Тақырыбы: «Ғажайып физика»



жүктеу 22,35 Kb.
Дата24.06.2022
өлшемі22,35 Kb.
#38957
Физикалық сайыс 8-сынып

Тақырыбы: «Ғажайып физика»


Мақсаты: физика пәнінен алған білімдерін жан-жақты, өмірде қолдана білу шеберліктерін арттыруға үйрену.
- оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, айналасындағы ортамен қарым - қатынас жасауға, адамгершілікке, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
- Тапқырлық, шапшаңдық, дарындылық, есте сақтау қабілеттерін шыңдау, сөздік қорын молайту.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі физика пәні бойынша болатын сайысымызға қош келдіңіздер! Сіздерді сайыстың кезеңімен таныстырып кетейін. Сайыс 2 топ, яғни 8 сыныптар арасында өтеді. 
Жоспары: 1. Таныстыру (қатысушылар өз-өздерін таныстырады. Топтың атын қояды)
2. «Тапқыр болсаң, тауып көр» (жұмбақ шешу)
3. «Kahoot» ойыны (сұрақтарға жауап береді)
4. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» (әріптер беріледі, соның ішінен физикаға байланысты сөздерді табады)
5. «Ойланайық, ойлайық!» (Есептер шығару)
6. «Иә, жоқ» (топ лидерлеріне сұрақтар қойылады, оған ия н/е жоқ деп жауап береді. 1мин ішінде кім көп сұраққа дұрыс жауап берсе, сол жеңімпаз)
Қазылар алқасымен танысып өтейік:
1-ші тур: «Таныстыру»
1-ші топ:
2-ші топ:

2-ші тур: «Тапқыр болсаң, тауып көр»


1-ші топ: Алтын теңге кетеді,
күміс теңге келеді (күн мен ай)
Өзі затты құрайды,
теңесуге таразыны сұрайды (масса)
Жылдың төрт мезгілінде де,
Мазасызданады ол неге? (Жел)

2-ші топ: Жылт-жылт етеді,


Жылғадан өтеді. (Су)
Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін. (Ток)
Көкке қараған, жұлдыз санаған (телескоп)

3-ші тур: «Kahoot» ойыны


4-ші тур: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

  1. Физика, жылу, қозғалтқыш, термодинамика, энергия

  2. Температура, өткізгіш, уақыт, сыйымдылық, жұмыс

5-ші тур: «Ойланайық, ойлайық»


I топ

  1. Массасы 15 кг тас көмір толық жанғанда қанша энергия бөлінеді?

  2. Массасы 50 г, температурасы 25°С алюминий қасық температурасы 75°С ыстық суға батырылған. Қасық қанша жылу мөлшерін алады?

  3. «Волга» автокөлігінің қозғалтқышы 55 кВт қуат өндіреді. Егер оның ПӘК-і 27% болса, онда ол 2 сағат ішінде қанша бензин жағады?


II топ

  1. Егер массасы 10 кг көмір жанғанда 340 МДж энергия бөлінсе, оның меншікті жану жылуы неге тең?

  2. Егер массасы 200 г зат мөлшерін 12°С-тан 16,4°С-қа дейін қыздыруға 300 Дж жылу жұмсалса, онда оның меншікті жылу сыйымдылығы неге тең?

  3. Мәшиненің қозғалтқышында 23 МДж пайдалы жұмыс өндіру үшін 2 кг бензин жұмсалады. Осы қозғалтқыштың ПӘК-ін табыңдар.

6-шы тур:


1. Заттар үш күйде болады ма? (иә)
2. Желді күні асфальт беті тез кебеді ме? (иә)
3. Жолдың өлшем бірлігі секунд па? (жоқ)
4. Жылдамдық бірлігі м/с (иә)
5. Температураны өлшейтін құрал динамометр ме? (жоқ)
6. Джоульмен өлшейтін физикалық шама энергия. (иә)
7. Уақытты сағатпен өлшейді ме? (иә)
8. Молекулалар заттың ұсақ бөлшегі ме? (иә)
9. Судың тығыздығы 1000кг/м3 - қа тең.(иә)
10. Қуаттың өлшем бірлігі вольт па? (жоқ)
11. Барометр атмосфералық қысымды өлшейді ме? (иә)
12. Өзінің пішіні мен көлемін сақтау қатты денеге тән қасиет.(иә) о
13. Дененің жерге тартылуы үйкеліс күші ме? (жоқ)
14. Мензуркамен сұйық көлемі өлшенеді ме? (иә)
15. Сұйықтың қатты күйге айналуы кристалдану ма? (иә)
16. P=pgһ қысымның формуласы ма? (иә)
17. Жұмыстың өлшем бірлігі Ватт.(жоқ)
18. ПӘК-і пайдалы жұмыстың толық жұмысқа қатынасы.(иә)
19. Жылу алмасусыз жүретін процесс изотермалық процесс.(жоқ)
20. Термодинамиканың 1-заңы мәңгілік қозғалтқыш жасау мүмкін емес.(жоқ)
21. Қысым- бірлік ауданға түсірілетін күш (иә)
22. Жылуөткізгіштік- жылу берілудің газ заттардағы түрі (жоқ)
23. Температураны өлшейтін құрал термометр (иә)
24. Күшті өлшейтін құрал барометр (жоқ)
25. Салмақтың өлшем бірлігі Ньютон (иә)
26. Үдеудің белгіленуі V (жоқ)
27. Цельсийді Кельвир шкаласына айналдыру үшін 273 ті азайтамыз (жоқ)
28. Ішкі энергияны өзгертудің екі тәсілі бар (иә)
29.Қанықпаған бу - өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте тұрған бу (жоқ)
30. Заттың қатты күйден сұйық күйге өтуі- Булану (жоқ)

Қорытынды. Бүгінгі «Ғажайып физика» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Ендігі сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.
Топтар марапатталады.
жүктеу 22,35 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау