, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, процестерге қойылатын талаптарды белгiлеу ережелерiн қолдану;

3) техникалық реттеу мақсаттарының орындылығы мен қолжетiмдi болуы, техникалық реттеу процестерiне қатысу үшiн тең мүмкiндiктердi, мемлекет пен мүдделi тараптар мүдделерінің теңгерімiн қамтамасыз ету;

4) отандық және импортталатын өнiмге, көрсетiлетiн қызметке және олардың белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсiмдерiне қойылатын талаптардың бiрдей болуы;

5) техникалық регламенттер мен стандарттарды әзiрлеу кезiнде ғылым мен техника жетiстiктерiн, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын басым пайдалану;

6) техникалық регламенттер талаптарының мемлекет экономикасының дамуы, оның материалдық-техникалық базасы деңгейiне және ғылыми-техникалық даму деңгейiне сәйкестігі;

7) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, техникалық регламенттердің, стандарттардың және олар туралы, оларды әзiрлеу, бекіту, жариялау тәртібі туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;

8) стандарттарды қолдану мақсатында оларды ерiктi түрде таңдау;

9) сәйкестiктi растаудың бiрыңғай жүйесi мен ережелерi;

10) бiр органның аккредиттеу және сәйкестiктi растау жөніндегі өкiлеттiктердi қоса атқаруын болдырмау;

11) бiр мемлекеттік органда мемлекеттік бақылау және сәйкестiктi растау функцияларының үйлеспеушiлiгi;

12) сәйкестiктi растау жөніндегі органдардың дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан және сатып алушылардан тәуелсiздiгi;

13) сәйкестiктi растау жөніндегі жұмыстарда бәсекелестiктiң шектелуiн болдырмау принциптерiне негiзделедi.


Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң құрылымы?

Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң құрылымы келесілерден тұрады:



  • Қазақстан Республикасының Үкіметі;

  • уәкiлетті орган;

  • өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдар;

  • аккредиттеу жөніндегі орган;

  • мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер;

  • Саудадағы техникалық кедергiлер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы (бұдан әрi - Ақпарат орталығы);

  • стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер;

  • сәйкестiктi растау жөніндегі органдар, зертханалар;

  • сәйкестiктi растау, тауар шығарылатын елді анықтау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлар;

  • техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қоры құрайды.


Тақырып 9. Бәсекелік құқығының негіздері

Сабақтың мақсаты: ҚР кәсіпкерлік құқығының оқу пәні ретінде туралы білімдерді қалыптастыру, оның құқықтық білімдер жүйесіндегі орнын анықтау.

Жоспар:

1 Бәсеке ұғымы

2 Монополияға қарсы оргaнның құқықтық мәртебесі
1 Бәсеке ұғымы
Бәсеке дегеніміз не?

Ортақ ресурсты пайдаланудағы жүйелердің немесе программалардың өзара таласушылығы; қандай жұмыс бекетінің арнаға қатынас құра алатынын анықтауға мүмкіндік беретін үстаным.


Бәсекелестік дегеніміз не?

Бәсекелестік – дербес жасаған іс-әрекеттері тиісті тауар нарығындағы тауарлар айналысының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының біржақты ықпал ету мүмкіндігін тиімді шектейтін нарық субъектілерінің жарыспалылығы;

Бәсекелестік – Бұл нарық шуаруашылығына катысушулардың арасындағы өндірістің жақсы жағдайы үшін, тауарды дұрыстап сату мен сатып алу үшін бақталастық.
Бәсекелестіктің негізгі принциптері:

1) жарыспалылық;

2) адалдық;

3) заңдылық;

4) тұтынушылардың құқықтарын сақтау болып табылады.
Бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясат

1. Бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлейді және монополияға қарсы орган іске асырады.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде айқындалған өз құзыреті шегінде бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады.

3. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде бәсекелестіктің дамуына жәрдемдесуге және бәсекелестікке теріс ықпал ететін іс-әрекеттерді жасамауға міндетті.

 

Бірін-бірі алмастыратын тауарлар дегеніміз не?

Бірін-бірі алмастыратын тауарлар – тұтынушы оларды тұтыну (өндіру) процесінде бірін-бірімен алмастыра алатындай, өзінің функционалдық арналымы, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары, бағасы, сондай-ақ басқа да параметрлері бойынша салыстыруға болатын тауарлар тобы;


Бәсекелестік күрестін бағалық тәсіліне не жатады?

