Сонымен қатар, наркозға арналған заттар енгізілген жерде тіндердің тітіркенуін туғызбауы керек, ең аз жанама әсерлерге ие болуы тиіс. Наркозға арналған заттар өрт қауіпсіздігі болмау керек. Бірақ қазіргі кезде осы талаптарға толық жауап беретін заттар жоқ. Осыған байланысты жаңа кезеңдегі анестезиологилық тәжірибеде наркозға арналған заттарды біріктіріп қолданады, ол енгізілетін дәрілердің мөлшерін және олардың қалаусыз ықпалдарын азайтуға мүмкіндік береді. - Сонымен қатар, наркозға арналған заттар енгізілген жерде тіндердің тітіркенуін туғызбауы керек, ең аз жанама әсерлерге ие болуы тиіс. Наркозға арналған заттар өрт қауіпсіздігі болмау керек. Бірақ қазіргі кезде осы талаптарға толық жауап беретін заттар жоқ. Осыған байланысты жаңа кезеңдегі анестезиологилық тәжірибеде наркозға арналған заттарды біріктіріп қолданады, ол енгізілетін дәрілердің мөлшерін және олардың қалаусыз ықпалдарын азайтуға мүмкіндік береді.
- Қолданылатын наркозға арналған заттар әртүрлі химиялық жіктерге жатады, сондықтан тәжірибелік көз қарас бойынша және енгізу жолдары бойынша олар келесі топтарға бөлінеді:
- 1. Ингаляциялық наркозға арналған заттар.
- А/ Ұшқыш сұйық заттар: галотан, энфлуран, изофлуран, севофлуран, диэтил эфирі.
- Б/ Газ тәріздес заттар: динитроген оксид, ксенон.
- 2. Ингаляциялық емес наркозды дәрілер (дәріні тамыр арқылы енгізу):
- - тиопентал натрия, пропанидид, пропофол, кетамин, натрия оксибат.
- 7.1.1. Тыныс арқылы берілетін наркозды дәрілер
- Галотан (Haloanum), фторатан. Галотан – наркоздық белсенділігі жоғары, фтордан тұратын алифатикалық қосылыс, өзіне тән иісі бар, мөлдір ұшқыш сұйықтық. Наркоз айқын қозу сатысыз тез басталады және оңай басқарылады. Оны өз алдына наркоздың хирургиялық сатысына қол жеткізу үшін немесе басқа заттармен біріктіріп, біріктірілген наркоз ретінде қолдануға болады.
- Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Балалар мен қарт адамдардағы құрсақ пен көкірек қуысының мүшелеріне әртүрлі оперативті араласуларда. Препаратты енгізуді 0,5 көл. % оттегімен, кейін оны 2 ‑4 көл. % 1,5-3 мунит барысында. Хирургиялық наркозды ұстап тұру үшін 0,5‑1,5 көл.% құнарлықта қолданылады.
- Кері көрсеткіштері. Бауыр қызметінің айқын бұзылыстарында, феохромоцитомада, қатерлі гипертермияда, аритмияда, миастенияда, бас миының ішкі қысымы жоғары болғанда.
Достарыңызбен бөлісу: |