Тақырыбы: «Алаш зиялылары- ұлт мақтанышы» ашық тәрбиелік іс-((шара
Күні: 27.10.2023
Мақсаты: Оқушыларға алаштың бес арысын таныстыра отырып, адамгершілік, рухани тәрбиеге тәрбиелеу. Қазақ автономиясының құрылуын насихатау. Тәуелсіздігімізді айқындау.
Түрі:
Көрнекілігі, керекті құралдары: Фото суреттер, монтаждық фильмдер, мультимедиалық проектор.
1.Би «6А» (Фон қазақ жері)
2.«Алашорда үкіметінің құрылуы» түсіндірме (фон
1 жүргізуші:
Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар , «Алаш зиялылары- ұлт мақтанышы» атты тәрбелік шарамызға қош келдіңіздер!
Алашордаүкіметінің өмірге келуіне тікелей себепші болған жағдай Уақытша үкіметтің баска да шет аймақтардағыдай Қазақстанда да ұлт өміріне қатысты ең өзекті мәселелерді шеше алмаған әлжуаз, тұраксыз саяси билікке айналуы, оның арты бүкіл империяны қамтыған анархия, зорлық пен зомбылыкка ұласуы еді. Қазақ облыстарында асқынған жер мәселесін шешуге бағытталған әрекеттің болмауы, атты қазақ әскері, қарулы солдат пен қоныстанушылардың панасыз жергілікті халық үстінен жүргізген озбырлығының өрши түсуі соның айғағы болатын. Осындай жағдайда қазақ зиялылары арасында ұлттың мемлекеттілігі туралы мәселе талқылауға түсті. Сөйтіп, бұл мәселені қараған Жалпықазақ-қырғыз съезі 1917 жылы 5 желтоқсанда Орынбор қаласында ашылды. Оған барлық қазақ облыстарынан, сондай-ақ одан тыс жерде тұратын Алтай губерниясы мен Самарқаноблысы қазақтарынан және Жетісу облысы қырғыздарынан барлығы 82 өкіл қатысты. Съездің күн тәртібінде тұрған ең негізгі мәселе, әрине, ұлттық автономия мәселесі еді. Міне осылайша ұлттық идеяологияны ұстанғандар арасынан алғашқы Алашорда автономиясын құру қолға алынып оның төрағасы болып Әлихан Бөкейханов болды.
3. «Алашорда және Кеңес үкіметі» (фон
2 жүргізуші:
1918 жылы 5 каңтарда Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы күшпен таратылған соң Алашорда мен Кеңестік биліктің арақатынасы күрделене түсті. Кеңестік билік бұрынғы отарлық езгідегі халықтарға тек кеңестік негіздегі автономия беретіндігін мәлім етті. Бұл белгілі бір ұлттық автономиялық мемлекеттікті иемденуі емес, оның белгілі бір бөлігінің ғана, яғни жұмысшы және шаруалардың өзін-өзі билеу мүмкіндігіне ие болғандығын білдіретін шара еді. МұстафаШоқай 1918 жылдың көктемінде Алашорда мен Кеңес үкіметі арасында өзара түсінушілікке ұмтылыстың нышандары байқалды. Осы жылдың наурызында Оралдан Мәскеуге Алашорда үкіметінің тапсыруымен Халел және Жаһанша Досмұхамедовтар аттанып, барған бетте Халык Комиссарлар Кеңесінің Төрағасы В.И.Ленинмен және Ұлт істері бойынша Халық Комиссары И.В.Сталинмен кездесіп, оларға II Жалпықазақ-қырғыз съезінің (Орынбор, 1917 ж. желтоқсан) қаулысын табыс етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |