|
Тақырыбы: Жарыс ұйымдастыруқатар тиімді жұмысты қамтамасыз ету үшін біршама аз болатындайЖарыс ұйымдастыру Туралимовқатар тиімді жұмысты қамтамасыз ету үшін біршама аз болатындай теңгерімді айқындау қажет. Шағын және барынша қарапайым жарыстардың ұйымдастыру комитеті жұмыстың түрлі бағыттарына жауап беретін қызметкерлердің бейресми тобын білдіруі мүмкін. Мектеп жарыстарын, клубтағы матчтар мен ашық жарыстарды әдетте өзінің бос уақытында аз ғана еріктілер (кейде одан да кем!) ұйымдастырады. Осындай комитетте міндеттерді былайша бөлуге болар еді: Үйлестіру және әкімшілік мәселелер Қаржы Органиграмма Кез келген Ұйымдастыру комитетінің жұмысын басқарудың пайдалы (кейбіреулер ең маңызды деп айтуы мүмкін) құралы тиісті қызметкерлердің аты-жөні көрсетілген органиграмма болып табылады. Оның мақсаты – комитеттің құрылымын визуалды көрсету және міндеттер берілген адамдарды көрсету. Ұйымдастыру камитетінің басқа рөлдері Жарыстарды өткізу жоспарын әзірлеу және қызметтерді көрсету шамасына қарай міндеттер аясы мен қызметкерлерге қойылатын талаптар неғұрлым нақты болады. Одан кейін аталған талаптарды дайындауға және орындауға жауапты жекелеген қызметкерлер, егер қажет болса, жұмыс топтары мен шағын комитеттер тағайындалуы мүмкін. - Ірі жарысты ұйымдастырумен айналысады
Жарысты өткізу орнын таңдау - Күнін белгілеген жағдайда секілді ұйымдастырушының жеңіл атлетика бойынша жарысты өткізу орнын таңдауы мән-жайлармен (мектеп немесе клуб өзінің жеке спорт құрылысын пайдалануы мүмкін) шектелуі мүмкін.Ірі жарыстарға қатысты өткізу орннының түрлі аспектілері бойынша қойылатын ең аз талаптар болады.Жоспарланған спорт құрылыстарында оларды жарысты өткізу үшін пайдалануға болатындығы немесе оларды жетілдіру қажеттілігін айқындау мақсатында инспекция өткізілуі тиіс.
Өткізу уақыты мен ұзақтығы Ұйымдастырушылар жарысты өткізу уақыты мен оның ұзақтығын айқындауы тиіс. Кубок немесе лига жарыстарына кіретін чемпионаттар мен матчтардың белгілі бір кезектілігі мен кестесі – атап айтқанда, регламентпен белгіленген өткізу уақыты мен ұзақтығы болуы ықтимал. Жарыстардың басқа үлгілерінің ұйымдастырушылары көбірек икемділікті танытуы мүмкін. КҮН УАҚЫТЫ - Жарысты өткізу уақыты оның түрлі топтардан (спортшылардан,
қосалқы персоналдан, көрермендерден, БАҚ-тан, демеушілерден және т.с.с.) алатын қолдауға әсер ететін болады, сондықтан жоспарлаған кезде ұйымдастырушылар аталған топтардың мұқтаждықтарын назарға алуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|