Бұған монополиялы жоғарғы және монополиялы төмен бағаларды қолдану жатады. Бағалық тәсілге сондай-ақ бағалық дискриминация тәсілі де жатады (әр жердегі әртүрді бағалар, демпингтік төмен нарықтық бағалар).


Қазақстан Республикасындағы бәсекелестік қатынастардың дамуы нені түсіндіреді?

Көптеген меншік түрлері жұмысының әлі төменділігімен тежелуде және экономикадағы монополизациялау деңгейінің жоғары болуымен түсіндіріледі.


Бәсекелестік қатынастар қалай жүзеге асырылады?

Келешегі мемлекетсіздендіру процесімен, антимонополиялық заңдар қабьылдануымен байланысты және басқаға мемлекеттің бәсекелестікті қолдау шараларымен, ұлттық бәсеке қаблеттілікті мемлекеттің қоғауымен жүзеге асады.


Бәсекелестіктің баға еместік тәсіліне не жатады?

Тауар сапасының, жануаруын, дизайнын жақсартумен байланыстылығы, оның өте ұлкен асортименттілігі және сатылғаннан кейінгі өте жоғарғы сервистік қызметі. Бұл тәсілдер негізінен екі топқа жіктеледі: өнім үшін бәсекелестік және сату шарты бойынша бәсекелестік.


Өнім үшін бәсеклестік қалай жүзеге асады?

Бәсекелестің сала нарығының бір бөлігін алып қоюға ұмтылды және ол жаға ассортименттә әрі сапалы өнімді шығару арқылы шамаланған бәр және сол бағаны сақтау жолымен жүзеге асады.


Сату шарты бойынша бәсекелестікке не жатады?

Сатып алушыларды тауарға үйірлендіру үшін көптеген іс- әрекеттерді қолданалы. Бұл бісекелекке жарнама, сервистік қызмет жасауы, тұрақты сатып алушыларға жеңілдіктер қарастыру жатады.


Бәсекелестің баға еместік ерекше тәсіліне не жатады?

тауарды ұзақ мерзімге және лизингіге сатуын жатқызамыз.


Бәсекенің болмауы нәтижесінде неге әкеледі?

Бәсекенің болмауы нәтижесінде монополизмге алып барады. Сондықтан жеке кәсіпорын, банк, мемлекет өздерінің құқытарын нарықта өктем жүргізеді.


Бәсеке қай кезде тиімді жүреді?

Нарық субъектілері көп болса, бәсеке тиімді жүреді. Себебі бәсеке мен моноролия бір біріне кері ұғымдар. батыс сарапшыларының бағалауынша, бір тауар түрін сатушылар 4-5 тен аз болмағаны жөн, ал 8-15 көп болса өте тиімді. Егер төрт фирма 80% сауда - саттықты бақыласа, онда нарық монополияландырылған болып табылады.


Ұйымның бәсекеге қабілеттілігін талдау нәтижелерінің негізінде бағалау үшін қандай тәсілдемелер қолданылады?

жүйелі, кешенді және нормативтік тәсілдемелер қолданылады.


Коммерциялық көрсету саласының қандай ерекшеліктері бар?

жеке тұтыну сипаты, қорланудың мүмкін еместігі, өндіру мен тұтынудың бөлек болмайтыны. Бұл ерекшеліктеріне қарай, мұнда баға құрылуының, оны анықтау тәсілінің және баға саясатын жүргізудің де өзіндік ерекшеліктері бар.


Коммерциялық маркетинг саласының бағасын реттеу қандай факторға бөлінеді?

Мемлекет реттейтін қызмет көрсету бағасының тарифі;

Нарыққа қатысушылардың өздері реттейтін қызмет көрсету бағасының тарифі;

Таза нарық механизмі қалыптастыратын қызмет көрсету бағасы.



Бірінші топқа не жатады? қызмет көрсетудің мына түрлерін жатқызуға болады: байланыс, транспорт, денсаулық сақтау және білім беру. Бұл топқа тарифті мемлекет реттейтін табиғи монополия да жатады.

Екінші топқа не жатады? қызмет көрсетудің баға тарифін әр түрлі бірлестіктер немесе нарыққа қатысушылар келісімімен реттелетіндер тобы жатады: авиа тасымалдау, нотариус қызметі, адвокат.

