Тақырыбы: Қант диабеті, әсер етуші факторлар, алдын алу шаралары
Жоспары:
1.Қант диабеті, әсер етуші факторлар, алдын алу шаралары
2. Қант диабеті асқынулары
3.Диабеттік табан синдромы.
Инсулин секрециясының бұзылуы немесе әсерінің төмендеуі нәтижесінде дамитын, гипергликемиямен сипатталатын зат алмасу ауруларының тобы.
Қантты диабет кезінде дамитын бірнеше патогенетикалық процестер: басым көп жағдайда инсулиннің абсолютті тапшылығы кезінде немесе шеткі тіндердің инсулинге сезімталдығы төмендеуінің ұйқы безінің β-жасушаларының секреторлы дисфункциясымен қосарлануы нәтижесінде дамиды.
Созылмалы гипергликемия симптомдары:
Полиурия.
Полидипсия.
Дене салмағының төмендеуі, кейде полифагиямен.
Көздің көруінің төмендеуі.
Балаларда бойының өсуінің нашарлауы.
Инфекцияға төзімділіктің төмендеуі.
Жедел, өмірге қауіп төндіретін диабет асқынулары:
Гипергликемия кетоацидозбен.
Гиперосмолярлы синдром, кетозсыз.
Гипогликемиялық жағдай.
Диабеттің созылмалы асқынулары:
Ринопатия, соқырлықпен асқыну қаупі.
Нефропатия, бүйрек жеткіліксіздігіне әкелетін.
Перифериялық нейропатия және ангиопатия, шеткі тіндердің жарасы болу қаупімен.
Автономды нейропатия, гастроинтестинальды, урогенитальды, жүрек- қантамырлық симптомдарды шақыратын және жыныстық дисфункция.
Қант диабетімен ауыратын науқастардың арасында жүрек- қантамырларының атеросклеротикалық зақымдануы, перифериялық және церебральдық тамырлардың, көру ақаулары мен соқырлық қаупі жоғары. Жіңішке лазерлік шоғырдың жоғары интенсивтілігін қолданғанда қансыраудың болуы мүмкін, тамыр диаметрі коагулят диаметрінен үлкен болғанда ( жаңа түзілген тамырлар әсерінен). Облитерация және нерв талшықтарының коагуляциясынан торлы қабықтың артериялары көру алаңының ақауларын туғызуы мүмкін. Науқастың мазасыздық кезінде, ол көз қарасын бекіте алмаған кезде, лазерлік шоғырмен зақымдалған жағдайда орталық көрудің төмендеуі мүмкін. Пигментті эпителийдің ажырауын емдеген кезде саңылау пайда болуы мүмкін, сол саңылаудан сұйықтық нейроэпителийге өтеді де оның ажырауына әкеледі. Торлы қабықтың ажырауы – емдеудің қатерлі асқынуларының бірі- көбінесе панретинальді әсерден туады. Лазерлі коагуляция кезінде глиоз және фиброз айналасындағы дәнекер тіндердің торлы қабықтың тракционды ажыруына әкелетін жиырылуы болады. Осыған байланысты анық глиоз және фиброз- берілген емге қарсы көрсеткіш. Операция кезінде глиозды айналып өту керек. Қуаты үлкен лазерлік сәуледен торлы қабықтың регматогенді ажырауы (жыртылуы) болады. Панретинальды лазерлік коагуляция шеткі перифериялармен қосылып қараңғыға адаптацияны бұзуы мүмкін (диабеттік ретинопатия кезінде жиі кездеседі).
Көру нерві. Көру нервсінің дисксіне тікелей әсер ету (жаңа түзілген тамырлар коагуляциясы кезінде) оның ишемиясына және көру өткірлігінің күрт төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Пигментті эпителий және тамырлы қабықша. Жоғары қуатты жіңішке будамен коагуляция Бруха мембранасының жыртылуы мен торлы қабыққа және тамырлы қабықшаның шыны тәрізді денесіне қан құйылуға әкелуі мүмкін. Егер қан құйылу лазерлі коагуляция кезінде болса көзішілік қысымды жоғарылату үшін контактілік линзаны көзге басу керек. Бірнеше ай немесе жылдан соң лазерлік емдеуден кейін сәулелендірілген орындарда пигментті эпителийдің атрофиясы болуы мүмкін. Лазерлі коагуляция тамырлы қабықшаның тамырларының жедел окклюзиясын тудырып, торлы қабықтың сыртқы қабатының некрозын және атрофиясын әкеледі. Әдетте бұндай асқыну перифериялық буданның үлкен қуатты коагуляциясында кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |