Бҥйірлік тізбек қоршау:
Баспалдақ тақтасының екі шетінде алжапқыш немесе
ернеулік пен ернеу арасында орналасқан тізбек қоршау бӛлігі.
3.335
Шеткі тізбек қоршау:
Шеткі эскалатор ернеуі мен құрылыс имараттарының
арасына орналасқан тізбек қоршау бӛлігі.
3.336
Сыртқы тізбек қоршау:
Вестибюль едені мен шеткі тізбек қоршауға жанасқан,
соңғысы еркін-тұратын болып жасалған жағдайда, жолаушылардың кіру мен шығу
орындарында орналасқан тізбек қоршау бӛлігі.
3.337
Ортадағы тізбек қоршау:
Екі жапсарлас эскалаторлардың ернеулерінің
арасына орналасқан тізбек қоршау бӛлігі.
3.338
Эскалатордың тізбек қоршауы:
Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
үшін оларды механизмдер мен металл құрылымдардан бӛлетін және интерьер құруға
қызмет ететін қалқандар, ернеулер және басқа элементтердің жиынтығы.
3.339
Достарыңызбен бөлісу: |