Үшінші топқа не жатады? Баға тарифі толықтай нарық жағдайымен анықталатын қызметтер жатады: тұрмыстық қызмет көрсету, банк қызметі, коммерциялық, медициналық қызмет көрсету.
2 Монополияға қарсы оргaнның құқықтық мәртебесі
Монополистік қызмет дегеніміз не?

Монополистік қызмет дегеніміз - рынок субъектілерінің, мемлекеттік органдардың бәсекеге жол бермеуге, оны шектеуге немесе жоюға бағытталған және тұтынушылардың заңды мүдделеріне қысым жасайды.
Монополиялық қымбат баға дегеніміз не?

Монополиялық қымбат баға дегеніміз - тиісті тауар рыногында үстем жағдайға ие рынок субъектісі негізделмеген шығындарды өтеу және үстем жағдайын қянат жасап пайдалану нәтижесінде қосымша табыс алу мақсатында белгілейтін баға.
Монополиялық арзан баға дегеніміз не?

Монополиялық арзан баға дегеніміз - тиісті тауар рыногында үстем жағдайға ие рынок субъектісі тауар рыногынан бәсекелестерді ығыстыру арқылы бәсекені шектеу мақсатымен саналы түрде белгілейтін тауар бағасы.
Бәсеке дегеніміз не?

Бәсеке - дегеніміз рынок субъектілерінің өз бетімен жасаған іс-әрекеттері тиісті тауар рыногындағы тауарлар айналысының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының біржақты ықпал ету мүмкіндігін тиімді шектейтін және тұтынушыларға қажетті тауарлар өндіруді ынталандыратын жарыстастығы.


Монополияға қарсы органның негізгі міндеттері?

1.кәсіпкерлікті қолдау, тауарлар рыногында бәсекені дамыту.

2.монополиялық қызметті, тауарлар рыногындағы үстем жағдайын қянат жасап пайдалануды болғызбау, шектеу мен тыю, жосықсыз бәсекені тыю жөнінде шаралар қабылдау

3.табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеу.

4.мемлекеттік органдардың қызметтер көрсету тәртібін реттеу мен бақылау.

5.монополияға қарсы заңдар мен баға белгілеу тәртібінің сақталуын бақылау.

6.рынок субъектілерінің тауар рыноктарындағы үстем жағдайын бақылау.

7.мемлекеттік органдардың тұтынушылардың мүдделерін қорғау жөніндегі қызметін үйлестіру.


Монополиялық жағдай дегеніміз не?

Монополиялық жағдай – табиғи монополия, мемлекеттік монополия субъектілерінің, сондай-ақ тиісті тауар нарығында жүз процент үлеске ие нарық субъектілерінің жағдайы;


Монополиялық табыс дегеніміз не?

Монополиялық табыс – нарық субъектісінің осы Заңда шектелген монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алған табысы;

монополистік қызмет – жағдайы тиісті тауар нарығын бақылауға, оның ішінде тиісті тауар нарығындағы тауар айналысының жалпы шарттарына елеулі ықпал етуге мүмкіндік беретін нарық субъектілерінің қызметі;
Монополияға қарсы орган дегеніміз не?

Монополияға қарсы орган – бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;


Нарық субъектісі дегеніміз не?

Нарық субъектісі – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке және (немесе) заңды тұлғасы, сондай-ақ шетелдік заңды тұлға (оның филиалы мен өкілдігі);


Реттелетін нарықтар дегеніміз не?

Реттелетін нарықтар – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағаларға мемлекеттік реттеу енгізілген тауар нарықтары;


Реттеуші орган дегеніміз не?

Реттеуші орган – реттелетін нарықтарда бағаларды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган;


Тауар дегеніміз не?

Тауар – азаматтық айналым объектісі болып табылатын тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет;


Тауар нарығы дегеніміз не?

Тауар нарығы – тұтынушының тауарды сатып алуға экономикалық, аумақтық және технологиялық мүмкіндігі негізге алынып айқындалатын, тауардың немесе бірін-бірі алмастыратын тауарлардың айналым аясы;


Сатушы (өнім беруші) дегеніміз не?

Сатушы (өнім беруші) – тауар өткізуші (беруші) жеке немесе заңды тұлға;


Тергеу дегеніміз не?

Тергеу – монополияға қарсы органның осы Заңның бұзылуын растайтын фактілерді анықтауға, оларды тіркеуге және тиісті шешім қабылдауға бағытталған іс-шаралары;


Тұтынушы дегеніміз не?

Тұтынушы – тауарды өз мұқтажы үшін сатып алатын жеке немесе заңды тұлға; 


Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі – тізілім) дегеніміз не?

Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – табиғи немесе мемлекеттік монополия жай-күйіндегі нарықтарды қоспағанда, тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізбесі.


Бәсекелеспен шартты бұзуға шақыру дегеніміз не?

Бәсекелеспен шартты бұзуға шақыру - Нарық субъектісінің тікелей өзі немесе делдал арқылы материалдық сыйақы, басқа да артықшылықтар беру немесе ұсыну не нарық субъектісінің қызметін жүзеге асыруына негізсіз кедергі келтіру арқылы бәсекелеспен шартқа қатысушының – нарықтың өзге субъектісінің шарттық міндеттемелерді орындамауына немесе тиісінше орындамауына бағытталған іс-әрекеттері бәсекелеспен шартты бұзуға шақыру болып табылады.  

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Негізгі


        1. ҚР АК Түсініктеме. Жалпы бөлім. 2 томда. Сүлейменов М.К., Басин Ю.Г. редакциялауымен Алматы: Жетi Жарғы, 2003.

        2. ҚР АК Түсініктеме. Ерекше бөлім. 2 томда. Сүлейменов М.К., Басин Ю.Г. редакциялауымен Алматы: Жетi Жарғы, 2006

        3. Сулейменов М.К . Право и предпринимательство в РК. - Алматы, 1994.

Қосымша

        1. Климкин С.И. «Правовые формы предпринимательства в Республике Казахстан». - Алматы, Юрид. литература, 1997.

        2. Басин Ю.Г., Фурсов В.Г. Основы бизнеса и предпринимательства в условиях рыночной экономики. - Алматы, 1992.

        3. Бекназарова А.Т. Современное состояние, тенденции и перспективы развития предпринимательства в РК. Вестник КазНУ серия юридическая 2004 №4.- с.84-87.

        4. Амирханова И.В. Меры гражданско-правовой обеспеченности интересов предпринимателей. Вестник КазНУ серия юридическая 2002 №4 с.41-44.

        5. Губин Е.П. Правовые формы взаимодействия предпринимательства с государством. Юрист. 2003 №3.- с.26-29.

        6. Мухамеджанов Б.С. Динамика развития предпринимательства в РК. Аль-Пари 2003 №1 с.6-11.

Нормативтік құқықтық актілер

12. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30.08.1995 ж.

13. ҚР Азаматтық кодекс (жалпы бөлiмi) 27.12.1994 ж., (ерекше бөлiмi) 01.07.1999 ж.

14. ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңы, 31.01.2006 ж.

15. ҚР «Лицензиялау туралы» Заңы, 11.01.2007ж.

16. ҚР «Жарнама туралы» Заңы, 19.12.2003 ж.

17. ҚР «Кредиттiк серiктестiктер туралы» Заңы, 28.03.2003 ж.

18. ҚР «Бәсеке туралы» Заңы, 25.12.2008 ж.

19. ҚР «Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы» Заңы, 22.04.1998 ж.

20. ҚР «Акционерлiк қоғамдар туралы» Заңы, 13.05.2003 ж.

21. ҚР «Инвестициялар туралы» Заңы, 08.01.2003 ж

22. ҚР «Банкроттық туралы» Заңы, 21.07.1997 ж.

23. ҚР «Валюттік реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңы, 13.06.2005 ж.

24. ҚР «Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктерi есептiк тiркеу туралы» Заңы, 17.04.1995 ж.

25. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) 10.12.2008 ж.

26. ҚР «Ұлттық банкi туралы» Заңы, 30.03.1995 ж.

27. ҚР «Банктер және банк қызметi туралы» Заңы, 31.08.1995 ж.

28. ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңы, 09.11.2004 ж.

29. ҚР «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Заңы, 19.06.1995 ж.

30. ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы, 23.07.1999 ж.

31. Қазақстан Республикасының Жер кодексi, 20.06.2003 ж.

32. ҚР «Шаруа (фермер) қожалығы туралы» Заңы, 31 03.1998 ж.


33. ҚР «Агроөнеркәсіп кешенін және ауыл аймақтарын дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңы, 26.04.2006 ж.

34. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, 15.05.2007 ж.

35. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі, 09.01.2007 ж.


36. ҚР «Қаржылық лизинг туралы» Заңы, 05.07.2000 ж.




жүктеу 1,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау