Капсулданған желі (полимерлік):
ӛз қоспасында біркелкі жағылған
реакциялық-қабілетті компоненттері бар капсулалар жапсыру процесінде бүлінетін
полимерлік желі.
3.1080
Каптаж:
Жерасты сулары жер бетіне шығатын
жерлерде оларды қабылдау
мен жинауға арналған имарат (тас үйіндісі, құдық, траншея).
3.1081
Карбонат жыныстары:
Кальций, магний, темір карбонаттарынан тұратын
тау жыныстары.
3.1082
Бетонның карбонаттануы:
Бетонның сұйық фазасының сілтілігінің
тӛмендеуіне әкелетін
цемент тасының кӛмірқышқыл газымен ӛзара әрекеттесу процесі.
3.1083
Қаңқа:
Бір-біріне бекітілген жеке ӛзектер, жылға ж.т.б. тұратын қандай да
бір бұйымның, имараттың керегесі, қаңқасы.
3.1084
Арматуралық қаңқа:
Қалыпқа орнату үшін тиісті кӛлемдік немесе
жазықтықты жүйе түрінде құрастырылған (байланыстырылған, пісірілген) темірбетон
құралымдардың бойлық және кӛлденең арматура шыбықтарының жиынтығы.
3.1085
Достарыңызбен бөлісу: |