Бетон қоспасының қасиеттері
• Бетон шикізаттарынан құралған, бірақ қатаюы басталмаған құрамды бетон қоспасы немесе араласпасы деп атайды.
• Қалыпты қоюлығы бар қалпына оңай төселетін (салынатын) цемент араласпасын алу үшін цементке 24-26% су қосу жеткілікті.
• Бірақ бетон қоспасына қажетті су мөлшері бұдан әлдеқайда көп, себебі, судың бір бөлімі толтырғыштардың бетіне жұғады.
• Цемент мөлшері көбейген сайын бетонның су, цемент қатынасы (С/Ц) азайып отырады, ал беріктігі арта береді.
• Бетон араласпасының жылжымалылығын стандартты қуыс конус арқылы анықтайды.
Бетонның шөгу шамасына байланысты:
• 15 см-ден артық шөксе - құйма,
• 4-15см аралығында шөксе жылжымалы,
• 1-4 см шөксе аз жылжымалы бетон араласпасы деп атайды.
Бетон қоспасын дайындау толық механикаландырылған, автоматтандырылған.
• Шикізат мөлшерінің ауытқуы цемент пен су үшін ±1%-дан, ал толтырғыштар үшін ±2%-дан артық болмауы керек.
• Бетон араласпасының жылжымалық немесе қатаңдық мөлшері құрылыс конструкцияларының түрлеріне және оларды жасау (әсіресе тығыздау) әдістеріне байланысты тағайындалынады.
Достарыңызбен бөлісу: |