Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет108/222
Дата07.01.2022
өлшемі1,71 Mb.
#37166
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   222
Т. . ойба арова, Р. А. Ельтинова

Бақылау әдістері 
Қазіргі  заман  дидактикасында  бақылаудың 
келесі  әдістері 
қолданылады
:  
Зерттеу  әдісі
  –  мұғалімдердің  күнделікті  оқушылардың  білім 
деңгейі  мен  даму  барысындағы  өткізілетін  процесс.  Осы  әдіс 
оқушылардың  қай  білім  деңгейінде  екенін  және  жұмысты  дұрыс 
ұйымдастыра  алатынын  көрсетеді.  Зерттеудің  нәтижесі  мұғалімнің 
жұмыс барысында және бағалау барысында көрінеді.  Осы әдістің бір 
кемшілігі, ол берілген ішкі сезім арқылы зерттеу.  
Оқулықты  дұрыс  пайдалану  әдісі
  –  оқушылардың  білімі  мен 
біліктілігін  тексеру,  тілдерді  үйрену  барысында  қолданылуы  мен 
ақпаратты іздеу нәтижелері арқылы тексеріледі.  
Ауызша  бақылау  әдісі
  –  ереже  бойынша  оқушылардың 
емтихандық немесе сынақтың сұрақтарына дұрыс жауап қайтаруынан 
тұрады. Сабақтарда жеке, ұжымдық, фронтальды сұраныстар болады. 
Ауызша бақылаудың ең негізгі формасы – пікір алмасу, әңгімелесу.  
Жазбаша  бақылау  әдісі
  –  оқушылардың  білім  дәрежесін 
тереңдетіп  тексеруін  талап  етеді.  Жазбаша  бақылау  әдісінің  негізгі 
формалары – сыныптық, өзіндік, бақылау жұмыстары болады.    
Практикалық  бақылау  әдістері
  –  оқушылардың  практикалық  
білімін тексеру, білімін дұрыс пайдалана білуі және кез келген есепті 
шығара білуін анықтайды. Бүгінгі күні осы әдіс ең жаңа және қолайлы 
болып табылады. 
Тестілеу
  оқушылар  білімдерінің  сапасын  жедел  түрде  тексеру 
үшін  деректерді  (жауаптарды)  автоматты  түрде  енгізу  мүмкіндігімен 
және  нәтижелерді  автоматтандырылып  өңдеудің  алдын  ала  берілген 


 
91 
сапалық  параметрлерімен  пайдаланылады.  Тестілеу  технологиясы 
өзінің  кемшіліктері  мен  шектеулері  бола  отырып,  бәрібір  де 
оқушылардың  жеңіл  есептердің  шешуін  шешіп,  нұсқалардың 
жауаптарын  таңдап  немесе  сөздерді,    формулаларды,  терминдерді 
және  т.б.  қоса  бере  отырып,  дайындықтарының  дәрежесі  мен 
деңгейлерін тексерудің ең тез және ең сенімді тәсілі болып табылады. 
Ең  бастысы  -  тестілеу  технологиясы  компьютердің  жадында 
жинақталатын статистикалық материалдар жинауға мүмкіндік береді. 
Бағалау  технологиясы  –  рейтингтік  және  баға  қою  бойынша. 
Ұйымдастыру  тәсілі  бойынша  –  автоматты  бақылау,  өздік  бақылау 
және оқытушының бақылауы.  
Дидактикалық тест
. Ол бірнеше кезеңдерден тұрады: 
-
 
қалыптастыру сұрақтары;  
-
 
есептерді шығару сұрақтары; 
-
 
өз білімдерін дұрыс пайдалана білуіне арналған сұрақтар; 
-
 
шығармашылық қабылеттерін арттыру сұрақтары. 
Бақылау жұмыстары – 
оқушылардың білімдері, ептіліктері мен 
дағдыларын,  сондай-ақ  шығармашылық  қабілеттерін  тексеріп 
бағалаудың  ең  тиімді  әдісі.  Жеке  тақырыптарды  немесе  оқу 
бағдарламасының 
бөлімдерін 
өткеннен 
кейін 
мұғалімнің 
оқушылардың білімдерін, ептіліктері мен дағдыларын жазбаша немесе 
практикалық түрде тексеріп баға беруі әдістің негізін құрайды.  
Әңгімелесу
  –  әртүрлі  дәрежеде  оқытудың  барлық  кезеңдерінде 
пайдаланылады. 
Әңгімелесу, 
жоғарғы 
сыныптарда, 
мысалы, 
қағидаларды,  тұжырымдарды,  заңдарды,  теорияларды  және  т.б. 
игерулерін  анықтау  үшін  және  сынақтар  мен  емтихандарды  өткізу 
кезінде  негізгі  мәнге  ие  болады.  Бағалау  технологиясы  –  баға  қою 
және  (немесе)  сапалық.  Ұйымдастыру  тәсілі  бойынша  –  мұғалімнің 
бақылауы. 
Сауал  қою
  –  (жедел  сауал  қою)  көбінесе  алдағы  жаңа  
материалды  қабылдау  дайындығын  шұғыл  тексеру  кезінде,  зейінді 
болуларына пайдаланылады. Сауал қою, ереже бойынша не сабақтың 
басында,  не  сабақтың  аяғында  жаңа  терминдер  мен  түсініктемелерді 
бекіту  үшін  өткізіледі.  Сауал  қоюдың  элементтері  сынақ  өткізу 
кезінде  де  пайдаланылады.  Бағалау  технологиясы  –  сапалық  немесе 
баға қою бойынша, өзаралық бақылау немесе оқытушының бақылауы 
пайдаланылады.  
Сынақ
 
алу  –
  бақылау  нысандарының  жоғарғы  сыныптарда  көп 
тараған 
 
түрі.  Оқушыларға  сынақ  жүргізілетін  сұрақтардың  тізімі 
немесе  тақырыптардың  тізбесі  беріледі,  дайындық  деңгейінің 
талаптары  жариялана  отырып  сипатталады.  Жақсы  нәтижелерді    тек 


 
92 
қана  жеке  сынақ  емес,  ойланып  жасалған,  бақылаудың  басқа 
нысандарымен келісілген сынақтар жүйесі де береді.  
Өздік жұмыс 
информатика сабағының білімін тексеру бойынша 
бақылаудың көптеген  қалыпты нысандарының бірі болып табылады. 
Өздік  жұмыстың  ерекшелік  сипаттамасы,  сабақтағы  тапсырмаларды 
оқушының  оқытушының  көмегімен  және  басқару  нұсқауларымен 
емес,  өздігімен  орындауында  болып  табылады.  Оқушы  өзінің 
жіберетін уақытын есепке ала отырып, тапсырманы орындау үрдісінде 
өзінің  іс-әрекетін  өз  бетімен  жоспарлап,  жұмысының  нәтижесін 
бағалауы  керек.  Өздік  жұмыс  кез  келген  жас  шамасында,  сонымен 
бірге  білімді  бақылау  өткен  материал  бойынша  ғана  емес,  жаңа 
тақырыпты оқып үйренгенде де жемісті түрде пайдаланылуы мүмкін. 
Бағалау  технологиясы  –  баға  қою  бойынша  және  (немесе)  сапалық. 
Ұйымдастыру  тәсілі  бойынша  -  өздік  бақылау  және  оқытушының 
бақылауы. 
Жазбаша  бақылау  жұмысы  – 
оқушылардың  жазбаша  түрде 
орындайтын  тапсырмалары  және  (немесе)  есептерінің  тізбесінен 
тұрады.  Осындай  бақылау  жұмысы  талдауды,  пайымдауды, 
негіздемені,  құрылымын  және  т.б.  талап  ететін  сұрақтардан  тұрады. 
Бағалау  технологиясы  –  баға  қою  бойынша.  Ұйымдастыру  тәсілі 
бойынша -  оқытушының бақылауы. 
Пікірсайыс
 
– 
ауызша 
да, 
жазбаша 
да 
нұсқамен 
ұйымдастырылуы  мүмкін,  сауал  қою,  әңгімелесу,  байқау  немесе 
рецензиялау әдістерін бірлестіре  отырып пайдаланылады, ал, бағалау 
үшін оқытушының сараптамалық қорытындысының негізінде сапалық 
технология қолданылады. 
Байқау
  –  оқытудың  барлық  кезеңдеріндегі  іскерлікті,  дағдыны 
қалыптастыру  және  жұмысты  қабылдау  кездеріндегі  негізгі  бақылау 
нұсқасы  болып  табылады.  Байқау,  негізінде,  машықтандыру 
сабақтарында  қолданылады.  Бағалау  үшін  баға  қою  және  сапалық 
технология қолданылады, бақылауды оқытушы жүзеге асырады және 
өзаралық  бақылау  пайдаланылады.  Бақылауды  ұйымдастырудың  әр 
түрлі  нысандары  ұсынылады,  олар  ақпаратты  тасымалдаушылар 
бойынша  электрондық  және  қағаздық  болып  бөлінеді.  Тестік 
бақылауларды дайындау үшін кез келген дайын  сабақты пайдалануға 
болады  немесе  оқушыларға  тестті  дайын  күйінде  ұсынуға  болады. 
Уақытша, ресурстық және басқа да шектеуліктерге қатысты, сонымен 
қатар,  мұғалімнің  де  өзінің  жеке  таңдамаларымен  бірге,  осы  екі 
нұсқаны да пайдаланудың мәні зор деп айтуға болады. 


 
93 

жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   222




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау