Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет57/62
Дата07.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#3421
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62

 
169 
9.  Тақырып 
бойынша 
жұмыс 
жасағанда 
өзіңіздің 
әріптестеріңізбен,  ұжыммен  ақылдасыңыз,  қиыншылықтарыңызды, 
күмәніңізді  де  әңгіме  етіңіз.  Бұл  әңгіменің  аяғында  ақылды  кеңестер 
мен керекті деректер алуыңызға болады.  
10. Қосымшаларды  жинаңыз  және  тиісті  түрде  көркемдеңіз 
(схемалар,  карталар,  кестелер,  оқушылардың  жұмыстары,  әдебиет 
тізімі және т.б.).  
11. Педагогикалық  тәжрибені  қорытындылауда  сіз  маңызды 
қоғамдық міндетті орындайсыз, жастарды, балаларды тәрбиелеу және 
оқыту  жұмыстарын  әрі  қарай  жақсартуына  себепші  болатыныңызды 
есте сақтаңыз.  
6.2. Сабақты дайындау әдістемесі 
Сабақ  оқыту  процесінің  негізгі  құраушы  бөлігі  болып 
табылады.  Оқытушы  мен  оқушылардың  оқу  іс-әрекеттері  сабақта 
жүзеге  асырылады.  Бір  немесе  бірнеше  пәндер  бойынша 
оқушылардың  дайындық  деңгейінің  сапасы  сабақты  өткізу 
деңгейімен, мазмұндық және әдістемелік толықтығымен анықталады.  
Осы деңгей жоғары болу үшін мұғалім сабақты дайындау барысында 
оны көркем шығарма ретінде қарастырып, ұйымдастыруы керек. 
Мұндай  сабақты  қалай  құруға  болады?  Оқушыларды  қажет 
білімдер мен біліктілікпен ғана қаруландырып қоймай, сонымен бірге, 
олардың  шығармашылық  қабілеттері  мен  қызығушылықтарын 
қалыптастыратындай етіп, сабақты қалай ұйымдастыру керек? 
Төменде  келтірілген  ұсыныстар  мұғалімге  осындай  сабақты 
ұйымдастыруға  көмектеседі.  Оны  сабақты  дайындау  реті  бойынша 
бірізді баяндайық: 
1. Сабаққа дайындықты мынадан  бастау керек: 
-  сабақтың тақырыбын нақты түрде анықтап құрастырыңыз; 
-  тақырыптың оқу курсындағы орнын анықтаңыз; 
-  өткізілетін  сабақта  қарастырылатын  негізгі  түсініктерді 
анықтап алыңыз; 
-  және де өзіңіз үшін осы оқытылатын тақырыптың ішінен ары 
қарай қолданылатын бөліктерін белгілеп қойыңыз. 
2.  Өзіңіз және  оқушылар үшін сабақтың мақсаттық қойылымын  
анықтап,  оларды  анық  тұжырымдау  керек.  Жалпы  «осы  сабақ  не 
үшін керек?»  – деген сұраққа жауап беру қажет.  Осыған байланысты 
сабақтың  білімділік,  дамытушылық  және  тәрбиелік  функцияларын 
белгілеу керек. 
3. Оқу материалын жоспарлау.  


 
170 
Ол үшін: Тақырып бойынша әдебиеттерді таңдап алу. Егер де 
жаңа  теориялық  материал  болса,  онда  тізімге  жоғары  оқу  орындық 
оқулықтар,  энциклопедиялық  және  жаңа  ғылыми  басылымдар, 
монография  (бірінші  ақпараттық  құрал)  кірулері  керек.  Қойылған 
мақсат-міндеттерді 
қарапайым 
жолмен 
шешуге 
арналған 
материалдарды ғана таңдап алу керек. 
Мына мақсатта оқу тапсырмаларын жинау керек: 
  жаңа материалды білу, тану; 
  қайта жаңғырту; 
  жаңа жағдайларда білімдерді қолдану; 
  білімдерді белгісіз жағдайларда қолдану; 
  білімдерді шығармашылық тұрғыда қарастыру. 
"Қарапайымнан  күрделіге  қарай"  принципіне  сәйкес  оқу 
тапсырмаларын реттеу.  
Тапсырмалардың мынадай үш жиынын құрастыру қажет: 
  оқушының  тақырыпты  қайта  жаңғыртуына  бағытталған  
тапсырмалар; 
  оқушының  тақырыптың  мәнін  түсінуіне  бағытталған 
тапсырмалар; 
  оқушының тақырыпты бекітуіне бағытталған тапсырмалар. 
4.  Сабақтың  ерекшелігін  ойластыру.  Әр  сабақ  оқушының 
қызығушылығын  тудыратын,  таң  қалдыратын  жағдайда болуы  керек, 
бір  сөзбен  айтқанда,  көбін  ұмытып  қалса  да,  олардың  естерінде 
сақталатындай  бір  ерекшелік  (түйіні,  орысша  айтқанда  «изюминка») 
болуы  керек.  Бұл  қызықты  бір  жағдай  немесе  мәлімет,  күтпес  бір 
жаңалық, ерекше бір тәжірибелік эксперимент, белгілі білімді белгісіз 
тұрғыда қарастыру болуы мүмкін. 
5.  Таңдалған  оқу  материалын  топтастыру.  Таңдап  алынған 
материалмен  жұмыс  жасау  іс-әрекеттері  қандай  бірізділікпен 
ұйымдастырылатынын,  оқушылардың  іс-әрекетінің  формаларының 
ауысуы қалай жүргізілетінін мұқият ойластыру керек.  
Оқу  материалын  топтастырғанда  ең  бастысы  оқушылардың 
қызығушылығын,  белсенділігін  оятатын  сабақты  ұйымдастырудың 
түрін дұрыс таңдап алу керек.  
6.  Сабақта  оқушылардың  іс-әрекетін  бақылауды  жоспарлау 
қажет. Ол үшін мынаны ойластыру керек: 

нені бақылау керек; 

қалай бақылау керек; 

бақылау нәтижесін қалай қолдану керек. 
Оқушылардың  жұмысын  жиі  бақылау,  олардың  жіберген 
қателіктерін  және  қиындық  жерлерін  көруге  және  мұғалімнің 


 
171 
оқушылардың  жұмысына  деген  қызығушылығын,  ойларын  көрсетуге 
мүмкіндік береді.  
7.  Сабаққа  қажетті  құрал-жабдықтарды  дайындау.  Сабаққа 
қажетті  құрал-жабдықтардың:  қосымша  құралдардың,  көрнекілік-
тердің  тізімін  жасау.  Жаңа  тақырып  тақтада  қосымша  құрал  ретінде 
қалатындай етіп, тақтаның түрін ойластыру керек. 
8.  Үй  жұмысына  берілетін  тапсырмалардың  (мазмұндық 
бөлігінен басқа) практикалық жағын орындау үшін ұсыныстар беруді 
ойластыру қажет. 
9.  Осылай  дайындалған  сабақ  конспект  түріне  түсіруге  негіз 
болады.  Сабақтың  конспектісін  дайындаған  кезде  нені  ескеру  қажет?  
Сабақ конспектісінің құрылымы негізгі үш бөліктен тұруға тиіс: 

формалды бөлім;  

мазмұнды бөлім; 

аналитикалық (талданатын) бөлім. 
Формалды бөлім мына түрде  сипатталады: 
Сабақ № __________ 
Тақырып:____________ 
Мақсат:____________ 
Міндеттер: білімдік:_____________ 
дамытушылық:__________________ 
тәрбиелік:_______________ 
Құрал-жабдықтар:________________ 
Сабақтың жеке кезеңдерінің реттілігі 
Сабақ жоспарының мазмұндық бөлігі – екі бөлімнен тұрады: 
1.  Барлық  тапсырмалардың  мәтіні,  жаңа  оқу  материалы, 
есептердің шешімдері, үй жұмысын орындау ұсыныстары. 
2.  сабақтың  әр  кезеңі  бойынша  мұғалім  мен  оқушылардың  іс-
әрекеті көрсетілетін кесте. Ол мынадай түрде болуы мүмкін: 
Талдамалы  аналитикалық  бөлім  сабақтың  өзіндік  талдауын 
жасауға негізделеді. 
6.2.1.  Жас мұғалімге ескертпе 
1.  Бүтін тақырыптың оқу-тәрбиелік міндеттерін анықтаңыз. 
2.  Осы  сабақта  солардың  қайсысын  шешесіз,  әрі  бұл  сабақ 
материалының мәні неде екенін ойластырыңыз. 
3.  Сабақты 
өткізу 
бойынша 
әдістемелік 
құралдармен 
танысыңыз. 
не істейді; сабақ кезеңі 
оқушылар 
мұғалім 
  
  
  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау